Ө-44
Өміртаев А.С.,
магистрант 1 курса кафедры «Бухалтерский учет и
финансы»
Алматинский технологический университет, Казахстан
Қазақстан
Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің
тәуекелдерін басқару
Аннотация. Берілген мақалада банктердегі тәуекелді
басқарудың мәні анықталған, екінші деңгейлі
банктердің несие портфельдері мен жұмыс жасамайтын ссудаларына
талдау жасалынып, тәуекел деңгейін барынша минималдау мен банк
жүйесіндегі тәуекел менеджментінің қызметін жетілдіру
жолдары ұсынылған.
Әрдайым
өзгеріске ұшырайтын экономикалық жағдайда,
қарқынды бәсекелестік кезеңде
тұрақтылықты сақтау, икемді әрі серпінді банк
басқару жүйесінсіз табысты ұлғайту және
сақтап қалу мүмкін емес. Сондықтан, нақ осы банк
саласының даму деңгейі, экономика жүйесінің
тұрақтылығын сипаттайды және де макроэкономикалық
дамудың маңызды индикаторы болып табылады. Ойдың
түйіні, активтер, табыс пен тәуекелді басқару жүйесін
тиімді қолдану арқылы, бақылау рәсімдері мен реттеу
шараларын заманауи талаптарға, банк қызметіне сай масштабта
ұйымдастыру арқылы банктердің сенімділік және
қауіпсіздік символы ретінде қарастыру болып отыр.
Қазақстан
Республикасында банктік тәуекелдерді басқару, қаржы-несие
жүйесін сауықтыру кезінде шешуші рөл атқаратын, Үкіметтің
монетарлық саясатымен тығыз байланыста қарастырылады.
Банк ісінде
тәуекел түсінігі табыс пен банк капиталына жағымсыз
әсер етуі мүмкін болатын кейбір жағдайлардың болу
ықтималдығымен түсіндіріледі. Сәйкесінше,
банк қызметі үшін тәуекелден бас тарту емес, оны алдын ала
болжау және барынша минимум деңгейге төмендету маңызды.
Экономика
ғылымдарының сарапшысы Ю.М. Воронин пікірінше, банктік
тәуекел дегеніміз, банк қызметінің ситуативті сипаттамасы. Ол
банк қызметі нәтижесінің белгісіздік күйін және
күтілетін қорытындының теріс ауытқуын болжауды
сипаттайды [1].
Мәселенің
өзектілігі банк қызметінің тәуекелдің сан алуан
түрлеріне ұшырауы болып табылады. Себебі, бизнес функциясынан
бөлек, банк әлеуметтік маңызды рөл атқарады
және ақша-кредит саясатының негізі болып табылады,
яғни, банк тәуекелдерін анықтау, білу, бақылау
және басқару көптеген сырткы субъектілер үшін
маңызды: Ұлттық Банк, акционерлер, қаржы нарығы
қатысушылары, клиенттер. Тәуекелді зерттеу барысында екі кілттік
бағытты анықтап алған жөн – тәуекелді
анықтау және оның деңгейін бағалау және де
тәуекелді төмендету бағытында шешімдер қабылдау.
Дамыған несие саясаты мен процедуралары, портфелді тиімді басқару,
несиелерді бақылаудың қатаңдығы және
маңыздысы осы жұмысқа білікті жұмыс күші
факторлары тәуекел деңгейін тиімді басқарудың негізгі
құрамдас бөлігі болып табылады.
Кез келген заманауи банк
өзіндік тәуекелді модернизациялау жолдарын ойлауы, шешу жолы,
зардаптарын дұрыс бағалай алатындай тәуекелді
таңдағаны жөн. Тәуекелді минимизациялау ықтимал
болған шығындармен күрес жолы болып табылады.
Банктердің
тәуекелді басқару жүйесінің негізгі
қағидалары келесілер:
·
Ықтимал шығын көздерін болжау;
·
Тәуекелді қаржыландыру және
оны төмендету;
·
Тәуекелді басқару процессіне банк
басқармасының және қызметкерлеірнің
жауапкершілігі мен міндеттемелері;
·
Тәуекелді басқару механизмдері мен
саясатының нақтылығы;
·
Банк бөлімшелерінде тәуекелді
бақылау және қадағалау.
Қалыптасқан жағдай бойынша 2017 жылы
Қазақстан қаржы нарығында жалпы жиындық активтері
25,56 трлн теңгені құрайтын, 33 екінші дәрежелі банктер
жұмыс жасауда. Банк секторының жиынтық міндеттемелері
былтырғы жылдық көрсеткіштен 6,7%-ға
ұлғайып, 22,7 трлн теңгені құраған. Несие
портфелі 15,5 трлн теңгені құрап, өткен жылғы
көрсеткіштен 0,3%-ға азайған. Проблемалы ссудалар үлесі несие портфелінің 6,7% алып отыр.
Халық банк пен
Казком, Tengri Вank және Capital Вank, Bank RBK
пен Qazaq Banki консалидация туралы мәлімдеме жасады. Жакында
Цеснабанкі, Kookmin Bank-інен Банк ЦентрКредит едәуір үлесін, ал
Альфа-Банкі санация ретінде Казинвестбанкінің бір бөлігіне ие
болды. Осыған орай, банктер өз капитал үлесін және
клиенттер көзін бір-бірін «жаулап алу» және қосылу жолдарымен
ұлғайтуға тырысады.
Екінші деңгейлі банктердің тәуекел
деңгейін бағалау қазіргі таңда ҚҚА Басқармасының 2005
жылғы 30 қыркүйегіндегі № 359 қаулысымен бекітілген
Базель келісімі бойынша жүзеге асады. Базель келісімі «үлкен
ондық» өнеркәсіптік елдер арасында 1988 жылы
құрылған. Келісім бойынша банк тәуекел деңгейін
қалыпты деңгейде сақтау мақсатында капитал
көлемін арттыру міндеттеледі, және келісімнің шарттарына сай
банк капитал көлемі ең төмендегенде 8 % құрауы
тиіс, оның ішінде банк жеке капиталы (акциялар мен резервтер) 4 %-дан кем болмауы керек.
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының «Екінші деңгейлі
банктердегі тәуекелді басқару жүйесі мен ішкі аудит
жүргізу бойынша бектілген нұсқаулығы» туралы тұжырымдамасына сәйкес,
тәуекелдің келесідей түрлері анықталды:
Кредиттік тәуекел – қарызгердің келісім шарттарына сәйкес Банк
алдындағы қаржылық міндеттемелерін орындамау, дер кезінде
немесе толық орындамау салдарынан шығындардың туындау
тәуекелі.
Кредиттік тәуекел
банктің қызметтін жүзеге асыру барысында жүктенетін
тәуекелдер арасындағы ең салмақтысы болып табылады.
Банктегі кредиттік тәуекелдерді басқару келесі негізгі
бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
·
кредиттік тәуекелді шектеу
мақсатымен операцияларды жүзеге асыруға шектеулер белгілеу;
·
кредиттік тәуекелдің
жинақталуына және кепілдікпен қамтамасыз етілмеген кредиттік
портфельге көрсеткішті шектеулерді белгілеу;
·
кредиттік сипаттағы
операциялар бойынша қамтамасыз етуді қалыптастыру;
·
өткізілетін операциялар
бойынша төлемдерді ескере отырып, құндық шарттар
белгілеу;
·
жүктеліп отырған
тәуекелдер деңгейінің тұрақты мониторингі
және кредиттік комитетке, Банк басқармасына және
мүдделі бөлімшелерге арналған басқармалық есепті
әзірлеп отыру;
·
хедждеуші операцияларды жүзеге асыру;
·
Банк бөлімшелерінің
операциялардың жүзеге асырылуының тәртібі мен
тәуекелдерді бағалау және басқару іс-барыстарын
реттеуші нормативтік құжаттарды орындауының тәуелсіз
бөлімше тарапынан тұрақты ішкі бақылаудың болуы.
Нарықтық тәуекел – Банктің қаржылық активтердің
(ең алдымен, бағалы қағаздардың) нарықтық
құнының, валюта бағамдарының, пайыздық
мөлшерлемелердің жағымсыз өзгеруі салдарынан
шығындарға тап болу тәуекелі.
Нарықтық
тәуекелге жатады:
·
қор тәуекелі (қор
нарығындағы айналымдағы активтер құнының
өзгеру салдарынан шығындарға ұшырау тәуекелі);
·
валюталық тәуекел
(валюта бағамдарының өзгеру салдарынан шығындарға
ұшырау тәуекелі);
·
пайыздық тәуекел
(пайыздық мөлшерлемелердің өзгеру салдарынан
шығындарға ұшырау тәуекелі).
Активтерді
және пассивтерді басқару комитеті валюталық
бағамдардың, пайыздық мөлшерлемелердің және
бағалы қағаздардың котировкаларының
жағымсыз өзгеруінің (яғни, сәйкесінше,
валюталық, пайыздық және бағамдық
тәуекелдердің) салдарынан келтірілуі мүмкін шығындарды
шектеу және мөлшерін азайту мақсатымен нарықтық
тәуекелдерге қатысты саясатын анықтайды.
Оралымдық тәуекел –
қызметкерлердің бұзушылықтары немесе қателіктері,
Банк жүйесіндегі және ішкі бизнес іс-барыстарының
қалыпты жұмысының бұзылуы және Банк
бақылауынан тыс (негізінен, апаттық сипаттағы)
жағдайлардың салдарынан шығындарға ұшырау
тәуекелі.
Оралымдық тәуекелді басқарудың Банк ішкі
стратегиясын жүзеге асыру мақсатында ЕДБ-тер тәуекелдің
танылуын, оның бағалануын, бақылау мен шектеу шараларын
қолдану мүмкіндігін беретін тұрақты іс барысы
жүзеге асырылып отырады.
ЕДБ-тердің
оралымдық тәуекелді барынша азайту мақсатымен
қолданылатын негізгі шаралар болып төмендегілер табылады:
·
барлық негізгі
операциялардың жүзеге асырылу тәртібін ішкі
нормативтік-әдістемелік құжаттар аясында реттеу;
·
жүзеге асырылып отырған
банктік операциялар мен мәмілелердің есебі мен
құжатталуы, операциялар бойынша негізгі құжаттар мен
шоттарды уақтылы тексеріп отыру;
·
қызметкерлердің
міндеттерін, өкілеттерін және жауапкершілігін бөлу және
шектеу ұстанымын қолдану, қос бақылау механизмін
пайдалану, алқалы шешімдер қабылдау, операциялардың
мерзімдері мен көлемдеріне шектеулер белгілеу;
·
банк операцияларын жүзеге асыруды автоматтандыру, банк іші
ақпараттық жүйелерін пайдалану;
·
ақпараттық
қауіпсіздікті қамтамасыз ету, ақпаратқа қол
жеткізуді бақылау, ақпараттың көп деңгейлі
қорғалуын қолдану;
·
Банктің капиталы мен
құндылықтарының қауіпсіздігін және
қол жеткізудің бақылануын қамтамасыз ету;
·
банктік операцияларды жүзеге
асыру барысында қаржылық-шаруашылық қызметінің үздіксіздігін
қамтамасыз ететін қажетті ұйымдық және
техникалық жағдайлар жасау (апат, өрт, лаңкестік акт
және басқадай күтілмеген жағдайларға);
Өтімділік тәуекел – Банктің
активтері мен пассивтері мерзімі бойынша теңгерілмеген жағдайда
Банктің өз міндеттемелерін дер кезінде және толық
көлемде орындау мүмкіндіктеріне әсер ететін ықтимал
тәуекел.
Қазақстан
Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің өтімділік
және төлем қабілеттілігін талдау барысында аталған
қабілетіліктерін жақсарту мақсатында келесідей
ұсыныстар енгізілді:
- Біріншіден,
банктерге ұйымдық құрылымды жетілдіру ұсынылады,
яғни басшылықтың дамуына назар аудару, атап айтқанда,
банктегі теріс пайдаланушылықты азайтатын ішкі аудит қызметін
құру.
- Екіншіден, банктер өтімділік
коэффициенттерін есептеу арқылы баланстың өтімділігін
бағалауы керек.
Теңгерім
өтімділігін талдау барысында рұқсат етілген мәннен
төмендеу немесе едәуір артып кету ауытқушылықтары анықталуы
мүмкін. Бірінші жағдайда, коммерциялық банктер
өтімділік көрсеткіштерін айдың ішінде нормативтік
мәндерге сәйкестендіруі керек. Бұл банкаралық
несиелердің, кредиторлық берешектің және
тартылған ресурстардың басқа түрлерінің
қысқаруы, сондай-ақ банктің меншікті қаражатын
ұлғайту іс-қимылдарының өткізу арқылы іске
асуы мүмкін.
Дегенмен,
жаңа акцияларды шығару арқылы қосымша капиталды тарту
дивидендтердің азаюына, сәйкесінше акционерлердің
мақұлдауына әкелмейді.
Екінші
жағынан, коммерциялық банк үшін өтімділіктің
жалпы негізі ретінде өндірістік қызметтің рентабельділігі
(орындалатын операциялар) болып табылады. Осыған байланысты
өтімділіктің балансын талдау банк рентабельділігін талдау
арқылы бір мезгілде жүргізілетіндігін атап өткен жөн.
Коммерциялық
банктердің тәжірибесі банктер өтімділік нормаларының
ең төменгі рұқсат етілген шамаларының ең
төменгі деңгейінде жұмыс істегенде, көп пайда
табатындығын көрсетеді
яғни несие ресурстары ретінде қаражат алу үшін
оларға берілген құқықтарды толығымен
пайдаланады. Пайданың максимизациясы қаражаттарды сақтауды
емес, оларды несиелендіру және инвестициялау үшін пайдалануды талап
етеді. Алайда корреспонденттік шоттардағы ақша
қаражатының қалдықтары мен тепе-теңдіктерін
азайтуға тура келетіндіктен, пайданы максимизациялау банк
клиенттерінің өз міндеттемелерін үздіксіз орындауына
қауіп төндіреді.
Сондықтан,
банктік өтімділікті басқарудың мәні өтімділік пен
кірістіліктің кереғар талаптарының икемді үйлесімін
білдіреді. Қорыта келе, коммерциялық банктердің
өтімділікті басқарудың мақсатты функциясы болып банктер
анықтаған және белгілеген экономикалық нормативтерге
сәйкес пайда табуды барынша арттыру болып табылады.
Бұл
тұтастай алғанда банк жүйесінің өтімділігін
бағалау үшін жеткілікті болуы мүмкін, бірақ ол белгілі
бір банктің басшылығына болашақ депозиттерді алу мен
қарыз беруді жабу үшін ақшалай қаражаттардың
ағымы қандай болуы керектігін айтпайды. Банктің жекелеген
клиенттерінің шоттарын талдау ғана сол уақытқа
қолма-қол ақша сұранысын анықтауға
мүмкіндік береді. Осы проблеманы шешу жергілікті нарықтағы
экономикалық және қаржылық жағдайларды,
клиенттердің ерекшеліктерін, жаңа нарықтарға шығу
мүмкіндіктерін, сондай-ақ банктік қызметтерді дамыту
перспективаларын, соның ішінде шоттардың жаңа түрлерін
ашу, сенімгерлік басқару, лизинг, факторинг бойынша операцияларды
жүргізу арқылы шешілетін болады. Сонымен қатар жергілікті
факторлар ғана емес, ұлттық факторлар да ескерілу
қажет. Мысалы ақша-кредит саясатындағы және заңнамадағы
өзгерістер. Мұның бәрін зерттеу, сондай-ақ болжау
банк активіне қажетті өтімділік үлесін нақты
анықтауға көмектеседі.
Бұл жағдайда банк өз тәжірибесіне сүйенуі керек.
Қажетті өтімді қаражаттардың болжамды мөлшеріне
сүйене отырып, банктің күтпеген міндеттемелерін орындау
үшін өтімділік сақтық қорын қалыптастыру
қажет, оның пайда болуы ақша нарығының
жай-күйі, клиенттің немесе серіктес-банктің
қаржылық жағдайының өзгеруімен байланысты болуы
мүмкін.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Воронин Ю.М. Управление банковскими
рисками – М: НОРМА, 2015.
2.
Кривошеев В. Управление банковскими рисками –
М: НОРМА, 2016.
3.
А. Д. Челекбай, Н. Н. Хамитов, М. К. Такабаев,
С. Рахманкулов, Методика оценки финансового состояния предприятия-ссудозаемщика
и расчета его текущего рейтинга. Алматы, Экономика, 2010
4. Бахмутова Е. «Система управления рисками в банках второго уровня»//БК 2014 №2 с. 18-19