Экономика /Маркетинг и менеджмент
Бекешева Дана Айтбаевна
«Қаржы» кафедрасының аға оқытушысы, экономика
ғылымдарының кандидаты
Капанова Шолпан Аманжоловна
«Қаржы» кафедрасының
аға оқытушысы, Қорқыт Ата атындағы
Қызылорда мемлекеттік университеті
ЖОБАНЫ БАСҚАРУДАҒЫ
МЕНЕДЖМЕНТ ЖҮЙЕСІНІҢ НЕГІЗГІ ҚҰРЫЛЫМЫ
Жобаны басқарудағы
менеджмент жүйесінің негізгі құрылымы басқару
субъектілері мен басқару объектілерінен тұрады.
Басқару субъектілері – жобаны
жүзеге асыру үрдісінде өзара әрекет ететін
жобаның белсенді қатысушылары болып табылады. Оларға тапсырыс
берушілер, инвесторлар, мердігерлер, жеткізушілер, орындаушылар жатады. Жобаны
басқару құрамының мүшелері – жоба менеджерлері
мен оның функционалды менеджерлері саналады.
Басқару объектілері –
бағдарламаларды, жобаларды, келісім-шарттарды,с онымен қатар
басқару объектілерінің жеке өмірлік циклының фазалары
(тұжырымдамасын, жасап шығару сатыларын, жүзеге асыруы,
аяқталуы).
Жобаны басқару бағдарламалық
құралдары ресурстарды жоспарлауға, ұйымдастыруға,
басқаруға, ресурстар сметасын әзірлеуге және
жоспарларды жүзеге асыруға көмектесетін құралдар
жиынтығы болып табылғандықтан, бағдарлама
кешенінің ауқымдығына байланысты, бағдарлама
қызметтілігін есептеу мен жоспарлау, кесте құрастыру,
бағаны бақылау, бюджетті басқару, ресурстарды тиімді
бөлу, бағдармалар бірлестігін жасақтау, байланыс орнату,
шешім қабылдау, жұмыс үрдісін, сапа менеджментін,
құжаттаманы және әкімшілік жүйені қамтылуы
тиіс.
Үдеріске негізделген менеджмент – бұл бизнесті үдерістер
жиынтығы ретінде қарастыратын басқару тәсілі болып
табылады. Үдерістер компанияның миссиясына және негізгі
құндылықтарына қол жеткізу мақсатында
басқарылады және жетілдіріліп отырады. Компания көзқарасы
мен үдерістер арасындағы байланыс компанияға ұзақ
мерзімді перспективада стратегиялық жоспарлауда, бизнес
құрылымын құруда, ресурстарды пайдалануда
көмектеседі. Үдеріс тұрғысынан қарағанда,
компания бизнесті жеке іс-шара мен қызметтерін аяқтау мақсатында
емес, компанияның қағидаларына сәйкес,
көзқарасына сай алға жылжытуға негіз болады.
Сондықтан тиімді жұмыс істеу мақсатында, компания
жұмысшылары арасында тиімді қарым-қатынас орнатылуы тиіс
және компанияның құндылықтарын барлық
жұмысшылар білу қажеттілігін түсіндіру керек. Жалпы,
басқару менеджмент жүйесінде құн мен бюджетке
және жұмыс тәжірибесімен бірге білімге де тікелей шешімдерге
назар аударады. Үдеріске негізделген басқару жалпы жоба
менеджментіндегі қағидаларды ұстанады және сонымен
қатар жүзеге асырылып жатқан жобаның компанияның
миссиясы мен құндылықтарына сәйкес келуін қадағалайды.
Қолданылатын әдіснама мен
терминологияға қарамастан, жоба менеджмент үдерісін
пайдаланды. Әдетте, негізгі үдеріс топтарына келесі элементтерді 1-кестеден
көруге болады.
Кесте 1. Жоба менеджменті
элементтерінің біртұтас
жиынтық үдерісі
|
№ |
Үдерістер |
Жүргізілетін үдерістердің
мазмұны |
Бағыттары (мұнда негізгі жобаны
бақылау элементтері көрсетілген) |
|
1 |
Кіріспе |
Жобаға кірісу үдерісі жобаның
сипаты мен көлемін (шегін) анықтайды. Егер бастапқы
кезеңі дұрыс орындалмаса, жалпы жобаның бизнес талаптарына
сай болуы мен табысқа жетуі екі талай. |
- Бизнес ортаны түбегейлі түсіну мен
барлық қажетті бақылау элементтері жобаға
енгізілгенін қадағалау; - Кез келген жетіспеушіліктер немесе кемшіліктер
хабарлануы тиіс және бұл кемшіліктерді шешу үшін
ұсыныстар жасалуы; Кіріспе кезеңі келесі бағыттарды
қарастыратын жоспарды қамтуы тиіс: - Бизнес
қажеттіліктерін / талаптарын мақсаттар өлшемінде талдау; - Ағымдағы операцияларды шолу; - Шығындар мен кірістің, бюджетпен
қоса, қаржылық талдауы; - Пайдаланушылар мен қызметкерлерді
қоса есептегенде, мүдделі тараптарды талдау; -
Жобаға қажетті материалдар (шығындар, міндеттер,
өнімдер, кестелер); |
|
2 |
Жоспарлау |
Кіріспе кезеңінен кейін, жоба қажетті
деңгейде жоспарланады. Ең басты мақсат қажетті
жұмыс көлемін бағалау және жобаны жүзеге асыру
барысында тәуекелдерді тиімді басқару үшін уақыт,
құн және ресурстарды тиімді жоспарлау. Кіріспе кезеңі секілді, жоспарлау
кезеңінде жіберілген қателер жобаның табысты аяқталу
мүмкіндігін айтарлықтай азайтады. |
- Қалай жоспарлау керек екенін
анықтау; - Жоба көлемі туралы мәлімдеме
дамыту; - Жоба соңында жеткізілетін өнімдерді анықтау
және ЖБҚ құру; - Осы
өнімдерді жеткізу үшін қажетті іс-шараларды анықтау
және оларды логикалық ретпен орнату; - Іс-шараларды жүзеге асыру үшін
қажетті ресурстарды есептеу; - Іс-шараларды жүзеге асыру үшін
қажетті уақыт пен құнды есептеу; - Уақыт кестесін әзірлеу; - Бюджетті әзірлеу; - Тәуекелді анықтау; - Жұмысты бастауға рұқсат
алу |
|
3 |
Өндіріс немесе жүзеге асыру |
Өндіріс пен жүзеге асыру кезеңі
жоба менеджменті нің жоспарында көрсетіл ген жоба соңында
жеткізілуге тиіс өнім дердің тиісінше орында луын
қамтамасыз етеді. |
Бұл кезең адам ресурстарының,
сондай-ақ материалдар мен бюджеттің және сол сияқты
кез келген басқа да ресурстардың дұрыс бөлінуін,
үйлестірілуін және басқарылуын қадағалайды.
Бұл кезеңнің нәтижесі жобаның соңында
шығарылатын өнімдер болып табылады. |
|
4 |
Мониторинг және бақылау |
Мониторинг және бақылау шығып
қалуы ықтимал мәселелерді уақтылы анықтау
және қажетінше түзетуші іс-әрекеттер жасау үшін
керек үдерістерден тұрады және жоба жүзеге асырылуы
кезінде орындалатын әрекеттерді бақылайды. Жоба орындалуының қаншалықты
жоспардан ауытқығанын үнемі бақылау және
өлшеу бұл кезеңнің артықшылығы болып
табылады. |
- Болып жатқан жоба іс-әрекеттерін
зерттеу(біз қазір қандай сатыдамыз); - Жоба айнымалыларын құн, күш,
өлшем және т.б. жоба жоспарына және жоба жүзеге
асырылу негізіне қарсы өлшеу (біз қандай сатыда болу
керекпіз); - Туындайтын мәселелер мен
тәуекелдерге дұрыс шешу мақсатында орындалатын
іc-әрекеттерді анықтау; - Тек мақұлданған
іс-әрекеттерді жүзеге асыру үшін кешенді өзгерістерге
ықпал ететін факторларға әсер ету; - Бірнеше сатылық жобаларда, жоба
кезеңдері арасында мониторинг және бақылау үдерісі |
|
5 |
Жабу |
Жабуға жобаның ресми қабылдануы
және аяқталуы кіреді. |
- Келісім шарттың аяқталуы:
Әрбір келісімді аяқтау және орналастыру әрбір
ашық элементтің қаулысын қоса алғанда, сонымен
қатар жобада не жоба кезеңінде қолданылатын әрбір
келісім-шарттың жабылуы; - Жобаның жабылуы: жобаны ресми түрде
жабу мақсатында бүкіл үдеріс бойынша барлық
іс-шараларды аяқтау; - Сондай-ақ бұл кезеңге
жасалған жұмыстың орындалуына шолу шарасы кіреді. |
|
Ескерту-
кесте [2.,
79б] мәліметтері негізінде автормен сызылған |
|||
Осыған қоса, ішінара байланысы мен жоба
көлемін басқару, рөлдер мен міндеттемелерді анықтау,
жоба үшін сатып алынатын тауарларды анықтау, тиянақтау
жиналыстарын өткізу сияқты қосымша үдерістерді
қолданған дұрыс. Жаңа өнімді дамыту барысында
жобаларда, соңғы өнімнің тұжырымдамалық
бет-пішіні жобаны жоспарлау кезеңіндегі іс-шаралармен қатар
жүргізілуі мүмкін. Бұл әрекет жоспарлау
құрамына жоба соңында жеткізілетін өнімдерді
анықтауға және іс-шараларды жоспалауға көмегін
тигізеді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1 Бердалиев К.Б., Өмірзақов
С.Ы. Басқару негіздері (оқу құралы): Алматы: Экономика, 2010
2 Гонтарева, И.В. Управление
проектами /И.В. Гонтарева, Р.М. Нижегородцев, Д.А. Новиков. - М.: КД Либроком,
2014. - 384 c.
3 Егембердиева С.М.
Инновациялық жобаларды бизнес – жоспарлау: Оқу құралы.
– Астана. 2014. Мастер ПО ЖШС-164 б.