ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТУРИЗМДІ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ

 

Әлібекова А.Б.- аға ақытушы, э.ғ.к., Примжанова А.А.- аға оқытушы,

Ахметова Г.Я.- аға оқытушы

«Ақмешіт» гуманитарлық-техникалық институты

 

Туризм қазіргі кезеңде экономикалық және әлеуметтік құбылыс ретінде белгілі қызмет түрі болып табылады. Қазақстанда туризмнің даму тарихы жалпы әлемдік тенденциялардан ерекшеленеді. Себебі, көптеген жағдайда оның даму ерекшелігі елдің саяси, экономикалық және әлеуметтік ерекшеліктерімен анықталады.

Қазақстанның тәуелсіздікке өтуі қызметтің барлық сфераларында реформалық өзгерістерге ұшырады, оның ішінде туризмде. Қазақстанда нарықтық экономикаға өтумен туристік саладағы экономикалық аспектілер әлеуметтік аспектілерді асып кетті.

Қазіргі кезеңде туризм көптеген аспектілер бойынша Қазақстанда нарықтық қатынастарды қалыптастыруда көшбасшыға айналған. Халықаралық және отандық тәжірибе көрсеткендей, туризм қысқа мерзім ішінде экономиканың ең табысты сфераларының біріне айнала алады. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, нарықтық экономика  туристік қызметті дамыту үшін ең жағымды экономикалық орта болып табылады. Бұл туристік қызметтің даму процесі нарықтық қатынастар қызметінің сферасының кеңеюімен үзілмес байланыста өтеді дегенді білдіреді. Әрине, бұл саланың өзі және оған кіретін кәсіпорындар тікелей тұтынушыға бағытталады, қандай да бір деңгейде туризмнің дамуын қамтамасыз ететін көптеген сфералар мен салалар нарықтық кеңістікті қалыптастыруда белсенді рольді ойнайды.

Жағымды жағдайларды құрған кезде Қазақстанда туристік сала экономикалық тұрақтылық пен республикалық экономиканың дамуының қозғаушы күшіне айналуы тиіс.

Жүргізіліп отырған реформалар мен өзгерітер жағдайында әдістемелік жоспарда туризм сферасында ең тиімді әрі мақсатты саясатты таңдау ерекше маңыздылық алады. Осы мақсатпен туристік бизнестің дамуының, динамикада жекелеген сегменттерді қалыптастырудың ретроспективті және жағдайлық талдауын жүргізу маңызды. Туризмнің кезеңдік дамуын қарастыру қажеттілігі пайда болады.

Қазақстанда туризмді кезеңдестіруді экономикалық, ұйымдастырушылық және заңнамалық факторларға байланысты жүргізуге болады. Бұндай кезеңдестіру айқын көрінбейтін сипат алады, бірақ та оның өзіне тән ерекшеліктері бар, олар негізінен мемлекеттің саясаты және жүргізіліп отырған экономикалық қайта қалыптастырумен байланысты болды.

Қазақстанда туризм дамуының ең перспективті бағыттарын анықтау үшін оның соңғы жылдардағы эволюциясын талдау қажет. Туризм экономикалық қызмет сферасы ретінде қаржылық және ұйымдастырушылық өзгерістерге бейім болып келеді. Ұлттық туристік компаниялар бұл өзгерістерді туристік ағымдардағы және туристік қызметтерге қойылатын бағалардағы болып жатқан өзгерістерді түсіну үшін ескеруі тиіс.

Қазақстанда туризмнің жетілдіру жолдарын бірнеше кезеңдерге бөлуге болады.Бірінші кезең Қазақстанда туризмнің дамуында өтпелі кезең болып табылды, нарықтық экономикаға өту саланың қайта құрылуына, туристік фирмалар санының өсуіне, туризмде жеке кәсіпкерлікті дамытуға арналған жағдайларды құратын жаңа заңдардың, нормалар мен ережелердің пайда болуына септігін тигізді. Ерекше көңілді екінші кезеңге бөлу қажет, себебі оған туризм көрсеткіштерінің экстенсивті өсуі тән. Жүргізілген қайта қалыптастырулар, нақты айтқанда, визалық формалаьдылықтарды жеңілдету, шетелдік инвесторлар үшін Қазақстанның шекарасының ашылуы тез өсуге, ең алдымен халықаралық туризмнің өсуіне септігін тигізді. Әсіресе, тез қарқын шетелге Қазақстан азаматтарын жіберу бойынша көрсеткіштерге тән. Қазақстанға шетелдік туристердің бизнес-сапарларына үлкен көңіл бөлінді. Бұл республикаға инвестициялық белсенділіктің көтерілуімен байланысты.

Туризмді кешенді жетілдіру жолдарын дамытуды табысты іске асырылуын қамтамасыз ету саланы мемлекеттік басқару әдістерін дұрыс таңдауға тікелей байланысты. Қазіргі уақытта, саланы мемлекеттік реттеу мынадай шараларды жүзеге асыруға бағытталуға тиіс:

Алға қойылған мақсаттарды жетілдіру және іске асыру үшін мынадай міндеттерді шешу қажет:

-туризм саласындағы мемлекеітік саясатты жандандыру;

-туристік қызметті реттеу жүйесін жетілдіру;

-туризм индустриясының құқықтық, ұйымдастырушылық және экономикальщ негіздерін одан әрі дамыту;

-туристік рынокты демпингке қарсы және мемлекеттік қолдаудың басқа да шараларын қабылдау арқылы қорғау;

- туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

-тартымды туристік объект ретінде Қазақстанның беделін қалыптастыру;

-ақпараттық қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру;

-туризм саласындағы ғылыми зерттеулерді тереңдету;

-туризм саласындағы қызмет көрсетудің статистикалық есебінің әдіснамасын халықаралық стандартқа сәйкестендіру;

-туристік объектілерді қайта жаңғырту мен салу үшін отандық және шетелдік инвестицияларды тарту жолымен туризм инфрақұрылымын дамытуды ынталандыру;

-туристік қызметті стандарттау, сертификаттау мен лицензиялау негізінде туристерге қызмет көрсетудің сапасын арттыру;

-туризм саласындағы кадрларды даярлау мен олардың біліктілігін арттыру жүйесін дамыту;

-туризм саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту;

қоршаған ортаны қорғау женіндегі шараларды қамтамасыз ету, теріс әлеуметтік әсерлерді бәсеңдету және мәдени мұраны сақтау;

-туризм саласындағы келеңсіз үрдістерден арылу.

Туризмді кешенді дамытудың табысты іске асырылуын қамтамасыз ету саланы мемлекеттік басқару әдістерін дұрыс таңдауға тікелей байланысты. Қазіргі уақытта, саланы мемлекеттік реттеу мынадай шараларды жүзеге асыруға бағытталуға тиіс:

Республикалық және аймақтық деңгейлерде туризмді дамыту саясаты мен жоспарлауды үйлестіру;

-туристік индустрия саласындағы қарым-қатынасты ретке келтіру мен жетілдіруге бағытталған заңнамалық және нормативтік құқықтық базаны қамтамасыз ету;

сапалы туристік өнімнің ажырамас белігі ретінде туристерді қорғауды және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

-статистиканы және зерттеу қызметін жетілдіру;                        

-білім және оқу стандарттарын қоса алғанда, туризмге арналған кадрларды кәсіптік даярлау;

Республикада жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік-экономикалық өмірді реформалау туризмді және оның инфрақұрылымын толық қамти қойған жоқ. Туризмнің материалдық базасының нашарлығынан Қазақстан жыл сайын миллиондаған долларды жоғалтуда, бүл туристік салаға күрделі қаржыны, сондай-ақ отандық және шетелдік инвесторлар қаражатын тартуды қажет етеді.

Ұлттық туристік өнім ерекшелігін ескеріп, тұрақты туристер ағынын қамтамасыз етуге қабілетті елдің туризм инфрақұрылымын дамыту үшін:

-жалпы пайдалану және туристік мұқтажды қанағаттандыру үшін жол-көлік инфрақұрылымын дамыту;

-ілеспе инфракұрылымды: қолданыстағы және ықтимал туристік аймақтардағы сумен, электрмен жабдықтау, кәріздер және қатты қалдықтарды жою жүйесін, телекоммуникацияларды дамыту;

-туристік кешендерді, зтнографиялық мұражайларды және демалыс аймақтарын құру; тарихи-мәдени және этнографиялық ескерткіштерді қалпына келтіру және мұражайға айналдыру;

-жыл бойы пайдаланылуын ескере отырып, туристік объектілер жобаларын оның ішінде орташа және шағын орналастыру құралдарын жасау және оларды салу.        

Ұлттық туристік өнім және оны дамытудың әлеуетіне сәйкес маркетинг стратегиясын әзірлеу қажеттілігі бар.

Маркетинг стратегиясын іске асыру мақсатында мемлекет мынадай міндеттер белгілеп отыр:

-сапалы туристік қызмет көрсетуді ұсынатын туристік орталық ретінде Қазақстан туралы туристер жіберілетін негізгі елдерде жағымды пікір қалыптастыру;

- Қазақстанды ерекшелейтін сипаттамаларға және артықшылықтарға негізделген маркетингтік іс-шараларды әзірлеу және жүзеге асыру;

қосымша мүмкіндіктер бере отырып, төлем қабілеті жоғары деңгейдегі туристерді тарту;

жеке сектордың маркетингтік жұмысына қолдау көрсету;

- Германия, АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Ресей, Қытай, Жапония жәнет.б. туристер ағынының дәстүрлі рыноктарына ұлттық туристік өнімнің енгізілуін күшейту;

- Рыноктың жаңа сегменттерін айқындауға бағытталған зерттеулер жүргізу;

ел аумағында орналасқан кернекті туристік орындар мен объектілердің бүкіл ауқымын әлемдік рынокқа жылжыту;

- ғылыми негізделген өткізу әлеуетін ескере отырып, республика аумақтарына туристік ағынның теңцестіре бөлінуін қамтамасыз ету;

- жыл ішінде туристік инфрақұрылымның бірқалыпты жүктемесін қамтамасыз етуге бағытталған маркетингтік және бағалық тәсілдерді қолдану арқылы туризмнің маусымдық жылжытылуын күшейту;

- ұлттық туристік өнімді жылжытудың жаңа ақпараттық технологияларын пайдалану;

туризмді дамытудың тұрақты сипатын насихаттау қажет.

Беделді көтерудің негізгі іс-шаралары Қазақстанның туристік фирмалары мен агенттіктерінің халықаралық туристік көрмелерге.жәрмеңкелермен конференцияларға, оның ішінде ДТҰ тарапынан өткізілетіндеріне қатысуы, соңцай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында осыған ұқсас іс-шаралар ұйымдастыру болуға тиіс. Қазақстанды Еуразияның қоғамдық және мәдени құбылыстар орталығына айналдыруға ықпал ететін конгрестік туризмді дамытудың маңызы бар.

                                                                                                                                                       

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. «Қазақстан Республикасындағы туристiк қызмет туралы» 2008 жылғы 05 шілдегі  N 59-IV  Қазақстан Республикасының Заңы.

2. 2008 жылғы Туризм статистикасы бойынша халқаралық ұсыныстар (БҰҰ).

3. Туризм статистикасы бойынша ұсыныстары, 1994 (БҰҰ).

4. Экономиқалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуші (ЭҚЖЖ), ҚР МС 03-2007 нұсқалары.

5. 2008-2009 жж. арналған туристік саланы дамыту бағдарламасы Егемен Қазақстан-2009.