Жоғары
оқу орындарында программалау тілдерін оқытуда
обьектілі-бағытталған программалау технологиясын меңгеруге
үлкен көңіл бөлінеді. Обьектілі-бағытталған
программалау көптеген есептерді моделдеуде сапалы мүмкіндіктерге
ие. Соңғы
кездері өзінің көптеген артықшылықтарының арқасында кең таралып келе жатқан обьектілі-бағытталған программалау тілдерінің бірі — Java программалау тілі. Java технологиясымен құрылған қосымшаны машиналардың кез келген түрінде, дербес компьютерде, желілік компьютерлерде, тіпті телефонда да қолдануға
болады.
Java
шынында да желілік ортада құнды құрал болып табылады.
Бірақ ол тек онымен шектеліп қалмайды. Java тілі
әртүрлі бағдарлама жасау үшін қолданылатын
универсалды тіл. Оған қоса Java платформаға тәуелсіз
проектер жасау үшін қолданылады. Бағдарлаудың
қарапайымдылығы және қауіпсіздік амалдары тез
және түсінікті код жазуға мүмкіндік береді. Басқа
бағдарлау тілдерінде кеңінен тараған қателер Java
бағдарламаларында болмайды.
Артықшылықтары:
Архитектураға тәуелсіз;
Интернет бағдарламалар үшін мінсіз;
Бір рет жазылған код басқа жерлерде
орындалады;
Көп ағымды;
Бағдарламалар желі арқылы тапсырманы орындай
алады;
Динамикалы;
Код қажет болған жағдайда ғана қолданылады;
ООП-ның бар болуы;
Java бағдарлау тілі қазіргі ООП негізіне
сәйкес бағдарламалар жазу үшін қолданылады;
Жад басқарылмалы;
Жад автоматты түрде бөлінеді;
“Garbage collector” қолданылмайтын жадты
өшіріп отырады;
Сенімді;
Қатты типтелген;
Көрсеткіштер жоқ (С бағдарлау тілін
өткенде түсінесіздер);
Қарапайым;
Бір-бірімен өте жақсы қиысқан тілдің элементтері
оның қолданысын жеңілдетеді.
Java бағдарлау тілі – ол JDK (Java Development Kit). Яғни, бағдарлау тілі бір-бірімен топтасқан көптеген кішкентай бөлшектерден, класстардан, тұрады. Демек, Java-да жазылған бағдарламалар, негізінде, осы класстардың жиынтығын, пакеттерді, қолданады.
Сонымен,
Java-да бағдарлау кезінде Java-ның страндартты пакеттеріндегі
класстары, өзіміз жаңадан
жазған класстар,
басқалардың көпшілік үшін жазған класстары
қолданылады.
Java
компиляторы – жазылған кодты орындау үшін дайындайды және
байт-коды бар .class файлды шығарады. Егер компиляция кезінде қателер болса, онда кодтағы қателерді түзетіп қайтадан компиляциядан өткізу керек.
Байт-код – Java виртуалды машинасында орындалатын оңтайландырылған нұсқаулардың жиынтығы. Яғни, JVM байт-кодтың интерпретаторы. Бұл әдіс басында әдеттегіден тыс болып көрінуі мүмкін, өйткені қазіргі кездегі бағдарлау тілдерінің компиляторлары байт-кодты шығармай бірден орындалатын кодты шығарады (.exe). Бірақ бұндай әдістің өзіндік артықшылықтары бар және жылдамдық ерекшеліктері зор емес.
Java интерпретаторы
(JVM – Java Virtual Machine) – .class файлды оқып оны компьютерге түсінікті тілге аударады, яғни бағдарламаны орындайды.
Java программалау тілінде жазылған программалық өнімді компиляциялаған кезде байт-
код пайда болады. Бұл байт-код Java виртуальды
машинасы орнатылған кез келген платформада интерпретацияланады. Java
интерпретацияланатын тіл болғандықтан программалық
өнімдерді өңдеу циклы айтарлықтай жеңілдейді.
Java технологиясы дегеніміз – бұл обьектілі-бағытталған,
платформадан тәуелсіз программалау ортасы. Java технологиясының
келесі артықшылықтарын атап өтуге болады: - қосымшалар
платформадан тәуелсіз болғандықтан олар әртүрлі
операциялық жүйелерде және кез келген аппараттық
архитектураларда ешқандай қиындықсыз жұмыс істей
береді; - Java жадыны
бақылауда ұстайды, сондықтан қосымшалар сенімді болады;
-
Java-қосымшалардың өнімділігі жоғары; - қосымшалар
өзгеретін ортаға бейімделгіш: программалық модульдерді
желінің кез келген нүктесінен динамикалық түрде
жүктеуге болады; - қолданушылар
қосымшалардың қауіпсіздігіне сенімді бола алады, себебі Java
жүйесінің құрамында вирустардан қорғау
жүйесі біріктірілген, - Java
программалау тілінің көмегімен Интернетке арналған
қосымшалар құруға болады. Java тілінде программалау
үшін төмендегідей инструменталдық құралдардың
бірін қолдануға болады: -
JDK (Sun Microsystems) -
NetBeans (Sun Microsystems) -
Java Studio Creator (Sun Microsystems) - Eclipse -
IntelliJ IDEA - IBM WebSphere - J#.NET (Microsoft)
Java тілінде жазылған программа кластар жиынтығы болып табылады
және текстік файлдарда .java кеңеймесімен сақталады.
Программаларды бірнеше негізгі категорияларға бөлуге болады: - Қосымша (application)
– қолданбалы программа; -
Апплет (applet) – WWW-құжат терезесінде броузердің
басқаруымен жұмыс істейтін, шектеулі мүмкіндіктері бар арнайы
программа; — Сервлет (servlet) – серверде жұмыс істеуге арналған
арнайы программа. JSP технологиясы негізінде жұмыс істейді; - Серверлік қосымша(Enterprise
application); 146 -
Кітапхана(Java Class Library – кластар кітапханасы немесе NetBeans Module –
NetBeans платформасының модулі). Java программалау тілі
обьектілі-бағытталған программалау тілі болғандықтан
оның үш негізгі принципін толықтай қолданады: - инкапсуляция -
тұқымқуалаушылық - полиморфизм. Обьектілі-бағытталған программалау
тілдеріндегі негізгі ұғым – класс ұғымы. Java
программалау тілінде класс class қызметші сөзінің
көмегімен анықталады және класс аты, қолданылатын
айнымалылар және әдістер көрсетіледі. Обьектілік айнымалылар
дегеніміз – обьект типті айнымалылар. Java программалау тілінде обьектілік
айнымалылар дегеніміз – обьектіге сілтеме. Обьектілік айнымалыны нақты
обьектімен байланыстыру меншіктеу арқылы жүзеге асырылады.
Обьектіні құру «конструктор» деп аталатын арнайы ішкі программаны
шақыру арқылы жүзеге асырылады. Конструктор
құрылған обьектіге сілтемені қайтарады. Конструктор аты
экземпляры құрылатын класс атымен сәйкес келеді.
Конструкторды шақыру кезінде оның алдында new қызметші
сөзі қолданылады. Мысалы: Circle obj1=new Circle(); Әдістер
обьект әдістері және класс әдістері болып екіге бөлінеді.
Обьект әдістерін тек обьектілердің өзінен
шақыруға болады. Ал класс әдістерін кластардан да,
обьектілерден де шақыруға болады. Әдістерді шақыру
форматы: Класс аты.Әдіс аты(параметрлер тізімі) немесе Обьект
аты.Әдіс аты(параметрлер тізімі) Әдістер обьектілерде сақталмайды,
бірақ обьектілер оларды шақыра алады. Java технологиясының
идеологиясы компьютерлік желі жұмысына негізделген және қажет
болған жағдайда программаға қажетті кластар мен
ресурстарды жүктей алады. Яғни, бір қосымшада көптеген
кластар жиынтығы қолданылуы мүмкін. Java программалау тілінде
класстарды топтастыру үшін арнайы пакеттер (package) қолданылады.
Проект құру кезінде кластар автоматты түрде пакеттерде
орналасады. Java программалау тілінің мүмкіндіктері өте
көп. Қысқаша айтқанда, Java – жаңа
ғасырдың программалау технологиясы деп қорытындылауға
болады.
Әдебиеттер
1.
Монахов Вадим Валериевич. Материалы курса «Язык программирования Java» .
2. В.О.Сафонов. Материалы курса «Язык
программирования Java». Санкт- Петербург