“Педагогические науки”/ 5. Современные
методы преподавания.
Кузербай Әйкен Шерімбетқызы
Қазақстан, Алматы қ.,
Абая атындағы ҚазҰУ, 2 курс магистранты
Әр түрлі ортадағы электр тогы тарау
бойынша есептер мен тәжірибелік
есептерді шығару
Әр түрлі ортадағы элетр тогы тарауына теориялық тұрғыдан
сипаттама бере отырып, физикалық практикум және есептердің шығарылуын
талдаймыз. Сонымен қатар әр
түрлі ортадағы элетр тогы тарауын оқыту әдістемесін қалыптастырамыз.
Жекелеген есептердің
мазмұны, түрлері әр түрлі болғанымен, жалпы есеп
шығарудың белгілі бір реті бар. Казіргі уақыттағы қалыптасқан
әдістеме есеп шығаруда жалпы алғанда мынадай реттілікті ұстау
тиімділігін көрсетеді
Есептің шартымен
танысу. Бұл мәселеге
ерекше көңіл бөлінуі қажет. Оқушы есепте қарастырылып
отырған физикалық құбылыстар мағнасын толық
ұғынып, қойылған сұрақтарды нақты түсінуі
қажет. Есептің берілу шартына байланысты әр сөзге зор мән
беріп, есептің шығарылуына байланысты берілген ақпаратты толық
көлемде ала білуі керек. Есептің сөзбен берілуінде еш артық
шама берілмейтіні түсінікті. Сондықтан анық және
жасырын түрде беріліп тұрған еш шама ескерусіз қалмауы қажет.
·
Есептің мазмұнын
талқылау. Есептің шартын да берілген шамаларды
карастырғанда олардың физиканың
қай бөліміне жататынын тауып, кұбылыстардың арасындағы
байланыстарды, әркайсысының заңдылығьн анықтау керек
те, формулалар жазылуы тиіс. Барлық жағдайда
координаталар системасын ыңғайлы етіп алып, берілген шамалардын бағыттарын,
кеңістіктегі орнын анықтау керек т.с.с. Мүмкіндігі болса, окиғаның
суретін салу, оның графигін сызу — есепті
талдау үшін, заңдылықтарын ашу үшін өте қажет.
·
Есепті жалпы түрде шығару. Есептің сұрағына
жауап берудің жалпы жолдарын іздестіріп, проблеманы анықтайтын теңдеуді
корытып шығару керек. Ол үшін сұрақка жауап беретін
формуладан бастап, құбылысқа қатысы бар басқа да
тәуелділіктерді пайдалана отырып, қорытынды формуланы шығарып
алу және мүмкіндігінше бұл теңдеуді аналитикалық
талдау және математикалық түрлендірулер жолымен шығарып
алып, содан кейін ғана сан мәндерін
орындарына қойған жөн. Барлық жағдайда бір ғана
корытынды формула шығару міндетті
емес, кейде есепті бөлшектепте шығару ыңғайлы болуы мүмкін. Эксперименттік есепті шығару үшін,
әуелі есептің берілу шартына сәйкес құбылысты
сипаттайтын заңдылықтарды анықтап, сонсоң тапсырма
бойынша тәжірибелер жүргізіп, кажетті шамаларды алу керек.
Содан кейін осы шамаларды бір-бірімен салыстыру нәтижесінде, графиктік тәуелділікті
көрсету арқылы, белгіленген заңдылыктарымен салыстыра отырып,
қорытынды шығару керек. Осындай корытындылаудан кейін бұрындар
теориялық жолмен берілген жалпы заңдылыктар алынылуы да мүмкін.
Оқушылар үшін мүндай шешу жолы өте пайдалы.
· Қажетті шама анықталатын соңғы
формула дұрыстығын СИ жүйесі бірлігі бойынша тексеру. Қарапайым есептер
есептер немесе негізгі таныс формулалар арқылы шығарылатын
есептерде, әрине мұндай тексерудің қажеттілігі жоқ.
Күрделі есептерде, бұрыннан таныс емес формула алынған жағдайда
мұндай тексеру жүргізу аса қажет болып табылады.
· Есептеу. Есепте берілген шамалардың барлығын СИ
өлшемдеріне келтіру қажет. Сан
мәндері өте үлкен не өте кіші болса, дәреже түрінде
жазып, есептеу керек. Барлық жағдайда
да жуықтап есептеуде шамалардың дәлдігін үмытпау қажет. Мүмкіндігі болса,
арифметикалык есептеулерді калькуляторлармен жүргізген дұрыс, бірақ
бұл оқушылардың өздері есептей білуді толык меңгергеннен
кейін ғана қолданылуы міндетті.
Есептің жауабын тексеру.
1.Әр түрлі ортадағы элетр тогы тарауының
теориясын қарастыру, оның ішінде металдардың элетрондық
өткізгіштігі, жартылай өткізгіштердегі электр тогы, вакуумдегі
электр тогы, сұйықтардағы электр тогы, газдардағы
электр тогын зерттеу.
2. Әр түрлі ортадағы элетр тогы тарауын
оқыту әдістемесін қарастыру, оның ішінде: Әр түрлі
ортадағы элетр тогы тарауында өтілетін тақырыптардың
сабақ жоспары мен әр түрлі ортадағы элетр тогы
тарауында қойылатын физикалық практикумдар;
3. Әр түрлі ортадағы элетр тогы
тарауына берілген есептердің шығарылуын талдап көрсету.
Лабораториялық практикум сабақтары оқушылар
тәжірибе жүру процесіне белсенді қатысуын жақсартады.
Сонымен қатар көз көре алмайтын құбылыстарды жақсы
көріп ойлау қабілеттілігін дамытады. Компьютермен өткізген
практикум сабақтар өте ұзақ жүргізілетін және
кей жағдайларда сол тәжірибелерге арналған қондырғылардың
болмағанда күрделі құбылыстарды зерттеу өте
эффективті әдіс болып табылады.
Тәжірибе жүргізу сабақтарында мынадай
тапсырмаларды да орындауға болады.
№1. Эбонит таяқша резеңке трубаға үйкелегенде
екі дененің әр түрлі зарядтармен зарядталатындығына тәжірибе
арқылы көз жеткізіңдер. Ол үшін екі электроскоп, шыны
таяқша, жібек матаны пайдалануға болады.
№2. Изоляцияланған штативте бекітілген екі бірдей
шар қарама-қарсы зарядпен зарядталған, электроскоп, зарядник,
эбонит таяқша, жүн мата. Шарлардың қайсысы қандай
зарядпен зарядталған. Қайсысының заряды көп екенін тәжірибе
арқылы тексеріңдер.
№3. Тек қана эбонит таяқшамен электрометрді қалай
зарядтауға болатындығын тәжірибе арқылы көрсетіңдер.
Электрометрдегі зарядты қалай көбейтуге болады?
№4. Жұқа сым өткізгішке екі гильза
зарядталған элетрофор машинасының екі кондукторына , содан кейін
бір кондукторына ілінген екі гильзаның бір-біріне әсері қандай
болады? Тәжірибе жасап құбылысты тексеріңдер.