Педагогические  науки”/ 5.Современные методы преподавания.

Кайдарбек Шарбат

Қазақстан, Алматы қ., Абай атындағы ҚазҰПУ

 

МОЛЕКУЛА-КИНЕТИКАЛЫҚ ТЕОРИЯ НЕГІЗДЕРІН ОҚЫТУДА АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ

 

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңына сәйкес білім беру жүйесіндегі негізгі мәселелердің бірі – жас ұрпаққа білім беру және оны жоғары деңгейге жеткізу. Білім беру саласында тек оқытушының айтқандарын істеу немесе оқулықты пайдалану қазіргі заман талабын қанағаттандырмайды. Сондықтан, қазіргі ақпараттандыру қоғамында ақпараттық технологияларды пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес.

Ақпараттық технологияларды физика пәнін оқыту барысында пайдалану да көптеген мүмкіндіктер туғызады, мысалы, физика пәнін алғаш оқып отырған оқушылар физикалық құбылыстарды компьютерлік технологиялардың көмегімен танып білуіне болады.  Ал тақырыптық сабақ жоспарын электрондық оқулық арқылы жасап шығуға болады. Электронды оқулықты пайдалану: жаңа тақырып бойынша материалды жеңіл түрде түсінуге; өзбетінше дайындалуға, жасалған жұмыс кезеңдерінде өзін-өзі тексеруге; жұмысты тиянақты орындауға; тақырыпты толық игере алмаған жағдайда оны өз бетінше қайталауға; сабақта оқулықты пайдаланып, өз деңгейінде тапсырмаларды дайындауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, интерактивті тақтаны қолдану да сабақ тиімділігін арттырады.  Физикалық есептер шығарғанда да ақпараттық технологияның пайдасы көп. Компьютерлік бағдарламалар арқылы есептер шығаруға, физикалық эксперименттерді  жасауға болады. Осы мақаланың тақырыбына сай, молекулалық кинетикалық теорияның (МКТ) негіздерін оқытуда ақпараттық технологияны қолдану жолдарын қарастырып өтсек:

МКТ негізгі қағидалары және оның тәжірибелік дәлелдемелері:

- Барлық бөлшектер микробөлшектерден тұрады, әрі дененің массасы өзін түзетін микробөлшектердің массаларының қосындысына тең:

- Денедегі микробөлшектер үздіксіз және хаосты қозғалыста болады әрі бұл қозғалыстың жылдамдығы дене температурасына тәуелді болады.

- Денедегі микробөлшектер өзара әрекеттеседі әрі өзара әрекетесу күшінің тегі элекромагниттік болып табылады.

МКТ негіздері тақырыбындағы негізгі ұғым молекула ұғымы, оны оқушылардың түсінуінің қиындығы, сонда бұл бар нәрсе, бірақ оны қарапайым түрде бақылауға болмайды. Сондықтан да мұғалім оқушыларға бар екенін, оны танып білуге болатынын көрсетуі тиіс. Сондықтан да, осы ақпараттық технологиялар арқылы молекулалық физиканы түсіндіру мұғалімге де, оқушыға да өте тиімді болып табылады.

Мысалы, молекулалық кинетикалық теорияны негізгі қағидаларын слайд арқылы және білімді тексеретін тестті kahoot! бағдарламасы арқылы көрсетуге болады:

Қорыта келгенде, физика – оқушылардың ойлау қабілетін қалыптастыратын және дамытатын негізгі буын. Физика пәнінде ақпараттық технологияларды қолдану пәнді оқытуда дүниенің заңдарын терең меңгертіп қоймай, студенттің ойын дамытып, эмоциясына, сезіміне қозғау салады. Сондай-ақ сабақ өтуде интерактивті тақтаны қолдану да сабақ тиімділігін арттырады. Компьютердегі интернет жүйесіндегі ақпараттық мәліметтерді сабақ тақырыбына байланысты қажеттісін таңдап тікелей қолдануға болады.