Қазмемқызпу
5В070300-Ақпараттық жүйелер
мамандығының студенттері
Идия
А.Д., Күмісбай А.Қ.
Жетекшісі: аға оқытушы, п.ғ.м. Пазилова
Б.А.
“Болашаққа бағдар:рухани
жаңғыру” атты елбасымыздың жолдауындағы Латын
әліпбиі
Қазіргі таңда Қазақстан
қуатты да табысты мемлекет болғандықтан мемлекеттік
тілдің биік тұғырға көтерілуі маңызды болып
отыр. Өйткені қазақ тілі қазақ
халқының ұлттық рухани байлығын көтеріп,
қоғамдағы ұлттық сананың орнын белгілейді.
Тіл – адамдардың ісі мен әрекетінің барлық саласында,
өндіріс пен экономикалық қатынастар саласында,
қоғамдық өмір мен күнделікті тұрмыста,
саясат пен мәдени салада бірлесіп жұмыс істеуге мүмкіндік
беретін негізгі құрал екені белгілі. Ана тілі арқылы
ұлттық руханиятымызды, мәдени мұраларымызды,
материалдық құндылықтарымызды келешек
ұрпаққа жеткізу – қазіргі қоғамның
басты міндеті. Демек, бірлігі бар елдің тіршілігі жалғасып,
сөйлеген сөзі, мәдениеті, салт-дәстүрі, тілі
арқылы ұрпақтан ұрпаққа жетіп отырады.
Қазақ тілі – біздің рухани негізіміз болғандықтан
халықтардың өзара түсіністігін, достығын
қамтамасыз ететін факторлардың бірі болып табылады.
2012 жылғы желтоқсан айында жария еткен
«Қазақстан-2050 Стратегиясында халқына жолдауында елбасымыз:
«2025 жылдан бастап әліпбиімізді латын қарпіне, латын
әліпбиіне көшіруге кірісуіміз керек» делінген. «Латыншаға
көшудің терең логикасы бар. Бұл қазіргі
заманғы технологиялық ортаның, коммуникацияның, сондай-ақ,
ХХІ ғасырдағы ғылыми және білім беру процесінің
ерекшеліктеріне байланысты. Мектеп қабырғасында балаларымыз
ағылшын тілін оқып, латын әріптерін онсыз да үйреніп
жатыр. Сондықтан, жас буын үшін ешқандай қиындық,
кедергілер болмақ емес» деп нақты айтқан. Осыған
байланысты соңғы кезде баспасөз беттерінде қазақ
жазуын латын әліпбиіне көшіру туралы амал-тәсілдерді жиі
кездестіреміз.
Қазақстандықтар бұл ойға
үйренгенше біздің көрші-ағайындар: өзбек,
әзірбайжан, түрікмендер латын жазуына көшіп алды.
Кәзіргі кезде біздің жас мемлекетіміз өсіп, нығайып,
әлеуметтік және нарықты реформалардың өркендеуі
арқасында тұрақты және дамыған мемлекетке
айналды. Енді латын жазуына көшу проблемасы қайтадан
өмірдің күн тәртібіне енді. Латиницаға көшу
мәселесі көп әспектілі және тарихи маңызды
проблема. Бұл мәселені ойдағыдай шешу үшін елдегі
экономикалық, саяси, әлеуметтік, тарихи-мәдениеттік,
жағдайларды да ескеру керек.
Латын графикасына көшкенде жаһаңдану
процесіне және озат технологияға сәйкес біздің
қоғамымызға әлемдік ақпараттық
кеңістікке кіруге мүмкіндік ашылар еді. Кейбіреулердің
пікірлері бойынша, әліпбиді өзгерткенде Ресейден және
ресейлік мәдениеттен алшақтап кетеміз және кириллицаға
негізделген рухани байлықтарымызды жоғалтамыз дейді. Біздің
ойымызша, Қазақстан мен Ресейдің арасындағы кең
мемлекеттік шекара және біздің ағайындық, достық
байланыстар терең де тығыз болғандықтан ондай
қауіп жоқ деп айтуға болады. Болашақта орыс тілін
оқып, жақсы білетіндер, кириллицаны меңгергендер білімді,
оқыған адамдардың қатарына қосылады. Олар орыс
тілінде кириллицаға негізделген әлем ғылымының,
мәдениетінің барлық салалары бойынша жарық көрген
дүниелермен қатар кириллицада жазылған өзіміздің
рухани, әдебиет байлығымыздан еш уақытта қол
үзбей, оны оқи алатынында ешбір күмән жоқ.
Сондықтан, өзіміздің ұлттық-мәдениеттік
байлығымыздан біз ешқашан бас тартпаймыз. Кәзіргі кезде шет
тілдерді білу қажеттілігі өскенде және жалпы
компьютеризацияға байланысты Ресейдің өзінде де кейбір
лингвистикалық орталықтарда кириллицадан латиницаға
көшу мәселесі қарастырылып жатыр.
Осы замандағы жас ұрпағымыз үш
тілді болса (президентіміздің талабы) сонда ғана олар біздің
мемлекетімізді әлемдік аренада ұтымды көрсетеді және
еліміздің әрбір азаматына өмірдегі шексіз жаңа
мүмкіндіктері ашылады. Біздің жастарымыздың потенциалы
өте жоғары, сондықтан да біздің студенттер мен мектеп
оқушылары әр уақытта әлемдік олимпиада,
байқауларда жүлделі орын алып келеді. Өмірдің
жаңа жетістіктерін жастар бірден қабылдайды және
әлемдік кеңістікте болып жатқан өзгерістерді тез
меңгеріп алады. Қазірдің өзінде ұялы телефон,
компьютер, интернетпен жұмыс істегенде латын алфавитін кеңінен
қолданады. Сондықтан латын графикасына көшу мәселесі
өте орынды және өзекті болып отырғанын көреміз.
Латын графикасына көшу мәселесін бірінші
болып бір ауыздан қолдаған ғалым-тілшілер,
өздерінің мамандығына байланысты бұл идеяның
қажеттілігін жақсы түсінеді. Қазақ тілінің
мемлекеттік статусына лайық қолдануы, жаһандану процесі мен
өмірдің компьютеризациясы және ақпараттық
технологиялары – осының бәрі латын графикасына көшу
мәселесінің маңыздылығын арттырады. Қазіргі
таңда жаңа әліпбидің оншақты жобалары
ұсынылған. Қазақ әліпбиін кирил графикасынан
латын графикасына сәтті және ойдағыдай көшіру
үшін жазу-оқудың сабақтастылығын, сәйкестілігін,
оңайлығын, жеңілдігін ескеру қажет. Барлық
жобаларды талқылау және сараптау нәтижесінде қорытындысын
фонетика мен фонологиядан және орфография мен орфоэпиядан хабардар
тілшілер айту керек.
Пайдаланған әдебиеттер
1. Ғаламтор желісі
2. Елбасымыздың халыққа 2025
жылға арналған жолдауынан
3. Егемен Қазақстан газетінен