Қазмемқызпу

                                                                           Физика-математика факультеті

5В011100-Информатика мамандығының студенттері:

М.Борантай, А.Бижанова                                                                                

                                                            Жетекшісі: аға оқытушы Пазилова Б.А.

 

Үш тұғырлы тіл-болашаққа барар жол

     Тіл-адам баласының негізгі құралы, өткені мен бүгіні,болашағының темірқазығы.Тіл-халықтың әдебиетін,мәдениетін,салт-дәстүрін және де әдебиетін танытатын дәлелді көрсеткіш болып табылады.Әлемде қанша ұлт, нәсіл болса, оларды барлығынан ерекшелендіріп тұратын бой тұмары-ана тілі. Әр халықтың өзіндік тілі қалыптасқан. Соған сәйкес тіл құдіреті, құқықтары, дәрежесі, маңыздылығы қалыптасады.

 Қай кезде болмасын, көп тілді меңгерген халықтар алдыңғы қатарлы елдердің қатарына кіріп, өзінің коммуникациялық, интеграциялық мүмкіндіктерін кеңейтіп отырғандығы тарихтан белгілі. Мысалы, көне Мысырда көп тіл білген адамдар саты бойынша бағаланып, салықтан босатылған, дәрежелі бола алған.

   Бүгінгі жаһанданған заманда әлем сан мың құбылып өзгеруде. Барлығы бір бірінен озық болуға тырысып бағуда. Солар сияқты Қазақстан да әлемнің, заманның ағымына қарай бет бұрып жатыр. Оған дәлел  деп  Ел басы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Үш тұғырлы тіл» саясатын айтуға болады. Ел басының бұл саясаты өте керек жағдай. Біз тіл білмесек кешегі Ахмет, Абайлар дәуіріндегі халықтар сияқты мәңгүрттеніп қаламыз. Үш тұғырлы саясаттағы мақсат: ана тілімізді сақтай отырып, орыс тілін халықаралық дәрежеде пайдаланып, ағылшын тілін жетік меңгеру арқылы әлемдік деңгейде бәсекеге қабілеттілікті арттыру.

    Ағылшын тіліне келер болсақ, бұл тіл әлем елдерінің тілі. Көптеген Еуропа мемлекеттерінің тілі болып саналады, себебі, жер шарының ол бөлігі қарыштап дамып кеткен, технологиясы, экономикасы жағынан әлем елдеріне үлгі болып отыр.Біз де солардың қатарына қосылу мақсатында осы саясатқа көштік. Ағылшын тілі қазір мектеп бағдарламасына енді, даярлық сыныптан бастап ағылшын тілі жүріп жатыр, міндетті пән ретінде жүріп жатыр.


    Елбасымыздың міндет етіп қойған бәсекеге қабілетті мемлекет құруда жас ұрпақтың тигізер үлесі зор. Бүгінгі таңда жоғарғы оқу орындарында шет тілін кәсіби деңгейде оқыту басты орында тұр. Яғни әрбір студент өз мамандығына байланысты шет тілін жетік меңгеріп, одан әрі қарай дамыта алады. Сонымен қатар шет мемлекеттерге шығып, мол тәжірибе жинақтауға мүмкіндігі зор. Еліміздегі беделді университеттерде шет тілдерін кәсіби деңгейде меңгеру мықтап қолға алынған. Әр оқытушы студенттерге тек шет тілін жетік меңгертіп қана қоймай, жан-жақты болуға тәрбиелейді.
Менің болашақ мамандығым үшін, ағылшын тілін үйрену маңызды. Ұстазымыз әр сабағында ағылшын тілінде мақала жазуды, қазақ тілінен ағылшын тіліне аударуды, грамматиканы сауатты қолдануды, дауыс ырғағын дұрыс қойып оқуды үйретеді. Әр студентке ерекше көңіл бөліп, білмеген жеріңді үйретуден еш жалыққан емес. Сондықтан болар, топтағы әр студенттің ол кісіге деген ықыласы ерекше. Өзінің бойындағы ынта-жігері, сауаттылығы, білімділігінің арқасында беделді. Бізге әрдайым: «Тіл үйреніңдер, бір жерде қалып қоймаңдар, жан-жақты болыңдар» — деп айтып отырады. Мәдениетті, жан-жақты, ұлтжанды, рухани дүниесі бай жастар тәрбиелеп шығару университеттің басты мақсаты. Жаһанданған заман елімізді барлық елдермен бәсекелесе дамуға итермелейді. Тілдің қажеті артқан сайын, сұраныс артқан сайын осы қажетті қамтамасыз ету үшін арнайы шараларда жиі ұйымдастырылып тұрады. Бәсекелестікте тек мықтылар ғана жеңіп шығады, ал бәсекеге шыдай алмайтындар жеңіліске ұшырайды. Қазіргі заман ашықтық пен жан-жақтылықты талап етеді. 2050 жылға дейінгі кезеңге арналған еліміздің даму стратегиясында қазақ тілін өркендету мен шет тілдерді оқыту мәселесіне айрықша мән берілген. Шет тілін білу сән емес, заман талабы екені белгілі. Туған тіліңді жетік меңгер, қастерлей біл. Бірақ бір тілмен ғана шектеліп қоймай, жан-жақты бол, тіл үйрен. Бұл сенің болашағыңның ғана емес, тұтастай ұлтыңның болашағының жарқын болуының кепілі. 

Пайдаланған әдебиеттер:

Әдебиеттер тізімі:

1.     «Арна» газеті. №47 (148) 2012ж.

2.     Білімділер порталы, 2014ж.

3.     Ел басының Жолдауы, 2014ж

4.     Ел басының Жолдауы, 2012ж