Қазмемқызпу
5В011100-Информатика
мамандығының 1 курс студенттері
Өтемұратова Ақниет, Молбаева Айнұр, Бейсен
Тоғжан
Жетекшісі: аға
оқытушы, п.ғ.м. Пазилова Б.А
ЛАТЫН
ƏЛІПБИІНЕ КӨШУ
1929 жылы тіл білімі тарихында
қазақ жазуы ретінде түрінде латын əліпбиі енгізілген
болатын.1940 жылдан бастап өзіміздің қазіргі таңда қолданып
жүрген қазақ əліпбиі қолданысқа енгізілді.
Елбасымыздың кезекті жолдауларында: «Мемлекеттік
тілді əлемдік деңгейге көтеру,дамыту бағытында
көптеген жобаларды қолға алып отырмыз.Осы жобаларды 2025 жылға
қарай көшу үшін дайындық жұмысын қарқынды
қолға алу қажет. Бұл қазақ тілін
жаңғыртып қана қоймай, оны осы заманғы
ақпараттық тіліне айналдырады»- деген
болатын.Яғни латын əліпбиі бізге таныс дүние десек болады.
Өйткені аты қазақ еліне белгілі алаштың айбынды
азаматтары жазу-сызуда латын əліпбиін қолданды.Ахмет
Байтұрсынұлы айтып кеткендей «Ұлттың сақталуы да,
жоғалуына да себеп болатын нəрсенің ең
қуаттысы-тілі»деген. Латын əліпбиін əлемде
кеңінен қолданады. Еліміздің латын əліпбиіне көшуі ұлтымыз үшін жасалған
маңызды қадамдардың бірі.
Латын тілдерін оқытуда , пайдалануда
маңыздылығы:
-Тіл
ауыспай,таңбаның ауысуы
-Қарапайым
тілмен жеткізсем, сөзді немесе дыбысты қалай естісек, жазылуында
солай жазамыз
-Ұялы
телефонда жарнамалар, хабарламалардың латын əліпбиімен жазылуында
- Қазақ
халқы ертеден қолданған əліпбиімізге қайта оралып,
ұлттық санамыздың қайта жаңғыруына жол
ашады.
Қазіргі заманауи мектептерде əсіресе
бастауыш сыныптарына латын əліпбиін енгізуде бірден үйреніп кетуі
оңай болмайтыны анық
6-7 жастағы
буыны қатпаған оқушыға орыс тілі, ағылшын тілін
оқытуды енгізіп, қазақ тілін толық меңгермей
жүріп латын əліпбиін меңгеру қиындау болады.
Қазіргі
таңда қоғамда латын әліпбиіне көшу туралы
түрлі пікірлер айтылуда. Біреулері латын әліпбиіне көшуді
қолдаса, кейбіреулері мүлдем қарсы. Әрине әр
адамның, түсінігі жеке пікірі қалыптасқан заманда
ешқайсына қарсы шыға алмайсың.Мұндай
пікірлердің пайда болатыны белгілі-ақ,десе де латын әліпбиіне
көшу ол қазақ тілінің халықаралық
дәрежеге шығуына жол ашады. Елбасы «Болашаққа
бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық
мақаласында :«... қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне
көшіру жұмыстарын бастауымыз керек. Біз бұл мәселеге
неғұрлым дәйектілік қажеттігін терең
түсініп, байыппен қарап келеміз және оған кірісуге
Тәуелсіздік алғаннан бері мұқият дайындалдық» -деген болатын.Мемлекет басшысының
мақаласында көтерілген латын әліпбиіне көшу
мәселесі өте өзекті. Латын әліпбиі - бұл
кең таралған жазу.Бүгінгі таңда крииллица жазуын
әлемнің 12 мемлекеті ғана пайдаланады, ал қалған
мемлекеттердің көбі латын әліпбиін қолданады .
Латын әліпбиіне көшу – заман талабы екенін
ұмытпағанымыз жөн.Себебі, қазіргі уақытта
бұл мәселенің маңыздылығын терең
түсінбеген адамдар жетерлік.Осы тақырыпты әлі де халық
арасында талқылап, түсіндіру жұмыстарын көбірек
жүргізген абзал. Көптеген ғалымдардың пікірін ескеретін
болсақ, латын әліпбиіне көшу соншалықты
қиындық тудырмайды. Өйткені, латын әліпбиіне көшу
дегеніміз - тіл ауыспай, таңбаны ғана ауыстыру .
Түркітектес халықтар тілінде
латын әліпбиі 1926 жылдан бастап қолданылады. Латын әліпбиін
алғаш қолданысқа енгізгендердің бірі – Түркия
мемлекеті.Латын әліпбиінің біздің отанымыздың
әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына қосылу
талабының орындалуы жолында маңызды роль атқаратыны
сөзсіз.Сонымен латын әліпбиі 1928-1929 жылдары
Қазақстанда, Әзірбайжанда, Өзбекстанда кеңінен
қолданыла бастады. Сөйтіп, 1929-1939 жылдары
Қазақстанда жаңа әліпбиге көшу жазба
мәдениетімізде белгілі бір тарихи кезең болған болатын.
Қазақстанда латын
әліпбиі ресми түрде қолданысқа еніп, қазақ
мектептері осы әліпбимен оқытыла бастаған уақытта
қазақтардың арасынан балаларын орыс сыныптарына берушілер
қатары одан ары көбейе түсуі ғажап емес.
А.Айталының болжауынша, «...қазақ тілінің
болашағына сенбейтін қазақтар оқулықтары,
ғылыми әдебиеттері, дайындығы мол мұғалімдері бар
орыс мектептеріне балаларын беріп жатса, оған ешкімнің
қарсылық жасауы мүмкін емес» - деген болатын.Неде болса латын әліпбиінің
жақсы жақтарын қарастыра отырып,болашақ
ұрпаққа дұрыс тәлім-тәрбие беріп ,қазақ елінің алға
қарай жылжуына көптеген пайда тигізер
іс-шара ,отырыстар ұйымдасытырып жақсы да,жағымды
пікір қалыптастыру әрбір қазақ ұлттының
міндетті.
Елбасы Нұрсұлтан
Назарбаев 2017 жылдың соңына дейін латын қарпіндегі
қазақ әліпбиінің жобасын әзірлеуді ұсынып,
үкіметке қазақ тілін латын әліпбиіне көшірудің
нақты кестесін жасауды тапсырды. Ал 2018 жылдан бастап жаңа
әліпбиді үйрететін мамандарды және орта мектептерге
арналған оқулықтарды дайындауға кірісуіміз қажет.
Осылайша алдағы 2 жылда ұйымдастыру және әдістемелік
жұмыстар жүргізіледі.
Елінің болашағын
ойлаған әр азамат, зиялы қауым өкілдері,
әртүрлі мамандық иелері латын әліпбиіне қатысты
өз көзқарастарын білдіріп, ой бөлісіп жатыр. Дегенмен,
мәселенің байыбына терең бармай, әліпби өзгертуді
бұрынғы кирилл әріптерін латын әріптерімен ауыстыра салу
деп түсінетіндер де бар. Егер бұлай түсінсек, яғни
қазіргі 42 әріпті латын әріптерімен жай ғана алмастыра
салсақ, одан ештеңе өзгермейді. Тағы бір ескеретін жай
— латын әліпбиіне өтсек, барлық мәселе шешіледі деп
арқаны кеңге салуға да болмайды. Латын әліпбиіндегі
британдық ағылшындар өз тілдерінің Америка, Европа
құрлықтарында әр жерде әртүрлі айтылып
кетпеуіне, немістер мен еврейлер жер-жерден келген өз
қандастарының тілді бұзбай дұрыс меңгеруіне,
француздар өз тіліне ағылшын кірме сөздерінің
көп еніп кетпеуіне басқа елдер де алаңдаушылық
білдіріп, үнемі назарда ұстап, тілін дамыту шараларын
жүргізіп, тіпті «тіл полициясын» да осы іске қосып отыр.
Сондықтан бізде тілімізге бұрынғыдан да жауапкершілікпен
қарап, Елбасы айтқандай, «қазақ
қазақпен қазақша сөйлеуі керек». Тіл
сөйлеген үстіне сөйлей берсең ғана
шыңдалып, айналадағы басқаларға да әсер ете
түседі.
Пайдаланылған əдебиеттер:
1.Қазақ
үні газет; www.qazaquni.kz; «Алматы-Болашақ» баспаханасы; Қазақстан Республикасы Білім жəне
Ғылым министрлігі кітабынан
2. Ғаламтор
жүйесі