Қазмемкызпу
5В011100-Информатика мамандығының студенттері
Оңалбек Гулден, Бақаш Ақжан,
Турсун Әсел
Жетекшісі: аға оқытушы п.ғ.м. Пазилова Б.А.
Үштілділік- заман талабы
Тіл – қазақтың жан дүниесі, рухани негізі, ел
еркіндігі мен ұлтты танытатын басты белгі. Ана тілі – әр адамға
ананың ақ сүтімен бойға жетіп, ананың әлдиімен,
бесік жыры мен құлаққа сіңіп, атадан-балаға
жетіп отыратын ұлы күш. Ана тілі – ұрпақ тәрбиесінің
пәрменді құралы, рухани байлықтың баға жетпес
байлығы, қуатты қайнар бұлағы. Ана тілі –
халықтың өткен ұрпағы, қазірге және келешек
ұрпағы арасындағы тарихи жалғастықты жүзеге
асыратын бірден-бір сенімді құрал. Тіліміз арқылы халқымыздың
жан дүниесін танып білеміз, себебі, халықтың рухани байлығының
сарқылмас бұлағы сонда жатыр. Туған жеріміз бен
ел-жұртымызды да сол арқылы айтып жеткіземіз.
Тіл–қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі,
құдіретті.Әлемдегі жоғары дамыған елдердің санатына
енуді көздеген халықтың басты мақсаты да сауатты ұрпақ
тәрбиелеу. Сауатты ұрпақ тәрбиелеу дегеніміз өз ана
тілінде еркін сөйлей алатын, оны терең меңгерген ұрпақ.
Мемлекеттік тілді және басқа тілдері үйрену
арқылы балалар мен жастардың әлем және ұлттық
мәдениетті игерулеріне, өз халқы мен басқа халықтардың
дәстүрлері мен мәдениетін зерттеуіне және қабылдауына
жағдай жасаукерек, яғни полимәдениетті тұлға қалыптастыру керек.
«Елужылда ел жаңа...» демекші, еліміз тәуелсіздікке
қол жеткізгеннен бері әлемнің көптеген дамыған елдері
мен мәдени, экономикалық, саяси және әлеуметтік жағынан
байланыс жасап келеді. Бұл қатынастардың оң нәтижелі
болуы, ел мен елдің, халық пен халықтың өзара ынтымақтастығы,
өзара түсіністігі, яғни тіл білуінен.
2007 жылғы «Жаңа әлемдегі жаңа
Қазақстан» жолдауында Елбасы «Тілдердің үш тұғырлығы»-
«Триединство языков» мәдени жобасын кезендеп іске асыруды ұсынды.
Тілдердің
үш тұғырлығы идеясында Елбасы оған нақты анықтамасын
берген, қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі –
ұлтаралық қатынас тілі, ал ағылшын тілі
–жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі.
Үш тілділік жөніндегі сөз
Елбасымыздың “Тілдердің үш тұғырлығы
мәдени жобасын кезеңдеп жүзеге асыруды қолға алуды
ұсынамын. Қазақстан бүкіл әлемге халқы үш
тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар
– қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас
тілі және ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай
кіру тілі” деген салиқалы үндеуінен бастау алған болатын.
Сонымен қатар Нұрсұлтан Әбішұлы: “Мектептерге ағылшын
тілінен шетелдік оқытушыларды тарту қажет. Кез келген ортанқол
мектептің балаларға ең
жоғары деңгейде шет тілін оқып үйренуіне жағдай жасайтындай
дәрежеге қол жеткізуіміз міндет” – деп ерекше атап көрсеткен.
Ағылшын
тілі – бүгінгі заманымыздың кілті, ақпараттық технологияның,
компьютер технологиясының кілті деуге болады.
Қазіргі
заманда ағылшын тілі «21 ғасырдың»,халықаралық
бизнес, қазіргі ғылым мен технологиялар тілі мәртебесіне ие болды.
Ағылшын тілін оқып – үйренемін деушілердің саны
күннен – күнге көбеюде.. Бұл сайып келгенде, шет тілін,
соның ішінде ағылшын тілін мектеп қабырғасынан бастап жоғары
оқу орындарында оқыту әдістемесінің жаңа бетбұрыстарды
қажет ететіндіндігін тудырады. Қазіргі уақытта,ағылшын тілін
меңгерудің талабы жоғары болғандықтан,
ағылшын тілін тереңдетіп үйренуге
арналған арнайы мектептер, гимназиялар, колледждер көптеп ашылуда.
Бүгінде осы үш тілділікті қолдау, қолдану мақсатында
біз студенттер өз үлесімізді қосуға бір кісідей атсалысамыз.
«Ұлым тіліңді жаман сөзден, көзіңді жамандық
бағудан сақта. Ұлым, сөзіңді жүрегіңмен
тербеп, содан соң айт, бұлай етсең баршаға сүйкімді
боларсың. Ұлым, біреуден жаман сөз естісең, оны
жүрегіннің жеті қарыс түкпіріне тұт, оған жаман
болар, саған жақсылыққа қайтар», - деп дана Хикар
ұрпағына осы бір даналық сөзді жадымызда мәңгі
ұстап өзге тілдерді еркін меңгере отырып, өз ана тілімізді
сақтап, айтар сөзімізді өз орнымен пайдалана білейік!
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Интернет желісі
2. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтің
Қазақстан халқына жолдауынан