Успанова Айымгүл Кубайдуллаевна
№6 мектептің қазақ тілі мен
әдебиеті мұғалімі
Ақсай
қаласы, БҚО
Рефлексия – оқушыларды сабаққа
психологиялық тұрғыдан дайындаудың бір шарты
Рефлексия
оқушыларды психологиялық
тұрғыдан дайындаудың бір шарты ретінде сабақта
жағымды қарым-қатынас қалыптастыруға
жәрдемдеседі. Шешілмеген мәселелер, қатысушылардың айта
алмай қалған ойлары мен сезімдері сабақта болып жатқан
үдерістерді толық қабылдауға кедергі келтіреді.
Сондықтан баланы сабаққа дайындау керек. Ал ол үшін оған
өзін толғандыратын мәселелерді ашық айтуына
мүмкіндік беру қажет. «Өз
көңіл-күйіңді денең арқылы бейнеле»
жаттығуының сабақ алдында баланың күйзелісін
жоюға көмектесіп (мұнда денсаулық
сақтаушы рефлексия жүзеге асады), түрлі
мәселелерінен арылып, «қазір» және «осында» қалпына
ауысуына әсері мол. Сабақ басында 1-2 минут уақыт бөлу
арқылы сіз тек өз қабілетіңізді ғана
көрсетіп қана қоймай, өз маңыздылығыңызды
да түсінесіз, себебі балалар көптеген ересектер сияқты осы
әлемнен бөлектеніп кеткендері үшін өте уайымдайды.
Рефлексия бұл жерде оқушылардың
өзін көрсетуіне де қажетті тәсіл.
Рефлексия бағалаумен қатар оқуға ынталандыруға,
мақсатына жету деңгейін анықтауына жәрдемдеседі.
Рефлексия басқа да тәсілдер
сияқты жеке және топтық жұмыс түрінде ұйымдастырылады.
Топтық рефлексияның құндылығы сол – жаңа
тәжірибе жинақтауға байланысты қатысушыларда болатын
күйзелістер топта бәріне «ортақ сурет» түрінде
байқалмай қалады. Сондай кезде «Әлем біз ойлағаннан да
бай» деген ұғым пайда болады. Толеранттық
қарым-қатынас негізі осылай қалыптасады.
Рефлексия – сабақтың
аяқталғанын білдіретін белгі, сабақ соңында
қойылатын нүкте тәрізді. Бұл жағдайда ол
психотерапевтік, денсаулықсақтаушы қызметтерді
атқарады: бала өз сезімдерін, ойын айту кезінде сабақта
өткенге тағы бір шолу жасайды, сол арқылы материалды
қайталап, бекітеді және келесі сабақтағы
ақпаратқа орын босатады, бұл оқушының оқу
тиімділігін арттырады, шаршауына жол бермейді.
Рефлексия тек сабақ соңында
ғана жүзеге асырылмайды, оны сабақтың кез келген
бөлімінде қолдануға болады. Ол орындалған тапсырманы
түсінуіне, ойлануына, қабылдауына бағытталады. Мақсаты
– сабақтан бағаланған нәтижемен ғана кетпей,
мағыналық тізбек құрып, басқалар
қолданған әдістер мен тәсілдерді өз
тәсілдерімен салыстыра алуына жол ашу.
Сабақта табысты жағдайды
ұйымдастырудың әдістері мен тәсілдері
1. Көркем-бейнелі безендіру (сурет, музыкалық үзінді)
2. «Үш түрлі жүз».
Мұғалім үш
түрлі жүзді көрсетеді: көңілді, мұңды
және бейтарап. Оқушылар өз көңіл-күйіне
сәйкес суретті таңдайды.
3. «Түрлі-түсті топшамалар».
Оқушыларда екі топшама
болады: қызыл және көк. Оқушылар
көңіл-күйлеріне сәйкес сабақ басында және
соңында топшаманы көрсетеді.
Бұл жағдайда біз оқушының сабақ кезіндегі
көңіл-күйі жағдайын бақылай аламыз.
4. «Пейзаж». Оқушыларға
пейзаж салынған екі сурет ұсынылады. Біреуі көңілсіз,
мұңлы көңіл-күйді бейнелесе, екіншісі
көңілді, қуанышты әсер қалдырады. Оқушылар өз
көңіл-күйіне байланысты суретті таңдайды.
5. «Мақсат ағашы». Оқушы алдына қандай мақсат қойды? Өз
«ағашына» орналастыру.
6. «Сөз». Мұғалім балаларға қағаз беріп, бес минут
ішінде оқылатын тақырыпқа қатысты сөздерді жазып
шығуын сұрайды. Барлық оқушылар 5 минут ішінде
тапсырманы орындап, неше сөз жазғандарын санайды. Олардың
сөз саны деңгейлеріне қарай әр түрлі болады.
(кейбіреулерін оқып беруге болады.)
7. «Ертегіні тап». Тірек сөздер арқылы ертегінің немесе
әңгіменің атауын табу.
Көңіл-күй
және эмоциялық жағдай рефлексиясын топта қалыпты
қарым-қатынас орнату үшін сабақтың басында
және жұмыс соңында өткізген дұрыс. Ол үшін
түрлі көңіл-күй белгіленген топшамалар,
көңіл-күйді түс арқылы белгілеу, көркем
бейнелі безендірулер (суреттер, сазды көрініс т.б.)
Мысалы, әдеби шығармаларды
талдау алдында Абайдың сазды әуендерін тыңдап,
Ә.Қастеевтің көркем суреттері арқылы
тақырыпқа енуге болады. Сабақты бұлай бастау
мұғалім мен оқушыға қажетті
көңіл-күйді қалыптастырады.
Жұмыс
істеу рефлексиясы оқу материалымен жүргізілген әдістер
мен тәсілдерді түсініп, тың әдістер іздеуіне
мүмкіндік береді. Рефлексиялық жұмыстың бұл
түрі үй тапсырмасын тексеру және жоба қорғау
кезінде өте тиімді. Бұл рефлексияны сабақ соңында
«табыс баспалдағы», «өзіме хат», «жеделхат» тәсілдері
арқылы қолдану оқушылардың сабақтың
әр кезеңіндегі белсенділіктерін бағалауға мүмкіндік
береді. Жеделхат, нұсқаулық, жадынама құру –
оқылған материалдан маңызды ақпаратты іріктеу, оны
қысқарған шағын түрінде ұсыну.
Қойылған міндеттерді
шешудің тиімділігін «балық қаңқасы», кластер,
шоқжұлдыздар, тырнауыш т.б. түрінде көрсетуге болады.
Оқу
материалының мазмұны бойынша рефлексия өткен
материалдың мазмұнын тану деңгейін анықтау үшін
қолданылады. Аяқталмаған сөйлем, қанатты
сөздер теру тәсілдері мен «мақсаттар ағашын»
қолданып мақсатқа жету рефлексиясын, субъективті
тәжірибені талдау тәсілін, ең танымал синквейн әдісін
қолдану талданатын мәселені анықтауға,
бұрынғы білімі мен жаңа білімін біріктіруге
көмектеседі. Синквейн сырттай қарағанда өте
қарапайым болғанмен, рефлексия үшін өте күшті
құрал.
-Хокку (хайку) – 17 буыннан
тұратын ұйқасы жоқ үш шумақ, ойын
нақты жеткізу қабілеттілігін дамытады.
-Диаманта – 7 жолдан
тұратын өлең түрі, бірінші және соңғы
жолдары қарама-қарсы
мағынадағы ұғым болу керек.
·
1, 7 жолдар – зат
есімдер (антонимдер)
·
2 – бірінші
жолдағы зат есімге екі сын есім
·
3 - бірінші
жолдағы зат есімге үш етістік
·
4 – зат есімдермен
2 сөз тіркесі
·
5 – екінші зат
есімге үш етістік
·
6 - екінші зат
есімге екі сын есім
Мысалы:
Қала
Үлкен, көне
Құрылады,
өседі, өркендейді
Белгілі қала, кіші ауыл
Қайта өркендейді,
дамиды, асырайды
Әдемі, көрікті
Ауыл
-ПОПС-формула – интерактивті
тәсіл, құқықтану прфессоры Дэйвид Маккойд-Мэйсон
құрған. Ағылшын тілінде ол PRES-formula болып жазылады.
Орыс тіліне аударған «Азаматтық білім үшін» қауымдастығының
вице-президенті, Санкт-Петербург құқық
институтының бірінші проректоры Аркадий Гутников. ПОПС-формуласы бойынша
жауап беру – шағын әрі шешендікпен берілетін жауап.
Оқушыларға
ПОПС-формуласы бойынша төрт сөйлем жазу ұсыылады.
П – пікір
О – ойын түсіндіруі
П – пікір бойынша мысал, дерек
С – соңғы шешімі
Бұл тәсілде
әр бөлім белгілі бір сөйлемдермен басталуы тиіс:
1.«Менің ойымша, ...»
2. «Себебі мен оны ... деп
түсінемін»
3. «Оны мен мынадай ...
деректермен, мысалдармен дәлелдеймін.»
4. «Осыған байланысты мен
... қорытындыға келдім».
Сөйтіп, санаулы
ғана уақытта оқушының материалды қалай
түсінгені, оны қалай бағалайтыны, қалай
қорытындылайтыны туралы
ақпарат ала аламыз. Ал ең
бастысы, біз оқушыларға өз ойын, көзқарасын
айтуына мүмкіндік береміз.
Сабақ
соңындағы рефлексия
Әдетте сабақ соңында
қалай жұмыс істегендері, не білгендері туралы талқылау,
қорытынды жүргізіледі, яғни сабақтың басында
қойылған мақсаттарға қосқан өз
үлесі, белсенділігі, сыныптың жұмысының тиімділігі,
алынған жұмыс түрлерінің пайдалылығы туралы
баға береді.
1.Балалар шеңбер бойынша тақтадағы рефлексиялық
сөйлемдерді таңдап алып, бір сөйлеммен жалғастырып
өз ойын айтады:
Бүгін мен ... білдім.
... қызық болды
... қиын болды
Мен тапсырманы ... орындадым
Мен ... екенін түсіндім
Енді мен ...
Мен ... сездім
Мен ... алдым.
Мен ... үйрендім
Мен ... жасай алдым
Мен ... байқап
көремін
Сабақ маған
өміріме қажет ... берді
Мен ... жасағым келеді
2. «Плюс-минус-қызықты». Бұл жаттығуды
уақытқа қарай жазбаша да, ауызша да орындауға болады.
Жазбаша орындау үшін үш бағаннан тұратын кестені
толтыру керек. «П» - «плюс» - бағанына сабақта не
ұнағанын жазады, жұмыс туралы ақпарат, өзіне
қажетті нәрсе алғаны туралы жағымды әсерлері т.б.
«М» - «минус» - бағанына сабақта не ұнамағаны,
көңілсіздік, жағымсыз әсер қалдырған
нәрселер мен оның ойынша қажеттілігі шамалы ақпараттар
туралы жазады. «Қ» - «қызықты» - бағанына сабақта алған қызықты
деректер туралы жазып, әрі қарай не білгілері келетіні бойынша
мұғалімге сұрақтарын жазады.
Плюс |
Минус |
Қызықты |
|
|
|
Бұл жаттығу
мұғалімге сабаққа оқушылардың көзімен
қарауға, әр оқушының көзқарасын
талдауға мүмкіндік береді. Оқушылар үшін «П» және
«Қ» бөлімдері маңызды болып табылады, себебі бұл жерде
оларға қажет болуы мүмкін ақпараттар бар.
3. Сауалнама. Оқушыларға шағын сауалнама
ұсынылады, сабақтың қай бөліміне назар аударылуы
керегіне қарай оның толтырылу тәртібін өзгертуге
болады. Оқушылардан өз жауаптарын түсіндіруін
сұрауға болады.
1.Сабақта мен
белсенді/бейтарап болдым
2.Сабақтағы
өз іс-әрекетім
ұнады/ұнамады
3.Сабақ маған
қысқы/ұзақ боп көрінді
4.Мен сабақта
шаршаған жоқпын/шаршадым
5.Менің
көңіл-күйім жақсарды/нашарлап
кетті
Рефлексияның осындай түрлері
арқылы мұғалім кері байланыс орната алады, бұл
сабақтың тиімділігін арттырып, білім сапасының
көтерілуіне әкелетіні сөзсіз.
Қолданылған
әдебиеттер:
1.Н.Д.Хмель. Жалпы білім беретін
мектептегі педагогикалық процесс. Алматы, »Ғылым»,2002.
2. Б.З.Вульфов,В.И.Харькин. Педагогика
рефлексии. М., »Наука»,1997.