ШЕТ ТІЛІН
ҮЙРЕНУДЕ МОТИВАЦИЯНЫ АРТТЫРУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ МЕН
ӘДІСТЕМЕЛЕРІ
Жеке
тұлғаның мотивациялық жүйесі сол адамның
ішкі жан – дүниесі мен сыртқы мінез – құлқын
көрсететін, оның қоғамдағы орны мен мәдени
– рухани деңгейін анықтайтын аса маңызды факторлардың
бірі екені даусыз.
Мотивация –
адамзат әрекетіндегі негізгі қозғалтқыш күш болып
табылады, яғни белгілі бір мақсатқа жету үшін
ынталандыру үдерісі. Шет тілін оқытуда
мотивацияның басты рөлін түсіну үшін,
мұғалімдерге оның негізгі әдіс – тәсілдерін,
құрылымын жақсы білу қажет. Мотивация
мәселелерін қарастыруда және қалыптастыру жолын
іздестіруде оны түсінуге мүмкіндік бола бермейді, себебі,
мотивацияның қалыптасуы бұл мұғалімнен
оқушыға берілмейтіндігі әр сабақтың
үрдісінде көрінеді. Шет тілін оқытудың тиімділігі тек
қана білім алушыларға байланысты емес, оқыту
стратегиясына байланысты. Осы стратегиялардың үйлесімімен
ең жоғарғы тиімділікке қол жеткізуге болады.
Бұл мақсатқа жету үшін ең басты фактор
мыналар: мұғалімнің оқушыға деген
педагогикалық іс-әрекеттің тиімділігін жетілдіру
және сабақтағы әлеуметтік – психологиялық
бірлестік жағдайындағы қарым – қатынасы.
Оқушылардың танымдық қызығушылықтарын
және шығармашылық ойлау белсенділіктерін дамыту
үшін әрбір мұғалім өз сабағын
қызықты, тартымды өткізеді. Қойылған
мақсаттарға жету үшін оқушылардың сөйлеу
дағдыларын жетілдіру, дамыту қажет және сабақта ойын түрлерін
қолдану керек. Себебі, ойын –көңіл–күй,
ойлау күштерін талап ететін, ұйымдастырылған сабақ
болып табылады. Әр кез ойын шешім қабылдауды ұсынады, себебі,
жеңіске жету мақсаты болады. Осы сұрақтарды
шешуде ойлау шығармашылықтары қалыптасады. Егер оқушы
шет тілінде сөйлейтін болса, онда оқыту
мүмкіндіктерінің үлкен жолы ашылады. Бірақ,
оқушылар бұл жайлы ойланбайды. Олар үшін ойын –
қызықтыру сабағы болып табылады. Ойында барлығы
бірдей. Бұл тіпті нашар
оқитын оқушылар үшін де қызықты. Пән
бойынша алған білімі емес, тіл бойынша дайындығы төмен
оқушылар ойында алдыңғы, бірінші болуы мүмкін, себебі,
олардың тапқырлығы, жинақтығы ойын барысында
көрінеді. Тең дәрежеде болуды сезіну, қуанышты
бөлінуі, тапсырмаларды түсінуі – бұлардың барлығы
оқушыға ұялшақтықты жеңуге, өзге
тілдегі сөздерді сөйлеуге, яғни, өздерін еркін
ұстауға әкеледі және оқыту
нәтижелерінде осыларды көруге болады. Осылайша,
оқу үрдісіндегі ойын оқушылардың шығармашылық
ойлау дағдыларын, шығармашылық
қызығушылықтарын қалыптастыруға, дамытуға
септігін тигізеді.
«Жаз және көрсет» - деген
тәсіл оқушылардың шет тіліндегі сөздік қорларын
қарым – қатынас жасау үрдісінде қолдануға
мүмкіндік береді. Бұл тәсіл– әмбебап тәсіл болып
табылады, мұны лексика мен грамматиканы бекітуге қолданылады [1]. Қарым
– қатынас қабілеттерін дамыту үшін әндер
қолданылады. Әндердің оқушылар үшін
қызықтылығы мынада: олардың не жайында
айтылатында, қандай әуен түрінде орындалатындығы.
Әндер оқушыларға бірдеңе жайлы хабар береді,
қызықтырады, яғни қарым – қатынаста бірінші
орынды алуға итермелейді. Оқушылар әндерді үйрену
барысында, жаңа ақпараттар алады, шығармашылық
қызығушылықтарын қалыптасуына септігін тигізеді.
Мысалы, оқушылар, әнді үйрену барысында, дене мүшелері
мен сезім мүшелерінің, ағылшын тіліндегі атауымен
танысады. Эстетикалық мотивация жайлы айтпай кетуге болмайды.
Әсіресе, эстетикалық мотивация – ойлауды дамытады,
көңіл – күй, ойлау, жағымды сезімдерді қалыптастырады.
Бұлардың барлығы оқушылар шет тіліндегі әнді сүйіп
қызығушылықпен орындаған жағдайда ғана
жүзеге асады. Тілді үйрету үрдісінде әндер –
дәстүрден тыс мерекелік элемент ретінде білім алушылардың
эмоционалды ортасына (кеңістігіне) өз әсерін тигізеді.
Өзге оқыту барысында тіл шығармашылығын әуен
түрінде қолданғанда, тапсырма тез жатталып,
шаршағандарын басады. Оқу тапсырмаларының
мазмұнын іріктеу барысында тез жатталатын, эмоционалды, бояуы
қанық алғаны дұрыс. Сабақ тапсырмаларына
нақты кейіпкерлерді енгізген жөн. Егер, оқушылар сан
елдің мәдениетін, халқын, әлеуметтік
өмірінің суретін көрмесе, білімге тек, сөздік
құрылыммен шектелетін жағдайда тез ұмытылып қалады.
Жұмыс барысында оқушылармен, оқулықтағы
мәтіндерді ғана қолданбай, мұғалім бейнесабақтарды
қолдануға мүмкіндігі бар [2]. Өзге тілдегі
қарым – қатынасқа байланысты коммуникативтік тапсырмалар
білім алушыларда үлкен қызығушылық тудырады.
Егерде сөйлеу барысында сөздерді көп қолданса,
оқушылар тез, жақсы жаттайды.
Ағылшын тілі сабағындағы
диалогтар жаңа сөздерді игеруге көмегін тигізуде,
нәтиже көрсеткеніндей коммуникативтік әдістер
мұғалімдердің сабақ барысындағы көп
қолданылатын әдістерінің бірі. Оқушыларға
ағылшын тілін үйретуде түрлі әдіс-тәсілдерінің
көптігіне қарамастан кейбір қиындықтар кездеседі.
Сонымен бірге, қарым – қатынас қабілеттерін дамытудағы
негізгі қиындықтарды, мынадай мотивациялық мәселелерді
де жатқызуға болады:
-Қойылған
міндеттерді шешуде оқушыларды тілдік және сөйлеу
құралдарының жетіспеушілігі.
- Оқушылар сабақта
ұжымдық талқылауға кейбір себептерге байланысты
қатыспайды.
- Оқушылар
шет тілінде байланыс жасау ұзақтығына шыдай алмайды,
әсіресе, үлгерімі төмен оқушыларға қатысты.
Осыған
орай оқушылардың физикалық психологиялық
ерекшеліктерін ескере отырып, көп күш түсірмейтін тапсырмалар
берілуі қажет. Аылшын тілін оқыту кезеңінде әр
сабаққа билер және әр түрлі қозғалыс
түрлерін қолдану қажет. (сергіту сәттері).
Бұларды қолдану барысында әрбір оқушыға тілдік
тапсырмаларды сақтау мақсаты қойылады.
Өлеңдердің шумақтарын, тармақтарын қолдану күнделікті
тәжірибеде негізгі грамматикалық үлгілерін
сақтауға септігін тигізеді. Сонымен бірге оқыту
үрдісінде пәнге деген қызығушылығын арттырып, тартымды
ойындарға ұласады [3].
Таңдамалы
сабақ (дәстүрлі емес сабақ) әр түрлі
болады, яғни, оқытудың дәстүрден тыс әдіс –
тәсілдері қолданылады және мұнда
оқушылардың оқыту деңгейін ғана көтеріп
қоймайды, сонымен бірге басқа да қабілеттерін ашуға
септігін тигізеді. Атап айтсақ, өлеңдерді декларациялау
қабілеті, сөйлеу дағдыларын дамыту, жағдайды
көрсету, шет тілінде өлең айту, сөйлеу барысында
өзіндік көзқарасын беру, болып жатқан жағдайлар
туралы ақпарат беру, сөйлеу мәдениетін сақтау, ағылшын
тілінде сөйлейтін елдердің салт–дәстүрлерімен,
мәдениетімен жан–жақты танысады. Сабақта оқушылар
шығармашылығы ағылшын тілін оқытудағы басты
коммуникативті бағытқа жүгінеді. Сондай–ақ
ағылшын тіліндегі мәдениетаралық қарым –
қатынасқа қатысуға оқушылардың
дайындығы мен ынтасын қалыптастырады. Тек оқушылардың
сабақ шығармашылығындағы, яғни, сабақ
барысында, негізгі түрлері – шет тілінде айтылым, оқылым, жазылым
болып қана қоймай мұғаліммен жеке бір – бірімен жанды,
белсенді қарым – қатынас болуы керек. Оқушылардың шет тіліне деген қызығушылықтарын,
мотивациясын арттыру үшін
оқу үрдісінде сабаққа деген белсенділіктерін
жақсы ұйымдастыру керек. Осы әдіс – тәсілдер,
оқушылардың танымдық қызығушылықтарын
дамытуға септігін тигізеді.