п.ғ.м.,
аға оқытушы Жақан Ә.
г.ғ.м.,
аға оқытушы Сатеева Б.С.
3 курс студенті Қабыш
Нұрым
Е.А. Бөкетов
атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті,
Қазақстан
ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ БІЛІМ БЕРУ
ЖҮЙЕСІНЕ ТИІМДІЛІГІ
Бүгінгі таңда
халыққа ақпараттың мейлінше үлкен көлемін
және арнайы білімдерді беру мүмкіндігі болатын жаңа
технологиялық жүйелерді жасауға қажеттілік туындап
отыр. АҚШ-тың білім басқармасы жүргізген 2009 жылы
кең көлемдегі зерттеулер нәтижесі мынаны көрсеткен: онлайн режимінде
дәріс алған оқушылардың білім көрсеткіші
дәстүрлі бетпе-бет жүргізілген курстардан дәріс
алған оқушылардан гөрі жақсы нәтиже
көрсеткен. CNN (кабелдік жаңалық тарату желісі), Вашингтон Постта, сол қатарлы әлемдегі
зерттеу орталықтарының болжамдарына сәйкес төмендегідей
бірнеше нақты дәлелдемелерді
келтіре кеткенді жөн көрдік:
- оқушылар ноутбуктармен
отырып дәріс алса, оларды бақылап отыруға ең аз
күш жұмсалады;
- көптеген зерттеулер
нәтижесі бойынша компьютермен
жұмыс жасау оқушының табиғи
қызығушылығын оятады;
- оқушылардың білімге
құштарлығын анықтауда компьютердің көмегі
басым;
- ноутбуктармен жұмыс
жасайтын оқушылар, өз әріптестеріне қарағанда
әлдеқайда артық білім қорын жинай алатындығын
немесе көбірек сабақтарды оқи алатындығын дәлелдеді.
Қазіргі кезде оқу
үрдісін ақпараттық коммуникациялық
құралдарсыз көзге елестету қиын. Әсіресе,
интернет технологиясы арқылы оқыту өте танымал болып келеді.
Интернет технологиясы арқылы оқыту (E-learning) – бұл
интернет желісі арқылы оқу үрдісіне қажетті
ақпараттың үлкен көлемін тасымалдауды және
оқытушы мен оқушы арасындағы интерактивтік арақатынасты
жүзеге асырып, осы процестерді компьютерлік бақылауға
негізделген.
В. Штерннің
пікірінше, интеллект дегеніміз - жаңа өмір жағдайына
бейімделе алудағы жалпы қабілет. Ал интеллектуалдық
қабілет – жеке өмірді құруға және
тұлғаның өз бетінше дамуына өз кезегінде
әсер ететін, жалпы оның өмірлік іс-әрекетінің
өзіндік сипатын, ойлаудың жеке тұлғалық
қабілетін құрайтын жеке тұлғаның ерекшелігі
болып келсе, қазіргі таңда интеллект тек жеке
тұлғаның ғана емес, сондай-ақ ЭЕМ-дың
немесе компьютерлер мен инновациялық құралдардың да
құрамдас бөлігі. Соңғы онжылдықта
цифрлық қоғам белсенді түрде қалыптасып,
электронды оқыту, электронды денсаулық сақтау, электронды
үкімет, электронды ғылым т.б. ұғымдармен біздің
сөздік қорымыз толықты. Ақпараттық
қоғамның сөздік қорында тағы да бір
жаңа ұғымдар - Smart, Smart education ұғымдары
белсенді түрде еніп келеді.Осы орайда жасанды инттелектке ие
құрылғылар біздің тұрмыстық өміріміз
бен қызмет орнымызда бізге қызмет етіп, еңбек
өнімділігімізді арттыруда. Статистикалық көрсеткіштер
көрсетіп отырған дамыған елдердегі орташа өмір
сүру жасының күннен күнге артуын, осы «жетелі
техникалардың» еншісінде деуге толық негіз бар. Сөздің
түбіріне келетін болсақ, «smart»
сөзі ағылшын тілінен аударғанда «зерек»,
«ақылды» дегенді білдіреді. Смарт - бұл неологизм, сын есім
ретіндегі негізгі мағынасы - парасатты, тапқыр, ақылды, ал
зат есім ретінде – ақыл, алғырлық, зеректілік деген
мағынаны білдіреді. Осы сұраққа кең көлемде
жауап беру үшін білім беру жүйесіндегі бағыттардың
дамуын қарастырған орынды.
Бұл
бағыттарды үш кезеңге бөліп, қарауға
болады. І кезең «өткен шақта» оқушы үшін
жалғыз білім көзі мұғалімнің өзі болып, мұғалімнің
кеңесімен оқушы жаңа білімдерді аудиторияда немесе оқулықтардан
ала алатын болды. ІІ кезең «қазіргі кезде» білім тек мұғалімнен
оқушыға беріліп қана қоймай, оқушыдан
оқушыға да беріледі, ал бұл білімнің жаңа
деңгейін құруға мүмкіндік береді. Өз
кезегінде білім беру технологияларын жетік меңгеріп, оқытушылар
білімді аудиториядан тыс уақытта да ұсына алады. Ал ІІI кезең
«келешекте» оқушы үшін
негізгі білім көзі интернет болады, технологиялар
тұлғаға бағдарланады және жаңа білімді
құруға бағытталады. Smart education – бұл
ортақ стандарт, келісім мен технология негізінде Интернет желісіндегі
бірлескен білім берушілік әрекетті жүзеге асыру мақсатында
құрылған оқу мекемелері мен профессорлық-оқытушылық
құрамының бірлестігі. Яғни, бұл контентті
бірлесіп құру және пайдалану, бірлесіп оқыту деген сөз.
Сондай-ақ,
Smart education немесе «жетелі оқыту» - бұл барлық
әлемнің контентінің көмегімен еркін кіруге болатын
интерактивті білім ортасындағы икемді оқыту. Smart education
ұғымының мәні – білімнің кең көлемді
қолжетімділігі. Өз кезегінде, «жетелі оқытудың»
мақсаты - білім беру процесін электронды ортаға көшіру
арқылы оқыту процесін тиімді ету. Мұндай тұрғы
оқытушының білімін көшіріп алып, әрбір адамға
қол жетімді етеді. Оқыту әр жерде және үнемі
қол жетімді болады. Кітаптық контенттен белсенді контентке
көшу «жетелі электронды оқытуға» көшудің
тағы бір жағдайы болып табылады. Білімді электронды түрде
берудің нәтижелілігі артады. Келешекке бағытталған
білім беру жүйесінің даму тенденцияларын анықтау
мақсатында оқушылар келешектегі мектеп моделін жасақтауда осы
смарт-құрылғылардың білім беру жүйесін дамытуда,
оқушылардың білім сапасын арттырудағы рөлін басып
көрсетті.
Жаңа
үлгідегі мектептің құрылысын модельдеуде оқушылар
«мектеп ғимаратының іші – сырты барлығында видео камералар
орнатылған, әр оқушы пластикалық карталар мектепке
кіруге мүмкіндік береді, оқушының мектепте келгендігін,
тамақтанғандығын, сабақ аяқталғанын,
ата-аналарға күн сайын телефондарына хабарлама жіберілетіндігін, ал
оқушылар оқулық, дәптерлерді сабаққа алып
келмей, тек өздерінің арнайы флешкаларын алып келіп, флешканы іске
қосқан кезде автоматты түрде жұмыс аймағы
ашылатындығын, бұл жұмыс аймағын іске
қосқан кезде оқушының алдына электронды кітап пен
дәптер шығады; оқушылар мұғалімдер хабарландыру
тақтасының орнына электрондық дисплей мектептің
жаңалығынан хабардар етіп отырады, әр қабатта оқушыларды
бос уақытын ұйымдастыруға мүмкіндік беретін демалыс
кабинеттері орналасады, әр қабатта 3D бөлмесі және
теледидар бар» деп заманауи мектептің бейнесін видео материалдар
көмегімен суреттеген болатын.
Осы орайда «Smart оқыту жүйесінен не ала аламыз?» деген
сұрақ туындайды.
•
Мектептің
сандық базасын қалыптастыру және оны тиімді пайдалану
үшін жоспарлауға.
•
Медиатека
қорларын дамыту және жетілдіруге.
•
Инновациялық
технологиялардың мүмкіндіктерін зерделеуді ұйымдастыру және олардың білім беру үдерісіне ықпалы, әсері.
•
Мектепте желілік
ынтымақтастықты қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Ғылым мен техниканың жылдан жылға кең өріс
алып, жедел қарқынмен дамуы, білім мен дамудың негізгі
көрсеткіші болып табылатын адами капиталымыздың артуына алып келуі
тиіс. Оқушылардың жақсы білім алуын, табысты оқуын,
ақыл-ойының дамуын жоғары дәрежеде ұйымдастыру
егеменді елімізді одан әрі дамытатын азаматтарды тәрбиелеуде
маңызды қадам болып табылады.
Пайдаланылған
материалдар:
1. Назарбаев
Н.Ә. «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік
және саяси жедел жаңару жолында». //«Айқын», 2005
жылғы 19 ақпан.
2. Пірәлиев С.Ж., Даутов С.Б.,
Симтиков Ж.Қ. «Елбасы және отандық білім жүйесі». Алматы,
Абай атындағы ҚазҰПУ, //«Ұлағат», 2011 жыл.
3. WWW.CNN.COM
4. WWW.CIW.EDU