Старший преподователь, Испанкулова К.А.

Таразский государственный университет им. М.Х.Дулати, Казахстан

Тіл тағдыры – ел тағдыры.

«Мен заманымда қандай едім? Мен акын, шешен, тілмар бабаларымның бұлбұлындай тілі едім мөлдір судай таза едім, жарға соққандай екпінді едім, мен наркескіндей өткір едім, енді қандаймын: кірленіп барам, былғанып барам, жасыдым, мұқалдым Мен не көрмедім.Маған әкеліп араб пен парсыны қосты.Бертін келе шүлдірлетіп ноғайды, былдырлатып орысты араластырды.Бір күндері мені жоқ қылғысы келгендер де болды.Әлгі ұшпақы болғыр Абайға өкпкм жоқ. Тіріде маған ара түсушілер аз болды.мен жылы сөзден алдымен айналып кетейін, осы күні Ахмет Байтұрсынов деген кісіден естідім». деп жазған Мағжан Жұмабаевтың ана тіліміз туралы осы бір ойларын жақында ғана төте жазумен жазған біреуден жазып алдым.                                                                   Сол заманнан бері қанша уақыт өтсе де қазақ тілінің мүшкіл халі ауру, дімкәс бала сияқты әлі жойылмай келеді.Енді алдағы уақытта үш тілді оқытудың жемісін уақыт көрсетеді.Жетпіс жыл бойы шүлдірлеп келіп едік, енді үш тілділіктің ақыры не болар екен.                                                                        .    Қазақ тілінің тұнықтығын В.В.Радлов мойындаған еді. Ол «Қазақтардың ақыл-ой қабылетінің зор екеніне барған сайын көзім жете түсуде. Қандай әсем сөйлейді. Айтқысы келгенінің бәрін тез түсіндіріп, қарсыласының сөзіне де шебер тойтарыс бере біледі. Тіпті балаларының ақыл-есі де өте тез жетіледі» деген ед. Бұл сөздерге себеп қазақ жеті атаға дейін қыз алыспағандықтан, қанның таза болуынан болу керек. Қазақтардың ақыл – ойының жүйріктігін сол кездегі қазақтардың суырып салма ақындарын, билерінің, шешендерінің, сал-серілері туралы естіп, зертегеннен кейінгі ойлары болу керек.Қазақ әмәндә сондай болған, әлі де болып келеді ғой. Ал тіл мәселесі туралы В.В.Радлов былай деп еді: «Қазақтардың тілі — исламның бүлдірушілік әсеріне ұшырамай, түпкі таза түрін — түркілік сипатын сақтап қалған тіл. Рас, оған да бірен-саран жат сөздердің енгені байқалады. Бірақ ол сөздер басқа түркі мұсылмандарындағыдай өз дербестігін сақтамай, қазақ тілінің үндестік заңына бағынып, халық тілінің дәулетіне айналып кеткен. Қазақ тілінің осы тазалығы мен табиғилығы, сондай – ақ көп таралғандығы бұл тілдегі мұраларды менің бірек жинап, оған әдебиет нұсқаларынан құрастырған жинақтардың толық бір мын арнауыма себеп болады. Оның үстіне қазақтың басқа бауырластарына қарағанда сөзге тапқырлығы мен шешендігі де маған әсер етті».Бұл не деген қазақ тіліне берілген жоғары баға десеңізші.Бұдан артық қазақ тіліне деген сүйіспеншілік пен теңеудің қажеті жоқ сияқты. «Неге екенін және кім кінәлі екендігін қайдам, әйтеуір заманның да, заңның да мамыражай жақсы кезінде, қарым-қатынастағы мейірім мен шуақтың төгіліп тұрған шағында ауамызға су ұрттап алғандай ана тіліміздің жай-күйі жайлы соңғы ширек ғасырға жуық уақыт ішінде ауыз ашпауымыз түсініксіз-ақ нәрсе. Тіршіліктің негізі клеткадан басталса, тіл сол тіршіліктің тірегі екенін біле тұра ана тіліміздің тағдырына анайы көзбен қарауды тіпті сәл ақтау түгіл, кешіруге болар ма екен?»  деп еді бар өмірін шындықты айтуға парыз еткен белгілі сыншы Сағат Әшімбаев. Ол жалпы тіл тағдыры, мемлекеттік тіл мәртебесі, ел тарихы, болашағы, өмір мен өнер қатынасы, жаңару сипаты, парыздар хақында өзінің көкейкесті мәселелерін баспасөзде, теледидарда білдіріп отырды.Ал, қазіргі кезде Мұхтар Шаханов пен Мекемтас Мырзахметов қана тіл мәселесі төңірегінде шырылдап жүргендер. Қазақтың тілі ең бай, ең көркем, ең жасампаз тіл. Өкініштісі сол - осындай құдіретті тілдің қадірін түсіріп алдық.  Болашақта тілдің жағдайы түзелетініне сенемін. Тек асығыстықпен шала тірлік жасамауымыз керек. Фейсбук желісінде үш тілділікке қалай қарайсыздар атты сұрақпен сауалнама жүргіздім.Нәтижесінде көпшілігі қолдамады.Төменде осы сауалнама қорытындысынан қатесін түземей үзінді беріп отырмын.

Сандугаш Маймышева Менің көзқарасым, бір тіл болу керек, ол- сол елдің ана тілі. Ал, шетел тілі кімге қажет болса, ол сол тілді үйрене берсін. Ainura Espenbet Уш тилдилик жаксы гой арине.бирак жасы келип калган апайларга киын болатын сиякты олар агылшын билмейди. Олар пенсияга шыкканша пол жуа ма калган өмірінде.Мурат Акаев Үштілділікті менде қолдаймын .Бірақ оны жүзеге асыру үшін біздің елдегі жүргізіліп отырған жүйе дұрыс қарастырылмаған.Оның кезеңдерін дұрыс ойластыру керек.Əттең халықтың пікірімен санасса-ғой. Біраз ұсыныстар алатын еді-ғой.Айбол Мустафаев Апай сиз соц опросты Пилотажды әдіс турин алсаңыз шы 2 жылдық жан жақтан малимет жинактайсыз. Мен 3 тілге түбегейлі қарсы мын. Оз ана тилин білмеген адам қай тілде сөйлейді сол елге көшіру керек деген заңқажет. Шорабек Тулендиев Үш тіл емес он тілді меңгерсін қарсы емеспін.Алдымен кез келген бала АНА тілін толық меңгеру керек. Ана тілінде барлық пəнді игеру керек. Сонда ғана одан жақсы маман шығады. Жұрттың бəрі полиглот-филолог болмайды ғой.Садулла Айтимбетов Бірінші қазақ тілімізді 7сыныпқа дейін оқыту керек.Садулла Айтимбетов Үш тілді үйренеміз деп жүргенде салт дəстүрмізді жоғалтамыз.Нурали Анаров Өзге тілді білген жақсы, бірақ алдын өз Ана тіліңді жетік білу керек.Айжамал Өмірбекова  Ана тілінде терең білім Елім деп еңірейтін перзенттер тəрбиелейік.Shagdat Arystanbekov Өз тілін көгертпеген өзге тілде көгермес . Өзге тіл- диалог ал ана тілің ол -ақ сүтің. Адамға керек болса уақыты келгенде қайдан болсада үйреніп алады .Нарман Барлыбаев Қазақ тілі ғана керек өз елімізде. Қалғанын керек болса өздері-ақ үйреніп алады.

                                             Әдебиеттер

1.Мағжан Жұмабаев.«Қазақ тілінің мұңы», Төте жазудан аударылды.        2.  2. Сағат Әшімбаев, «Шындыққа сүйіспеншілік», Алматы,    «Кітап» баспасы.     3. Фейсбук желісі, Үш тілділікке қалай қарайсыз, сауалнама.