Ибрагимова Ж. А. Ибрагимов А. Е. Шамеева
Ш. К.
Казахский государственный женский
педагогический университет
Спорт және туризм академиясы,
Казахстан
Қазақ тілі
менің - ұлттық
мәртебем
Мемлекеттік тіл, яғни, қазақ
тілі - әлемдегі алты мыңға жуық тілдердің
ішіндегі қолдану өрісі жағынан жетпісінші, ал тіл
байлығы мен көркемдігі, оралымдығы жағынан
алғашқы ондықтар қатарындағы тіл.
Сондай-ақ, ол дүние жүзіндегі ауызша және жазбаша тіл
мәдениеті қалыптасқан алты жүз тілдің және
мемлекеттік мәртебеге ие екі жүз тілдің қатарында
тұр. Қазақстанда тұратын жүзден аса ұлт
өкілдері Қазақстанның халқын, соның ішінде
қазақ халқының тұрмыс-әдебиетін,
әдет-ғұрпын, мәдениетін, әдебиетін, тілін білуі
міндетті. Тілге деген құрмет – халыққа деген
құрмет. Тілсіз халықтың, елдің өмір
сүруі мүмкін емес. Әлем таныған ел болу үшін
тіліміздің жұлдызын биіктетуіміз керек.
Тіл – қастерлі де,
қасиетті ұғым. Ол әрбір адамға ана сүтімен
бірге еніп, қалыптасады. Ана тілін сүйген адам – туған жерін,
елін, Отанын, атамекенін сүйеді деген сөз. Ал, бұлардың
бәрі – адам баласы үшін ең қасиетті
ұғымдар. Өмірдің алмастай қырын, абзал сырын
түсіне білуіне басты себепкер – ана тілі.
Мемлекеттік тіл -
тәуелсіз елдің негізгі рәміздерінің бірі. Тіл
адамдардың қарым-қатынас құралы
болғандықтан, ол сөйлеу әрекетінің арқауы
болып табылады.Тіл ұлтпен - ұлтты татуластыратын ерекше
қатынас құралы. Адам тіл арқылы бір-біріне
қатынаса алады. Қазіргі заман жеке адамдардың ғана емес,
тұтас ұлттардың да өткеніне үңіліп,
бүгінгісін бажалап, болашағын бағдарлауға жол ашты.
Қазақ халқы бар тарихын көшіп жүріп өткізсе
де «батпаққа батырмай, құмға шашпай,
жұртында қалдырмай, шыбындыға алдырмай», барлық
жиған тіл байлығын, күй мен жырын бізге жеткізді. Еліміз
өз егеменгдігін алып, іргесін кеңге жайған замандамыз.
Қазақ тілі жаппай қолданыс тіліне айналып, шын мәнінде
мемлекеттік тіл мәртебесіне көтерілгенде, елімізді
«Қазақ мемлекеті»- деп атайтын боламыз деген Елбасымыздың
салиқалы сөзі еріксіз ойға оралады. Мемлекеттік тіл тәуелсіздігіміздің
жырын жырлап, бұғанасын бекітіп, қанатын қатайтты. Тілдің
беделін көтеру, оның арын арлап, жоғын жоқтау, олқысын толтыру өз қолымызда, сіз бен біздің қолымызда.
Тіл тазалығы
дейтініміз - ана тілдің сөзін басқа тілдің
сөзімен шұбарламау -деп Ахмет Байтұрсынұлы
меңзеген еді. Ана тілі - халық болып жаралғаннан бері жан
дүниесінің айнасы, өсіп-өніп түрлене беретін,
мәңгі құламайтын бәйтерегі (Ж. Аймауытов). Тіл-
мемлекеттің тұғырлы тірегі, халықтың рухани
байлығы, өткені мен болашағының айқын
көрінісі. Ана тілінің қадір-қасиетін біле білген
халқымыз оны ұлттың рухына, қазына байлығына
балайды. Себебі, тіл – халықтың жаны, сәні, тұтастай
кескін-келбеті, ұлттық болмысы. Адамды мұратқа
жеткізетін – ана тілі мен ата дәстүрі. Біздің осындай
халықтық қасиетті мұрамыз, ана тіліміз –
қазақ тілі.
Ана тілі – ананың ақ
сүтімен әр қазақ баласының бойына сіңген
тіл емеспе еді. Ана тіліміз арқылы ғана біз халқымызды,
Отанымызды танып білеміз. Әр адамның азаматтық қасиеті
– өз халқын, өзінің атамекенін қалай
сүюімен, өз ана тілін қалай білуімен өлшенбек.
Әркімнің тілге деген құрметін өз анасына,
өз ұлтына, өз Отанына деген құрметінен білуге
болады. Өз ана тілін ұмытқан адам – өз
халқының өткенінен де, болашағынан да қол
үзеді. Осыны қазақ жастары түсінсе екен деймін.Алайда
осыны ескермей орыс тілінде шүлдірлеп, қазақ тіліндегі
әнді тыңдауды қор санап жүрген қазақ
жастары қаншама. Кейбір мекемелерге барсаң орыс тілінде сауатты
жазылған сөз қазақ тілінде мүлдем
ұйқассыз аударылып, есіктерінде ілініп тұрады. Мұны
көргендердің бірі езу тартып күліп, енді бірі оған
мән бермейді де. Біздің қоғамның басты кемшілігі
осы болар, бәлкім. Бұған жауап ретінде ақын
Оразақын Асқардың мына бір өлең жолдарын алар
едім:
«Ана тілінде ата-баба сыры бар,
Аудармадан түпнұсқадай кім
ұғар.
Өсе келе құстың тілін
білсең де,
Ана тілсіз оның қандай
құны бар».
Қазақ тілі –
елдің қазынасы. Тіл –көңілдің бұлағы,
ой – қоңырауы. Екі сөзінің бірінен мақалы мен
өсиеті қалмайды. Қазақ тілінің шырыны – бабалар
өсиеті. Өлмейтін өсиетті естіген кеуде еріксіз тулайды. Ол
қасиетті қазақ тілінің құдіреті. Суға
салса, батпайтын, адуын ағысқа ақпайтын, мәңгілік
мағынасы мен бояуын сақтайтын , саналы сүйсіне жаттайын
сөз жәннаты. Өсиет – тамырын терең жайған киелі
мама ағаш. Отқа жақса сөнбеген, жалынын таптаса,
күлі сөйлеген , тасты балқытып, темірді илеген қызыл
тіл. Тектілігі тұлғасын сомдаған,
қуанышы-қайғысын қара өлеңмен
толғаған, көктің сырын ұғып,
шөптің тілін білген, шеніне қарай шапан киген ел.
Адамдар белгілі бір
қоғамда өмір сүріп, сол қоғамның
материалдық рухани байлығын жасаушы халық болып табылады.
Тіл-ол асыл қазына, таусылмас дария және адамдардың
қарым-қатынас құралы. Қазақ
халқының ана тілі бәріне ортақ бір тұтас тіл.
Қазақ тілінің байлағы, қасиетті тілі туралы
көптеген қазақтың ақын жазушылары
ғасырдан-ғасырға жалғастырып жырлап тіл
мәдениетін сақтап келген. «Қазақ тілі- бай, оралымды.
Ырғақты теңеу бейнелері ерте туған тіл»-деген
екен.Сондықтан тіліміздің асыл құндылығын
түсініп, ана сүтімен дарыған ана тілімізде сөйлеуіміз
керек. Тіл қоғамдық ортада туып, қоғаммен бірге
өмір сүріп, қоғам үшін өмір
сүреді.Тіліміз өшсе, адамдарда, қоғамда өшеді.
Қазақстан көп ұлтты мемлекет. Әр ұлт
халықтары мемлекеттік тілде сөйлей білмейді, бірақта
басқа ұлт болса да қазақша мемлекеттік тілде
сөйлеуге тырысады. Сондықтан басқа ұлт халықтарын өзімізге тартып, тіліміздің, дініміздің құндылығын
түсіндіру керек. Өскелең ұрпаққа
ана тілімізде дұрыс сөйлеуге тәрбиелеу қажет.Ал бізше, өз мемлекеттік тілде сөйлемей, тілімізді, дінімізді ұмытып, басқа елдерге еліктеуде. Бұған мысал ретінде;
Жауап қаттың
маған орыс тілінде, Таласым жоқ, болар сенде білім-
деп айтқандай өз тілінде
сөйлемей, ана тілімізді таптап жатқандарда көп. «Ел болам десең бесігіңді
түзе»- дегендей мемлекеттік орындарда, жоғарыды отырған зиялы
лауазымды адамдар, азаматтар, басшылардан бастау керек. Сонда ғана ана
тілімізде сөйлеп , ұлтжанды ұрпақ тәрбиелейміз.
Кейбір отбасылар балаларын орыс мектебіне беріп, орыс тілінде дәріс
алдыруда. Мен бұған мүлде келіспеймін. Тәрбие де,
білімде отбасынан басталады. Ертеңгі болашағына балта шауып, елін,
халқын сыйламағанмен тең. Тілімізді қолдап дамыту үшін
тіліміздің рухын биік ұстап,жұмыла бірігіп іс-шаралар,
үйірмелер ашып, іс-қағаздарды қазақ тілінде
өткізу керек. Сонда ғана басқа елмен иық
теңестіретін іргелі ел бола аламыз. Қазақстанда тұрып
мемлекеттік тілде сөйлемеу ұят емес пе? Сондықтан сапалы білім алып,
қазақ тілінде сөйлеп,қоғамымызды топтастырып
отырған мемлекеттік тілімізді ардақтап, құрметтейік!
Мемлекеттік тіл
мәселесі- бүгінгі күннің өзіндік мәселесі
және талабы. «Қазақ халқының байлығы-
қазақ тілінде» - сондықтан тіліміздің мәртебесі
биік болсын. Тіл
байлығы - әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол
атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес
мұра. Демек, әр адам ана тілін көзінің
қарашығындай қорғауға, оның орынсыз
шұбарлануының қандайына болса, да қарсы тұруы
тиіс.
Ана тілі
– ең басты байлығымыз. Ана тілі - ең ұлы мен тамаша тіл. Менің ана тілім - қазақ
тілі. Қазақ тілі - мемлекеттік тіл. Бұл - ауыр тіл, бірақ
әрбір құрметті
азаматқа оны білу керек. Ана тілі - халық боп жасағаннан бері жан
дүниеміздің айнасы, өсіп-өніп түрлене беретін,
мәңгі құламайтын бәйтерегі,- деп Жүсіпбек
Аймауытов айтқандай елін, жерін сүйген әрбір азаматтың
көкірегінде ана тіліне деген сүйіспеншілігінің мақтаныш
сезімі болуы керек. Себебі, қазақ тілі – Қазақстан
Республикасының мемлекеттік тілі.
Тіл - ұлттың жаны. Ал
ұлттың болашағы - оның ана тілі. Тіл - халықпен
бірге өмір сүріп дамиды, әр ұлттың тілі -
оның бақыты мен тірегі. Елбасы Н.Ә.Назарбаев
халықтың болашағы туралы тереңнен толғай отырып,
«мемлекеттің ең басты дүниесі тек ғана байлық
емес, сонымен қатар ана тіліміздің болашағы» деген болатын.
Қазақтың тілі – шексіз
мұхит секілді, күллі әлемді қамтыса да бояуы
өңбейді, әлемдік тілдермен теңестіре қалса,
ноқтасын бермейтін ұлы тіл. Қазақ тілі-
ұлтымыздың мақтанышы, елдің айнасы.
Ұлтымыздың асыл қасиеті мен тектілігін дәріптеп,
жеткізуші де ана тілі. Тілдің беделі бір күнде қалыптаспайды.
Тіл беделі –ұлт мерейі. Қазақ елі-әлемде жалғыз
ғана ел. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
өз сөзінде: « Ана тілінен артық қазақ үшін,
бұл дүние де қымбат не бар екен!»-деген болатын. Қандай
тауып айтылған ұлағат ! Ел басыны Алла тарыдай етіп жаратады,
таудай етіп алу халқының қолында, қайтпас бақ,
атан тарта алмас әруақ, ердің еріне қонады. Әр
бір от басы – өз алдына бір кіші мемлекет. Адам өз
ұрпағы үшін өмір сүреді, ұрпағымен
мың жасайды. Әр жас тұлға тәрбиені алдымен от
басынан алады. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны
ілесің » деп ұлағатты ой саптау да, уыз тәрбиенің
ықпалының құнын байыптап береді. Жас бөбектер
кеудесін тіктемей жатып , туған тілімен сусындаса , сол тілдің арқасында елдің тарихын, шежіресін ,сөз киесін түсініп, ұлттық құндылықтардың
бәрін есітіп, көңіліне тоқып өседі. Сондай ортада есейген тұлға, өз тілінің де, өзге тілдің де бағын аша біледі. Өзін жарылқаған ұрпақтың
өзегі талмайды, сүйегі қатқанда
алған тәрбиенің
сіңімі болмайды.
Қазақтың тілі
–тектіліктің тұғыры, ол ұлттық намыс пен
рухтың қайнар көзі. Өз тілін білмеген ұрпақ
, алыстан бақыт тапқанмен , түптің түбінде
өз кемшілігі үшін өкінетін болады. Өйткені, көп
нәрсенің байыбына барып зерделей алмайды.
Қазақ халқы
дүниетанымға, сыпайы сөйлеуге, мақал-мәтелге,
шешендік нақыл сөздер мен орамдарға өте жетік
және олардың дұрыс та, орынды терең мән беріліп
айтылуына ерте кезден-ақ қатты ден қойып, ерекше
бағалай білген. Қазіргі таңда мемлекеттік тілді қолдау
саясатын жүргізу барысында көптеген азаматтар тілді тек «аса маңызды
қатынас құралы», өзара түсінісіп, пікір
алысудың тәсілі, рухани мұрамызды
ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп қана отырады дап
түсінеді. Ол түсінік жеткіліксіз. Адамзат өміріндегі
тілдің мән-мағынасы мен қызметі, міндеті мен
мүмкіншілігі бұлармен ғана шектелмейді. Мемлекеттік тіл
өркениеттілікке жетуге, кәсіби сөйлеу мәдениетін
қалыптастыруға, салт-дәстүр мен
әдет-ғұрып қағидаларын насихаттауға шексіз
қызмет атқарады. Осы бағытта алып қарағанда біз
заңгерлердің сөйлеу мәдениетін қалыптастыру
барысында мемлекеттік тілді ұлттық мәдениеттің негізі
өзегі деп қарастыра аламыз.
Жоғарыда айтылған
ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып келе
жатқан рухани құндылықтарымыздың ішінде шешендік
нақыл сөздер арқылы заңгерлердің сөйлеу мәдениетінің
тамырын тереңнен іздеп, басқа ұлттың тарихынан емес,
қазақ халқының біртуар сөзге шешен,
ақылға бай, тумысынан зерек ойлы, бала биден дана би
дәрежесіне дейін бұқара халықтың
көңіліне кір салмай өткен дана бабаларымыздың дара
жолдарын заман талабына сай жаңғырта отырып тиімді пайдалана білуі
– талабы жаңарған жаңа замандағы
заңгерлердің кәсіби сөйлеу мәдениетінің
үлгісін әлемге айғақтайды.
ХХ ғасыр орыстандыру яғни
«қазақ тілінің буынына балта шабу» саясаты кезінде
қазақи шешен сөйлемек түгілі жай қазақ
тілінде мінберден баяндама жасаудың өзі қиын болғаны
белгілі. Бірақ соған қарамастан қазақ зиялылары
ағарту ісінен, сөйлеу мәдениетінен кенде болған емес.
Қазақ халқының қаймақтары атанған
заңғар зиялыларымыздың ұлттық рухани
құндылықтарымызды бұқара халыққа,
өскелең ұрпаққа дәріптеймін деп репрессия
құрбандығына айналғаны тағы бар. Осындай
қиын-қыстау ауытқуларды бастан кешірген қазақ
қоғамында ұлттық тарихи
құндылықтарымыз оның ішінде шешен сөйлеу
мәдениетінің шет қалғаны рас.
Әдебиеттер тізімі:
1. ҚР «Тілдер туралы» Заңы
2. ҚР «Білім туралы» Заңы
3. Мектептегі шет тілі. Республикалық
әдістемелік-педагогикалық журнал. №4 (22), 2006
4. Мектептегі шет тілі. Республикалық
әдістемелік-педагогикалық журнал. №2(44), 2010
5. Қадашева Қ. Қазақ тілін
оқыту әдістемесі, Алматы 2008
6. ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың
Қазақстан халқына жолдауы.