Тугжанова А.Е, Оспанова А.Н., Килыбаева П.К.
Астана, Қазақстан
Түркия
елінің
қазіргі таңдағы сыртқы саяси принциптері
Түркия Осман империясының орталығы болған,
еуропалық державалар үшін әскери және саяси
көзқарас тұрғысында қызығушылық
тудырған мемлекет.
Түркия елінде соңғы онжылдықта ірі ішкі саяси
трансформация орын алды. Әскери билікке тиісті авторитарлы-бюрократиялық
режим өз орны мен мәнісін жоғалтты. 1940 жылдан бастап
әскерилер оқшауланып, бірнеше жылдар бойы
қоғамның белгілі бір бөлігінің ғана
мүддесін қорғаған болатын. Аталмыш саясаттың әсерінен соң
мемлекетте экономикалық тұрақтылық әлсізденіп,
Түркия мен көрші елдер арасында мәселелер орын алды.
Бүгінгі таңда Түркия көрші елдермен байланыста
«Көрші елдермен алауыздыққа жол жоқ» саяси принципін
ұстанады. Түркия бұл
бағытты өзекті мәселелердің орнын толтыру
мақсатында жариялаған болатын. Сонымен қатар бұл саяси
принцип Түркияның сыртқы саясатының нақ
орталығы болып отыр. Мұндай
қағида Түрік Республикасының негізін қалаушы
Ататүріктің «Мемлекеттегі бейбітшілік – әлемдегі бейбітшілік»
атты саясатының бейнесі болып
табылады.
Түркия қазіргі таңда аймақтық және
әлемдік геосаясатта және геоэкономикада сыртқы
қауіпсіздік белдігін құруға аса мән береді.
Түрік сыртқы саяси ерекшелігі – терең зерттелген
тұжырымдамалық негіздің болуы. Ал халықаралық
қатынастағы Түркияның әлеуетті қауіпті
ерекшелігі «қырғи-қабақ соғысының»
ұжымдық келісімге сай шешілмеуі болып отыр. Халықаралық
механизм тежелуінің әлсіреуі сонымен қатар ядролық
қаруды таратпау принципімен Анкара БҰҰ-да өзінің
рөлін сақтап қалуға тырысады, еуроатлантикалық
концепциясының жаңаруы және жаңа
халықаралық форматты белсенді түрде ұстанады (мәселен
G20).
Түркия Батысында Грекия және Болгариямен, Шығысында
Грузия, Армения, Иран, Ирак және Сириямен, Қара теңіз
жағынан Румыния, Украинамен және Ресеймен шекараласады.
Түркия үшін Осман Империясына кірген елдер ерекше маңызды
болып табылады және бұл мемлекеттерді де көршілес елдер ретінде қабылдайды.
Соңғы
онжылдықта Түркияның
сыртқы саясаты «стратегиялық тереңдік»
концепциясының екі принципіне негізделеді – «Көршілестермен
алауыздыққа жол жоқ» және «Түркия аумағында
қауіпсіздік пен тұрақтылық зонасын құру».
Анкараның басты міндеті НАТО-ның
мүшесі ретінде ұжымдық жауапкершілігін аймақтық
істе дербес өздігінен үйлестіру процесінде көрініс алады.
Түркия көпұлтты
мемлекет - сол себепті Балкан, Оңтүстік Кавказдағы және
Таяу Шығыстағы қақтығыстар мемлекет үшін
ішкі саяси мәселе болып табылады. Осы жерде «Көршілестермен
алауыздыққа жол жоқ» концепциясында белгіленген «Стратегиялық
тереңдік» сызығы көрініс алады. Концепцияда кейінге
қалдырылған Түркия торабындағы – Таулы Қарабахтан
Кипрге дейінгі, Ирак, Иран, Сирия-Израильді, Палестина ішілік мәмілелесу, Иран мәселесін
қалыпқа келтіру алға қойылды. Осыған
орай Анкара аталмыш мәселенің жүйеленуіне ықпал етеді.
«Көршілестермен алауыздыққа жол жоқ» саясатының
арқасында өз көршілестері арасында айтулы жетістіктерге
қол жеткізді. Дегенмен, Солтүстік Африкадағы және Таяу
Шығыстағы революция толқыны бұл процесске кері
әсерін тигізді. Елдегі экономикалық қайта құрылу
ішкісаяси құрылымды «өзара тәуелді» принципінде
қолдануға түрткі болды. Давутоглудың «Стратегиялық
тереңдік» кітабында экономика аясында сөз аз қозғалады,
ал басқа еңбектерінде экономикалық өзара
тәуелділікке аса мән беріп, оны Таяу Шығыста тәртіп
орнатушы құрал ретінде қарастырып, бұл тәртіп
«оқшауланған экономикада қолжетімсіз » деп көрсетеді [1].
Түркия
басқаруындағы экономикалық сферада 2023 жылға
(Республиканың 100 жылдығына орай) әлемдегі дамыған
елдердің қатарына қосылу және технологиялық
модернизацияда аймақтық көшбасшыға айналу мақсаты
алға қойылған. Мұндай амбиция толықтай объективті
түрде негізделген: соңғы онжылдықта Еуропадағы
мемлекет экономикасының тұрақты дамуы ең жоғары ортажылдық өсім(5,1 %); әлемдік
экономикада 16-орын және еуропалық экономикада 6-орын; жоғары
демографиялық көрсеткіш – өте жас ұлт;
халықтың жартысы санақ бойынша – 76 млн. адам, (оның
еңбекке жарамдысы – 52 млн); елде 176 университет бар, онда 3 млн.студент
білім алады және 400 мың түлек; 40 млн. ғаламтор
қолданушысы ба [2].
Елдің экономикасы тек өндіріс тауарын ғана
қанағаттандырып қоймай ұзақ
қолданыстағы тауар өнімі бар және Еуропа, Америка, ТМД,
Африка, Таяу және Орта Шығыс елдеріне экспортталады. Түрік
құрылыс компаниялары әлемнің 89 елінде қызмет
атқарады. Онда 6 мың өндіріс, әлеуметтік-мәдени
және тұрмыстық объектінің жалпы сомасы 189 млрд. долл. құрайд
[3].
Әділдік пен даму партиясы
билік басына келіп, Түркиядағы билік құрылымында
өзгерістер болып, мемлекеттік аппаратты қолға алып,
әскердің саяси ықпалын әлсіретуді уәде еткен
болатын. Бұл мандат реформаға және ішкі саясатта орын алды:
Анкара бірден Сириямен жақындасуға қадам басып, ХАМАС
және Иранмен диалог орната бастады. Бұл процесс бірнешежылдық тарихы бар түрік
дипломатиясында кең етек алды [4, 81-97]. Артынша бұл
алғашқы әрі аса уәделестірілмеген инициатива Ахмет Давутоглу негізін
қалаған бірыңғай стратегиялық концепцияда
көрініс алды. Ахмет Давутоглу ол уақытта 2009
жылы мамыр айында сыртқы саяси ведомствоны басқарып отырды (бұған
дейін ол премьер Реджеп Тайип
Эрдоғанның кеңесшісі болды).
Давутоглу
Түркияның сыртқы саяси бағытын «стратегиялық
тереңдік» доктринасына сәйкес өзгертеді. Ол мемлекеттің халықаралық
қатынаста Осман империясы және исламдық дәстүрге
аса акцент қойылған тарихи-мәдени зерттеулерге негізделеді.
Давутоглудың
көзқарасынша Түркия -
Еуразия жүрегінде орналасқан «орталық мемлекет»
және көптеген сәйкестікке ие. Бұл факт
көпвекторлы сыртқы саясатты көрсетеді. Сондықтан да Түркия «тек
өзінің ғана емес көршілес аймақтардың да
қауіпсіздігі мен тұрақтылығын қамтамасыз етеді». Оның өзіндік
қауіпсіздігі мен тұрақтылығының кепілі –
қоршаған кеңістіктегі қауіпсіздік пен
тұрақтылық және тәртіпті қамтамасыз етуде
белсенді әрі құрылымды рөлі болуға тиісті [5].
Егер Анкара осы мақсатқа қол жеткізе алса және «жақын
шетелдерде» өзінің ықпалын күшейте алса, онда ол
әлемдік державалар мен өзге орталықтанған күш
иелерімен қатынасында мықты позицияға қол жеткізеді.
Сонымен Давутоглудың
стратегиялық доктринасының мақсаты Түркияның
халықаралық дипломатияда маңызды субъектіге айналуы болып
табылады. Көбіне мемлекет аймақтық державалардың
сипатына сәйкес келеді. Ол
шектесіп жатқан бірнеше аймақтардың қауіпсіздік
жоспарында маңызды ойыншы рөліне ие, атап айтқанда Таяу
Шығыс, Балкан, Кавказ және Қара теңіз аймағы.
Сонымен қатар бұл аймақтардағы қауіпсіздік пен
басқару мәселесінде Анкара айтулы жауапкершілікті өз мойнына
алды. Бұл доктринаның маңызды нәтижесі Түркия
«еуропалық жүйенің перифериясындағы мемлекет ретінде
немесе Батысқа қатты тіркеулі майдан шебіндегі мемлекет ретінде
қарастырылмайтыны» факт болады. Осыған орай Батыс Түркиямен
қатынасы жүйесінде бірінші деңгейлі қажеттіліктен айырылып,
Түркияның батыстық басымдылығы мен сыртқы саяси
шешімге деген қажеттілігі төмендейді. Сол себептен де Анкара
Құрама Штаттармен және Еуропалық Одақпен
ынтымақтастықты аймақтағы
өзіндік мақсаты призмасы арқылы қарастырады.
Түркияның Еуропалық Одаққа
ынтымақтастығы көп уақыттардан бері мақсат
ғана емес, өзінің белгілі бір ішкі проблемаларын шешудегі
құрал ретінде қарастырады [6].
Түрік-грек қатынасы
белгілі механизмдер арқылы дамиды, олар: тұрақты саяси
байланыстар, Эгей теңізі төңірегіндегі белгілі
келіссөздер, сенімді күшейтудегі шаралар, Кеңестің
жоғары деңгейлі ынтымақтастық отырысы. Түркия
позитивті атмосфера екіжақты
қатынаста орын алса, алдағы уақытта мәселелерді шешуге ықпал
етеді деп санайды.
Украинамен қатынаста айтарлықтай өзгерістер орын алды,
визалар қайтарылып, екіжақты сауда соңғы
онжылдықта бес есеге өсті. 2011 жылы желтоқсанда
басталған еркін сауда қатынасы келісімі бекіді. Бұл дегеніміз
адамдардың, тауар мен қапиталдың еркін
көшіп-қонуына және Қара теңіз бассейнінде үлкен екі нарықтың
интеграциялануына мүмкіндік береді. Түркия
Кавказ елдерімен саяси және экономикалық
тұрақтылық пен территориялық тұтастықты
алғашқы маңыздылық екенін ескере отырып, аймақтағы
мәселелерді шешуде бейбіт құралдарды пайдалану мақсатында белсенді
сыртқы саясатты қолданады. Түркияның күш салуы
Кавказдағы тұрақтылық пен
ынтымақтастық платформасының
қосылуы және аймақта диалог пен сенім атмоферасын
құрудан басталады. Сонымен
қатар Түркия әлеуметтік мәдени және саяси
байланыс тығыз орын алған Азербайжанмен қатынасты
күшейту бағытында қадам басуға шешім
қабылдады. Сонымен қатар Грузия мен
Түркия өзара қатынасын дамыта отырып, Грузия шекарасында орын
алған Абхазия мен Оңтүстік Осетия мәселесін шешуге
бағытталған саясатын белсене жүргізуде. Түрік-Грузия
шекарасы екі мемлекет азаматтарының қозғалысына
толықтай ашық және олар ішкі паспорт арқылы
көшеді.
Осындай байсалды күшке
қарамастан, Түркияның Армениямен қатанасында өзгешелік
орын алады. Түркия «көрші елдермен алауыздыққа жол
жоқ» саясатына сай дамыту
және осы жолда шешім қабылдау күшке тиеді. Түркияның күшті
келіссөздерінен соң 2009 жылы екі
маңызды хаттамаға қол қойылды. Бұл хаттама тек
ғана Армениядағы аталмыш қақтығыстың шешімі
үшін бағытталып ғана қоймады. Түркия екі
мемлекеттің екіжақты қатынасын қалыпқа келтіру
үшін, оның саяси бағытын қолдайды. Сонымен қатар
Түркия егер Оңтүстік Кавказда бейбітшілікке жету үшін
нақты қадам жасалса бұл қалыпқа келу процесі
мықты әрі тұрақты болатынына сенімді. Бір жағынан Түркия Иранмен
қатынасын күшейтуде. Бұл қарым-қатынас
ұзақ жылдардағы тарихи мәнге ие және өзара
мүдде негізіндегі жақсы көршілес қатынасқа аса
мән берілген. Бір жағынан Түркия халықаралық
қоғамдастықта күдік ұялататын және
дипломатиялық негізде бейбіт жолмен шешуге күшті қажет ететін
Иранның ядролы бағдарламасын назарда ұстайды.
Сирияға деген
қатынастағы саясат бұл мемлекеттің болашағына
халықтың мүддесіне негізделген заңды тәртіпке сай және
территорияның тұтастығын қамтамасыз етуге қолдау
көрсетеді. Сонымен қатар ол плюралистикалық және демократиялық
саяси жүйенің құрылуын қарастырады, бұл
жүйе қандай да бір қоғамның ұлты мен дініне
қарамастан оның фундаментальді құқығы мен
бостандығын қамтамасыз етуге бағытталған.
Түрік сыртқы
саясатының «араб көктемі» процесіндегі сәттіліктері мен
аймақтағы Түркияның беделін арттырудағы
ықпалдылығы жайында сөз қозғауға болады.
Қоғамдық пікірді білу мақсатындағы 2011 жылы Мэриленд
Университетінің профессоры
және Брукинг институты қызметкері Ш. Телами (shibley Telhami) ұсынған
бес араб елінде (Марокко, Иордания, Египет,
Біріккен Араб Әмірлігі және
Ливан) жүргізілген сауалнама нәтижесі бойынша, респонденттер
басқа елдермен салыстырғанда,
Түркияны «араб көктемінде көбірек ұтысқа
ие болған ел» деп атады. Олар сонымен қатар Түркияның
Таяу Шығыстағы рөлін басқа
мемлекеттермен салыстырғанда ең құрылымды ел деп
бағалады. Шетелдік көшбасшылардың ішінде Р.Эрдоган беделі
жоғары екенін де айтылды [7].
Бұл жетістіктер Түркия
үшін көптеген аймақтық мәселелердің шешімін
табуға мүмкіндік береді. Әсіресе ол түрлі
фракцияларға көмегін тигізе отырып, коалициялық үкімет
құруға, Ливандағы саяси мәселенің шешімін
табуға маңызды ықпалын тигізді.
Аталмыш әлеуметтік зерттеу
2006 респондент қатысқан жеті елде өтті (Египет, Иордания, Ливан, Палестина, Сауд Арабиясы, Сирия және Ирак).
Нәтижесінде Түркия елі сауалнама қатысушыларының пікірі
бойынша екінші орында (Сауд Арабиясынан кейін) болды [8]. Түркия «араб көктемін» пайдалана отырып аймақтағы – Солтүстік
Африка мен Таяу Шығыстағы өз позициясын күшейтуге ынталанды.
Сонымен қатар Түркияның
қазіргі сыртқы саясатында әлемдік держава
деңгейіне шығуға саяси
еркіндігі мен қоры жеткіліксіз болып табылатынын мойындау керек.
Пайдаланылған
әдебиеттер:
1.Акгун M., Перчиноглы Г., Гюндогар С. (2010).The Perception of
Turkey in the Middle East // TEsEv Foreign Policy Analysis series. - 2010. №
10.
2.Алтунишик, Мелиха(2010). turkey: Arab Perspectives// TEsEv
Foreign Policy analysis series. — 2010. — № 11 (http:// tesev.org.tr/UD
QBJs/PDF/ DPT/oD/ yyN/ArabPerspectivesRapWeb.pdf).
3.Арслан, Мехмет (2013). Экологические проблемы Турции -
индикаторы политических и геополитических процессов. Вестник КазНУ им.
Аль-фараби, серия экологическая, № 2/ (38), с. 30-34
4.Огузлы Т. (2007). soft Power in Turkish Foreign
Policy, Australian Journal of International Affairs, Cilt 61, sayi 1,Mart 2007,
ss. 81-97.
5.Давутоглы А.(2001). stratejik derinlik, Turkiye’nin Uluslararasi Konumu
[Стратегическаяглубина: международноеположениеТурции]. - Istanbul:
Kureyayinlari, 2001
6.Давутоглы А.(2008). Turkey’s Foreign Policy Vision: An Assessment of 2007//
Insight. Turkey. - 2008. - Vol. 10. № 1.
7. Министерство
иностранных дел Турецкой Республики, Политика нулевой проблемы с соседями[онлайн] http://www.mfa.gov.tr/komsularla-sifir-sorun-politikamiz.tr.mfa
8.Телами
Ш. Арабский опрос общественного мнения за 2011 год –Brookings.com, 2011 http://www.brookings.edu/research/reports/2011/11/21-arab-public-opinion-telhami