Нұрғожа Назерке
Шолпанбайқызы
Орталық Азия Университетінің 1 курс магистранты,
Қазақстан
ҚАЗАҚСТАН
РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫН
ҚОРҒАУДЫҢ ТӘСІЛДЕРІ
Защита прав собственности: если право собственницы может
быть нарушено, то
владелец будет
стремиться защитить свои права. Право собственности может быть нарушено
двумя способами: припятствовать собственнику использовать или распоряжаться
своим имуществом. В первом случае собственник оправдывает оправдание своего имущества во владении
правонарушителя. Во втором случае собственник требует от правонарушителя
устранить потенциальные барьеры для использования и распоряжения его
имуществом. Эти требования позволяют гражданам защищать свое имущество.
Protection of property rights: it the owner’s right
can be violated, the owner will strive to protect his right. Ownership can be
violated in two ways: to prevent the owner from using or dispose of his property. In the first case, the owner justifies
justifying his property in the possession of the offender. In the second case,
the owner requires the offender to remove potential barriers to use and dispose
of it property. These requirements allow
citizens to protect their property.
Адамзат дамуының
қандай да болсын тарихи кезеңдеріне көз жүгіртіп
қарайтын болсақ, меншік мәселесі бірінші орында
тұратындығын аңғарамыз.
Меншік — адамзат қоғамындағы мәнді құбылыс,
ол адамның өмір сүруінің
негізі болып табылады. Жеке меншіктің пайда болуы Ежелгі Грекия, Ежелгі
Рим, т.б. сол сияқты мемлекеттердің қалыптасуы мен даму
бағыттарын
айқындады.
Қазақтың әдеп-ғұрып
заңында жерге жеке меншік құқығы болған
жоқ. Жеке меншікте тек мал мен мүлік болды. Меншік
құқығын бекіту үшін малдың
құлағына ен салатын. Бүгінгі түсінік бойынша
меншік құқығы дегеніміз — субъектінің заң құжаттары
арқылы танылатын және қорғалатын өзіне тиесілі
мүлкі.
Қазақстан
Республикасының азаматтары заңды түрде алған
қандай да болсын мүлкін жеке меншігінде ұстай алады.
Соттың шешімінсіз ешкімді де өз мүлкінен айыруға
болмайды. Заңмен көзделген ерекше жағдайларда мемлекет
мұқтажы үшін мүліктен күштеп айыру оның
құны тең бағамен өтелген кезде жүргізілуі
мүмкін [1].
Меншік құқығын қорғау
барлық құқықтық жүйенің
маңызды мақсаттарын құрайды. Меншік құқығын
және өзге заттық құқықтарды
корғаудың азаматтық-кұқыктық
тәсілдері ұғымы және жүйесі болып табылады.
Азаматтар мен заңды тұлғалардың мүліктік
құқығы, оның ішінде меншік
құқығы мен өзгедей заттық
құқықтары әртүрлі құқықтық
салалармен: қылмыстық, әкімшілік, қаржы және
басқа салалармен қорғалады [2].
Меншік
құқығын және өзгедей заттық
құқықтарды меншік иесінің, заттық
құқық иесінің құқықтары
деп қорғауды кең мағынада алсақ, ол
азаматтық құқықтардың барлық
субъектілерін қорғаудағы барлық тәсілдермен
жүзеге асырылады. Меншік құқығы мен өзге
заттық құқықтар субъективтік азаматтық
құқықтарға жатқандықтан, олар
субъективтік азаматтық құқықтармен бірдей
қорғалады, азаматтық құқықтарды
қорғаудың
азаматтық-құқықтық принциптеріне,
қорғаудың шегі мен шекарасын анықтайтын, дербес
субьективтік азаматтық құқық ретінде
қорғану құқығын жүзеге асыратын
ережелерге бағынады.
Меншік
құқығын және өзге де заттық
құқықтарды қорғаудың
заттық-құқықтық тәсілдеріне мыналар
жатады; меншік құқығын немесе өзгедей
заттық құқықты тану; мүлікті
өзгенің заңсыз иеленуінен талап ету (виндикациялык талап);
бұл бұзушылықтар иеліктен айырумен байланысты болмаса да
меншік құқығын немесе өзгедей заттық
құқықтарды бұзуды жою (негаторлық талап) [3].
Меншік құқығын қорғау
– егер меншік құқығы бұзылса немесе бұзылуы
мүмкін болса онда меншік иесі өз құқығын
қорғауға жүгінеді. Меншік
құқығы екі жолмен бұзылуы мүмкін: меншік
иесіне өз мүлкін қолдануына және иелік етуіне кедергі жасау.
Бірінші жағдайда, меншік иесі құқық
бұзушыға бөтен біреудің иелік етуінен өз
мүлкін алу туралы виндикациялық талап кояды. Екінші жағдайда,
меншік иесі өз мүлкін қолдануға және иелік етуге
тосқауыл болатын заңсыз кедергілерді жою туралы заң
бұзушыға негаторлық талап қояды. Осы талаптар
арқылы азаматтар өз мүліктерін
қорғауға
мүмкіндіктері бар [4].
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі:
1.
Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жыл 30
тамыз;
2.
Қазақстан
Республикасының Кодексі 1994 жылғы 27 желтоқсан;
3.
Азаматтық құқық.
М.К.Сүлейменов. Ю.Г.Басин. – Алматы, 2003;
4.
Гражданское право. Общая часть:
Учеб.пособие / Гл. ред. А.Г.Диденко.- Алматы: Нур-пресс, 2006.