Нұрғожа Назерке
Шолпанбайқызы
Орталық Азия Университетінің 1 курс
магистранты, Қазақстан
МЕНШІК
ҚҰҚЫҒЫ ЖӘНЕ ӨЗГЕ ЗАТТЫҚ
ҚҰҚЫҚТАРЫ
МІНДЕТТЕМЕЛІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘСІЛДЕРІ
Существует ряд правовых средств защиты прав собственности и других средств правовой защиты применяются не только
к защите прав владельца или другого
собственника, но и к защите любых имущественных прав (например:
средства возмущения гражданских прав, сделок, собственности или иного имущества). Поскольку право собственности является частью конституционной системы
личности, конституционный закон республики Казахстан предусматривает порядок
мшления право собственности только на решение суда.
Thеy are a number
of legal means of protecting property rights and other remedies. As a rule,
such protection measures are used not only to protect the rights of the owner or other owner, but also
to protect any property rights and
interests of citizens and legal entities I for example, means of reimbursing the property of the owner of protection of civil rights, transactions property on other
property. Since the right of ownership is part the constitutional system of the
individual, the constitutional law of the
Republic of Kazakhstan provides for the procedure for the deprivation of ownership only of a
court decision.
Меншік қай
қоғамның да сан қырлы өзекті мәселесі болып
келді. Сондықтан да меншік құқығын
құқық институты ретінде қараған кезде оны
меншіктен шығатын экономикалық категория деп түсіну керек.
Меншік дегеніміздің өзі материалдық игіліктерді –
табиғаттың өнімдері мен еңбекті – меншіктену әрі
иеленуді білдіреді. Ол тарихи қоғамның ішкі айқындауы
арқылы пайда болады.
Қазақстан
Республикасының ұлттық меншігі
құқығының қалыптасуы айтарлықтай
қиын жағдайда өтті. КСРО-ның азаматтық
заңдары жеке меншікті мойындамай, мемлекеттік меншікті
халықтың меншігі деп жоғар деңгейде тәртіптеді [1].
Меншік құқығын және
өзге заттық құқықтарды қорғаудың
міндеттемелік-құқықтық тәсілдері. Меншік
иесінің немесе өзге заттық құқық
иесінің құқықтарын қорғаудың
міндеттемелік-құқықтық тәсілдері әрқилы
болып келеді. Әдетте, қорғаудың мұндай
тәсілдері меншік иесінің немесе өзге заттық
құқық иесінің құқықтарын
қорғағанда ғана емес, сонымен қатар, азаматтар
мен заңды тұлғалардың кез келген мүліктік
құқықтары мен мүдделерін
қорғағанда да қолданылады (мысалы, азаматтық
құқықтарды қорғаудың меншік
иесінің мүлкіне келген шығынды өтеуге қатысты
тәсілдері; мәмілені, меншік құқығын немесе
өзге заттық құқықты тоқтатудың
негізі ретінде заңсыз деп тану және т.б.)
Сонымен қатар меншік иесінің және
өзге заттық құқық иесінің
құқықтарын қорғаудың кейбір ерекше
міндеттемелік - құқықтық тәсілдері бар,
олар заттық-құқықтық тәсілдермен
қатар меншік құқығын және өзге
заттық құқықты қорғаудың
міндеттемелік-құқықтық (міндеттемелік)
тәсілдеріне жатады. Мысалы, меншік құқығын немесе
өзге заттық құқықты
қорғаудың
міндеттемелік-құқықтық тәсілдеріне
қорғаудың мемлекеттік басқару органдары мен лауазымды
адамдардың меншік иесінің немесе өзге заттық
құқық иесінің құқығын
бұзатын актілерін заңсыз деп тануға және мұндай
актілерден келген шыгынның орнын толтыруға бағытталған
тәсілдері жатады [2].
Меншік құқығын және
өзгедей заттық құқықтарды меншік
иесінің, заттық құқық иесінің
құқықтары деп қорғауды кең
мағынада алсақ, ол азаматтық
құқықтардың барлық субъектілерін
қорғаудағы барлық тәсілдермен жүзеге
асырылады. Меншік құқығы мен өзге заттық
құқықтар субъективтік азаматтық
құқықтарға жатқандықтан, олар
субъективтік азаматтық құқықтармен бірдей
қорғалады, азаматтық құқықтарды
қорғаудың
азаматтық-құқықтық принциптеріне,
қорғаудың шегі мен шекарасын анықтайтын, дербес
субьективтік азаматтық құқық ретінде
қорғану құқығын жүзеге асыратын
ережелерге бағынады.
Қорғаудың заттық —
құқықтық тәсілдерінің ерекшелігі
мынада: бұл тәсілдер меншік құқығы мен
өзге де заттық құқыктарды абсолюттік
құқық ретінде қорғауға
бағытталған, яғни олар нақты шарттық немесе
шарттан тыс міндеттемелермен байланысты емес және бұзылған
құқықтарды мына жолдармен қалпына келтіруді
мақсат тұтады: 1) заңсыз тартып алған заттарды
қайтару; 2) бүлінген зат-тарды жөндеу; 3) затты пайдалануға кедергіні жою. Бұлардың
барлығына меншік иесінің немесе өзгедей заттык,
құқық иесінің белгілі бір затқа иелену, пайдалану және билік ету
құқығын қалпына келтіргенде, яғни
абсолюттік құқықты қалпына келтіргенде қол
жеткізуге болады. Мүлікті бөтеннің заңсыз иеленуінен
талап ету. Меншік құқығын қорғаудың
негізгі заттық-құқықтық тәсілдерінің
бірі — меншік иесінің мүлікті өзгенің заңсыз
иеленуінен талап етуі болып табылады. Меншік құқығын
қорғаудың бұл тәсілі заң әдебиетінде
виндикациялық талап деген атпен кең таралған [3]. Иеліктен
айырумен байланысты емес құқық бұзушылықты
жою туралы талап, әдетте, сондай бұзушылықтан келген
шығынның (зиянның) орнын толтыру туралы талаппен бірге
қойылады.
Айта кететін бір жағдай — меншік
құқығын иеліктен айырумен байланысты емес
бұзушылықты жою туралы талап қою практикада сирек кездеседі.
Мұндай бұзушылықты күнделікті жұмыс барысында
әкімшілік органдар жояды. Бірақ, егер меншік
құқығын үшінші жақтың бұзуын
әкімшілік органы жоймаса меншік иесі өз
құқығын қорғау үшін тиісті талаппен
(негаторлық талаппен) сотқа жүгіне алады. Меншік
құқығын немесе өзгедей заттық
құқықтарды қорғаудың мідеттемелік —
құқықтық тәсілдеріне мыналар жатады: 1)
мемлекеттік басқару органының, жергілікті өкілдік
органның меншік иесінің немесе өзгедей заттық
құқық иесінің құқықтарын
бұзатын, заңнамаға сәйкес емес
нормативтік-құқықтық немесе жеке актісінің
нәтижесінде меншік иесіне немесе өзгедей заттық
құқық иесіне келген шығыңдардың орнын
толтыру; 2) мемлекеттік басқару органының, жергілікті басқару
немесе өкілдік органның, не лауазымды адамның актісін
заңсыз деп тану, сондай-ақ заңнамаға қайшы
құқықтық актіні қолданбау туралы талап
қою; 3) заң актілерінде көзделген негіздер бойынша меншік
құқығы тоқтағанда оны қорғау.
Әрине, меншік иесінің құқығын немесе
өзгедей заттық құқық иесінің
құқығын қорғау қажетті және
тікелей мұндай қорғау басқа негіздерден де туындауы
мүмкін, мысалы, шарттық қатынастардан, мүлікке зиян келтіруден,
мұрагерлік туралы, авторлық туралы даудан, т.б.
Сонымен, қорғаудың
заттық-құқықтық тәсілдерінде
мүлік зат түрінде қалпына келтіріледі, ал міндеттемелікте —
ақшалай өтеледі.
Заттық-құқықтық тәсілдерді қолданудың
ерекшелігі сонда - мүлік зат түрінде болады, ал бүлінген
мүлік қалпына келтіріледі, олай болмаған жағдайда
меншік құқығын немесе өзге де заттық құқықтарды
қорғаудың міндеттемелік-құқыктық
тәсілдері қолданылады [4].
Меншікті иеленуге ұмтылу мен оның
қорғалуын қамтамасыз ететін құқық
иесі болу көптеген адамдардың табиғи сұраныстарын
қалыптастыра отырып, адамның нақты бостандығының
негізін қалайды және оның болашаққа деген сенімін
арттырады. Меншікке ҚР азаматтары
мен шет ел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар ие бола
алады, мемлекет кейбір жағдайларда мемлекеттің азаматтары емес
адамдарға жеке меншік құқығына шектеулер
қою мүмкін. Ондай жағдай негізінен мемлекеттің саяси
жүйесімен байланысты. Меншік құқығы жеке
тұлғаның конституциялық
құқықтарының жүйесіне кіретін
болғандықтан ҚР Конституциясы меншік иелігінен тек сот шешімі
арқылы айыру тәртібін белгілеген [5].
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.Басин Ю.Г. Общие положения нового гражданского
законодательства. Учебник, т. 1. Алматы: 1996;
2. Гражданское право. Учебник пособие (общая часть) том Под
ред. К.С. Мауленова, Г.И. Тулеугалиева;
3.Төлеуғалиев Ғ. ҚР азаматтық
құқығы Т.1 А.,
2001;
4.Ынтымақов С. Азаматтық
құқық: Практикум.
- А., 2000;
5.
Копабаев О.К., Айтхожин К.К, Конституционно-правовые основы права частной
собственности в Республике Казахстан // Вестник университета им. Д.А. Кунаева,
2004. - №4, 24.