ПСИХИКАЛЫҚ
ДАМУЫ ТЕЖЕЛГЕН БАЛАЛАРДЫҢ МОТОРЛЫ АЯСЫНЫҢ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Б.Архабаева ,
Л.Досмаханова
(Тараз мемлекеттік педагогикалық институты)
Балалардың
моторлы аясының даму ерекшеліктері
қазіргі заманның мектеп жасына дейінгі жалпы педагогика және
аранайы педагогика, жалпы психология сонымен
қатар балалардың арнайы психологиясы ғылымдарының ең басты әрі өзекті
мәселерінің қатарына жатады. Ең алдымен жас
ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудің сапасын
көтеру, рухани бай азаматтарды тәрбиелеу, оларды еңбек пен
қоғамдық өмірге даярлау өзекті мәселе болып
отыр. Арнайы зерттеулер көрсеткендей психикалық дамуы тежелген
балалардың моторлы аясын түзету және диагностикалау
сұрақтары көптеген ғалымдардың назарын аударуда. Балалардың
моторикасының даму мәселесін тереңірек зерттеп
қарастырған Е.А. Аркин, А. Валон, П.Ф. Вэдэзи, Л.С. Выготский, А.В.
Запорожец, М.М. Кольцова, А.Н. Леонтьев,
Р.Р. Фьюэлл, Н.М. Щелованов сияқты ғалымдардың
жұмыстарынан біз олардың моторлы аясының дамуына баса назар
аударылғандығын байқаймыз[1]. Дамуы қалыпты құрбыларына
қарағанда психологиялық дамуы тежелеген балалар
үлкендерге тәуелді, енжар, ынжық, белсенділіктері
төмен, танымдық қызығушылықтары әлсіз болып
келеді. Психологиялық дамуы тежелген балаларды неврологиялық
және нейропсихологиялық тексеру барысында мидың
органикалық зақымдалуы салдарынан болатын қозғалыс аясы
бұзылыстарының жеңіл және латентті формалары
кездесетіндігі белгілі. Сонымен қатар бұзылыстар жүйке
және жүйке-психикалық құрылымдарының
қалыптасу деңгейлерінің кез-келгенінде кездесуі мүмкін.
Резедуальды органикалық
бұзылыстың салдарынан балада қозғалыстың
икемсіздігі мен қозғалыс координациясының жетіспеушілігі
байқалады. Қозғалыс
координациясының жетіспеушілігі баланың жүру, жүгіру,
секіру сияқты автоматтандырылған қозғалыстарының
бұзылуына әрі өзгеруіне әкеліп соғады. Осы
балалардың көпшілігінде мектеп жасына дейінгі кезеңде
қозғалыс координациясының нашарлауымен қатар
қозғалыс амплитудасының, күшінің мөлшерден
тыс белсенділігі гиперкинездер кездеседі. ПДТ балалардың кейбірінде
бұлшық еттердің тырыспалары салдарынан пайда болатын
хорееформды қозғалыстардың болуы байқалады.
Қозғалыс аясының дамуының тежелуі психомоторика
бұзылыстарына әкеліп соғады, яғни қойылған
нақты мақсатқа жетуге бағытталған ерікті саналы
қимылдарының тежелуімен сипатталады. Қозғалыс
координациясының қалыптасуымен барлық ағзалар мен
жүйелердің функционалды мүмкіндіктерінің дамуы
тығыз байланысты. Моторика,
мәселесін жүйелі түрде зерттеудің басталуы шетелдік
әдебиеттерде E.Dupre, ал ресейлік әдебиеттерде
Н.И.Озерецкийдің атымен тығыз байланысты. Қазіргі
заманның отандық және шетелдік психология-педагогикалық
әдебиеттерінде (Е.А.Аркин, Н.А.Бернштейн, М.Богданович, Н.П.Вайзман,
А.Валлон, Л.С.Выготский, Л.Н.Галигузова, Г.Г.Григорьева, М.Жебровская,
А.В.Запорожец, Н.П.Кочетова, М.И.Лисина, А.А.Люблинская, Е.М.Мастюкова,
С.Л.Новоселова, Н.И.Озерецкий, Л.Н.Павлова, Д.В.Сергеева, Х.Спионек, В.Шерборн,
С.Шуман, Н.М.Щелованов және т.б.) сияқты көптеген
авторлардың балалардың моторикасының даму мәселесіне
қатысты жүргізген зерттеулерінің нәтижелері ашылып
көрсетілген[2]. А.В.Запорожец, А.Н.Леонтьев,
М.И.Лисина, С.Л.Рубинштейн, Н.Я. Михайленко, Д.Б.Эльконин және тағы
да бірқатар ғалымдар оқыту мен әрекет бір-бірімен
тығыз байланысты әрі осы екі үрдіс бала дамуының
негізгі көзі болып табылады деген пікір айтқан[3]. Моторика
түсінігінің ашылу
мағынасы барлық әдебиеттерде, зерттеулерде бірдей емес.
Біздің зерттеу мәселесіндегі көзқарастарға
ең жақын пікір айтқан А.Гомбургер болатын. А.Гомбургер
моториканы өзінің көзқарасы тұрғысынан
мүмкіндіктер мен іскерліктің қорытындысы әрі ерекше
түрдегі қозғалыс тұтастығының жас
құрылымы (дене бітімінің туа біткен ерекшеліктері, ым-ишара,
бет-әлпеттің өзгерісі, мәдени
әдет-ғұрып дағдылары) ретінде қарастырды.
Отандық әрі шетелдік ғалымдардың зерттеулерінде
моториканың дамуы көп дәрежеде сәйкес (лайықты)
ми құрылымдарының және тірек-қимыл
аппаратының табиғи пісіп жетілуімен шартталғандығы
тәжірибие жүзінде расталған болатын (А.В.Запорожец,
Н.А.Бернштейн, М.М.Кольцова, Н.М.Щелованов, Д.Б.Эльконин және т.б.).
Физиология тұрғысынан алғанда қозғалыс
күрделі ерікті қимылдарға және қарапайым еріксіз
қимылдарға бөлінеді . Еріксіз қимылдар басында туа
пайда болған қимылдар қатарына жатады, кейіннен ол
шартты-рефлекторлы сипатқа ие болады. Ерікті қимылдар
алғашында өмірлік қозғалыс тәжірибиесі мен
дағдылары барысында игерілген көптеген жаттанды қимылдар
түрінде қалыптасады. Кейіннен олар ертеректе
қалыптасқан қозғалыс рефлекстерімен интеграцияға
ұшырайды (А.В.Запорожец, М.М.Кольцова, С.Л.Рубинштейн және т.б.).
Күрделі қозғалыс актілері барысында ерікті және еріксіз
қимылдардың элементтері өзара тығыз шиеленісуінің
нәтижесінде оларды бір-бірінен дифференциациалау мүмкін емес.
М.М.Кольцовойдың пікірінше туа біткен қозғалыстардың
дамуы пісіп жетілу факторының негізінде пайда болса, уақыт
өте келе қалыптасатын қозғалыстардың дамуы
үйрену факторының негізінде пайда болады[4]. Қозғалысты
басқару мәселесі физиологтардың назарын ертеден-ақ
аударуда. Ч.Белл, В.М.Бехтерев, И.П.Павлов, И.М.Сеченев секілді көрнекті
ғалымдар қозғалыс физиологиясына қатысты
туындаған сұрақтарды зерттеуге зор үлестерін
қосты. Дәл осы ғалымдардың қозғалысты
ұйымдастырушы орталықты және қозғалыс
координациясының құрылымын анықтау мақсатында
жүргізілген зерттеулері П.К.Анохин, М.А.Алексеева,Н.А.Бернштейн,
А.Р.Лурия және тағы да басқа ғалымдардың
жұмыстарында сәтті жалғасын тапты [5]. И.П. Павлова
қозғалу анализаторы туралы
зерттеулерінде, мидың кез-келген
қызметі, сонымен қатар қимыл-қозғалыс
қызметтері, орталық жүйке жүйесінің түрлі
бөліктерінің біріккен әрекеті болып табылады деген. Қимыл-қозғалыс
анализаторлары туралы зерттеулер А. Р. Лурияның (1948, 1962, 1963)
еңбектерінде табылды. Қимыл-қозғалыс актілерін
орындауда бас ми қабығының жеке бөліктерінің
рөлі көрсетілді. Бас ми қабығының орталық
сезімтал аймақтары қимыл-қозғалыс актілерін
кинестетикалық, проприоцептивті афферентациясымен қамтамасыз
етеді. Төбе
қабығының төменгі облыстарында, төбе-шүйде
бөліктері қозғалысты ұйымдастырудың
кеңістігімен басқарылады. Қабықтың премоторлы
бөліктері қозғалыс және іс-әрекетті
ұйымдастырудың уақытын реттейді. Бас миының
қабығының маңдай бөліктері психореттеуші
қозғалыс актілерінің (психорегулятор) функциясын
(қимыл-қозғалысты сөзбен реттеу т.б.) қамтамасыз
етеді. О построении движений» (1947), «Очерки по физиологии движений и
физиологии активности» (1966) деген өзінің ғылыми
зерттеулерінде Н.А.Бернштейн күрделі ұйымдастырылған
жүйелерді басқару туралы қағидасында
кибернетиктердің ойларынан асып түсті. Циклограмметрикалық
әдістің көмегімен онымен барлық моторлы аппарат бойынша
күрделі уақыттық және кеңістіктік параметерлер бойынша көрсеткіштері
тіркеліп отырды. Н.А.Бернштейн «уровневая теория организации движения» атты
еңбегінде «қозғалыстың ұйымдасуының
деңгейлік теориясын» жасап шығып,
қимыл-қозғалыстың деңгейлік теориясын
коррекциялау принціпінің негізінде қозғалыс механизмдерін
зерттеу мәселесіне ерекше зор үлес қосты. Н.А.Бернштейн
бұл теориясында ерікті және еріксіз қимылдардың
иерархиясын әрі церебральді деңгейлердің өзара
сапалық айырмашылығын көрсете отырып, осылардың
әрқайсысының әрекет пен қозғалысты
реттеудегі атқаратын роліне толығымен тоқталып өткен.
Қозғалыс құрлымының әрбір деңгейі
морфологиялық локализациялармен, жетекші афферентациямен сонымен
қатар қозғалыстың ерекше қасиеттерімен әрі
жоғарыда аталған деңгейлердің қозғалыс актілерінде
атқаратын негізгі және орталық (фондық) ролімен,
қозғалыста патологиялық синдромдар мен дисфункциялардың
болуымен сипатталады. Н.А.Бернштейннің теориясы баланың
қозғалыс сферасының даму ерекшеліктерін сонымен қатар
қозғалыс үрдісін ұйымдастыру мен басқаруда
туындауы мүмкін мәселелер мен қиындықтарды және
олардың пайда болу себептерін түсінуге мүмкіндік береді, ал
бұл арнайы педагогика мен арнайы психологияда ерекше (принципті
түрде) маңызды болып табылады. Қозғалыс қызметі
басқа да кез-келген қызметтер секілді орталық жүйке
жүйесінің түрлі бөлімдерінің ортақ
жоғарғы әрекеттерінің нәтижесінде туындайды
(Н.П.Бехтерев), ал адамның кез-келген қозғалыстары,
әрекеттері белгілі бір жүйке жүйесінің күрделі
қызметінің функционалды жүйесінің нақты звеноларымен
реттеліп отырады (П.К.Анохин). Лисина М.И, Л.С.Выготский, А.Н.Леонтьев, С.Л.Рубинштейн,
Д.Б.Элькониннің зерттеулері көрсеткендей психиканың дамуы
әрекет үрдісінде іске асырылады[6].
Қимыл-қозғалыстың негізгі (бөлімі) өлшем
бірлігі әрі нақты қойылған мақсатқа
жетудің негізгі тәсілі әрекет болып табылады. Әрекет
дегеніміз-қозғалыс арқылы іске асатын тұтастай бір
операциялар жиынтығы. Әрекет ұғымына операция
ұғымы сәйкес келеді. «Операция-әрекеттің іске
асуының әдістері болып табылады». Оның ерекшелігі, ол
әрекеттің мақсатына және мотивіне жауап бермейді,
мақсаттың орындалуындағы ортаға байланысты болып
келеді. Яғни, осы фактілер белгілі бір «әрекет» барысында осы
немесе басқа да бір қозғалыс түрлерін игеру «моторлы
сфераны» әрі осы «іс-әрекет» түрін жетілдіріп, дамытатынын констанциялауға
мүмкіндік береді [7]. Демек, өзінің сипаты мен бағытына
қарай әр түрлі болып келетін әрекеттер танымдық,
эмоционалдық және қозғалыс компоненттерінің
өзара тығыз байланысының мәнін толығымен көрсететін
күрделі психомоторлық актілер болып табылады. Осылайша,
әдебиеттерге жүргізілген талдау бізге моториканы түрлі,
өзара тығыз байланысты әрі бөлінбестей біртұтас
танымдық, эмоционалдық және қозғалыс
компоненттерін біріктіретін дербес бір күрделі құрылым
ретінде қарастыруға мүмкіндік береді. Қозғалыс әрекетінің
онтогенезде қалыптасуы биологиялық және әлеуметтік
факторлардың әсер етуінің негізінде жүзеге асады
және уақыт өте келе бұл факторлардың
әсерінің маңызы арта түседі. Баланың
өзгелермен ортақтасып әрекет етуінің мазмұнынына
енгізілген факторлардың ең негізгісі баланың
үлкендермен, құрдастарымен қарым-қатынасы сонымен
қатар арнайы ұйымдастырылған оқыту «күрделі
қоғамдық тәжірибиенің» мазмұнын игеруді
қамтамассыз ете отырып моторлық дамудың жекеленген үрдісін
жылдамдата түседі.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1. Аркин Е.А. Дошкольный возраст.- М.: Учпедгиз,
1948-336с.
2.Выготский Л.С. Проблемы дефектологии. – М., 1995
3.Вайзман Н.П. Психомоторика детей олигофренов. М.,1976
4.Запорожец А.В. Развитие произвольных
движений.-М.:Изд-во АПН РСФСР, 1960.-430с.5.
5.Анохин П.К. Узловые
вопросы теории функциональной системы.- М.: Наука, 1980.-197 с.
6.Лисина М.И.,
Неверович Я.З. Развитие движений и формирование двигательных навыков. -М., //
Психология детей дошкольного возраста. 1964г. №3. -с.268-352.
7. Сборник нормативных
документов. Специальные (коррекционные) образовательные учреждения. – М., 2001.