Б-36
Дене тәрбиесі сабағында бастауыш сынып оқушыларының
ұлттық қозғалыс ойындары
Магистр Бекбергенова Ж.Е., Аға оқытушы Омаров К.Ж.
М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті.
Ұлттық ойындардың тиімділігі
олардың сабақтың әр кезеңіндегі орны мен
мақсат-міндетін дәл анықтауға, оны
қолданудың теориясы мен практикасын мұғалімнің
жетік игеруіне, жетік танытуына, ойынға қажетті материалдардың
жиынтығын алдын-ала дайындап алуы, ойын процесіне оқушыларды
белсенді ұйымдастыруға байланысты.
Адамның қимыл әрекеті
таңертең ұйқыдан оянудан басталады. Алғашқы
тіршіліктің бастамасы-таңертеңгілік бой жазу
жаттығулары. Бала спорттың қай түрімен шұғылданса
да, өзінің жас ерекшелігі мен ағзаның
құрылысы, құбылысынан хабардар болуы керек. Осы негізде
нақтылы спортпен шұғылдану үшін жоғарыдағы
айтылған жағдайлардың бәрін ескерте отырып,
болашақта нәтиже көрсететінде спорттық түрін
таңдап алған жөн. Мәселен, гимнастика, суда жүзу
тәріздес спорт түрлерімен шұғылдануды жасырақ
кезден бастаған абзал.
Жасөспірімдердің
мінез-құлық мен сана-сезімінде әлі де болса
тұрқтылық бола бермейді. Демек, олар өзінің
спортпен шұғылданудағы әрекетін өз санасымен
қажетті деп, белгілі бір жүйеде бақылап та отырмайды.
Жасөспірімдер спорттың
қандай түріне қабілеті бар екенін жаттықтырушылар мен
мүғалімдерден сұрап, ақылдасып барып, содан кейін
ғана жаттығуды бастаулары керек. 14-15 жасқа дейінгі
ұлдарға қарағанда қыз балалардың дене
жағынан даму процесі тез болады, осы кезде олар спорт
қоғамдарындағы жаттығуларға, басқа да
балалар спорт мектептеріндегі әр түрлі жаттығу
түрлеріне қатысып, шеберліктерін шындығына дұрыс.
Әр оқушының әуелі
спорттың қай түріне бейім екендігі мектеп
багдарламасының талабын орындағанда ғана байқалады.
Ал дене тәрбиесі сабағында
мұғалім оқушылардың жаттығулар орындағанда
дем алысының дұрыс та бірқалыпта болуын бақылайды.
Дұрыс та терең дем алудың ашық алаң мен
жабық орындарда шұғылданушылар үшін орны ерекше.
Тағы бір ескертетін жайт-шұғылданушылардың жас
ерекшеліктерін ескерген жөн. Спортпен шұғылдана бастаған
бүлдіршіндердің сүйегі қата қоймаған,
буындары тиянақты бекімегендіктен, жаттығуды жасына,
шама-шарқына қарай шамалап орындайды.
Бастауыш сыныптарда дене тәрбиесі
сабағының мазмұны негізінен қозғалмалы ойындардан
тұрады. Қозғалмалы ойындарды өткізудің
күрделі педагогикалық процесс екенін ескере отырып, оларды
өткізуді үш кезеңге бөледі:
Дене
жаттығуларының
мәні, ойынды өткізер алдындагы даярлық жұмыс, ойынның басталуы мен ойналу барысы,
ойынның аяқталуы.
1. Ойынды өткізер алдындағы
даярлық жұмысы қандай да болмасын дене тәрбиесі
сабағына жүргізілетін даярлық жұмысында өтетін
сабақтың мақсатына байланысты жоспары жасалып, ойындар
іріктеліп алынады. Бұл іріктеліп алынған ойындардың
қандайы болмасын балаларды сабаққа ынталандыратындығын
ұмытпаған жөн ойын жабдықтарының
қаншылақты бар-жоғын, сабақ өткізілетін
орынның дайындығын білу керек.
2. Ойынның басталуы мен ойнау
барысы.
Мұғалім жасалған
сабақ жоспарының негізінде ойында қалай өткізетіндігін
таңдайды. Ойында бастау алдында уақытты көп кетірмес
үшін оның ойналу тәртібін яғни ережесін ауызша
баяндаудан гөрі, дереу балаларды ойынның бастапқы қалпына
тұрғызып, өзі көрсеткені тиімді. Сонда ол
балаларға түсінікті де, ойнаған кезде ойын ережесі
бұзылмайды. Жалпы ойынның ойналу барысы оқушылардың
дайындығына, ынта-жігеріне байланысты.
3. Ойынның аяқталуы ойын
сабақтың негізгі бөлімінен кейін өткені ойнаушылардың
шаршау-шаршамауына байланысты қайталанады. Сабақта бірнеше ойын
ойналатын болғандықтаң, бір ойынды көп болғанда
2-3 рет қайталаған жөн. Әр ойынның
қорытындысы қайталынып, ойналып болғаннан кейін бірақ
шығарылады да, келесі ойын басталады.
«Екі аяқпен орынан
ұзындыққа секіру» деген басталады. 1- сыныптагы сабақ
үлгісі етіп алайық. Осы негізде сабақтың жоспарын
жасағанда, ең әуелі жалпы дамыту жаттығуларын
жүйелеп жазғаннан кейін, сабақтың мақсатына
байланысты міндетті түрде дайындық жаттығулары жасалады.
Сабақтың мақсаты: екі
аяқпен орына ұзындыққа секіру болғандықтан,
10-12 метр жерге дейін орынан бір аяқпен секіру, екі оқушы екі
жағынан ұстап тұрған жіптің үстінен секіру,
т.б. даярлық жаттығулары өткізілген соң,
сабақтың мақсатын орындау жұмыстары басталады.
Сондықтан диагностикалық әдістер де
кешенді сипатқа ие. Демек, дарынды балаларды анықтау-арнайы
бағдарлама мен білікті мамандардың қатысуын қажет
ететін өте күрделі мәселе және дарынды балалармен
жұмыс істеудегі қажетті кезең болып табылады.
Дене мәдениеті жұмыстарының
өтуіне қызығушылықтарын қалыптастыру.
Ойынды ұйымдастырмас бұрын ойынды
өткізетін орынды, керекті құралдарды дұрыс
таңдап, даярлап алу қажет. Ойынды топқа бөліп
ойнатқанда, ойын өте қызықты, тартымды өтуі
үшін қимыл қабілеттілігі, күші жағынан
оқушылар тепе-тең болғандары жөн. Ойындарды таза ауада
өткізген дұрыс. Таза ауада ойын маңызды сауықтыру
міндеттерін атқарады, ағзаның жұмыс қызметін
жақсартады, сонымен қатар белсенді демалыс құралы
ретінде қолданылып, оқушылардың ойлау қабілеттерін
дамытып, адамгершілікке, ұжымшылдыққа тәрбиелейді.
Дене тәрбиесі сабағын жүргізудің
төмендегідей ерекшеліктері бар:
1. Бастауыш сынып оқушыларына негізгі
үйрететін жаттығулар табиғи қимыл әрекеттерді
детілдіру түрінде болып келеді. Олар: жүру, жүгіру, секіру,
лақтыру, өрмелеу т.с.с.
2. Бір сабақ кезінде оқу материалын
меңгеру және жетілдіру үрдісінің 2-3 міндетін
ғана орындаса жеткілікті болады.
3. Сынып төмен болған сайын табан
бұлшық еттерін нығайту және түзу
түлға қалыптастыру жаттығуларын беруге айрықша
көңіл бөлу қажет.
4. Әрбір сабақта міндетті түрде
қозғалмалы ойындар ойнату керек. 3,4-ші сынып оқушыларымен
сабақ өткізгенде ойын жаттығулары сабақтың 50 %
уақытын алса дұрыс болады.
5. Оқушыларға негізгі
жаттығулардың техникасын үйреткенде, оны дұрыс
және нақты орындауға көп көңіл бөлу
керек. Оқу үрдісі кезінде жаттығуды үйрету және
жетәлдәрумен бірге дене қуаты қасиеттерін
дамытуға бірдей көңіл бөлу қажет.
Мектепте ұйымдастырылатын дене
шынықтыру-сауықтыру жұмыстарының ең
алғашқы бастамасы күнделікті өткізілетін
сабаққа дейінгі бой жазу жаттығулары. Мұндай жаттығуларды
орындаудың мақсаты-бала ағзасын алдын ала жұмысқа
дайындап, жұмыс қабілеттілігін артыру, және олардың
сыныпта дұрыс отыруын қалыптастыру.
Бастуыш мектептерде
таңертеңгілік бой жазу жаттығуларын сынып мұгалімі
өткізеді. Оған мұғалімнің мүмкіндігі болмаған
жағдайда бұл міндет әр сыныптын сауықтыру жұмысын
ұйымдастырушыға жүктеледі. Бұл ретте партаның
қасында тұрып (далада өткізілмеген жағдайда)
орындалатын 15 минуттық жаттығулардың қайталану реті
ескеріледі. Содан жаттығулар біртіндеп күрделендіріледі,
жүктеме арта түседі. Жаттығулар жүйесі апта сайын
өзгеріп тұрады. Бұл жаттығулардың кейбіреулерін
оқушыларға дене шынықтыру сабағында үйретуге
болады. жаттығуларды дайындаған кезде оқушылардың
маусымға байланысты киім ерекшеліктері ескеріледі.