ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ  СУ РЕСУРСТАРЫ  ЖӘНЕ  ОЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ ЖОЛДАРЫ

 

Мамытова Енлик Акильжановна

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Тараз қ.

 

         Жамбыл облысы Қазақстанның оңтүстік бөлігінде 144,26 мың. км2 алқапты құрайды. Облыс орталығы – Тараз қаласы. Облыс тұрғындарының саны  1031,114  мың адам, соның ішінде 432,438 мың қала тұрғындары және 598,706 ауыл тұрғындары, орналасу тығыздығы 7,15 ад./км2 .Жалпы  суға деген қажеттілік 142,13 мың.м3/сут,немесе бір адамға шаққанда 0,14 м3.

       Облыста 10 аудан бар Байзақ, Жамбыл, Жуалы,  Қордай, Тұрар Рысқұлов, Мерке, Мойынқұм,  Сарысу, Талас, Шу, 4 қала (Тараз, Жаңатас, Қаратау, Шу), 14 аудан, 400 жуық  шағын ауылдық округтер.

        Жамбыл облысы аумағына қарайтын Қазақстан Республикасының оңтүстік бөлігіндегі қоршаған ортаның табиғатын және ауыл шаруашылығының тұрақтылығын қамтамасыз ететін жоғарыда аталған су көздері болып келеді. Жамбыл облысы бойынша су ресурстарының сапасы мен пайдалану жағдайы келесідей сипатталады.

     Талас өзені алабының жер беті суларының мониторингіне сүйенетін болсақ, Талас өзені алабында 12-і су қойма бар, оның 11-нің  сиымдылығы 1 млн м3-тан төмен, тоғызы тікелей бас өзенде жәнеүшеуі алапта орналасқан. Су қойманың жалпы пайдалы сиымдылығы 14,5 млн. м3. Барлық су қоймалар мен суаттар ағынды маусымдық реттеуді іске асырады және суару мақсатына арналған, ал кейбіреуін атап айтқанда балық шаруашылық мақсатта пайдалануға болады.

Шу-Талас алабында, гидрографиялық тұрғыда 3 үлкен өзен (Шу, Талас және Аса), 242 кіші өзен (соңын ішінде Шу өзенінің алабы бойынша – 158, Талас өзенінің алабы бойынша – 20, Аса өзенінің алабы бойынша – 64), 35 көлдер орналасқан. Сонымен қатар, Шу өзенінде орналасқан Тасөткел су қоймасы, жобалық көлемі – 620 млн.м3, Аса өзенінің негізгі тармақтарының бірі болып саналатын Теріс өзенінде орналасқан Теріс-Ащыбұлақ су қоймасы, көлемі – 158 млн.м3 және Аса өзенінің алабы болып саналатын Шабақты өзенінде орналасқан Ынталы су қоймасы, көлемі – 30 млн.м3, көлемі 1 ден 10 млн.м3 дейін жететін 39 кіші су қойма (қосынды көлемі – 130,6 млн.м3) мен 164 тоғандарда (барлық көлемі 72,2 млн.м3) орналасқан. Жамбыл облысының жылдық суммалық ағыны 4106 млн.м3 құрайды. Бұл ағыста Қырғызстан территориясынан ағып келетін су көлемі – 3139 млн.м3. облыс территориясында ағынның 967 млн.м3 суы қалыптасады. Сол себеп-тен, Қырғызстан территориясынан ағып келетін судың көлемінің 25%-ын алатын Жамбыл облысы, шектелген су пайдалану жағдайында болып тұр.

 

Су қабылдау көлемі

Жылдар

2007

2008

2009

2010

2011

2012

2013

2014

Жалпы су қабылдау көлемі

2776,6

2268,5

2246,9

2288,9

2061,3

1219,9

2078,9

1612,1

Ауыл шаруашылығы бойынша

2564,1

2039,4

2182,4

2227,2

1993,1

1146,3

2010,7

1542,0

Жалпы % көлемде

92,3

89,9

97,1

97,3

96,7

94,0

96,7

95,6

 

Сурет 3 . – Аса-Талас және Шу  өзендері бассейіндеріндегі су көлемінің қабылдануының динамикасы.

Жамбыл облысының барлық экономикалық-салаларында үнемдеу және суды сақтау технологиясын пайдалану проблемалары, қазіргі уақытта басты міндеттердің бірі болып есептеледі.

Су қорларын тиімді пайдалану, келесі мәселелерді шешуді талап етеді :

1.     Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде суды жұмсау мүмкіндігін негіздеу жұмыстарын жалғастыру;

2.     Аса, Талас, Шу өзендерінің ағынын қайырымсыз алуына баға беру;

3.     Су қорларын қалпына келтіру және суды сақтау технологиясына көшудің негізгі бағыттарын түзу.

 

Пайдаланылған әдебиеттер

 

1.Аса – Талас өзендері алабында суару және жер асты суының сапасын бағалау мен суармалы жерде су мөлшерін төмендетудің әдістемелік ұсыныстары.- ТАРАЗ,2009, -25с.

2. Т. Ибраев, М. Ли; Қазіргі уақыттағы Қазақстандағы трансшекаралық өзендер суының сапасы, .- ТАРАЗ,2013, -162 с.

3.Жамбыл облысы суармалы жерінің мелиоративтік жағдайы туралы ақпараттық есеп. –Шымкент, 2012. -78 б.