Биологические
науки / 7.Зоология
Г. Б. Баримбекова
І.Жансүгіров
атындағы ЖМУ (Талдықорған қ.)
ОПИСТОРХОЗДЫҢ ҚАЗАҚСТАНДА ТАРАЛУ
ОШАҚТАРЫ
Opisthorchis felineus (Rivolta, 1884) описторхистің екінші аралық иесінің бар екені
жарты ғасырдан аса белгілі. Қазіргі кезде описторхистің
қоздырғышы балықтың және балық
тұқымдастардың 26 түрінде айқындалған.
Описторхистің құрттарын жұқтырған
балықтар Батыс Еуропадан Испанияға және Азиядан Шығыс
Сібірдегі Енисей өзенінің жоғарғы ағынына дейінгі
кеңістікте табылған.
Описторхистің
қоздырғышының екінші аралық иесін
жұқтырылуы бойынша материалдарды талдау барысында олардың
оңтүстік теңіздер бассейіндерінде түрлік жағынан
мол екені анықталды.
Оңтүстік теңіздер бассейіндерінде описторхоздардың
түрлік құрамы
|
бассейні |
түрлерінің
саны |
балықтың
түрлері |
|
Балтық теңізі |
7 |
Қара
балық, қызылтұмсық, густера, язь, плотва, гольян,
щиповка |
|
Солтүстік Двина |
5 |
Язь, плотва, густера,
қара балық, қызылтұмсық |
|
Қара теңіз |
20 |
Язь, уклея, қызыл тұмсық, плотва,
ақтабан, қара балық, сұр табан, чехонь,
ақкөз, елец, гольян, ақмарка, голавль, кодуст,
тұқы тасбас, верховка, сүгенбалық, сұр табан,
чехонь, ақ көз, елец, гальиян, ақмарқа, голавль,
подуст, тұқы, тасбас, верховка,
сүген балық. |
|
Каспий теңіз |
17 |
Язь, ақтабан,
плотва, қарабалық, ақкөз, синец, подуст, густера,
уклея, тасбас, голавль, қызылтұмсық, ақмарқа,
елец, гольян |
|
Ертіс |
7 |
Язь, елец, плотва,
ақтабан, , қарабалық, верховка, тасбас, верховка, |
|
Жоғарғы Ортаңғы Төменгі
Обь |
8 6 3 |
Язь, елец, плотва,
ақтабан, верховка, гольян, язь, елец, плотва |
|
Солтүстік Қазақстанның
ағынсыз су қоймалары |
9 |
Язь,
Чекановскийдің гольяны, қарабалық, плотва, елец
қызылтұмсық, алтын табан, ақтабан, таспасы. |
|
Енисей |
2 |
Елец, плотва |
Солтүстікпен
шығысқа қарай ығысу барысында бұл
түрдің көлемі азая бастайды. Бұған
солтүстік теңіз бассейіндерінде ихтиофауна құрамы
санының төмендеуі себепшіл болып отыр. Зерттеулер негізінде магистральды
өзендермен олардың ағындарында жүргізілген болатын.
Описторхоз бойынша эпидемиологиялы қауіпті
аймақтар. Кейбір
аймақтардағы санитарлы -
эпидемиологиялық қызметшілеріне алдын - алу жұмыстарын жүргізуде балықтардың жұқтырылу түрлері мен
аймақтары бойынша мәліметтер өте елеулі
көмек көрсетеді.
Балықтың
негізгі түрлері - ТМД
аймақтарындағы өзендер мен теңіздердің
бассеиндерінде Opisthorchis felineus
құрттарын тасушылар.
Адамның
қатысынсыз описторхоздың табиғи
ошақтылығының бар екенін дәлелдеу үшін оларда
инвазияланған жабайы жануарларды ғана емес, сонымен қатар,
қоздырғыштың ары қарайғы жолын бақылап,
ошақтың өмір сүруінде аңдардың жетекші
ролін де көрсету қажет. Демек қоздырғыштың
ошақтағы айналымының жалпы жолын бақылау қажет.
Қазақстанда
описторхоздың табиғи ошақтрының бар екені туралы
мәліметтер Сарысу өзенінің ғылымдар 1960 жылы
тексергенде алынған болатын. Бұл жерде тұқы балық
тұқымдастардың төрт түрінің
бұлшық еттерінде O. felineus метацеркарийлері табылды.
Тұрғын халықтың өзен бойында аса көп
топталуы мен өзенге тұрмыстық ағын суларды тастайтын
орындардың жоқтығы адамның су қоймаларын
ластануын инвазиялау мүмкіншілігін
жоққа шығарады. Яғни бұл жағдайға тек
қана жабайы аңдар кінәлі. Бұл мәліметтер Сарысу
өзенінде (Сидоров, Мальцев 1964 жылы) описторхоздың
табиғи-ошақтық сипаты туралы қортынды жасауға
мүмкіншілік береді [1].
Описторхоз
проблемасы бойынша зерттеулер марита сатысында иелерінің
мөлшерінің алуан түрлі және көп болуы туралы
дәлелдейді. Қазіргі кезде паразиттер сүтқоректілердің
34 түрімен бір түр тармағы мен 15
тұқымдастардың 7 отряды өкілдерінде тіркелген.
1. Отряды:
Жәндікқоректілер - Insectivora.
Тобы: Erinactidae - Кірпілер. Кірпі (Erinactus europeus).
Тобы: Soricidae - Жерқазғыштар. Кутора (Neomys fodiens).
2. Отряды:
Lagomorpha – Қоянтәрізділер.
Тобы: Lepoidae - Қояндар. Үй қояны (Oryctolagus cuniculus).
3. Отряды:
Кемірушілер - Rodenti.
Тобы: Gavidae -
Шошқалар. Теңіз шошқасы (Cavia cabaya).
Тобы: Sciuridae - Тиіндер. Ала тышқан (Eutamias sibiricus).
Тобы: Castoridae - Құндыздар. Құндыз (Castor fiber).
Тобы: Muridae - Тышқандар.
Қамба егеуқұйрығы (Rattus
norbegisa). Үй тышқаны (Mus
musculus).
Тобы: Gricetidae - Атжалман тәрізділер. Алтын атжалман (Mesocricetus auratus), ондатр (Ondatra ziberetica), су сұр
тышқаны (Arbicola terrestris).
4. Отряды:
Жыртқыштар - Garvinora.
Тобы: Ganidae
- Иттер.
Қасқырлар (Canis lupus),
ит (C. familiaris) кәдімгі
түлкі (Vuples vuplis), қарсақ (V. сorsac), ақ
түлкі (Alopex lagopus), жанат тәрізді ит (Nyctereutes
procyonoides).
Тобы: Ursidae
- Аюлар. Қоңыр
аю (Ursus arctos).
Тобы: Mustelidae - Ақ сусалар. Ақкіс (Mustela erminia), ақ тышқан
(V.nivaris), сібір күзені (M.sivirica), дала күзені (M.
eversmanni) европалық күзен
(M. lutriola), қамшат (Martes zibellina), құну (Guio gulo), борсық (Meles
meles), қама (Lutra lutra).
Тобы Felidae. -
Мысықтар. Үй мысығы (Felis catus), арыстан (Panthera
leo).
5. Отряды:
Жарғақ аяқтылар - Pinnipedia.
Тобы: Pnocidae. - Нағыз итбалықтар. Каспий
итбалығы (Рhoca caspica).
6. Отряды: Artiodactyle –
Айыртұяқтылар.
Тобы: Suidae
- Шошқалар. Жабайы шошқа (Sus scrofa), үй шошқасы (Sus scrofa domestica).
7.
Отряды: Primates -
Приматтар.
Тобы: Hoinidae - Адам (Homo sapiens).
Жоғарыда
аталып кеткен түрлердің арасында инвазияның таралуы,
олардың описторхоздың белгілі немесе белгісіз
ошақтарының өмірінде атқаратын ролі біркелкі емес
және көптеген себептермен анықталады.
Адамдар
арасында описторхоз қоздырғыш ареалы шекарасында және
кездейсоқ пайда болатын оның шеңберінен тыс тіркелген.
Соңғысы -
науқастың аурудың таралуы шиеленіскен жерде
болған, немесе ошақтан әкелінген зиянсыздандырылған
балықты тағамға қолданғанының нәтижесі.
Табиғи
ошақ төменде көрсетілген
(Сурет 1).
Қоздырғыштың
айналымы мына сызба бойынша жүреді:
жабайы аңдар –
ұлулар -
балық - жабайы
аңдар.

Сурет 1. Описторхоздың табиғи
ошағының биологиялық құрылымының сызбасы
O.felineus-тің
көптеген сүтқоректілерде паразиттелену қабілетіне
қарамастан (олардың көбінде де болуы мүмкін),
қазіргі күні описторхоздың табиғи
ошақтарының өмір сүруін қамтамасыз ететін
төрт түрі ғана белгілі: ондатр, су сұр тышқаны,
күзен, доңыз. Балықтардың метацеркарийлермен
жұқтырылу дәрежесі, яғни ошақтың шиеленісу
көптеген себепкер-шарттарға байланысты. Олардың арасында су
қоймасының гидрологиялық сипаттамасы маңыздысы болып
табылады [2].
Урбанизация,
өзен көлігінің даму, жабайы аңдар
мөлшерінің азаюы соңында описторхоз
қоздырғышының биологиялық тізбегінен
ығыстырылуына, оның орнына адамның келуіне әкеледі.
Осындай ошақтардың өмір сүруне адамның
ролінің маңызды екенін мойындай отырып, казіргі кезде оларды
антропикалық ошақтар тобына боліп отыр.
Мұндай
ошақта қоздырғыштың айналымы мына сызба бойынша
жүреді: Адам - ұлулар -
балықтар - адам (Сурет 2).

Сурет 2. Ошақта
қоздырғыштың айналымы
Бұл
сызба мысық, ит және тіпті жабайы аңдардың да кейбір
қатынас бар екенін жоқтамайды. Бірақ та, су
қоймаларының тұрмыстық ағындармен жаппай ластануы
көрініснде бұл қатынасудың үлесі өте аз
болғандықтан, аталған жануарларды бұл сызбада атап
өту маңызды емес деп ойлаймыз. Оларды атап көрсету
антропикалы ошақта инвазиямен күресу бағытын адастыруға
әкелуі мүмкін.
Антропикалық
ошақтың шиеленісуін анықтауды шешуінің бірден бір
маңызды себепкері су қоймасына түсетін инвазиялық
бастаманың мөлшері болады
Қоздырғыштың
айналмасы мына сызба бойынша жүреді: Адам – жабайы аңдар – ұлулар – балықтар – адам – жабайы аңдар (Сурет 3).

Сурет 3. Аралас түрдегі ошақ
Тұрғылықты
халықтың мөлшері едәуір көп аудандарда және
O. felineus- тің табиғаттағы айналмасын сүйемелдейтін
мүмкіншілігі бар жабайы аңдардың шоғырлануының
жеткілікті болғанында осындай ошақтардың тіршілік етуі мүмкін.
Қазіргі кезде мұндай түрдегі ошақтардың мысалы аз
ғана. Оларға Қазақстандағы Нұра
ошағының ортаңғы бөлігін жатқызуға
болады. Әрине, Нұра өзенінің жағалауында
орналасқан үлкен ауылдары өзен алқаптарын
тұрмыстық қалдықтармен ластайды. Алқаптағы
су қоймаларының гидрологиялық ерекшеліктері, ондатр мен су сұр тышқанының
мөлшерінің көптігі олардың описторхозды инвазияны
сүйемелдеп отыруға қатынасуын болжамдауға негіз береді.
Әдебиеттер:
1.
Бэер С.А., Белякова Ю.В., Сидров Е. Г. Описторхоз
қоздырғыштарының иелерін зерттеу әдістер. - М., 1978. - 135 б.
2.
Беляева Н. Г., Горбунов Н.С. Алтай өңіріндегі
описторхоздың ошақтары мәселелері. -
Адамның описторхозы. - Томск, 1979. - 20-21
б.б.