Экономические науки/10. Экономика предприятия
к.э.н., Дузелбаева
Г.Б., магистрант Басыгараев Н.
Кызылординский
государственный университет им. Коркыт-Ата
Дағдарыс жағдайында
кәсіпорынның тәуекел қызметін бағалау
Тәуекелдік
ұғымы - кәсіпорын ресурстарының бір
бөлігін жоғалту ықтималдылығы, қызметті
жүзеге асыру нәтижесінде табыстың жеткілікті көлемде
алынбауы немесе қосымша шығындардың пайда болуы деп
түсіндіріледі.
Тәуекелдікті
анықтауда келесі маңызды сәттерді бөліп
қарастыруға болады:
1.
Тәуекелдік – экономикалық қызметтің барлық
салаларында орын алатын, жан-жақты категория;
2.
Тәуекелдік – шешім қабылдау мен таңдау жасау
нұсқаларының көп болған жағдайы. Берілген
анықтаманы ашу үшін:
-
тәуекелдік нақты жағдаймен байланысты болады;
-
ситуация шешім қабылдау мен таңдау жасау және оны
жүзеге асырып, оң нәтиже алу процесінен тұрады;
3.
Классикалық түсінік бойынша тәуекелдік –
шығынға ұшырау қаупі[1].
Тәуекелдікті талдау –
белгілі бір жобаны жүзеге асыруға кедергі келтіретін немесе теріс
әсер ететін тәуекелдік факторларына талдау жасау болып табылады.
Тәуекелдікті талдау тәуекелдікті бағалаудан,
тәуекелдікті азайту тәсілдерінен немесе сонымен байланысты
жағымсыз әсерлерді төмендетуден тұрады.
Бірінші кезеңде сәйкес факторларды тауып,
олардың маңыздылығын бағалау жұмыстары
жүргізіледі. Тәуекелдікті талдауды тағайындау – болашақ
серіктестерге олардың жобаға қатысуының тиімділігі
жайлы бір шешімге келуіне көмектесетін барлық мәліметтерді көрсету болып табылады.
Тәуекелдікті талдауды екі түрге бөлеміз:
-
сапалық;
-
сандық.
Сапалық тәуекелдік мақсаты –
тәуекелдік факторларын, облыстарын, түрлерін анықтау.
Сандық тәуекелдік
мақсаты – жоба тәуекелдігі мен жекелеген тәуекелдік
көлемін сандық анықтау.
Тәуекелдікті бағалау - тәуекелдік деңгейін сандық немесе сапалық
анықтау болып табылады. Кәсіпкерлік тәуекелдіктің
сандық және сапалық түрлерін ажырата білу
маңызды.
Сапалық талдау – қарапайым болып келеді,
оның басты мақсаты тәуекелдік түрлерін және
белгілі бір жобаны жүзеге асыруға ықпал етуші
факторларын анықтау.
Сандық талдау төмендегілер арқылы
анықталады:
а)
нақты нәтиженің күтілген мәннен төмен
шығу ықтималдылығы;
б)
күтпеген шығынның болу ықтималдылығымен
болашақ шығынды жоспарлау[2].
Тәуекелділік
жоғары, орташа немесе төмен деңгей бойынша
ажыратады. Тәуекел деңгейі
екі критерий арқылы өлшенеді немесе бағаланады: орташа ауытқу мәнімен
(дисперсия) және мүмкін болатын нәтижелерді
өзгермелілігімен (вариация).
Сонымен бірге тәуекелдің орташа күтілетін
мәні мүмкін болатын нәтижелерді де бағалайды. Ауытқу орташа күтілетін мәннің
орташа көлемнен ауытқу өлшемі мен деңгейін
көрсетеді.
Кәсіпорынның қаржылық тәуекелін
бағалаудағы дисперсия өзімен бірге тәуекелді
салымдардың орташа күтілетін салымдардан нақты
қаржылық нәтижелердің квадраттық
ауытқулардың орташа салмақты көлемін ұсынады:
σ²==(x-x²)/n,
мұндағы σ²
- дисперсия;
x – қаржы ресурстарының салымының
әр жағдайы үшін күтілетін мәні;
x – қаржылық тәуекелдің
орташа болжамды мәні;
n – қаржы ресурстарының
салымдарының саны(жиілік).
Дисперсия қаржылық тәуекелдің
жиілігінің абсолютті тербелісін сипаттайды, ал тербелістің
салыстырмалы дәрежесін вариация коэффициенті көрсетеді. Ол келесі
формуламен анықталады:[3]
v=σ/x·100,
мұндағы v – вариация коэффициенті;
σ – орташа квадраттық ауытқу;
x – қаржылық тәуекелдің
орташа болжамды мәні.
Вариция коэффициенті 1-ден 100%-ға дейін өзгеруі
мүмкін. Вариация коэффициенті қаншалықты жоғары болады,
соншалықты тербеліс күшті. Вариация коэффициентінің
түрлі мәндеріне келесідей сапалы баға бекітілген: 10% -ға
дейін – салымдардың төмен тербелісі; 10-25% - қаржылық
тәуекелдің орташа тербелісі; 25%-дан жоғары –
қаржылық тәуекелдің жоғары тербелісі.
Дисперсия мен вариацияны қолданған кезде
тәуекелдің қаржылық нәтижені алудың
математикалық ықтималдылығы бар екенін ескеру қажет.
Бұл ықтималдылық субъективті эксперттік жолмен немесе
объективті қаржылық тәуекелдің деңгейін
математикалық есептеу негізінде анықтауға болады.
Кәсіпорынның тәуекелдерін
бағалаудың негізгі әдістері болып статистикалық
әдістер есептеледі. Олардың ішіндегі перспективалы әдіс
қаржылық тәуекелдерді факторлық талдау (факторлық
жүйе моделін қолдану) болып табылады.
Қаржылық тәуекелді бағалаудың
басқа да аналитикалық әдістері кеңінен
қолданылады. Іскерлік белсенділік, қаржылық тұрақтылық
коэффициенттері есептеледі, банкроттылыққа ұшырау
ықтималдылығы анықталады, жалпы қаржылық даму
деңгейі талданады.
Тәуекел деңгейінің түрлі салыстырмалы сипаттамалары
жасалып, рейтингтер анықталады.
Тәуекелді бағалаудың перспективалы әдісі модельдеу болып табылады.
Бұл әдістің негізгі қиындағы нақты
жағдайларға байланысты модельді
дұрыс таңдау. Модельдер қаржылық тәуекел
ықтималдылығын бағалап, нақты жағдайды
болжамдауға мүмкіндік береді.
Тәуекелді бағалаудың негізгі әдісі
кәсіпорынның қаржылық жағдайын кешенді талдау,
оның қаржылық тұрақтылығы пен төлем
қабілеттілігін талдау болып табылады[4].
Кәсіпорынның қаржылық
жағдайын экспресс-талдау кеңінен тараған. Оның
мақсаты – кәсіпорынның балансы мен қаржылық
нәтижелер және оларды қолдану туралы есебі негізінде жалпы
қаржылық жағдайын және даму динамикасын бағалау.
Мұнда қаражаттарды (активтерді) орналастыру мен қолдануына,
олардың көздеріне (меншікті капитал мен міндеттемелер, яғни
пассивтер) назар аударылады.
Қаржы тәуекелніің сыртқы белгілері
келсесілер: міндеттемелерді орындамау, төлемдерді тоқтату,
салықтарды төлеу мерзімдерінің кешіктірілуі, өндірістік,
коммерциялық дәстүрлі байланыстардың бұзылуы.
Ішкі белгілері: өндірістің тоқтап қалуы, өткізу
көлемінің төмендеуі, жұмысшылардың
қызметтен босатылуы, мерзімі өтіп кеткен кредиторлық
қарыздың жоғары үлесі, қаржы-шаруашылық
қызмет нәтижелерінің төмен көрсеткіштері,
қаржыландыру көздері ретінде қарыздық
қаражаттарды қолдану үлесінің жоғарылылығы.
Кәсіпорынның тәуекелін бағалау
үшін рейтингілік әдіс қолданылуы мүмкін. Оның
мәні: негізгі көрсеткіштер корреляциялық-регрессиялық
талдау көмегімен топтастырылады. Кейін кәсіпорынның
эксперттік өлшем бойынша белгілі көрсеткіштердің орта
салмақты рейтинг мәні (орны) ретінде есептелетін интегралды
рейтингі анықталады. Келесі кезеңде кәсіпорындардың
талданатын топтарындағы тәуекел деңгейі бойынша әр
кәсіпорынның интегралды рейтинг мәні есептеледі. Рейтингте
бірінші орынды экономикалық потенциалы жоғары және төмен
деңгейлі тәуекелді кәсіпорын алады.
Кәсіпорынның экономикалық
қызметінің тәуекелін сапалы бағалау
төмендегілерді қарастырады:
- тәуекел факторларын
анықтау;
- тәуекел туындайтын
жағдайларды талдау;
- тәуекелдердің
потенциалды облысын анықтау.
Әр
кәсіпорында жіберілетін тәуекелдің облысын анықтау
қажет. Тәуекел облысы – жалпы жоғалтулар бекітілген
тәуекелдің шекті мәнінен аспайтын мүмкін болатын
жоғалтулардың кейбір зонасы.
Тәуекел көлеміне (зона) салалар ерекшеліктері,
халық шаруашылығының құрылымдық қайта
құру жағдайында сала жағдайының өзгерісі,
өндірістің мерзімдік сипаты, капитал айналымдылығының
жылдамдығы, өндірілетін өнім диверсификация мүмкіндігі,
клиенттер мен жабдықтаушылыр диверсификациясы, әлемдік
нарыққа шығу мүмкіндігі әсер етеді.
Сонымен тәуекелдің
келесі облыстарын атап көрсететін болсақ:
- тәуекелсіз зона;
- минималды тәуекел облысы;
- жоғары тәуекел облысы;
- критикалық тәуекел
облысы;
- жіберуге болмайтын тәуекел
облысы.
Әдебиеттер:
1.Лапуста М.Т., Шаршукова Л.Т. Риски в предпринимательской деятельности. –
М.: ИФРА – М.:,1998г.
2. Абдрахманова А. Классическое и неоклассическое определение риска.
//Аль-Пари №3 – 2006г.
3. Комаров А.Г., Смирнов В.А. Инвестиционное проектирование. Учебное
пособие, изд.Санкт-Петербург – 1999г.
4. Макаревич Л.М. Управление предприятельскими рисками. Москва – 2006г.