ОҢТҮСТІК АЙМАҚТАҒЫ ТУРИЗМДІ
ДАМЫТУДЫҢ БАҒЫТТАРЫ
Сабенова Б.Н., Асанходжаева И.Ф., Садыков Ж.Ж.,
Бейсекулова А.Б.
М.Әуезов атындағы ОҚМУ
Казахстан
Қонақжайлық – адам
өркениетіндегі негізгі ұғымдардың бірі, ол
қазіргі кезде ғылыми-техникалық үрдістің ықпал
етуімен адам атаулыға жайлы жағдай мен комфорт жасаумен айналысатын
миллиондаған кәсіпқойлар еңбек етіп жүрген
әлуетті индустрияға айналды.
Қонақжайлық индустриясы адамдар
қызметінің түрлі кәсіпқой аяларын біріктіреді,
атап айтқанда: туризм, қонақ үй және мейрамхана
бизнесі, көпшілік тамақтануы, демалыс пен ойын-сауық,
конференция, семинар мен түрлі көрмелерді ұйымдастыру,
спорттық, мұражайлық-көрмелік, экскурсиялық
қызмет, сонымен қатар қонақжайлық саласына
қатысты кәсіпқой білім беру аясы. Қонақжайлық
индустриясы – күш-жігері қонақтардың, олардың
ішінде туристер де, жергілікті тұрғындар да бар, түрлі
қажеттіліктерін орындауға бағытталған адамдардың
кәсіби қызметінің күрделі, құрама
аясы.
Қазақстанның
тәуелсіздік алуы туристік қызметті реттеу мен халықтың
тарихи және мәдени мұрасын жаңғырту үшін
негіз болып қаланды.
Әлемде жер
көлемі жөнінен алғашқы ондыққа енетін
Қазақстанда туризмнің танымдық, тарихи-мәдени,
экологиялық-сауықтыру бағыттарын, тіпті спорттық
түрін дамытудың мол мүмкіншіліктері бар. Сондықтан
бұл салаға мемлекеттік бюджеттен және жеке
кәсіпкерлерден қаржы бөлуді мемлекет тарапынан жүргізу
керек. Жалпы халқымыздың туризмге деген
қызығушылығына яғни, қажетті жарнама және
инфрақұрылым мәселелерін оңтайлы шешуді талап етіп
отыр.
Өңірлік бағдарлама
қазіргі заманғы тиімділігі жоғары және бәсекеге
қабілетті туристік индустрия құруға және
экономиканың сабақтас секторларын дамытуды қамтамасыз етуге
мүмкіндік береді. Ол туризмді дамыту саласындағы мемлекеттік
саясаттың стратегиясын, негізгі бағыттарын, басымдықтарын,
міндеттері мен іске асыру тетіктерін айқындайды және туризм
инфрақұрылымын дамытуды, осы саланы мемлекеттік реттеу мен
қолдаудың тиімді тетігін құрудың, туристік
әлеуетті арттырудың, елдің тартымды туристік имиджін,
рекреациялық шаруашылық мамандануы бар аймақтар
қалыптастырудың негізгі аспектілерін қамтиды [1].
Бәсекеге қабілетті
қазіргі заманға тиімді туристік салада халықты жұмыспен
қамтамасыз ету, ішкі және кіріс туризмінің көлемін
көбейту арқылы облыс халықының табысын тұрақты
өсіруге ықпал жасау туризм саласының басты мақсаты
болып саналады.
Бұл
мақсаттарды іске асыру үшін келесі міндеттерді шешу қажет:
-туризмнің инфрақұрылымын дамыту,
туризм саласының материалдық базасын жаңарту және
жаңа нысандар құрылысын жүргізу;
-дүниежүзілік денгейге сәйкес
ұлттық туристік өнімді қалыптастыру және
оның сапасын арттыру:
-табиғи-рекреациялық және
мәдени-тарихи ресурстарды пайдалану, туристік ресурстарға қол
жетеізуді қамтамасыз ету және туристік қызметтер
қажеттілігін қанағаттандыруда ең жоғары
деңгейге жету;
-кіші кәсіпкерлікті қолдау, туризм
және қызмет көрсету саласында халықты жұмыспен
шұғылдануға ынталандыру [2].
Біріншіден, туристік
қызмет көрсету көлемінің жеткіліксіз өсуі,
туристік индустрия саласында жеткіліксіз менеджмент, материалдық
базасында мүмкіндіктердің төмендігі, облыста табиғи
көрнекті орындардың, мәдени, археологиялық,
сәулеттік-тарихи маңызды инфрақұрылымның
төмен дамуы және шығу туризмінің кіру туризмінің
дамуына залалын тигізуі.
Екіншіден,
дүниежүзілік стандартқа сай туристік нысандардың
құрылысына қызығушылық, туристік
мекемелердің көбейуі және діни, мәдени,
археологиялық ескеткіштерді қайта қалпына келтіруге
көңіл бөлінуі.
Қызмет
көрсету аясында сапаға қол жеткізу – шешілуі
кәсіпкерлік табысты қамтамасыз ететін маңызды мәселе
болып табылады. Қонақжайлық
аясында өткізілетін іс-шаралар қызметшілер мен
қонақтардың арасындағы қатынас пен
қызметшілер жұмысын басқарудың жоғары
дәрежесін талап етеді. Бұған байланысты жиі кездесетін істер
қонақ үй мекемесінің қызмет көрсетуінің
сапасын саралап, жақсартуға бағытталған (ыстық су
температурасы, орамалдар саны, асты даярлау жағдайы және т.б.).
Дегенмен, қонақ үй қызмет көрсетуінің
сапасы істің техникалық жағының мәселелерін
шешуде ғана болмайды. Қонақ үй индустриясына
қарасты мекемелердің күш-жігері әдетте өзіне
клиенттерді тартуға, қонақтардың талаптарын
мүмкіндігінше орындап, олардың сеніміне ие болуға
бағытталады. Ал бұған олардың толық
қанағаттандырылуы ғана кепіл бола алады. Сол себепті қонақ үй
мекемелерінің даму стратегиясы клиенттер қонақ үй
мекемесі арасындағы қатынасты үнемі жетілдіруге ерекше
көңіл бөліп отыруды естен шығармау керек [3].
Қонақ үй қызметінің
сапасы көбіне адам капиталының кәсібилігі мен
құштарлығынан, оның шығармашылық
қабілетінен, жаңа технологияларды қабылдай алатындығынан
және жаңа ұйымдастыру үрдістері мен материалдық
база клиенттеріне қызмет көрсетуде қолданылатын формаларына
байланысты болады. Қонақ
үй қызметінің сапасы көрсетілген қызметтің
клиент ойынан шығу шамасы болып табылады.
Сапаны үнемі жоғарылату – бұл
шығын емес, керісінше, клиенттердің берілгендігін олардың
талаптарын орындау арқылы қамтамасыз етуге негізделген
ұзақ мерзімді салым.
Болашақта туризм
индустриясы экономикалық өсу мен дамудың «көшбасшысына»
айналғанда, өндіріс, ауыл шаруашылығы, көлік және
коммуникация, құрылыс салалары жоғары деңгейдегі
қамтамасыз ету функцияларын атқаруы тиіс.
Қазақстан Республикасында туристік
қызметтерді ұйымдастырудың тұжырымдамасына сәйкес
туризм сферасында мынадай негізгі міндеттерді шешу қажет:
- туризм саласындағы мемлекеттік саясаттың
белсенділігін арттыру;
- туристік қызметтерді реттеу жүйесін
жетілдіру;
- мемлекеттің көмегімен туристік
нарықты қорғау;
- туристердің қауіпсіздігін
қамтамасыз ету;
- ақпараттық қамтамасыз ету
жүйесін жетілдіру;
- туризм саласындағы ғылыми іздену
жұмыстарын тереңдету;
- туристік нысандарды салу немесе жөндеу
мақсатында отандық және шет елдік инвесторларды тарту
арқылы туризмнің инфрақұрылымын дамыту;
- туризм саласындағы халықаралық
ынтымақтастықты дамыту;
- қоршаған ортаны қорғауды
қамтамасыз ету іс шараларын жетілдіру;
- туризм саласындағы келеңсіз
жағдайларды болдырмау.
Аталған міндеттерге байланысты туристік
фирмалардың қызметтік бәсекелестіктерін арттыратын
экономикалық тетіктерді дайындау қажеттігі туындайды. Ол тетіктер
бағалардың өзгеруіне қарамастан клиенттердің
талаптарына толық жауап бере алатындай біраз мәселелерді шешуге
мүмкіндік берер еді.
Туризмді дамытудың экономикалық
тетіктерінің негізгі мақсаты -туристік қызметтердің
бәсекелестігін арттыратын ұтымды даму үлгісін
құру.
Экономикалық тетіктер экономикалық
әдістер мен тұтқалардың көмегімен өндірісті
және шаруашылықты жүргізетін тұтастай жүйені
білдіреді.
Оңтүстік
Қазақстан облысында туризмді дамытудың бағыттарын жетілдіру
үшін мынадай шараларды іске асыру
қажет:
-Қазақстан Республикасының алда тұрған Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруін ескере отырып, туристік қызмет көрсетулердің халықаралық саудасын мемлекеттік реттеуді қамтамасыз ету мәселелері жөнінде нормативтік құқықтық актілер жобасын әзірлеу;
-Туристік және қонақ үйлік қызмет көрсетулердің сапасын техникалық реттеу жүйесінің белгіленген талаптарына сәйкес арттыру;
-Туристік
инфрақұрылымды және осы бағыттағы
іс-қимылдарын үйлестіруді қамтамасыз ету;
-Қызмет
көрсету сапасын арттыру, облыста және облыстан тыс жерлерде туристерді
қабылдау, орналастыру және қызмет көрсету
мәселелері жөнінен меншік нысаны мен ведомстволық
тиістілігіне қарамастан барлық туристік ұйымдардың
қызметін үйлестіру, жауапкершілігін арттыру[4].
Қорыта
айтатын болсақ, кешенді іс-шараларды іске асырудың нәтижесінде
азаматтардың, сонымен қатар шетелдерден келетін адамдардың
есебінен турист ағымының өсуіне ықпал жасау.
Нәтижесінде, бұл ұлттық өнімге деген қызығушылықта,
қызметтің халықаралық кәсіпкерлік пен іскер
ынтымақтастықтың маңызды саласы ретінде әлемдік
туристік нарық жүйесіне Оңтүстік
Қазақстанның кіруіне ықпал жасайды. Облыс
экономикасының шикізат емес салаларының ішінде аралығында
маңызды кіріс секторларының бірі болып табылатын дамыған,
бәсекеге қабілетті туристік индустриясы құрылады.
Сонымен қатар, облысымыз Қазақстан туризмінің
орталығы болуына нақты жағдай мен мүмкіншіліктерге ие
болады.
Қолданылған
әдебиеттер:
1. Мазбаев О.Б., Омаров К. М. Қонақ
үй шаруашылығы және туристік бизнес, Астана-2003ж.
2. Жолдасбеков А.А., Естанова А.Б. Организация и управления СКС.
Учебное пособие. Шымкент: ЮГКУ
им.М.Ауезова, 2006ж.
3. Ердавлетов С.Р., О развитии туризма как доходной отрасли
экономики в РК.-Алматы, 2001г.
4. Пыхарев
А.Н и др. Организационно - правовые основы
туристской деятельности в РК. Алматы, 2001г.