Сатанбаева Алматай Утековна
Ақтау қаласы, Ш.Есенов атындағы КМТжИУ
Экономика және құқық
факультеті
Қазақстан
Республикасы төлем жүйесінің мәселелері
Төлем жүйесі – бұл қаржы немесе материалды
ресурстарды алушы шаруашылық субъектілердің міндеттемелерін
өтеуге байланысты келісім шарттардың жиынтығын және
төлемдердің кедергісіз жүруін қамтамасыз ететін
жүйе.
Төлем
жүйесінің маңыздылығы қаржы және
экономикалық қызметтердің нәтижесінде
қабылданған міндеттемелердің уақытылы
орындалуының қорытындысына әсер ету,тауар мен қызметті
жеткізушілер мен тұтынушылар арасындағы ақша
құралдарының аударылуы уақытылы және тиімді
түрде жүргізілуін қамтамасыз етуде. Осыған
байланысты,қаржы нарығы мен экономиканың банк секторы елдегі төлем
жүйесіне байланысты тиімді қызмет атқарады.
Экономика мен
елдің банк жүйесін реформалау аз тәуекелмен және
төлемдердің тез жүргізілуін қамтамасыз ететін сенімді,
қауіпсіз және тиімділігімен
ерекшеленетін төлем жүйесінің құрылуына
қажеттілік тудырды.
Төлем
жүйесін реттеудің маңызды элементі болып қаржы
тәуекелділігін талдау және
оны минимизациялау әдістері табылады.Қаржылық
тәуекелділік - бұл табыстың төмендеуі, пайданың
жоғалуы және белгілі бір себептерге байланысты
шығындардың пайда болуы.Тәуекелділік қаржылық
тәжірибеде банкроттылықтың ықтималдылығы ретінде
қарастырылады.
Операцияларды
өңдейтін делдалдар, соның ішінде банктер, сонымен қатар, соңғы
банкаралық есеп айырысуды жүргізетін орталық банк үшін қаржылық операция әр
қатысушы тарапқа тәуекелділік тудырады. Қаржы
нарығын қамтамасыз ететін бағалы қағаздар
мен ірі банкаралық ақша
құралдарын аудару жүйесі
тәуекелге жоғары деңгейде түседі.
Ішкі
тәуекелдердің негізгі түрлері қаржылық
қызмет көрсететін банктермен байланысты және төлем жүйесінде
келесі тәуекелдердің түрлері қарастырылған:
- несие,
өтімділік, жүйелік және есеп айырысу (операциялық
және техникалық)тәуекелдері, сонымен бірге, валюталық
операцияларды реттеудегі және алаяқтықпен байланысты
тәукелдер. Банк тәуекелдері толығымен жойылып кетпейді.
Тәуекел дәрежесі бұл банк қатыса алатын келісім
шарттарға, яғни, олардан күтілетін пайда көлеміне
байланысты.Тәуекел дәрежесі жоғарылаған сайын пайда көлемі де жоғары болу
керек.
Бірінші кезекті
шешімін қажет ететін орталық банктің басты мәселесі
жүйелік тәуекел болып отыр. Яғни, кері тізбекті әсер
етуші тәуекел. Ол несие тәуекелі мен өтімділік
тәуекелінен туындауы мүмкін. Төлем жүйесінің
қатысушыларының бірі міндеттемелерін орындамағандықтан
басқа да қатысушылардың төлей алмаушылығынан өз
артына әсер етуі мүмкін.
Жүйелік
тәуекелдерді реттеу және мемлекеттік органдардың өзара
іс-қимылын реттеу мақсатымен Қазақстан
Республикасының қаржы секторын дағдарыстан кейінгі
кезеңде дамыту тұжырымдамасын қабылдады.
Аталған
тұжырымдама орта мерзімді болашақта сәйкессіздіктердің
жинақталуын, нақты және қаржы активтері
нарығындағы «көпіршіктердің» пайда болуын ерте
анықтау және болдырмау, сондай-ақ жүйелік тәуекелдерді
барынша азайтудың оңтайлы тетігін тұжырымдау өзекті
бағыт болып табылады. Осы бағыттағы мемлекеттік
саясаттың болашақ моделі макропруденциалдық реттеу
жүйесін іске асыруға бағытталады.
Макропруденциалдық
реттеу ұғымы:
1) тұтастай алғанда жекелеген
қаржы институттарының ұжымдық біртекті
іс-қимылдары нәтижесінде туындайтын қаржы
жүйесінің жүйелік тәуекелдерін реттеуді;
2)
институттарды олардың мәнділігі және олардың жүйе
құрайтын сипатына байланысты әр түрлі реттеуді
(барлық қаржы институттарына қатысты бірыңғай
нормаларды белгілеуді болжайтын микропруденциалдық тәсілден
өзгеше) білдіреді.
Жүйелік
тәуекелдерді азайтудың екінші негізгі бағыты
нарықтың қаржы ресурстарын алмастыруға
қабілеттілігін, мемлекеттік ресурстарды пайдаланудың тиімділігін
және тұрақты экономикалық өсудің
экономикалық саясатын іске асыру үшін қаржы делдалдығы
институттарын пайдалануда мемлекеттің ұзақ мерзімді
мүдделерін ескере отырып, мемлекеттің банк жүйесінен
бірте-бірте шығуын қамтамасыз ету болады.
Мемлекет
бұрын болжанған мерзімнен барынша ұзақ мерзімге
банктердің негізгі кредиторы болуға мәжбүр бола отырып,
мемлекеттік саясаттың мақсаттары мен міндеттерін іске асыру кезінде
агенттер ретінде болатындардан басқа, орта мерзімді болашақта
қаржы институттарының акционері болып қалуды жоспарламайды. Мынадай
қағидаттарға негізделген шығу стратегиясы айқындалады:
1) бір
жағынан, салық төлеушілердің салынған ресурстарын
сақтап қалу - экономикалық пайданы алу міндеттерінің
теңгерімін ескере отырып мемлекеттің банктердің капиталына
қатысуын іске асырудың баға өлшемдерін, екінші
жағынан, инвесторлардың ұзақ мерзімді
экономикалық мүддесін жасауын бағалау;
2) орта
мерзімді болашақта банкті капиталдандыруды бұдан әрі
ұлғайту кепілдігі болған кезде ішкі және сыртқы
инвесторлар арасында кемсітушіліктің болмауы;
3)
жүйенің кәсіпорындар қаражатының және
халықтың жинақ ақшасының қажетті
көлемін тарту қабілеттілігін ескере отырып, банктерге
экономиканың нақты секторын қаржыландыруға берілген
ресурстарды қайтарудың нақты орта мерзімді жоспарын
айқындау;
4)
қаржы институттарының стресті активтер нарығын құруғажәне
несие берешегін басқару институттарын дамытуға белсенді көмек
көрсету;
5)
банктердің мемлекет индустриялық саясат шеңберінде
бөлетін қаржы ресурстарын заемшылар арасында кредиттік
тәуекелдің тиімді деңгейі жағдайында,
экономиканың жекелеген секторларын қаржыландыруда таңдауды
және артықшылықты болдырмауда тең бөлу.
Банк секторын
тәуекелдерден қорғау және басқару
жүйесінің жоқтығы немесе ол жүйенің
жеткіліксіз дамуы; экономиканың, оның ішінде банк секторының
сыртқы макроэкономикалық факторлардың жағдайсыз
өзгеруіне сезімталдығы; банк секторының
заңнамалық және нормативтік құжаттарының
банк жүйесін тәуекелдерден қорғауғаәлі
жеткіліксіздігін, оларды жетілдіру қажеттігін; банктердің сырттан
қарыз тарту саясаты әрқашанҰлттық банктің,
Қаржылық қадағалау комитетінің бақылауында
болу қажеттігін және бұл бағыттағы нормативтік
құжаттар үнемі жетілдіріп отыруға тиістігін;
Қазақстан банкілерінде қазіргі жаhандану үдерісіне сай
«тәуекел – менеджмент» стратегиясы болу қажеттігін.
Қазіргі кезде банктердің
көпшілігі өздерінің басқару стратегиясының
негізіне консервативті саясатты таңдап алуда, ал кейбіреуі, соның
ішінде ірі банкілер, тәуекел – менеджмент жүйесінің сапасын
түбегейлі өзгертуді қолға алуда. Дағдарысқа
дейінгі жылдары банктердің кредиттік саясаты консервативті
ұстанымда болатын. Кредит беру процесінде банк алдымен қарыз
алушының төлем қабілеттігіне, сонан кейін кепілзатын
бағалайтын. Кейін сырттан көп қаржылық ресурстар
тартыла бастаған уақытта, кредит талаптары жеңілдетілді.
Тіпті кейбір банкілер кепілзатсыз кредиттер бере бастады. Дағдарыс
басталып кеткенде – банктер тәуекелдердің маңыздылығын,
оларды есепке алу қажеттігін, әсіресе сырттан қарыз алудың
қаншалықты тәуекелі жоғары екенін түсінді.
Әдебиеттер:
1. А.И. Обаева - Платежная
система Казахстана и пути ее развития: автореферат.
2. А.А. Ильяс - Платежная
система Республики Казахстан: теория и практика учебное пособие.
3. И.В. Селезнева -
Платежная система Республики Казахстан: теория, практика, автореферат.
4. nationalbank.kz