ЛИЗИНГТІК ОПЕРАЦИЯЛАРДЫ
ДАМЫТУДЫҢ ҚАЖЕТТІЛІГІ МЕН МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Жұмалы
Т.Б
С.Сейфуллин
атындағы Қазақ агротехникалық университеті, Астана қ.,
Қазақстан Республикасы
E-mail: Tansholpan0102@mail.ru
Лизинг бүгінгі әлемдік экономикалық
дағдаpыc жағдайында маңызы баp инвеcтициялық
cаяcаттың құpалы болып табылады. Лизингті дамытудың
өзектілігі қазіpгі кезде отандық кәcіпоpындаpды
қаpжыландыpудың балама көзіне айналуымен cипатталады.
Cондықтан да бұл қызмет түpі өзінің
экономикалық табиғаты жағынан ұлттық
экономикамыздың cауығуына және әpі қаpай
өpкендеуіне үлкен үлеc қоcатын,
ал екінші жағынан халықаpалық деңгейде отандық
өндіpушілеpдің шетелдік cеpіктеcтеpмен жаңа байланыcтаp
оpнатуға, оны нығайтуға ықпал ететін
қаpжылық қызмет түpіне жатады.
Лизинг – шетелден елімізге жоғаpғы
технологиялаpға ие құpал-жабдықтаpдың келуіне жол
ашатын және кәcіпоpынға қаpжылық
өтімділігін cақтай отыpып,
негізгі капиталға инвеcтиция жұмcаудың балама
көзі.
Лизинг нарығы Қазақстандағы
негізгі капиталдарды жаңартудың ең талап етілген және
келешегі бар қаржылық құралдарының бірі болып
қала бермек, оған банктік несиелендіру
артықшылықтарының болуы, мемлекеттік қолдау,
сондай-ақ негізгі қорлардың айтарлықтай тозуы
мүмкіндік береді.
2015 жылы экономиканың көптеген салалары
бойынша лизинг нарығын дамытудағы мемлекеттің
атқарған рөлі айтарлықтай болғандығы
байқалады, оның дәлелі акционерлері болып табылатын лизингтік
компаниялардың жоғары үлесі (80% жоғары), соның
ішінде мемлекеттік институттар.
Қазақстан экономикасының
шикізаттық бағытта дамып отырғандығын ескеріп, ҚР
Үкіметі оның бағытын өзгерту жолында республикамыздың 2003-2015
жылдарға арналған индустриалды-инновациялық стратегиясында
еліміздің өндірістік секторындағы қызмет ететін негізгі
құралдарды жаңарту міндетін белгілеген болатын.
Сонымен қатар
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев
ұлттық экономиканы көтерудің басымды шаралардың
біріне инвестицияларды пайдалану жатады және бұл орайда
экономиканы құрылымды
өзгертуде сонымен қатар
көп жылдық дағдарыстан шығуда лизинг алдыңғы
қатарлы және тиімді қаржыландыру түріне айналады деген болатын. Осы жерде
кәсіпорындарды орта және ұзақ мерзімді қаржыландырудың қазіргідей
тиімді формасы лизинг бола алады. Лизинг қазіргі кезде қызмет
жасайтын және жаңадан құрылатын лизинг
алушылардың активтерін ұлғайтудың ең тиімді
құралы болып саналады.
Әлемдік
тәжірибеде бұл құрал шағын және орта
бизнестің қолжетімді қаржыландыру көзіне
айналған. Бастапқы кезде лизингтің дамуы үшін
мемлекеттің қолдауы қажет екендігі белгілі. Мемлекет
лизингтің дамуы үшін жасайтын қадамдарына
салықтық жеңілдіктер және кеден бажынан босату
сияқты шаралары бәсекеге қабілетті өндірісті
дамытуға ықпал етері сөзсіз.
Лизингтің дамуы
үшін қолайлы макроэкономикалық және нормативтік
ахуалдың болуы қажет. Экономикалық қатынастар
тұрғысынан алғанда лизинг бұл өндіріске капитал
инвестициялауға байланысты банктің қаржылық
қызметтерінің біріне жатады. Қазақстандағы лизингтік
қызметтер нарығы 2000 жылдан бастап қана белсенді дами
бастады. Бұл жерде лизингтік мәмілелердің басым бөлігі
Қазақстандағы ауылдағы әлеуметтік
мәселелерді шешуге арналған агроазық-түлік
бағдарламасы төңірегінде үкіметтің бастамасымен
100 пайыз мемлекеттің қатысуымен құрылған
лизингтік компанияларға тиесілі. Қазіргі кезде
Қазақстанда қаржылық лизинг сияқты қаржы
нарығының бір секторы қалыптасып дамып отыр десе болады.
Қазақстан мемлекеті бүгінгі күні лизингтің
дамуына үлкен көңіл бөлуде. Ең бастысы лизингтік
қатынастардың дамуына қажетті заңдылықтар базасы
жетілдіріліп, салық салуға байланысты жеңілдіктер
жасалды[3].
Қаржы
лизингінің несиелік қатынастары көп аспектілі және
кең мағыналы болып келеді.
0
![]()
Сурет 1 −
Қаржылық лизингтің несиелік аспектілерінің сипаты
Қаржы
лизингі несиенің бір нысаны ретінде қарастырылады.
Халықаралық тәжірибеде қаржы лизингі – капиталды лизинг
немесе лизингке берілетін активтің толық өзін-өзі
өтейтін лизинг ретінде сипатталды. Қаржы лизингі жалгерлік,
саудалық, несиелік және өзге де экономикалық
қатынастар жиынтығын білдіреді.
Бүгінгі
таңда біздің елімізде лизингтік операциялардың дамуы лизинг
шартымен пайдалануға беру мақсатында жабдықтарды сату
үшін қажетті ақша қаражаттарын жинақтау
мәселесіне келіп тірелуде.
Сонымен қатар, қазіргі таңда болып жатқан
экномикалық жағдай салдарынан лизинг нарығындағы
лизингтік құралдардың дамуы теріс көрсеткіштерге ие.
Бірақ, еліміздегі лизингтік қызметпен айналыcушылаpға мемлекет
көптеп қолдау жаcауда. Ол біp жағынан лизингтік компания
өз қызметін жандандыpу аpқылы кәcіпкеpлікті
дамытуға, жұмыc баcтылық мәcелелеpін шешcе, екінші
жағынан лизинг беpуші компаниялаpдың қызметін пайдалану
аpқылы, еліміздің көптеген кәcіпоpындаpы өз
құpал жабдықтаpын жаңаpтуға және cол
аpқылы өз қызметін дамытуға мүмкіндік алды.
Соңғы мәліметтерге жүгінсек, 2015 жылдың
бірінші жартысында лизингтік компаниялардың жаңа бизнес
көлемі өткен жылдың осындай кезеңімен
салыстырғанда 35 % -ға өсіп, 43,7 млрд теңгеге жетті.
Жаңа бизнес көлемі мен ағымдағы портфелінің
рейтінгі тұрғысынан, былтырғы жылмен салыстырғанда
мемлекеттік лизингтік компаниялардың үлесі алғашқы
үш орынды алады. Бұл көрсеткіш мемлекет тарапынан
қолдаудың айқын сипаты болып отыр[2].
Қаржыландыру көздері мен қаражат көздерін тарту
сонымен қатар, заемшылар үшін лизинг бағасының
теңгеміздің құнсыздануының салдарынан
жоғарылауы лизинг нарығына әсер ететін факторлардың
негізгілерінің бірі болып табылады.
Лизингтік нарықтағы сұранысты, ең алдымен лизингке
алушылар, яғни, халық шаруашылығының барлық
салаларындағы заңды тұлғалар және
кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалар
қамтамасыз етеді. Соған байланысты лизингтік қызметті
тұтынушылар өздеріне қажетті мүліктерді лизингке алу
үшін келесідей негізгі талаптарға жауап беруі қажет:
ü пайданың
жоғарғы мөлшерін қамтамасыз етуі керек;
ü жеткілікті деңгейде
кәсіпкерлік және экономикалық дайындығы болуы
қажет;
ü төлем
қабілеттілігінің сенімді кепілін көрсету керек.
Қазіргі Қазақстандық жағдайда лизингке
алушылардың көптеген себептерге байланысты өздеріне
қажетті мүліктерді сатып алу үшін тұтынушылық
қабілеттіліктері төмен екендігі белгілі. Бірақ бүгінгі
күні көптеген жеке және заңды тұлғалар
үшін өз өндірістерін заман талабына сай, өте аз
уақыт аралығында техникалық жағынан жаңарту
қажеттіліктері бірінші кезектегі міндеттердің бірі болып саналады.
Сондықтан да, лизинг біздің ойымызша құрылғыларды
сатып алудың немесе уақытша пайдаланудың икемді
құралдарының бірі болып табылады[4].
Қорытындыда лизинг операцияларын мемелекет тарапынан және жеке салалар бойынша да дамытудың маңыздылығын көруге болады. Лизинг операцияларының дамуы экономика субъектілерінің, экономикалық қарым-қатынастардың тепе-теңділігіне және экономика нарығының өсуіне ықпал ықпал етеді. Біздің ойымызша осыдан, лизинг операцияларының қажеттілігі көздеген мақсаттарға қол жеткізуге мүмкіндіктер береді.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.
Қазақстан Республикасының азаматтық кодексі (ерекше
бөлім) (Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1
шілдедегі N 409 Кодексі) // adilet.minjust.kz
2.
Қаржы лизингі туралы Қазақстан Республикасының 2000
жылғы 5 шiлдедегi N78 Заңы // Қазақстан Республикасы
Парламентiнiң Жаршысы, 2000 ж., N10, 247-құжат
3.
Акиндинов А.
"Лизинг в РК в самом начале становления", Экономика и жизнь от
22.03.03. УЧ 12.
4.
«Қазақстан
Республикасындағы лизингтің дамуы» // Аль- пари. №4. 2013.
5.
«Лизингтік қатынастарды басқару мәселелері» // Аль-пари.
№4. 2013