Нурманалиева Г.А.
М.Х.Дулати атындағы ТарМУ
Қазақстанның
индустриалды-инновациялық дамуындағы шетелдік
инвестициялардың алатын орны
Қазақстанның
индустриалды-инновациялық дамуының алғышарттары:
1.
Индустриалды - инновациялық дамудың жаңа деңгейіне
шығу және 2020 жылға дейін отандық
өнімдердің бәсекеге қабілеттілігін көтеру.
2.
Премьер-Министрдің басшылығымен инвестициялық жобаларды
іске асыру барысын қадағалау жөніндегі Басқару
орталығын құру
3.
Үдемелі индустрияландыруды қолдаудың төрт бюджеттік
бағдарламасын әзірлеу (Индустрия және сауда министрлігі
және Экономика министрлігі бірлесіп):
- «Бизнестің жол картасы – 2020» -
өңірлерде кәсіпкерлікті дамытуға арналған;
- «Экспортер-2020» - шикізат өндірмейтін секторды ынталандыруға
арналған;
- «Лизинг- 2020» - технологиялық жаңғырту және
экономиканың өнімділігін көтеруге арналған;
- «Инвестициялар – 2020» - ірі инвесторлар мен трансұлттық
компанияларды тартуға арналған
«Инновациялық даму»
дегеніміз жаңа жаңалық пен ғылымды, технологияны
өндіріспен тығыз байланыстыру көзделген экономикалық
даму бағыты. Республикамыздың 2003-2015жж.
Индустриалды-инновациялық дамуы Стратегиясының басты мақсаты
да тұрақты өсім траекториясына шикізаттық
бағыттан сервистік-технологиялық экономикаға көшу
мақсатында өндіріс салаларын диверсификациялау көзделген.
Инновациялық даму жолын таңдау себептерінің негізгілері:
əлемдегі өнеркəсіптің технологиялық жолмен
қарқынды дамуы, əлемде жаһандану процесінің
өріс алуы, Қазақстанның БСҰ-на кіру
мақсатына байланысты өнеркəсіпті бəсекелестікке дайындау қажеттілігі
жəне бəсекеге қабілетті еңселі елу елдің
қатарына қосылудағы мақсатқа жету.
Саясаттың басты
мақсаты шикiзаттық бағыттан бас тартуға ықпал
ететiн экономика салаларын әртараптандыру жолымен елдiң
тұрақты дамуына қол жеткiзу; ұзақ мерзімді
жоспарда сервистiк-технологиялық экономикаға өту үшiн
жағдай жасау болып табылады.
Өңдеушi
өнеркәсiпте және қызмет көрсету саласында
бәсекеге түсуге
қабiлеттi және экспортқа негiзделген тауарларды,
жұмыстар және қызмет көрсетулер өндiрiсi
мемлекеттiк индустриялық-инновациялық саясаттың басты
нысанасы болып табылады.
Бәсекеге түсу
қабiлетi дегенiмiз қазақстандық
кәсiпорындардың экспортқа шығарылатын өнiмдердi
өндiру қабiлетiн бiлдiредi. Басқаша айтқанда,
өңдеушi өнеркәсiптiң өнiмi осындай
әлемдiк стандарттарға сәйкес келуi керек және
баға бойынша бәсекелесуге қабiлеттi болуы тиiс.
Саясат мынадай қағидаттарға негiзделедi:
-
жеке сектормен серiктестiк;
- инвестициялық және инновациялық ұсыныстардың
өнеркәсiптің шикiзаттық емес салаларында
өндiрiлетiн тауарлар мен қызметтердiң бәсекелестiк
қабiлетiн арттыруға бағытталуы;
-
өнеркәсiптi жаңғыртуға, оларға
қолдау көрсету жөнiндегi рәсiмдердiң
жариялылығы мен ашықтығына бағытталған жобаларды
iске асыруға мемлекеттiк қаржылық және өзге
қолдау көрсету;
-
қосылған құн тiзбегiн дамытуды қамтамасыз
ететiн салаларға мемлекеттiк қолдау көрсету шараларының
кешендi сипаты;
-
тең бәсекелестiк жағдайларды және салауатты
бәсекелестiк ортаны қалыптастыруды қамтамасыз ету;
-
қандай да болсын жеке сипаттағы жеңiлдiктерден және
преференциялардан бас тарту;
-
индустриялық саясаттың бәсекелестiк
артықшылықтарды қалыптастыруға бағытталуы.
Индустриалды-инновациялық
саясат индустриядан кейiнгi дамудың перспективалы бағыттарында
ғылыми-техникалық, инновациялық және өндiрiстiк
әлеуеттi ұлғайтуға бағытталған, ол
болашақта қағидатты бәсекелестiк
артықшылықтарды алуға жәрдемдесуге тиiс.
Негiзгi бағыттар мыналар
болуы тиiс:
1.
Жоғары технологиялы өндiрiстер қалыптастыруға,
оның iшiнде шетелдiк те, салааралық та технологиялар
трансфертiнiң тиiмдi жүйесiн жасауға жәрдемдесу.
2.
Жоғары ғылыми-технологиялық әлеуетi бар
ғылыми-техникалық және өнеркәсiптiк ұйымдар
мен кәсiпорындар желiсi бар қалаларда қазiргi заманғы
ғылыми және инновациялық инфрақұрылымды жасап,
оның қазiргi заманғы элементтерiнiң қызметiн
(технопарктер, ұлттық ғылыми орталықтар,
ғылыми-технологиялық аймақтар және c.c.) қолдау.
3.
Индустриядан кейiнгi экономика тұрғысынан алғанда
озық салаларды дамытуда қазiргi ғылыми-техникалық
әлеует салаларын пайдалану. Қазақстан
қазiрдiң өзiнде мына салалардағы әзiрлемелер
негiзiнде ғылымды көп қажет ететiн өндiрiстердi дамыту
үшiн белгiлi бiр ғылыми базаға ие, оның iшiнде:
биотехнологиялар (ауыл шаруашылығы дақылдарының жаңа
сорттары мен жануарлардың генотиптерi, бактериялар штамдары және
басқалары); ядролық технологиялар; ғарыштық
технологиялар; жаңа материалдар, химиялық өнiмдер және
басқаларды жасау.
4.
Қазiргi заманғы ғылыми-техникалық
бағыттардың жаңа материалдар мен химиялық технологиялар
және ақпараттық технологиялар салаларында зерттеулер
жүргiзу үшiн қажетті жағдайлар жасау.
5.
Ғылыми-техникалық және өндiрiстiк ұйымдар мен
кәсiпорындардың инновациялық қызметiн
ынталандыруға, ғылым мен инновациялар салаларына инвестициялар
тартуға, өнеркәсiп пен қызмет көрсету саласына
инновациялардың жылдамырақ енуiне бағытталған заң
шығару базасын жетiлдiру.
Индустриалдық -
инновациялық саясатты iске асыру нәтижесi 2015 жылы мұнай
және газ кен орындарын қарқынды
игеру кезiнде өнеркәсiп өндiрiсi мен экономика
құрылымының түбегейлi өзгеруiне әкелмейдi.
Шетелдік
инвестициялар – бұл ҚР аумағында кəсіпкерлік
қызметтің объектісіне шетелдік инвесторға тиесілі
азаматтық құқықтар дың, соның ішінде
ақша қаражаттарының, бағалы
қағаздардың, мүліктік, интеллектуалдық
құндылықтардың жəне ақпарат
нəтижелеріне ерекше құқықтардың
ақшалай бағасына ие мүлік тік құқықтар
объектісі түрінде шетелдік капитал салу. Сыртқы
инвестициялаудың негізгі көзі шетелдік тікелей инвестициялар болып табылады.
Шетелдік тікелей инвестициялар тек ішкі капитал салымдарының
қосымша көзі ретінде ғана емес, сонымен қатар
жаңа жетілдірілген технологияларға, сыртқы қарыздарды
өткізу жүйесіне, қаржыландырудың жаңа
көздеріне қол жеткізу əдісі ретінде қарастырылуы
жəне жаңа өндірістерді құруға
көмектесуі мүмкін.
Шетелдік
инвестиция: - Халықарлық қаржы институтары; - трансұлттық
компаниялар; - Коммерциялық банктер. Негізгі шетелдік инвесторлар –
АҚШ, Оңтүстік Корея, Жапония, Ұлыбритания, Қытай,
Еуропа мемлекеттері болып табылады.Əлемде 20000-нан астам
трансұлттық компания бар. Қазақстан аумағында
олардың қызметтері біріккен кəсіпорындардың
құрылуымен байланысты дамыды.:1. Ең ірі трансұлттық
компаниялар – Шеврон, Brіtіsh gas,Қытай Ұлттық компаниясы,
Тексака, Филип Морис болып табылады. 2. Халықаралық қаржы
институттары: 1) Халықаралық қайта құру жəне
даму банкі; 2) Азия қайта құру жəне даму банкі; 3)
Еуропа қайта құру жəне даму банкі; 4) Жапонияның
Эксим банкі;5) Жапонияның халықаралық серіктестік қоры.
3. Шетелдік коммерциялық банктер. Мемлекеттік портфельді инвестициялау
кезінде олардың иесі үшін тек табыс маңызды болады, ал
кəсіпорындарды бақылау олардың мүддесіне жатпайды.
Қазақстан экономикасына шетелдік инвесторларды тарту келесідей
əлеуметтік-экономикалық дамудағы мəселелерді шешуге
көмектеседі: Шетелдік инвестиция тартудың объективті
алғышарты:нарықтық қатынастарға өту
халықаралық қатынастардың қамтылуын жəне
ұлттық экономиканың əлемдік экономикалық
кеңістіктегі интеграциясын анықтайды. Осыған байланысты 1994 жылы
27 желтоқсан айында «Шетелдік инвестициялар туралы»Заң
қабылданды. Бұл заң шетелдік инвесторлардың
құқығын жəне ҚР аумағында
инвестициялық қызметті ұйымдастыруға қойылатын
талаптарды бекітті. Негізінен барлық инвестицияның 80%-ы шикізатқа,
мұнай өңдеу, газ, қара және түсті
металлургия мен энергетика саласына келеді.
Әдебиеттер
1.
ҚР-ның Президенті Н.Ә. Назарбаевтың
Қазақстан халқына Жолдауы. 3 ақпан, 2011 жыл
2. http://sachok.kz/referat/show/266
3.С.Б. Мақыш. Банк
ісі: Оқулық.- Алматы: Жеті жарғы, 2009.