ХАЛЫҚТЫҢ
ӘЛЕУМЕТТІК
ҚОРҒАУ САЛАСЫН
ҚАРЖЫЛАНДЫРУ БАҒЫТТАРЫ
э.ғ.к., доцент Молдабекова
А.Ш
М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік
университеті, Тараз қ
Жыл сайынғы Жолдауларында ҚР Президенті
Н.Ә. Назарбаев реформалардың әлеуметтік
бағыттылығы мен жаңа әлеуметтік саясатты
қалыптастыруға ерекше көңіл аударады. Онда «Біз
аға ұрпақты, ана мен баланы, жастарды қамқорлық
пен ілтипатқа бөлейтін әлеуметтік бағдарланған
қоғам, ел халқының барлық топтары тұрмысының
жоғары сапасы мен алдынғы қатарлы әлеуметтік
стандарттарын қамтамасыз ететін қоғам құрудамыз»
делінген.
Осы
жағдайларда елдегі халықтың өмір сүру
деңгейінің көтерілуіне және әлеуметтік
қорғалмағандар санының
қысқаруына ықпал ететін, халықты әлеуметтік
қорғау жүйесін реформалау проблемасын қарастыру.
Халықты әлеуметтік қорғау жүйесіндегі өзіне
тұрақты төленетін еңбек қызметін ынталандыруды;
негізгі әлеуметтік қатерлер туындаған кезде әлеуметтік
сақтандыру механизмдері көмегімен табыстардың бөлігін
өтеуді; мемлекеттің көмегісіз өз тіршілігін
қолдауға мүмкіндігі жоқ, халықтың
мұқтаж топтарына әлеуметтік көмек көрсетуді;
білім беру, медициналық көмек, кәсіби дайындық
сияқты негізгі құқықтар мен қызметтерге
азаматтардың қол жетерлігін қамтамасыз ету жолдарын зерттеу.
Әлеуметтік реформаны
тереңдету бағдарламасы қаржы тұрақтылығын,
экономикалық тиімділікті, әлеуметтік әділетті жауапкершілікті
мемлекет, жұмыс беруші және жұмысшы арасында бөлетін
әлеуметтік қамсыздандырудың үш деңгейлі
жүйесін жасаудың өз алдына міндет етті. Мемлекеттің әлеуметтік саясатын
айта отырып, біз үкіметтің, қоғамның
әртүрлі мүшелері мен топтарының кірістерін
үлестіруге және қайта үлестіруге бағытталған
іс-әрекетін түсінеміз. Осылай әлеуметтік саясатты тар
мағынада түсіндіруге болады. Ал кең мағынада
әлеуметтік саясат бұл қоғамның әлеуметтік
тұрақтылығын қамтамасыз етуге негізделген макроэкономикалық реттеу
бағыттарының бірі. Жалпыға мәлім
әлеуметтік саясат қызмет көрсетудің шығындарын
талап ететін қымбат түрі болып табылады.
Халықты әлеуметтік
қорғаудың сферасына «әлеуметтік
қамсыздандыру» мен «әлеуметтік сақтандыру» сипатты болғанымен бұлар бара
–бар ұғымдар емес. Әлеуметтік қамсыздандыруды
халықты әлеуметтік қорғау процесі деп, ал
әлеуметтік сақтандыруды – осы процесті жүзеге асыру
нысандарының бірі деп түсінген жөн.
Қазіргі кезеңде
әлеуметтік қамсыздандыру жағдайындағы мәселе
елдің хал-жағдайымен сипатталғандықтан, бүкіл
әлеуметтік-экономикалық процеске тиісті және тиісті емес
қатысушыларды қызықтырып отыр.
Ел өміріндегі өзекті
мәселеге айналған еңбек және оны қорғау,
жұмысқа орналастыру, көші - қон, халықты
мемлекеттік қамқорлыққа зәру топтарын
әлеуметтік қорғау жөніндегі мемлекеттік саясатын
қамтамасыз ету жолдары болып
табылады.
Халықты әлеуметтік
қорғауға жұмсалыатын шығыстар мемлекет
шығыстарының жүйесінде үлке орын алады.
Нарықтық қатынастарға көшу жағдайында
халықты әлеуметтік қорғау басым бола бастайды
және тұтыну тауарлары мен қызметтер көрсетуге
бағаның өсуіне байланысты, сондай-ақ
дағдарыстың және ақшаның
құнсыздануының нәтижесінде өседі.
Қазақстанның
әлеуметтік саясатының стратегиялық мақсаты болып
әлеуметтік бағдарланған экономиканың қалыптасуы
болып табылады. Әлеуметтік мемлекет халықтың материалды
жағдайы үшін
жүргізілген реформалардың кері әсерлерін
азайтуға және позитивті әсерлерін күшейтуге
ұмтылуы керек яғни халықты аурудан, мүгедектіктен,
жұмыссыздықтан, қарттықтан әлеуметтік
қорғауға негізделген.
Қазақстанның
әлеуметтік дамуының мақсатын саяси басқарумен
анықтайды, ол жергілікті басқару органдары мен өндірістік
ұжымдар көпшіліктің
жағдайын жақсартуға байланысты және әлеуметтік
саяси тұрақтылықты сақтауға байланысты
қоғамдағы әлеуметтік серіктестікті
жоғарылатуға байланысты әлеуметтік мақсат пен
нәтижелерге жетуге бағытталады.
Қазақстан
Республикасының қазіргі әлеуметтік саясатының
құрамына кіретіндер:
-
халықтың
неғұрлым «әлжуаз» топтарына қолдау көрсету;
-
әлеуметтік қолдау
жүйесінің нарықтың экономикалық талаптарына сай
қайта бағдарлануы;
-
тұрғын үй
құрылысы және жылжымайтын мүлік рыногын дамыту
мәселелері;
-
денсаулық сақтау
саласын ұйымдастыруды осы заманғы қағидаттар мен
стандарттарға сәйкестендіру;
-
халықаралық
стандарттарға сәйкес қоршаған ортаны қорғау
және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
-
бизнестің әлеуметтік
жауапкершілігінің халықаралық стандарттарын енгізу;
-
еңбек ресурстарын
дамытудың тиімді жүйесіне көшу;
Мемлекеттің әлеуметтік
саясаты жұмыс орындарын ашуға және еңбекке
қабілетті халықты ел экономикасына тартуға
бағдарланған жағдайда ғана тиімді бола алады.
Әлеуметтік саясаттың ұғымы мемлекеттің
күнделікті жұмысында кеңінен қолданылатын
категорияларына жатады және де ресми құжаттарда пайдаланады.
Әлеуметтік саясат көптеген
ғылыми пікірталастардың тақырыбы болып отыр.
Мұның себебі әлеуметтік саясат казіргі
қоғамның жағдайларының ең маңызды
өрісі ретінде қарастырылады. Сонымен қатар, әлеуметтік
саясат мемлекет қызметінің маңызды бөлігі болып
табылады. Әлеуметтік саясат қоғамның даму
деңгейімен, ондағы халықтың өзіне тән
менталитетімен тығыз байланысты болып келеді. Бұл бәрінен
бұрын мемлекеттің өзінің әлеуметтік
дамуындағы алдына қойған мақсаттары мен міндеттері.
Әлеуметтік қамтамасыз ету -
халықтық әлеуметтік осал қатарына (мысалы,
зейнеткерлер, мүгедектер) қатысты мемлекеттің
конституциялық борышы. Әлеуметтік қамтамасыз ету "адам
капиталына" әсер етеді. Бұл міндетті түрде
денсаулық сақтауда, өнімді азайтуда, денсаулық
жағдайын қайта қарауда және сонымен бірге
жұмысқа қабілеттілікті қайта қарауда
байқалады. Сәтсіз оқиғаларды алдын-ала тоқтату
шаралары осы іс-шарада маңызды фактор болып табылады. Әлеуметтік
қамтамасыз ету, сонымен бірге квалификацияға, жұмыспен
қамту деңгейіне және сәйкесінше
жұмыссыздыққа әсерін тигізеді. Еңбек
нарығындағы жұмыспен қамту, зейнеткерлік жасты
қысқарту шаралары үлкен маңызды рөл ойнайды.
Әлеуметтік қамтамасыз етуде жұмыссыздарды жұмыспен
қамту орталығына шақырып, жұмыс табуға
жәрдемақы беру арқылы жағдай жасайды.
Қазіргі кезде
көптеген батыс елдерінде мынадай ойлар жүріп жатыр: әлеуметтік қамтамасыз
ету шығындары еңбек факторын "өте қымбат" қылады. Олар еңбекақы
шығындарының бір бөлігі болып табылады, сонымен бірге
бәсекеге қабілеттілікті төмендетеді және
жұмысбастылық саласындағы саясатқа әсер етеді.
Әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесін
белгілі әлеуметтік топтарды экономикалық және
әлеуметтік әрекетті қамтамасыз етуге бағытталған шаралар жиынтығы ретінде мінездеуге болады.
Мемлекеттік саясаттың негізгі
бағыты болып зейнетақыны сақтандыру, ауырған кездегі
сақтандыру, сәтсіз
оқиғалардан сақтандыру және жұмыссыздықтан
сақтандыру аясындағы әлеуметтік
қорғаудың негізгі блогы сияқты әлеуметтік
қолдау болып табылады,
Әлеуметтік сақтандыру жүйесі -
әлеуметтік еңбек саласындағы реттеуші механизмдерінің
бастысының бірі. Ол үш субъект байланысы арқылы негізделген: жұмыс беруші – жұмысшы -
мемлекет. Барлық әлеуметтік сақтандыру
жүйесінің басты проблемасы болып оны қаржыландыру табылады.
Тек қана әлеуметтік сақтандырудың барлық
түрлерін анықтау маңызды : жұмыс берушінің,
жұмысшының, мемлекеттің, сақтандырудың
маңызды бөлігі болып көрсетілген көмекті төлем
есебінен қаржыландыру және төлем мен әлеуметтік
қызмет көлемінің арасындағы тығыз байланысы табылады. Көмек көлемі
сақтандырылған жеке адамның алдын-ала салымына ыңғайланады.
Әлеуметтік көмек - тіршілік
жағдайын қолдауда объектіге көмекті қамтамасыз ету міндетін мемлекеттің мойындауы, ал керекті
кезде жағдайды дамытуда мемлекеттің мойындауы.
Әлеуметтік көмек принципі бойынша шаралар бюджеттен
қаржыландыруды және алушының жеке қажеттілігіне
ыңғайлануды қалайды. Мұндай көмек көлемі
алдын ала төленген төлемдерге тәуелді
емес. Бірақ көмек көрсету кезінде екі жағдай ескерілу
керек: біріншіден, көмек алушы адамдар арасында өз
белсенділігін көрсету керек. екіншіден, көмек
көрсетудің басқа жолы қалмағанда әлеуметтік
саясат іске араласады.
Әлеуметтік қолдау жеке және
жанұялық бюджетке ауырлық түсіп табысын
жоғалтқанда көрсетіледі және ол салық есебінен
қаржыланады. Бұл кезде қолдау алдын-ала төленген
төлемге қарамай көрсетіледі, бірақ мұндай
көмектің түрі мен көлемі алдын ала
анықталған және алушының қосымша табыс немесе
мүліктік жағдайының ешқандай мәні жоқ. Егер
әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесінің көк
бөлігі әлеуметтік қолдау принципі бойынша
құрылса, онда ол мемлекеттік қаржыға ауырлық
түсіруі мүмкін. Жоғары көрсетілгендердің
негізінде әлеуметтік қорғау жүйесінін
құрылымы ұсынылады.
Әлеуметтік қорғау
жүйесінің өзінің құрылымы бар, яғни
оның толықтығының болуын қамтамасыз ететін,
тұрақты байланыстар жиынтығы. Жүйе құрайтын
элементтері болып субъектілер мен объектілер табылады, олардың
арасындағы қатынастар саяси тәртіп типі бойынша,
бағалылықтары бойынша, өмірлік стандарты бойынша
анықталады. Жоғарыда аталған факторлар негізінде
әлеуметтік қорғау жүйесін функциялау шекарасы
әлеуметтік тәуекелділікпен (жұмыссыздық, еңбекке
қабілеттілікті жоғалту, еңбекке қабілетсіз жаспен)
шектеледі. Осылайша
әлеуметтік корғау жүйесінің құрылымы
әлеуметтік қорғаудың субъектілері мен объектілерін,
құралдарын (ресурстар мен институттар), механизмдерін және
өмірлік стандарттар санынан тұрады. Белгілі тәуекелділік
санына сәйкес әлеуметтік қорғау құрылымы
өзіне негізгі бағыттарды да қосады.
Жеке құрылымдық элементтерді
қарастырып, олардың арасындағы байланыстарды
қарастырайық. Сонымен,
әлеуметтік қорғаудың объектісі болып азаматтар табылады
Олар экономикалық, жанұялық, мәдени қайта
өңдеу функциясына ие болып табылады. Әлеуметтік
қорғау қоғамның барлық
қатысушыларына, барлық деңгейдегі азаматтарға
таратылады. Әлеуметтік қорғау объектілері-республика
халқы, әлеуметтік кластар, әлеуметтік топтар, жеке азаматтар.
Қазақстанда өтпелі кезеңде
объект құрылымы өте қиын. Әлеуметтік қорғаудьщ объектісі болып мыналар
табылады : күнкөріс минимумынан төмен өмір
сүретін жұмысқа қабілетсіз адамдар; жұмыссыздар;
бақындар; Чернобыльдегі АЭС жарылысы
нәтижесінде зардап шеккендер; соғыс ардагерлері; ауған
соғысы ардагерлері; көпбалалы жанұялар; аз
қамтылған жанұялар; әскери борышын орындау барысында
қаза тапқан әскер қызметкерлерінің
жанұялары; репрессия құрбандары; концлагерь
тұтқындары; экологиялық апат және катастрофа
құрбандары.
Ғасырлар бойы әрбір елде әлеуметтік
қорғаудың негізгі субъектісі мемлекет болып келеді,
яғни әлеуметтік қорғау функциясының орындалуын
қамтамасыз ететін әлеуметтік институттар мен ұйымдар.
Бірақ
олармен бірге қорғаудың активті субъектілері ұжымдар,
жанұялар (өзара көмек), жеке тұлғалар
(өзіндік көмек) болып табылады. Нарықтық қатынас
кезінде әлеуметтік қор субъектілері болып бизнеспен айналысушылар,
жергілікті өзіндік басқарушы органдар табылады. Маңызды
рөлді қайырымдылық жүйесі ойнайды.
Әлеуметтік қорғау субъектілері болып діни
ұйымдар мен бірлестіктер табылады. Ішіндегі танымал
қоғамдық ұйым болып жалдамалы еңбек
жұмысшыларының қызығушылығын
қорғайтын, жұмысшылар мен жұмыс берушілер арасындағы келісөзді жүзеге асыратын
кәсіпшілер одағы табылады. Кәсіпшілер одағы
әлеуметтік қорғаудың басқа да шаралары
қолданады, олар еңбек және демалыс жағдайын
жақсартуға, медициналық қызмет көрсетуге, ауыр өмірлік
жағдайға байланысты атулы көмек көрсетуге бағытталған.
Әлеуметтік
қорғаудың құрылымдық компоненті болып
берілген қоғамға тиісті
белгілі стандарттар (нормативтер) табылады. Халықтың әртүрлі табысының ең
төменгі көлемін, минималді еңбекақы, минималді зейнетақы, балаларға арналған
негізгі стандарттардың бірі болып минималды күнкөріс
бюджеті, яғни "күнкөріс минимумы" табылады. Күнкөріс
минимумы жұмысшылардың, зейнеткерлердін, балалардың
қажеттіліктерін минималді деңгейде қанағаттандыруды
қамтамасыз ету үшін азық-түліктерді заттай товарларды
және қызметтерді әлеуметтік ыңғайлы
бағаға алу мүмкіндігін анықтайды.
ҚР жағымды
хал-ахуалын алға жылжыту қазіргі күнгі әлеуметтік
даму бағасы:
-
әрбір отбасы
бюджетінің табыстылық кірістер мүмкіншіліктерінің
әр түрлігіне байланысты, халықтың әлеуметтік
топтар арасындағы теңсіздіктер алшақтығын
туғызуда. Осыған орай әлеуметтілігі өте жоғары
отбасы бюджеті есебінен орта есептегі бір адамның күн көру
әлеуметтік шығындары республика бойынша толық қамтамасыз
етілуде;
-
нарықтағы
халықтың әлеуметтілігінің қорғау
түрлері: материалдық шығындарды қамтамасыз етудегі
әлеуметтілік, тұрмыстық шығындардағы
әлеуметтілік, рухани шығындардағы әлеуметтілік
болғандықтан, халықтың қаржысы ғылымы
өмірге еніп, оның әдістемелік - тәжірибелік
теориялық мәселелері күн асқан сайын дами бастады.
-
нарықтық
қатынастарда халықты әлеуметтілік қорғауды
қаржылық қамтамасыз ету көздері: отбасы
бюджетінің өзіндік табыс көздері мен әлеуметтік
сұраныстардағы қоғамдық тұрғыдағы
орталық бюджет қорларынан қаржыландыру қарастырылады.
Әдебиет
1.
«Нұрлы жол,
Болашаққа бастар жол» атты Қазақстан
Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2014 жыл 22
қарашадағы Қазақстан халқына Жолдауы
2.
«Қазақстан
Республикасында әлеуметтік реформаларды одан ары тереңдетудің
2012-2014 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы»
ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 30 қарашадағы
№1241 қаулысы.