Оспанова Гуьлпат Айбасовна статистика магистрі,
аға оқытушы
Қорқыт Ата
атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті
ӨҢІРЛЕРДІ ДАМЫТУДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘЛЕУЕТТІҢ
МӘНІ
Қазақстан
экономикасын дамыту бірінші кезекте өңірлер экономикасын дамытумен
анықталады. Экономикалық бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз ету мен әлеуметтік
мақсаттарға қол жеткізу инновациялық даму стратегиясын
арттыру негізінде жүзеге асырылады.
Бүгінде
Қазақстанда дамудың инновациялық жолына өту
үшін барлық жағдайлар қарастырылған.
Сондықтан да отандық өндіріс орындары бәсекеге
төтеп бере алатын өнімдерді шығару мақсатында
өндірісті жаңа технологиялық жарақтандыру
мәселесіне тез арада көшулері қажет деп есептейміз.
Соңғы
уақыттары өзекті
мәселелердің қатарына
тиімді өнеркәсіптік саясатты қалыптастыру және
оны жүзеге асыру арқылы отандық
өнеркәсіптің тұрақты дамуын жүзеге асыру
маңыздылыққа ие болып отыр. Нарықтық
экономиканың алғашқы жылдарында кәсіпорындарды қаржылық
тұрақтандыру мәселесі негізгілердің бірі болды. Бүгінде қабылданып отырған
өнеркәсіптік саясат шынайы бәсекелестікті қамтамасыз
ету бойынша іс-шараларды жүргізу, өңірлерді дамыту,
өндірісті мамандандыру мен кооперциялауды кеңейту және
жаңа технологияларды енгізуге ықпал жасауды қамтып отыр.
Жаңа технологияны кең көлемде дамыту
өңірлердің инновациялық дамуынсыз мүмкін емес.
Ел
экономикасының әртүрлі салаларын инновациялық
жолға қою әрі кешенді түрде инновациялық
қызметтің дамуын қамтамасыз ететін
Қазақстанның «Үдемелі индустриалды-инновциялық
даму» мемлекеттік Бағдрламасы 2015 жылға қарай елдегі ішкі
жалпы өнім көлемін 7 триллион теңгеге дейін көбейтуді
көздеп отыр. Осы көзделген мақсатқа қол жеткізуде мемлекет пен
бизнестің күшін экономикалық өрлеу үшін
шоғырлндыру, елдегі барлық ресурстарды (қаржылық,
кадрлық, ақпараттық) экономиканың негізгі
бағыттарын дамытуға тиімді жұмсау, инновациялық
қызметке қатысушылардың қызығушылықтары мен
жаупкершіліктерін арттыру, ақпарат кеңістігін толық игеру
және қолайлы инновациялық орта қалыптастыру
маңызды.
Үдемелі
индустриалық-инновациялық даму бағдарламасы негізінде
өнеркәсіптік қуаттарды жаңа технологиялық
жарақтандыру, оларға қажетті техникаларды алу маңызды
болып табылады.
Ел Президенті
Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан -2050» стратегиясында инновацияны
қарқынды дамытуға бағытталған
Бағдарламаларға сүйене отырып, отандық
тауарлардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, сонымен
қатар шикізаттық емес экспорттың үлесін 2025
жылға қарай екі есеге, ал
2040 жылы үш есеге дейін ұлғайтуды міндеттеді[1].
Сондай-ақ шикізаттық емес секторды кеңейтуге негізделген жаңа өндіріс орындарын дамыту да
маңыздылыққа ие болып отыр.
Өңірлердегі
инновациялық экономика үш негізгі факторларға әсер
етумен қалыптасады:
-
дамудың инновациялық жолына өтуде
қалыпты жағдайлар жасау;
-
инновациялық процестерді белсендендіруде
шаруашылық субъектілерінде мотивацияның болуы;
-
инновациялық процестерге мемлекеттің белсене
қатысуы.
Өңірлердің
инновациялық даму жағдайы бірінші кезекте сол аймақтың
инновациялық әлеуетінің деңгейіне тікелей байланысты. Сондықтан
өңірлердің инновациялық әлеуеті сол аймақ
үшін маңызды болып саналатын негізгі звенолардың
жеткіліксіздігін және инновацияның қарқынды дамуына
кері әсер ететін критерийлерді анықтау мақсатында жан-жақты зерттеулер жүргізу
қажет. Осы зерттеу нәтижелері бойынша өңірлерді
инновациялық дамытудың стратегиялық бағдарламасын жасау
маңызды болып табылады.
Қазақстандық
инновациялық жүйе элементтеріне мыналар жатады:
Қазақстанның
барлық өңірлерінде мемлекеттің қатысуымен
әртүрлі бағытта белсенді инновациялық компаниялар
құру;
қысқа
мерзім ішінде жаңа технологияларды жасау және оны өндіріске
енгізу;
жаңа
технологияларды жасауда жоғары білім жүйесінде зерттеулер
жүргізу және кадрларды әлемдік деңгейде дайындау;
инновацияның
пайда болуы мен ақпараттық технологияның жүйелі дамуын
жүзеге асыруда инновациялық
инфрақұрылымды құру;
өңірлердегі
жұмыс жасап тұрған кәсіпорындардың
инновациялық дамуына жауапты басқарушылық персоналдарды қайта
дайындау жұмыстарын жүргізу қажет.
Отандық
ғалымдардың пікірі бойынша,
инновация - бұл тұтынушылардың қажеттілігін
қанағаттандыра отырып, нәтижесінде экономикалық,
ғылыми-техникалық, әлеуметтік және басқа да
нәтиже беретін жаңа құралдарды (өнімдер) игеру
нәтижесі. Инновация өнімдер шығаруды жетілдіру секілді,
компания ресурстарының (қаржылық, кадрлық,
ақпараттық), инфрақұрылымының (өндірістік
құрал-жабдықтар, үйлер мен ғимараттар, байланыс
желілері) және өндірістік
сфераның дамуына ықпал жасайды.
Бүгінде
кәсіпорындардың нарықтық талаптарды ескере отырып
ұйымдастырылуы олардың инновациялық белсенділігін арттырады.
Бәсекелестік экономика кең етек жайған уақытта дайын
өнімдер экспортын арттыру үнемі жаңа өнімдер
шығарумен айналысатын инновациялық-белсенді кәсіпорындарды
дамытпайынша мүмкін емес екені белгілі. Олай болса қолайлы инновациялық
климатты қалыптастыру үшін өңірлер төмендегі
міндеттерді дер кезінде жүзеге асырулары қажет деп есептейміз:
-
өңірлердің табиғи-климаттық
жағдайларын ескере отырып инновациялық
қызметті дамыту бағытын
жасау;
-
инновациялық қызметтің
нормативті-құқықтық актілерін қалыптастыру;
-
өңірлердегі инновациялық
саясаттың жұмыс жасауын қадағалау барысында
бөлімшелерді ұйымдастыру;
-
өңірлердегі кәсіпорындардың даму
бағытына сәйкес зерттеу базасы бар жоғары
оқу орындарында кадрларды
дайындау.
Өңірлердегі
өңдеуші кәсіпорындар басшыларының пікірі бойынша
инновациялық қызметті жедел түрде жүзеге
асырудағы негізгі қиыншылықтар мыналар деп атап
көрсетеді, біріншіден, меншікті қаражаттың жеткіліксіздігі, екіншіден,
жоғары бәсекелестік, үшіншіден, жаңа
құралдарды қайтару мерзімінің
ұзақтылығы, төртіншіден, білікті кадрлардың
жеткіліксіздігі және ынталандырушы
нормативті-құқықтық құжаттардың
әлі де болса жетілмегендігі.
Қазіргі уақытта
өңірлерді дамытудың негізгі тұжырымдамасы
аудандық экономикада шаруашылықтық тетіктер негізін
өзгерту процестерінің болуы. Инвестициялық-инновациялық
процестер өңірдің әлеуметтік-экономикалық
процесінің құрамдас бөлігі ретінде көрініс тауып,
экономикалық өсу қарқынын анықтауға негіз
болады. Қазақстанда нарықтық экономиканы
қалыптастыру мен орнықтыру тікелей инвестициялық
қызметті дамытумен байланысты және оның ымырашылдығы
халық шаруашылығының барлық бағыттары мен
сфераларында қалыптасқан.
Пайдаланылған әдебиеттер көзі
1. Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2050» стратегиясы
қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты
2. Шалболова У.Ж., Махницкая Е.И. Управление инвестиционно-инновационной
деятельностью в Казахстане.-Алматы, 2012.-246 стр.
3. Үкіметтің «Үдемелі
индустриалды-инновациялық даму» Бағдарламасы