Сланбекова А.Е., Кельдибекова А.Б., Хасенова А.А

Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, Қазақстан

Веб блогтарды жасауда сайтты басқару жүйелерін қолдану

 

Қазіргі таңда веб-дизайнер, жүйелік программалаушы мен администратор және тағы басқа IT мамандардың қажет екендігін түрлі жарнамалық газеттерден, бұқаралық ақпарат құралдарынан көруге болады. Бүгінгі күнде технологиялар толық таралып үлгермей, оларды басқа жетілдірілген технологиялар алмастырып отырады.

Интернеттің пайда болуынан аз уақыт өткенімен, бүгінгі күнде адамзаттың көпшілік бөлігі осы жетілдірілген байланыс құралысыз өзінің өмірлік тіршілігін елестете алмайды. Адамзаттың алдында барлық жаңалықтар мен мүмкіндіктерді ашуға осы Интернет зор ықпалын тигізеді. Олардың бірі веб блогтар. Қазіргі уақытта интернет желісінде блогтар кең таралған, соңғы деректер бойынша бүкіл әлемде 70 миллионнан аса блогтар бар.

Блог (ағылшын тілінде blog, «web log») дегеніміз - веб-бет, құрамы жазбалармен, мәтінмен, суреттермен, видеофайлдармен жиі толықтырылып отыратын күнделікті қолданылатын сайт. Бұл сайттың негізгі ерекшелігі –жаңа ақпарат пайда болған сайын сол ақпаратты сайт бетіне қосып отыру қажет. Сонымен қатар кез келген күнделік тәрізді, блог иесі өз өмірінің тарихын, қызықты оқиғаларын, өз ойларын және басқа да пайдалы мәліметтерді жаза алады.

Блог жасау үшін қолданылатын сайт басқару жүйелерінің (CMS) түрлері көп болғандықтан, қажетті программалық жабдықты таңдау пайдаланушылар үшін қиындық туғызады.

Сайтты басқару жүйесі CMS (Content Management System) – веб-сайттың (блогтың) жұмысын қамтамасыз ететін және оны басқаратын, материалдарды түзету, қосу және жүйелендіруді, пайдаланушылар арасындағы байланысты ұйымдастыруды және т.б. процесстерді жүзеге асыратын айырықша бағдарлама.

Қазіргі таңда пайдаланушылар арасында танымал әрі кең таралған сайтты басқару жүйелерінің бірі WordPress болып табылады. WordPress PHP тілінде жазылған, мәліметтер қоры ретінде MySQL-ді пайдаланады. Қолданылу сферасы – блогтарды жасаудан бастап айтарлықтай күрделі жаңалықтар ресурстарын жасауға дейін деп айтуға болады. WordPress-те көркем дизайнмен сайт жасауға мүмкіндік беретін дайын шаблондардың топтамасы бар. Веб-сайттар мен веб-сервистер әртүрлі ішкі қосымшаларды жасау үшін негіз ретінде Wordpress кодын пайдаланады.

WordPress-тің артықшылығы – басқарудың қарапайымдылығы мен түсініктілігі, орысша интерфейс, ақпаратты енгізу мен пайдаланудың әр түрлі мүмкіндіктері, кез-келген тақырып бойынша дайын плагиндер мен виджеттердің болуы және т.б. Сайтты басқару жүйесінің бұл түрі виджеттерді пайдалануға, беттерді, бөлімдерді және жазбаларды оңай құруға, блог дизайнын өзгертуге мүмкіндік береді. Әртүрлі қосымша модульдердің WordPress функционалдығын кеңейтуге мүмкіндік беруі, бұл программалық жабдықтың тағы бір артықшылығы болып табылады.

WordPress модульдері дизайнды өзгертуге, спамдардан қорғауды қосуға, орфографияны тексеруге, блогтың қауіпсіздігін жоғарлатуға, әр түрлі көптеген қосымшаларды, плагиндерді және шаблондарды қолдануға мүмкіндік береді. WordPress басқару жүйесінің плагиндері мен шаблондарын қолданып, сайт функционалдығын жоғарлатуға және оны басқаларға ұқсамайтындай етіп жасауға болады.

WordPress-тің кемшіліктері сервис және оның басқарушыларына блогтың тәуелді болуы, жарнама орналастыру кезінде қиындықтардың туындауы, сайт функционалдығы мен мүмкіндіктерінің жеткіліксіз болуы және т.б.

Компьютерде WordPress-пен жұмыс атқару үшін біріншіден Denver веб-сервері орнатылады. Денвер – WordPress-пен жұмыс жасау кезінде Интернет желісін қолданбай компьютерде сайт құру үшін жасаушылардың қолданатын бағдарламасы. WordPress-ті локальді компьютерге орнату үшін WordPress және Denver бағдарламаларын Интернеттен алу керек.

Денверді орнату келесі түрде жүзеге асырылады:

1         Денверді архивтен шығару қажет.

2         Браузерлер терезесін жапқаннан кейін терезе пайда болады және бағдарлама Денверді қайда орнату керектігін сұрайды.

3         Бағдарлама виртуалды диск атын сұраған кезде диск атауын көрсету қажет.

4         Ең соңында денвердің іске қосылу режимін таңдау керек.

Кейін компьютердің жұмыс үстелінде келесі 3 белгіше пайда болады:

Устанавливаем WordPress на локальный компьютер

1-сурет. Денвердің белгішелері

Start Denver – Денверді іске қосады

Stop Denver – Денверді тоқтатады

Restart Denver – Денверді қайта іске қосады.

Локальді компьютерге WordPress-ті орнату үшін келесі қадамдарды жасау керек:

1         Денверді орнатқан директорияға кіріп сайттың немес блогтың атына сәйкес буманы құру керек.

2         Осы буманың ішіне www атты буманы құрып, осы бумаға WordPress-ті архивтен шығару қажет.

3         http://localhost/Tools/phpMyAdmin жолын браузердің адрес жолына енгізу арқылы блог үшін деректер қорын құру керек. Аталған жолды енгізгеннен кейін келесі терезе пайда болады.

 

2-сурет. PhpMyAdmin-ге кіру

Блог жасау кезінде интернет желісінен жүктеуге болатын WordPress шаблондарын қолдануға болады. WordPress шаблонын блог тақырыбына сәйкестендіріп таңдауға болады. Егер таңдалған шаблон стилін өзгерту қажет болса келесі қадамдарды орындау керек:

1.  Жасалып жатқан блог стиліне сәйкес безендіру тақырыбын жүктеу.

2.  Жүктелген тақырып орналасқан буманы C:\WebServers\home\sait.ru\www\wp-content\themes жолы бойынша көшіріп орналастыру.

3.  Браузердің адрес жолына http://sait.ru/wp-admin жолын енгізіп, сайттың админ-панеліне кіру (мұнда логин, парольді енгізу талап етіледі).

4.  Сол жақта орналасқан мәзірден «Внешний вид»/«Темы» пунктін таңдау керек.

5.  Жүктелген тақырыпты ерекшелеп, «Активировать» батырмасын басу қажет.

Блог құру үшін WordPress басқару жүйесі бұл әдістен де жеңіл жолды ұсынады, ол интернет желісінде өзіндік блог құру мүмкіндігі. WordPress мәзірінің жоғарғы бөлігінде орналасқан «Рубрики» пунктінің көмегімен толыққанды сайт құруға болады. 

Бұл жерде қосымша қандай да бір әрекет жасап қажет емес, процесс өте түсінікті және орындау командалары да жеңіл. Толтыруға арналаған әрбір өріс орыс тілінде жазылған түсіндірме сөздермен жабдықталған.

Бірнеше айдар (рубрика) санын іздестіріп тапқаннан кейін, сайттың бірінші жазбасын енгізуге болады. «Записи» мәзіріндегі «Добавить новую» пунктін таңдау қажет. Блог үшін жазбаны енгізу процессі стандартты мәтіндік редактордағы жұмыстан айырмашылығы жоқ.

Болашақ жазба үшін тиімді айдар таңдалып, жазба тақырыбы да көрсетілуі қажет. Ыстық пернелер панелі мәтінді форматтауды орындауға мүмкіндік береді.  

Қарастырылған мысалдардың барлығы блог жасау үшін WordPress басқару жүйесін қолдану ыңғайлы және тиімді екенін көрсетіп отыр. WordPress көмегімен тек қана блогтар емес, сонымен бірге әр түрлі мүмкіндіктермен қамтамасыз етілген дәстүрлі сайттарды да жасауға болады.

Сайт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында WordPress-те басқармалық интерфейске, ақпараттық материалдарды жасау құралдарына қол жеткізуді шектеу мүмкіндіктері және қолданушылар арасындағы басқармалық құқықты бөлу функциялары бар.

Қазіргі кезде мамандар үшін кез-келген жұмыстың қорытындысы сізден қазіргі заманға сәйкес жаңа білім, жаңа ақпаратты алуда компьютерлік технологияларды меңгеруді талап етеді және осы ақпаратты таратудың ең жеңіл әдісі – Интернетте жариялау.

Интернет пайдаланушылар үшін интернеттің белгілі бір өмірлік рөлі бар. Кейбіреулер үшін глобальді желі күнде әр түрлі ақпаратты алатын білім бұлағы болып табылады.

 

 

Әдебиеттер тізімі:

1    Scott, Adam D. WordPress for Education. - Birmingham: Packt Publishing Ltd, 2012. 144 с

2    Экслер А.Б. Укрощение Интернета, или Самый полный и понятный самоучитель работы в Сети. - М.:НТ Пресс, 2007. -944 с.