Әмірбекова М.Р., Медиева С.Х.

Е.А. Бөкетов атындағы Қар МУ

Кежебекова Г.А.

Е.А. Бөкетов атындағы Қар МУ магистранты

 

 

Педагогикалық мониторинг арқылы жетiстiктерге жеткiзетiн оқу-тәрбие үрдiсiнiң нәтижесi

 

«Жоғары білім сапасы ең жоғары

халықаралық талаптарға жауап беруі тиіс»

Н.Ә.Назарбаев

        ХХІ ғасыр – ғылым ғасыры. Сондықтан жас ұрпаққа, жас буынға жаңаша білім беру жолында түбегейлі өзгешеліктер жүріп жатқан белгілі.

       Жалпы орта білім беретін оқу орындары мен жоғары оқу орындарының қазіргі кездегі негізгі ортақ мақсаты - оқушылар мен студенттерге сапалы білім беріп, оларды бәсекеге қабілетті мамандар етіп шығару. Осыған орай еліміздің білім жүйесінде Қазақстанның Болон декларациясына қосылуы туралы шешімді 46 елдің өкілдері бірауыздан қолдады. Сөйтіп, Қазақстан Болон үдерісіне 47-ші қатысушы ел болды [1].

Қазақстан–тәуелсіз мемлекет. Тәуелсіз елді өркениетті елдерге танытатын, дамыған елдер қатарына терезесін тең ететін күш – білім және білімді ұрпақ. Білімді ұрпақ–елдің берік тірегі. Қазіргі кезде республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалынып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Түбегейлі өзгерістерге бет бұрған жаңа қоғамда тек білімді болу жеткіліксіз. Әрбір жеке тұлғаның бойында ізгілік, кішіпейілділік, батырлық, отансүйгіштік қасиеттер болуы керек. Жаңа ғасырдың тізгінін ұстайтын еркін елдің ертеңі шығармашыл кемеңгерлерді тәрбиелеу бесіктен басталып, үздіксіз даму барысында қалыптасады. Ұлағатты ойшыл ұстаз Әбу Насыр әл - Фарабидің «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі тиіс, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі» дегеніндей, білім мен тәрбие – егіз ұғым. Ендеше құнды біліммен қатар өнегелі тәрбие беру – мұғалімнің, соның ішінде біздің, яғни ұстаздардың еншісінде тұрған абыройлы да ардақты іс екенін мәңгілік жадымызда ұстауымыз керек. Осы абыройлы да ардақты істі атқаруды орындау барысында мониторингтік қызметтің маңызы зор. Сапалы білім беру қызметін көрсету – білім мекемелері мен педагогтар алдында тұрған міндет. Білім сапасы ең алдымен мақсаттың және нәтиженің сапасы, одан кейін басқарудың, ұстаздың, педагогикалық іс-әрекеттің, оқушының сапасы, ең соңында педагогикалық үрдістің сапасы. Осындай сапалылықты қамтамасыз ететін сапалы мұғалімдер шығармашыл болуы керек[2].

Білім беру сапасын басқарудың оқу үрдісіндегі негізгі тетіктері: бақылау, талдау, бағалау, бағдарлау және нәтижелердің динамикалық үрдістерін салыстыру болып табылады. Бүл үрдісте оқу - тәрбие сапасына жасалатын жүйелі бағалаудың бірден-бір көзі-мониторинг. Мониторинг дегеніміз -«Мұғалім - оқушы» жүйесінде оқушыларды дамытуда, оқыту мен тәрбиелеуде сапалы нәтижеге жету үшін жүргізілетін жүйелі түрдегі үздіксіз бақылау әрекеті. Ол ағылшынның «monitoring» деген сөзі мен латынның «monitor» деген сөзінен шыққан бақылау, бағалау деген ұғымды білдіреді.

Педагогикалық мониторинг дегенiмiз бiлiм беру жүйесiнiңқызметi туралы ақпаратты жинап, сақтап, саралап, таратуға және оның үздiксiз бақылап отыруға, даму болашағына болжау жасауға мүмкiндiкберетiн жұмыс жүйесi.

Педагогикалық мониторинг жалпыға белгілі бақылау түрлерінен оқушының оқу деңгейі мен оқыту жағдайына үздіксіз қадағалауды қамтамасыз ететін өзінің ұйымдастыру түрі, жинақтау, сақтау, мәліметті өңдеу және тарату қызметтері бойынша ерекшеленеді[3].

Педагогикалық мониторингтің негізгі бағыттары: білім сапасының мониторингі, педагогикалық кадрлардың кәсіби деңгейінің мониторингі болып бөлінеді.

-         Білім сапасының мониторингінің мақсаты: оқушы мен мұғалімнің

қызметін бағалау,білім сапасын көтеру.тоқсандық бақылау жұмыстарының мониторингі;

-         әкімшіліктің бақылау жұмыстарының мониторингі;

Сонымен бүгінгі күннің мұғалімі–шығармашылық адамы. Ол өздігінен қаншалық ізденсе, болашақ ұрпаққа соншалықты сапалы білім бермек. Ендеше мұғалімнің күш - қуаты, көңіл - күйі жоғары болуы керек, сонда сабақ беру сапасы арта түсіп, еңбегі жанады.

Білім беру сапасын басқару - қазіргі педагогикалық теория, практика талаптарына сай, келетін, жеке тұлға, қоғам мен мемлекеттің білімге деген қажетін қанағаттандыра алатын білім берудің маңызды белгілерінің жиынтығы.

Білім беру сапасын басқару мектеп басшысының басқару қызметіндегі басым бағыты болып табылады. Білім беру сапасын басқару мына бағыттарды қамтиды:

1.Жалпы білім беру сапасы.

2.Білім беру процесін басқару сапасы.

3.Білім процесін іске асыру сапасы.

4.Білім беру процесі нәтижесінің сапасы.

5.Жалпы білім берудің функционалды сапасы.

Білім процесін іске асыру сапасына мыналар енеді: 1.Білім мазмұны сапасы; 2.Оқыту сапасы; 3.Оқу сапасы.

Білім беру үрдісін мониторингілеу – оқыту нәтижелілігінің қажетті шарты, нақты оқушы мен мұғалім іс - әрекетінің нәтижесін талдау мен мектептің даму болашағын болжаудың динамикалық жүйесі.

Жалпы білім сапасы көп айтылып жүрген бүгінгі шақта оқу – тәрбие үрдісінің әр түрлі қырларын талдауда мониторингтік зерттеу таптырмас құрал болып табылады. Мониторингтік зерттеу нәтижесінде оқу – тәрбие үрдісі туралы дәл, әділ тез ақпарат алуымызға болады. Оқу – тәрбие үрдісін ұйымдастыру сапасының артуына септігін тигізетін мониторингті ұтымды қолдану ұстаз шеберлігін шыңдайды және оқушы мен мұғалім біліктілігін арттыра түсері даусыз [4].

Мониторинг көрсеткіштерінің жиынтығы әрқашан да білім берудегі ортақ тенденциялармен, үкіметтің және білім беруді басқарушы оргондарымен тығыз байланыста жүзеге асырылады. Кең ауқымды мәліметтер мен сипаттамалық статистика мәліметтерін жинау тек білім беру жүйесі үшін ғана маңызды емес, ол сондай-ақ саяси сипатқа ие.

Мониторинг диагностикалық сипаттағы көптеген күнделікті міндеттерді шешуге көмектеседі. Мониторинг арқылы алынған мәліметтер жекелеген пәндердің бөлімдерін меңгерудегі жүйеленген қиындықтарды анықтауға, оқытушылар жұмысындағы инновациялық әдістердің тиімділігін, студенттердің оқудағы сәтсіздіктерінің себептерін диагностикалауға, оларды пәндік, әлеуметтік-экономикалық және басқа да факторлармен байланыстыра отырып анықтауға көмектеседі. Мониторинг жүйесі кері байланыстың орындалуын қамтамасыз етеді, оқыту жүйесінің күшті және әлсіз жақтарын анықтап, талдауға көмектеседі.

Мониторинг түрлерін жіктеудің негізі әртүрлі болуы мүмкін. Мысалы:

мониторингті жүргізу мақсатына, оның негізі қызметтеріне, мәліметтерді қолдану аймағына, құралдарға, мониторингті жүргізу моделіне немесе технологиясына және т.б. орай түрліше болып келеді. Педагогикалық мониторингтің ақпараттық, диагностикалық, салыстырмалы және болжамдық түрлері бар[5].

 Сапалы білім беру қызметін көрсету – білім мекемелері мен педагогтар алдында тұрған міндет. Білім сапасы ең алдымен мақсаттың және нәтиженің сапасы, одан кейін басқарудың, ұстаздың, педагогикалық іс - әрекеттің, оқушының сапасы, ең соңында педагогикалық үрдістің сапасы. Осындай сапалылықты қамтамасыз ететін сапалы мұғалімдер шығармашыл болуы керек.

Мониторинг депқоғам мен білім беру жүйесін сенімді, толық және білім беру үрдісі мен нәтижесінің нормативті талаптарға, қоғамдағы өзгерістер мен болжанған тенденцияларға сәйкестігі туралы дифференцияланған ақпараттармен қамтамасыз ету мақсатында білім сапасы, оның өңделуі, талдануы мен интерпритациялануы туралы маңызды сипаттамаларды жинақтау жүйесін айтамыз. Басқаша айтқанда, мониторинг – обьектінің уақыт бойынша жағдайының тарихын құруға, оқыту үрдісіндегі субьектілер мен білім беру жүйесін сандық бағалауға, олардың даму бағыттарын анықтау мен жобалауға мүмкіндік беретін білім беру үрдісі мен оның нәтижесін анықтау мақсатында стандартталған бақылау жүргізу. Мониторинг жүйесін құрудағы негізгі мақсат – білім сапасын арттыру болып табылады. Әрбір деңгейдегі мониторинг нәтижесін қолдануда ақпараттардың кімдерге арналып жасалғандығына орай мәліметтерді сәйкестендіру керек. Сәйкестендіру дегеніміз – мониторинг мәліметтерін беруде форматты таңдау, олардың көлемі, мазмұндау тілі және интерпретациялау үшін қажетті түсіндірмелік материалдардың болуы болып табылады [6].

Қорыта келе мониторинг арқылы алынған мәліметтер жекелеген пәндердің бөлімдерін меңгерудегі жүйеленген қиындықтарды анықтауға, оқытушылар жұмысындағы инновациялық әдістердің тиімділігін, студенттердің оқудағы сәтсіздіктерінің себептерін диагностикалауға, оларды пәндік, әлеуметтік-экономикалық және басқа да факторлармен байланыстыра отырып анықтауға көмектеседі.

 

Пайдаланған әдебиеттер:

 

1.       www.elmedia.kz/

2.       Алтаева Г.Ж. Тәрбие мен білім беру үрдісіндегі мониторинг. Астана 2012.

3.        Шишов С.Е., В.А. Кальней Мониторинг качества образования

//Стандарты и мониторинг в образовании. - 1999.

4.     Шишов С.Е., Кальней В.А. Школа: Мониторинг качества образования. - М.: Пед. общество России, 2000.

5.        Шишов С.Е., Кальней В.А. Технология мониторинга качества обучения в системе «учитель-ученик». Методическое пособие для учителя.–М.: Педагогическое общество России. - 1999.

6.       Республикалық ғылыми – практикалық конференция /Аймақтағы білім берудің сапасын мониторингілеу және бағалау/, 2009ж.