Н.С.Алгожаева, А.К. Уканова
Менторинг как
инструмент изменения педагогической практики учителя
В данной статье раскрыто значение менторной деятельности
и его становления в системе образования. Проведен теоретико-практический анализ
различных позиций и мнений авторов по определению менторинга. В статье
также раскрыта природа менторной деятельности в школе, а так же благодаря
практическим исследованиям был определен степень важности и проблемы менторинга
в системе образования. Менторинг дает возможность ознакомится молодым
специалистам со сферой деятельностю этой работы, специфику, а так же различия
между куратор-эдвайзером и ментором. В статье описывается правила каждого
специалиста, менти и ментора. В статье рассматривается роль менторинга в становлении ново
форматного квалифицированного специалиста.
Ключевые слова: менторинг, система образования,
коучинг.
N.S. Algozhaeva, A.K Ukanova
Mentoring as a tool to change teaching practice
In this article the authors
reveal of the importance mentoring
activity and its formation in the education system. Theoretical and practical
analysis were conducted on the different positions and opinions of authors
about the definition of mentoring. The article also revealed the nature of mentoring activity at school, as well as
through practical research and
challenges of mentoring in the education system.
Mentoring
allows you to familiarize young professionals from the sphere of activity of
this work, specificity, as well as the differences between the supervisor and
mentor, adviser of. The article describes the rules of each specialist, and
cops, and mentor. The article discusses the role of mentoring in the
development of new aspect qualified professional.
Key words: mentoring, education system, coaching.
Н.С. Әлқожаева1,
А.Қ. Уканова2,
1 п.ғ.к., профессор м.а.,
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Алматы қ.
2 Әл-Фараби атындағы
ҚазҰУ магистрант, Алматы қ.
E-mail: aiger_03@mail.ru
«МЕНТОРИНГ МҰҒАЛІМНІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ
ТӘЖІРИБЕСІНДЕГІ ӨЗГЕРІСТІҢ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ»
«Тәрбиешінің
өзі тәрбиеленген болуы тиіс ».
К.Маркс
Кіріспе
Осы мәселе
жайында әдебиеттерді талдай, педагогика тәжірибесіндегі
жағымды өзгерістерді байқап, оқу үдерісіндегі
нәтижелерге сүйене отырып, мен келесідей болжам жасадым: мұғалімнің
потенциалын ашуда менторинг оқыту мен білім беруді әлде қайда
жақсарта түсті.
Қазіргі бәсекелестік
заманында оқыту мен білім беруге деген сұраныс екі есе арта
түсті. Осы орайда, біздің мақсатымыз:
· Менторингтің қолданылуы педагогикалық тәжірибені
калай тиімді ететінін қарастыру.
· Менторингтің жеке тұлғалық өсу мен
кәсіби дамуға қалай әсер ететінін қарастыру.
· Менторингтің эффективті көшбасшы қасиеттерін тәрбиелеудегі
ықпалын қарастыру.
«Ментор»
әдетте тәлімгер, ал «менторинг» - тәлімгерлік деп аударылады.
Осы тұрғыдан, менторинг - ұзақ уақытқа
созылатын, ментор мен менти арасында сенімді, жеке тұлғаға
бағытталған қарым-қатынас құру
үдерісі. Ол ментидің педагог ретінде қалыптасуы
мақсатында өзінің білімін, ойлауын, тәжірибелік
іс-амалдарының тиімділігін жетілдіруде айтарлықтай
қарқын алуына көмектеседі. Бұл жағдайда ментордың
компоненттілігі басты орын алады. Ментордың компоненттілігі студентті
жеке тұлға ретінде дамытудың мүмкін болатын
барлық ғылыми негіздерін меңгеруді, оқыту –
тәрбиелеудің теориялық – практикалық негіздерін,
педагогикалық аспектілерін, психологиялық мәнін және
оқытудың инновациялық әдістерін жоспарлауды
қамтиды. Ментордың жеке кәсіби қасиетінің
маңыздысы – балаларға деген сүйіспеншілігі деп есептеу керек,
тәлімгердің өзінің іс-әрекетін өзін
қоршаған адамдарға: оқу орны басшылығына,
әріптестеріне, студенттерге, оларды ата-аналарына сәйкес
бағыттайды.
Спорт немесе жұмыс орнында оқыту сияқты
салаларда пайдаланылатын оқу әдісі ретіндегі үдеріс те
менторингті қамтиды. Сондай- ақ, ол «танымдық коучинг»
терминін қамтиды, білім саласында ауқымды танымал болуда. Тиімді
болу үшін, тәлімгер түсіну, өз сөзімен айтып
беру, мақұлдау, күту уақытын пайдалану, сонымен
қатар оқыту мен оқуды жақсарту үшін
мәліметтерді жинақтау мен қолдануды ынталандыру үшін
орнықты орналасқан сұрақтар коучингтің
танымдық құзіреттілігінің ауқымын көрсете
алатындай жағдайда болуы керек.
Менторинг,
коучинг сияқты коллаборативті бірлескен үдеріс болып табылады.
Сонда да, ментор орындайтын қызмет коучинг немесе модельдеуден аса
маңызды өлшеуге ие. Осы себепті де бұл өте
күрделі және талабы мол үдеріс [2].
Басқа
мұғалімдердің кәсіби дамуына көмек беретін
тәжірибелі мұғалім ментор бола алады. Мұғалім -
ментор қызметі қамқорлыққа алынған
мұғалімнің қажеттілігіне, сондай-ақ жергілікті
масштабтағы білім беру мақсатына байланысты өзгеріп отырады.
Мұғалім- ментор супервайзер немесе бағалаушы емес,
ол-көмекші, ол- кәсіпкерліктің үлгісі болатын
қарапайым адам екендігін ескеру қажет. [3].
Әдетте
менторинг бойынша бағдарламалар мектеп ережелерін және
нұсқамалар мен рәсімдерді айқын түсіндіре алатын,
әдіс, материалдар, басқа да ресірстармен бөлісетін,
оқыту мен оқудағы мәселелерді шешуге көмектесе
алатын, рефлексия және ортақ мәселені шешу барысындаға
бірлескен жұмыс арқылы мұғалімнің кәсіби
тұрғыдан өсуін бақаратын, мұғалімдерге жеке
және кәсіптік қолдау көрсететін, жас мұғалі
мен тәжірибелі мұғалімдердің жұбын қамтиды.
[4].
Зерттеулер
мұғалімдер мен оқушылардың табыстарның бірлескен
жұмыс арасында байланыс бар екендігін, және де
қамқорлықта болған мұғалімдер ондай
қолдау алмаған мұғалімдермен салыстырғанда
өз кәсіптерінде ынталана қалатындығын көрсетеді.
Менторинг
АҚШ-та білім берудің реформашылар жас мұғалімдерге
жергілікті көмек көрсету оқытуға жақсы
бейімделуге көмек беретіндігіне сенген кезде, 80 жылдың соңы
мен 90 жылдардың басында аса танымал бола бастады [5]. Менторинг
қазір Еуропа және Солтүстік Америка елдерінде кең
таралған. Германияда бір мұғалімге көмек
көрсеткені үшін мұғалімдердің
еңбекақыларына айына 100 евро мөлшерінде үстемақы
төленді. (Тәлемгерлік сапаның нашар болуынан аулақ болу
үшін, ментордың үштен артық тәлем алушысы болуы
тиіс).
Негізгі бөлім
Ментордың
еңбегі – ғылыми, педагогикалық өнер, таланттылық
сияқты элементтерден тұратын әртүрлі әрекеттер.
Ментордың еңбегі басқа қызметтермен
салыстырғанда, өзіндік ерекшелігі мол шығармашылықты
сүйеді. Әрбір ментор тәрбие мен оқытудың тиімді
жолдарын үнемі іздестіріп, өз жұмысында пайдаланып отыруы
тиіс. Тек сонда ғана ментор өз студенттеріне жаңашыл тірбие
мен білім берудің теориясы мен практикасын дамытудың қозғаушы
күші және шебері бола алады.
Ментордың негізгі
міндеттерінің бірі – балалардың қатынас өрісіне ену,
олардың арасындағы қарым-қатынастарды реттеп отыру,
қатынас мәдениетіне баулу. Ментор шәкірттеріне бағыт-бағдар
беріп, өмірлік тәжірибелерін үздік сырлармен өрнектеп,
алдыңғы толқын ағалар өмірін үлгі етіп,
күрделі тіршілік туралы ақын-жазушы шығармаларымен
таныстырып, оқытып, дамытады. Ментордың еңбегі еш кетпейді.
Бүгінгі
тәрбиенің басты міндеті – адамзат мәдениетінің сан
ғасырлық өркениеттік жетістіктері мен ұлттық
рухани, мәдени байлықты біріктіре отырып меңгеру, студент
жастарды нарықтық экономикаға бейімделген, өмірге
икемделген, жан-жақты жетілген, қабілетті, кез-келген тұтқиыл
жағдайдан жол тауып шыға алатын ынталы да іскер, табанды да
талантты азамат етіп тәрбиелеу болып табылады. Адамзат баласының
өз өмір жолында тәрбиелі ғұмыр сүруі
оның қоршаған ортасында, достарына, тәрбие беретін
мекемелерге және отбасына байланысты. Тәрбие
жұмыстарының дұрыс жүргізілуі көп жағдайда
ментордың пеадгогикалық шеберлігіне байланысты.
Мектеп
түлектері мен жоғары оқу орнын бітіруші түлектерге
қазіргі таңда біліммен қатар өзін-өзі
білімдендіру, алған білімін қолдана алу тәсілдері мен
өзін-өзі жетілдіру, тұлға ретінде қалыптасу
және кәсіби білікті маман болу талабы қойылады [1].
Соған байланысты
қазақстандағы отандық модернизациялық білім беру жаңа сапалы мағынаға ие
болды – «ақылгөй» дегеннен, «ақылшыға» айналды.
Әлемдік стандарттарға
сәйкес жұмыс істеуді үйрету бұл тек бастамасы ғана. Бастаған
істі аяғына дейін жеткізу өте маңызды, бұл
нәтижені көруге көмектеседі. Ментордың тәсілдері
педагогикалық ұжыммен қатар, білім алушылардың
ортасында да эффективті нәтиже көрсетіні анықталды.
Жаңадан келген
әрбір жас маман, өзінің таңдаған саласында
жұмыс жасай бастағанда, біздің жағдайымызда білім беру
саласында, ол университет қабырғасында алған
құзырлығының жеткіліксіз екенін аңғарады.
Егер мұғалім мотивацияланған болса, онда ол өзіне
қажетті білім мен білікті, дағдыларды толықтыруға
ұмтылады.
Осындай жағдайда алынған құзыреттіліктер
білім беру мен тәрбиелеуде өзінің актулдылығын
жоғалтып алумен қатар, эффективтілігі азаюы мүмкін деген
қауіпке түсуі мүмкін. Бақа
мұғалімдердің кәсіби дамуына көмек беретін
тәжірибелі мұғалім ментор бола алады. Мұғалім-
ментор қызметі қамқорлыққа алынған
мұғалімнің қажеттілігіне, сондай-ақ жергілікті
масштабтағы білім беру мақсатына байланысты өзгеріп отырады.
Мұғалім- ментор супервайзер немесе бағалаушы емес,
ол-көмекші, ол- кәсіпкерліктің үлгісі болатын
қарапайым адам екендігін ескеру қажет.
Ментор нені білуі тиіс..
·
Қазақстан Республикасының «Білім
туралы» Заңын;
·
Балалар құқығы туралы
Конвенциясы;
·
Педагогиканы, этнопедагогиканы, этнопсихологияны,
оқу орны гигиенасы;
·
Педагогикалық әдепті;
·
Тәрбие жұмысының әдістемесі мен
теориясын;
·
Еңбек заңының негіздерін;
·
Өз тобының тәрбие жұмысын жасай
білу;
·
Тәрбиелік іс-шараны ұйымдастыра алуы:
әңгіме, пікірталас, экскурсия, жорық, топ кеші, топ
сағаты т.б;
·
Ата-аналар жиналысын ұйымдастыруы және
өткізуі;
·
Әр түрлі әлеуметтік –
психологиялық тетілерді, сауалнамаларды өз жұмысында тиімді
пайдална алуы.
Біздегі тәлімгерлік
пен батыс менторинг философиясы арасында айырмашылық бар.
Тәлімгерліктің басты қағидаты негізінде «Мен
сияқты жаса – көрсету әдісі арқылы оқыту,
кәсіби білім мен дағдыларын жеке мысалдар арқылы аса
тәжірибеліден тәжірибесі азға қарай практикалық
тұрғыдан табыстау. Тәлімгелер мен тәлім алушы адамдар
кейде дироктор бұйрығымен «ерікті-ырықсыз» рет пен
тағайындалатын және тағайындалуда. Менторингте «мен
сияқты жаса» деген қағидаты мүлдем қолданылмайды.
Жақсы менторлер мектепте өз тәжірибесімен бөліседі,
өзінің стратегиялар мен құралдар «репертуарын» ешкімге
міндеттемейді. Олар тәлім алушы өзі қалайтын
мұғалімге көмектеседі. Аталған жұмыста бұл
терминдер өзара алмаса алады.
Менторинг үдерісінің мәселесі
тәлім алушыны оған жүктелген кәсіби тапсырмаларды
өздік және толық жауапкершілікпен іске асыра алатындай
кәсіптік дамудың кезеңіне жеткізу. Табысты тәлімгерлік
рөлге қатысушылардың айқындылығын және
ментордың (тәлімгердің
қамқорлықтағының (тәлім алушының),
сонымен қатар әкімшілік (мектеп директоры) міндеттеріне байланысты
[6].
Табысты
бағдарламалар көрсеткендей, тәлімгер ретінде жұмыс
жасау барысында тәлімгерлер өздері үйренулерін
жалғастыра берулері тиіс, жас мұғалімнің әдеттегі
қажеттіліктері мен проблемаларын түсіну: жұмысын жаңа
бастаған мұғалімдерге көмек корсету үшін
түрлі стратегияларды даярлап, қолдану, жеке
мұғалімдермен тиімді (1-2) кеңес беруге дайындалу;
бастапқыда өз күшін мұғалімдер үшін
күрделі салаларға жұмсау; басқа тәжірибелі
оқытушылардың жинақтаған даналығын жас
мұғалімдерге қолжетімді ету; мектепте жас
мұғалімді қолдау мен мойындау үшін стратегиялар
даярлау.
Ментордың
міндеті.
-
Мұғалімнің өзіндік басым
жақтарын табуға және кәсіби өсуді
жоспарлауға көмек көрсетеді;
-
Қажеттіліктер, мотивация, дағды, ойлау
үдерістерін зерттеуге көмектеседі – тыңдайды және
сұрақтар қояды;
-
Мұғалімнің өсуінің
бірлескен жоспарын даярлап, іске асырады;
-
Нақты және тұрақты оң
өзгерістерге әрекеттеседі;
-
Шешімдерді қарастыруда сұрақ-жауап
әдісін қолданады;
-
Мұғалім әрекетіне орай шешімдерді
қабылдауға әрекеттеседі;
-
Оң, қолайлы, алдын ала ойланған
көзқарасты қолдайды;
-
Тәлім алушының тәлімгерге тәуелді
болмау үшін жеке құзіреттілікті дамытады/жетілдіреді дегенге
көзі жетеді;
-
Тікелей және кері байланысты қамтамасыз
етеді;
Тәлімгердің негізгі
мақсаты қоғамың талаптарымен тікелей байланыста, ал
әр оқушыны дамыту, оның ерекшеліктерін сақтау,
оның потенциалды қабілеттерін ашу, интеллектісін дұрыс дамып,
жетілуіне жағдай жасау. Тәлімгердің міндеттерін
айқындағанда, мына идеяларды негізге алдық [4].
Ментидің рөлі.
Ментидің рөлі күрделі
болып есептеледі. Жас, қамқорлықтағы
мұғалім болса да ол тәлімгер сияқты білікті маман.
Айырмашылыға тәжірибелі педагогтық оқытушылық
дағдылар мен стратигиялар «репертуарына» ие болу.
Тәлім алушының рөлі
кейбір негізгі қағидаттарға қалыптасқан:
- Тәлім алушылардың теориялық білімдерін практикалық
жұмыстарына қалай қоса алатындағы жайлы алды әлі
де көп білуі қажет;
- Біраз уақыт өткеннен кейін өзінің жеке оқыту
стилін даярлау;
- Белсенді тыңдау мен кеңес беру дағдыларын дамыту;
- Алқалық рефлективті
тәжірибе рухын ұстану;
- Оқытудың тиімділігін арттыру үшін сабақты
бақылау дағдыларын және аналитикалық стратегияларды
дамыту;
- Оқытудың тиімділігін арттыруға ықпал ететін
басшылықты, қолдау және өзінің оқытуын
талдауына көмекті қамтамасыз ету;
- Сыныпта күнделікті түрткілеу кезеңдерінен
өзінің оқыту сапасы; өз кәсібі туралы
сұрақтар бойынша өзінің жауапкершілігі және
мазасыздығын басқаруға қарай әрекет ету.
- Ментидің міндеттері ментордың міндеттерімен сәйкестенеді.
Олар:
- Ментор және ментидің бірлескен жұмыс жоспарын даярлап,
іске асыруы тиіс.
- Жұмыс аяқасты болмауы керек.
- Тәлімгермен кәсіптік этика нормаларына сай қарым-қатынас
орнатуы тиіс.
Қортынды
Бүгінгі
күні Қазақстанда менторлерді даярлау Педагогикалық
шеберлік орталағы мен Кембридж университетінің сарапшыларымен
бірлестікте ұйымдастырылған мұғалімдердің
біліктілігін арттыру курсы бағдарламасының екі (негізгі) деңгейінде
басты мәселе ретінде қарастырылады. Тренерлер тыңдаушылармен
«менторинг» тақырыбындағы сессияны өткізу барысында менторинг
үдерісін талқылап, ментормен тәлім алушы ретіндегі рөлдік
ойындар түрінде жүргізеді. Тренерлер бейне жазбалар көрсету
арқылы тыңдаушылардың сабақ өткеізген
мұғалімге тікелей және кері байланыс беруге тәжірибе
алуға бағыттайды. Мұғалімдер сабақтарды
бақылау, «тыңдай білу», «тыңдау» тәсілдеріне,
жаңа бағдарламаның барлық модульдерін қолдана
отырып, сабақтарын бірлестікте жоспарлауға, сонымен қатар
тәлім алушылармен өткізген «сабаққа дейін» және
«сабақтан соң» кезеңінде кәсіби әңгімен
жүргізуге үйренеді [1].
«Менторинг мектептерге қажет пе?» деген тренерлердің
сұрақтарына 50 тыңдаушының барлығы оң жауап
беріп, «Менторинг жаңа формация мұғалімдерін
даярлауға», «Жалпы мектеп мәдениетін дамытуға», «Мектепте
және өмірде табысты оқушыны тәрбиелеуге» және т.б
көмектеседі, деген түсініктемелер берілді.
Көкшетау
қаласындағы Педагогикалық шеберлік орталығының
екі (негізгі) деңгей тыңдаушылары менторингке қатысты
өздерінің жеке рөлін былай анықтайды – «Тәлім
алушының ықыласы бойынша тәжірибесін өз еркімен
тарату», «Кәсіби өсуге қолдау мен көмек көрсету»,
«Әріптесіне оқыту мен оқудағы жаңа
тәсілдерді үйрету», «Тәлім алушының кәсіби осуі
мен дамуын бақылау», «Тәжірибе алмасу», «Сенімді
қарым-қатынас жасау», «Тәлім алушыны мадақтау»,
«Психологиялық жайлылық орнату», «Ұзақтылық,
тұрақтылық, байланыстың жүйелілігін дамыту»,
«Тиімділік мониторингісі мақсатында кері байланыс жүргізу»,
«Жаңа менторді қалыптастыру» және тағысын тағы.
Курс тыңдаушылары тиімді менторге
келісетіндей анықтамалар берді:
- Теориялық білім, практикалық дағдыларға ие,
кәсіби тәжірибесі бар, педагогқа оның кәсіби
өсуіне қолдау көрсетуге дайын;
- Талдау жасай алатын, әдепті, әңгімелесушіге ілтипатты
бола алатын, диалог жүргізетін, толерантты, сұрақтарды
орнықты қоюды біледі;
- Сыпайы бақылаушы, сыни ойлай алатын, ашық, тілектес;
- Креативті ойлайтын, тәжірибелі, онегелі, тез тілтабысатын пелагог;
- Тәжірибелі психолог;
- Тәжірибемен алмасуға дайын;
- Басқа менторлармен ынтымақтастықта жұмыс жасай
алады;
- Әріптесін өзінің кемшіліктерін қабылдауға
жетелей алады;
Тыңдаушылар
менторингтің мектептерде дамуындағы келесі кедергілер болуы
мүмкін деген мысалдар келтірді – «Мұғалімдердің
психологиялық кедергілері», «Бірлесе жоспарлау үшін
мұғалімдердің уақыттарының аздығы»,
«Әкімшілік тарапынан қолдаудың болмауы», «Кей
мұғалімдердің кер тартпалығы», «Әрістестердің
орныққан білім беру жүйесіне өзгерістер енгізгісі
келмейтіндігі». Мектептерде менторлер тап болатын тағы бір кедергі бар.
Көптеген жас мұғалімдер жаңа форматтағы
біліктілік арттыру курстарынан өтіп, әріптестеріне менторинг
жүргізуге құқық беретін сертификат алуды. Бұл
мәртебе айырмашылығы жаңа тәсілдерді үйренуді
қажет ететін мұғалім – стажисттердің
қарсылығын тудыруы мүмкін.
Курс
тыңдаушылары мектептегі менторинг түрерін сынақтан
өткізуде- кәсіптік әңгіме, сабақтарды
бақылау, бірлескен жоспарлау, сабақтарды талқылау. Сондай-
ақ, тиімді ментор дағдыларын дамытуда. Сауалнама нәтежиесіне
сәйкес, оларға ол үшін- «Сабақтарды бақылау,
талдау, талдауды қолдану», «Бірлескен жоспарлауды тәжірибелеу»,
«Өзге ментор тәжірибесін пайдалану- менорлер
қоғамдастығында тәжірибе алмасу», «Үнемі
өзіндік жетілдірумен айналысу», «Бақылауды жазбаша жүргізу
(кесте, сауалнама)», «Кәсіби әңгіме, сабақтардың
бейнежазбаларын пайдалану», «Lesson study әдісімен пайдалану», «Белсенді
тыңдаушы дағдыларын дамыту» және т.б.
Менторингті пайдалану мәселесі
бойынша пайда болған көптеген ашық
сұрақтарға тәжіребе барысында біздің
мұғалім- менторлер жақын арада жауап табуы тиіс: Ментор
және мұғалім арасындағы кәсіби
талқылауларының құпиялылығымен не істейміз? Егер
де оңалдыру үрдісі созылатын болса бір мұғалімнің
менторинг үдерісі қаншалықты ұзартылады?
Мұғалім- ментор өзінің сабағы бар
мұғалім бола отырып, қанша тәлім алушы
мұғалім ала алады?
Әдебиеттер тізімі:
1.
Қазақстан Республикасының 2015
жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдасамы.
2.
Cherian, F (2007) Learning to Teach:
_teacher Condidates Reflect on the Relational Conceptual and Contextual
Influences on Responsive Mentorship6 Canadian Journal of Education, 30(1),
25-46
3.
Mentoring Beginning Teachers,
Progra, Handbook, The Alberta Teachers’ Association
4.
Менторинг и коучинг
5.
Office of Personal Services, Hawai’s
state Departament of educatoin (October 1993), Guidelines for Teachers Mentor
Programs
6.
Feiman-Nemser, Sharon and Parker,
Michelle B. (Spring 1992). Mentoring in Context: a Compassion of Two U. S.
Programs for Beginning Teachers. NCRTL
References
1. Қazaқstan
Respublikasynyn 2015 zhylga dejіngі bіlіm berudі damytu tuzhyrymdasamy.
2. Cherian,
F (2007) Learning to Teach: _teacher Condidates Reflect on the Relational
Conceptual and Contextual Influences on Responsive Mentorship6 Canadian Journal
of Education, 30(1), 25-46
3. Mentoring
Beginning Teachers, Progra, Handbook, The Alberta Teachers’ Association
4. Mentoring
i kouching
5. Office of
Personal Services, Hawai’s state Departament of educatoin (October 1993),
Guidelines for Teachers Mentor Programs
6. Feiman-Nemser,
Sharon and Parker, Michelle B. (Spring 1992). Mentoring in Context: a
Compassion of Two U. S. Programs for Beginning Teachers. NCRTL