Педагогика. Современные  методы  педагогики

Ағаділова  Айжан  Ертайқызы

Директордың  тәрбие  ісі  жөніндегі  орынбасары,

Орталыққазия  техника-экономикалық  колледжі

 Алматы  қаласы, Қазақстан  

 

Ұлттық  құндылықтарды  дәріптеуде  тәрбие  жұмыстарын  жүргізудің  маңыздылығы

 

        Дәстүр – бір ұрпақтан екінші ұрпаққа ауысып отыратын қоғам. Өмірінің дамуына сәйкес өзгеріп, кейбіреулері жаңа мазмұн алып, әрмен қарай дамитын халықтың қоғамдық тарихи өмірінде қалыптасқан құбылыс.

       Халық дәстүрінің танымдылық-тәрбиелік мәні ұланғайыр дүние. Ол тұтастай алғанда жас ұрпақ үшін ғана адам өмірінің рухани – адамгершілігінің қуат-қайнары. Оның ішінде тікелей бала тәрбиесіне бағытталған  баланың жан дүниесінің қалыптасуына, рухани марқаюына негіз болатын  мүмкіндіктер көп-ақ.

       Ол – халықтың кәсібімен, салт-дәстүрімен, тілімен тарихымен адамгершілік қасиет-саналарымен сабақтасып, біте қайнасып, тарихи кезеңдер ерекшелігіне қоғамтану сатыларына қарай жетелеп, ұрпақтан-ұрпаққа  ауысып отыратын  қастерлі мұра.

      Қазақ халқының ғасырлар бойы жинақтаған дәстүрлерінің ішінде адамгершіліктің жоғары сапаларын тәрбиелеуге ықпал жасаған озық өнегелері бар. Қазақ халқының  дәстүрлерінің  ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқаны оның өміршеңдігіне, тәлім-тәрбие ісінде кең таратылғандығында.

       Ұлттық  тәрбие қоғамдық сананың барлық формаларынан орын алады. Олар: саясатта, қоғам өміріндегі дәстүр дәстүрде, халықтар арасында ынтымақтастық, теңдікте, бостандықта, өзара көмек дәстүрде, қарым-қатынас дәстүрлерінде, ғылыми дәстүрде, оқу-білім ғылымындағы дәстүрде, отбасы-жанұялық дәстүрде, еңбек дәстүрінде.

      Ұлттық рухымыздағы дәстүр жас ұрпақты тәрбиелеуде тиімді деп есептейміз. Ұлы ойшылдардың, арнайы халық  мұрасын зерттеушілердің жалпы тәрбие жөніндегі идеялары, ой-пікірлері жаңа қоғамдық тарихи жағдайларда одан әрі дамытылып, әр халықтың тәуелсіздік жолындағы күресте  рухани, құдіретті күшке айналып отыр.

      Сондықтан,  сан  ғасырлар  бойы  халықтың  өзімен бірге жасап, ұрпақтан-ұрпаққа  мұра  болып өмір сынынан өкшеленіп өшкен бүгінгі өмірге жеткен әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерін  білу -  әрбір отбасының, тәрбиеші-ұстаздардың  абройлы міндеті.

      Жалпы, тәрбие процесінде қазақ халқының әдет-ғұрып, салт-дәстүрлері арқылы бола бойында шынайы адамгершілікті, имандылықты, адамдар арасында  парасатты  мінез-құлық қасиеттері  отбасынан  бастап тәрбиелеудің мүмкіндігі көп.

        Ұлт  тәрбиесіндегі ең негізгі тірек бұл халықтық педагогиканың бай мұрасы деп есептеймін. Осыған орай,  колледждегі  білім алушылардың бойында халықтың педагогиканың озық дәстүрлері арқылы адамгершілік қасиеттерді  қалыптастыра  отырып,  елжанды,  отанын  сүйетін  азамат  тәрбиелуде  көптеген  тәрбиелік  мәні  бар  іс-шаралар  жүргізіледі.   

        Ұлы жазушы М.Әуезовтің ”Ел боламын десең, бесігіңді түзе” деген кемеңгерлік тұжырымы  тәрбиенің негізі отбасында қалыптасатының тағы бір дәлелі. Иманды ұл мен инабатты қыз қайдан шығады? Әрине, ұшқан ұясынан, ата-ана және ұлағатты ұстаз тәрбиесінен қанаттанып ұшады. Қазақта ”Баланы жастан…? ”, ”Құс ұяда нені көрсе,ұшқанда соны іледі” деген үлгі аларлық сөздер аз емес. Осы мәйегі мол  астарлы сөздерден де халық педагогикасының  нышаны аңғарылмай ма?

       Кейінгі ұрпақтың өмірге көзқарасында жаңа бетбұрыстар басталды. Еліміздің өркениетті мемлекеттер қатарынан  көрініп, нығайған  елге айналуы ұрпағымыздың меңгерген сапалы білім дәрежесі мен жан-жақты дамуына, олардың бойында  ұлттық сана мен ұлттық мінез қалыптастыратын парасатты тәлім-әрбие беруімізге байланысты.

          Осы талапқа сай, колледждің  оқу-тәрбие жұмысына  дәстүрлі тәрбие құндылықтарын  дәріптейтін ұлттық тәрбиенің элементтері тиімді  енгізілуде. . ”Балаңды өз тәрбиеленумен  тәрбиелеме, өз ұлтының тәрбиесімен  тәрбиеле” дегендей, атадан балаға жалғасып келе жатқан ұлттық  тәрбиені дамытып, жандандыру- біздің  негізгі  міндетіміз.

         Әлемнің екінші ұстазы атанған ұлы ғұлама Әл-Фарабидің ”Тәрбиесіз берілген білім-адамзаттың қас жауы” деген нақыл сөзінің  ғылыми мәні-қазақ халық педагогикасының қайнар көзі.

        Ұлы Абай, дара Шоқан, ағартушы Ыбырай, сыншыл-реалист әкерім ғұламалардың жалпы адамзат баласы, оның ішінде қазақ жұрт туралы толғаныстары ХХ ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының  ілімінде де, әлеуметтік қызметінде де жалғасын тауып, бүгінгі күнде де өз құны арта түсуде.

       ХХ ғасырдың басындағы А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, С.Торайғұров, Х.Досмұхамедов, Қ.Жұбанов, С.Жиенбаев, М.Жолдыбаев, Н.Құлжанова сияқты озық ойшылдарының мұралары қазақ халық педагогикасына тың леп, жаңа бастау бергені анық.

       Жоғарыда  аталған  халықтық  педагогиканың  негізі  болып саналатын  ұлтық  құндылықтар  «Орталықазия  техника-экономикалық  колледжінде» өткізілетін  барлық тәрбиелік мәні  бар   іс-шаралар мазмұнынан көрініс  табуда.

        Жастарды  парасат  биігіне,  рухани өмірдің әдемі әлеміне жетелеу-ұлттық асыл қасиеттер мен мұраларды педагогикасымен ұштастыру - ұстаздардың, топ тәлімгерлерінің міндеті. Ұлттық  құндылықтарымызды  дәріптей  отырып,  тәрбие  жұмыстарын  жүргізу  арқылы  мемлекеттік  «Мәдени  мұра» бағдарламасын  жүзеге  асыру- басты  міндетіміз. 

         Қазіргі уақытта оқу-тәрбие үрдісін дұрыс ұйымдастырудың бірден-бір жолы  ғылым негіздерін  білумен қатар,  сол білімді алуға ынталы, яғни, студенттердің  танымдық қызығушылығын оятуда, шығармашылық белсенділігін  арттыруда  ұлттық  тәрбие  жұмыстарын  тиімді  жүргізудің  маңыздылығы  ерекше  деп  санаймын.