Шалбаева
Кенжегул Манапқызы
Жолдасбекова Лаура
Балгабаевна
С.Қожанов
атындағы Жалпы орта мектебі
ОҚУШЫЛАРДЫҢ
ОҚУҒА ЫНТАЛЫЛЫҚТЫ ДАМЫТУ ЖӘНЕ ОҚУШЫ
БОЙЫНДАҒЫ АУЫТҚУШЫЛЫҚТЫ БОЛДЫРМАУ
Балаға өз бетімен зерттеуге мүмкіндік
туғызған сайын одан әрі жақсы
оқи түседі
П.Клайн.
Қазіргі жағдайда рухани жағынан дамыған
тұлғаны қалыптастыру жолында жалпы орта білім беретін мектептердегі
білім алушылардың үлгерімі төмендігі мәселесін шешу
қажет болуда. Үлгерімі төмен оқушыларды зерттеу кезінде
танымдық қызметтің қандай да бір
құрылымдық бөліктерінің әр алуан
қалыптасу деңгейімен байланысты дамудың көп
түрлілігі анықталған. Бұл үлгермеушілікті
туғызатын көптеген себептердің айқын көрінісі.
Мектептерде жүргізілген диагностикалық зерттеулер, тексерулер
немесе әдістемелік көмек беру барысында көпшілік
жағдайда мектеп әкімшілігі мен мұғалімдер
үлгерімі төмен оқушыларға көңіл аудара бермейді.
Мысалға, 5-сыныпта «үштікке» оқыған бала
11-сыныпқа дейін «үшпен» оқиды. Ол балада ынта бар ма,
жоқ па? Мүмкін ол белгілі бір себептермен оқуға
қатыса алмай немесе меңгере алмай жүрген шығар?
Өкінішке орай, көпшілік мұғалім
«қанағаттанарлық тобындағы» балалардың білімін
бағалауда талдау жасамайды. Ал ғылыми тұрғыдан
қарастырғанда, оқушылар үлгермеушілігінің алдын
алу мен оны жеңу – күрделі процесс. Бұл процесс педагогикалық
диагностика негізіндегі жүйелі әрекеттер аясында жүзеге
асырылады. Әрине, оқушыны әлеуметтік және
ұжымішілік қарым-қатынастарға, қоғаммен
және ұжыммен жауапты байланыстар жүйесіне енгізу,
осыған қажетті барлық оңды мүмкіндіктерді
пайдалану – біздің міндетіміз. Сондықтан үлгермейтін
оқушыларға арналған бірыңғай педагогикалық
ұстанымдар құруымыз, белгілі бір ерік күшіне,
мінезге жаттығу әдістемесін үйретуіміз
қажет-ақ [1].
Осы аталғандарды тәжірибеде қолдану үшін
мұғалімнің белсенді ұстанымда болулары шарт. Атап
айтқанда, ойланып, мақсатты түрде, батыл, шешімді,
шығармашылық тұрғыдан әрекет ету және жеке
тұлғаға әсер ете отырып, оқыту
әдіс-тәсілдерінің бүкіл педагогикалық арсеналын
қолдану. Мектептегі және отбасындағы психологиялық білімнің
жетіспеушілігінен кей оқушылар тәрбие мен оқудың жалпы
жүйесінен қалып қояды. Олар педагогикалық
ұжымның әсерін тиісінше қабылдамай,
нәтижеде өздерінің интеллектуалды және рухани дамуында
артта қалады.
Ата-аналардың басты проблемасы – бұл әлсіз
педагогикалық-психологиялық білімдер және үйде
педагогикаға қарама-қайшы тәсілдердің
қолданылуы [2]. Олар:
-
ата-аналар мен туған-туысқандардың баланың шынайы
мүмкіндіктері мен күштерін асыра бағалауы;
-
отбасылық тәрбие жалған идеяда құрылады:
балалық шақ қиыншылықсыз және міндеттемелерсіз
өту қажет деген пікір;
-
ересектердің балаға бар жақсыны беруі;
-
оқудағы басты жауапкершілік мектепке жүктеледі деген
ата-аналардың жаңсақ ойы;
-
баланың оқу қызметіне дұрыс емес қатынасы, бала
кемшілігінде тек мұғалімді кінәлауы.
Оқушы бойындағы оқуға деген кері қатынасты
тудыратын себептер өздігінен болмайды, олар мектептегі қолайсыз
жағдайлардың үйлесуі арқылы пайда болады.
Педагогикалық қателіктер жіберіліп жатқан жағдайда
бұл себептер белсенді түрде өзара әрекет ете бастайды.
Оқушылардың үлгермеушілігінің себебі ретіндегі
психологиялық ерекшеліктер мыналар жатады: сана мен мінез; дербес
және әлеуметтік тәжірибе; мұқтаждықтар мен
мүмкіндіктер; мақсат-міндеттер және оған қол
жеткізу барысындағы жанжалдың пайда болуы; аурулар мен басқа
да қолайсыз жағдайлардың салдарынан жалпы дамудағы
кешеуілдеу; тұлғаның жекелік ерекшелілігі;
физиологиялық кемшілік түрінде көрініс табатын
тұқым қуалаушы ауытқушылықтар.
Мектептегі және сыныптағы жалпы атмосфера, оқушының
іс-әрекетінің әр алуан түрін ұйымдастыратын
ұжымдық топтарға араласуы, оқушы мен
мұғалім арасындағы қарым-қатынастар, тапсырманы
орындауда мұғалімнің тікелей араласпай, оқушыны
дұрыс шешімге итермелейтін кеңестер түрінде көмек
беруі, мұғалімнің оқушыларды бағалау
қызметіне тартуы және оларда өзіндік бағаның
қалыптасуы оңды оқу мотивациясын (түрткісін)
тәрбиелеуге ықпалын тигізеді. Түрткінің
қалыптасуына түрлі баяндаулар (қызықты мысалдар,
тәжірибелер, фактілер), оқушының таңданысын
туғызатын материал берудің айрықша формасы, мұғалім
тілінің эмоционалдығы, танымдық ойындар, пікірталас пен
дау-дамай жағдайлары, мұғалімнің мадақтау мен
жазалауды шебер қолдануы - барлығы септігін тигізеді.
Оқушының оқи білудің барлық жақтарын
меңгеруі мұнда ерекше мәнге ие [3].
Сабақ шеңберінде үлгермеуші оқушылардың
түрткісін қалыптастыруға бағытталған жеке
әрекет жүргізіледі [4]. Түзету жұмысын
қысқа уақытта (1 апта көлемінде) іске асырылатын
мақсаттардан бастау қажет. Себебі бұл – мұғалім
мен оқушыға алғашқы позитивті (оңды) нәтижелерді
жылдам көруге мүмкіндік береді. Жалпы алғанда, оқу
мотивациясын және үлгермеуші оқушылардың оқи білу
қабілетін қалыптастыру келесі бағыттардан тұрады:
-
ең алдымен, оқуға және жеке оқу пәндері мен
сабақтарға оңды қатынастың қалыптасуы;
-
мұндай қатынасты оқушылардың табыстағы
сенімділігін қолдайтын тапсырмаларды шешуден бастауды ұйымдастыру
[5];
- оқушының
шағын жетістігін қолдап, сұрау, төзімділік таныта
тыңдай білу.
Үлгермеуші
оқушыларда өзіндік оқи білу қабілетін
нығайту үшін мына жұмыстарды басшылыққа алу
қажет:
- білімдегі проблемаларды жою;
- білім қорын байыту;
- білімді барлық параметрлер бойынша
(толықтығы, жүйелілігі, әрекеттілігі, беріктігі)
дамыту;
- оқушыларды
нұсқауларға сәйкес әрекет етуге үйрету;
- күрделі қимылдарға арнайы
үйрету;
- түрлі әдіс-тәсілдерді
пайдалана білу және оларды қолдану;
- жоспарлар мен көрнекіліктер
қолдану.
Жеке дара айырмашылықтар адамдардың танымдық ортасына да
қатысты.
Біреулерінде көру есінің қабілеті, тағы
біреулерінде – есту, үшіншілерінде – көру-қозғалысты
естің түрі басым. Кейбіреулерде көрнекі-образды, біреулерде –
абстрактілі-логикалық ойлау жақсы дамиды. Сондықтан да бірі
материалды көру қабілетінің көмегімен, бірі – есту
арқылы жеңіл қабылдайды [6].
Оқушылардың жеке ерекшеліктеріне мән бермеу оқыту
мақсаттарына қол жеткізуде қиындықтардың пайда
болуына әкеледі. Баланың аудиалды (есту) немесе визуалды (көру)
қабілеттерін анықтауда мектеп психологының зерттеулеріне
жүгіну қажет.
Қазіргі таңда танымдық қызметтің арнайы
және логикалық тәсілдерінің тұтастай
жоспарын құрастыру қажеттілігі туындап отыр. Олар
әрбір оқу пәнін үйрену кезінде қалыптасуы керек.
Тәсілдер мазмұнын талдау әрқайсысының
басқалармен салыстырғанда жаңаша түрін
анықтауға мүмкіндік береді. Мұндай жоспарлардың
болуы және меңгеруді басқару жағдайларының
жүзеге асырылуы оқу процесінің тиімділігін арттыруға
ықпалын тигізеді.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
1. Зимняя И.А. Педагогикалық психология. А.2005. (қазақша
аудармасы).
2. Никольская А.А. Возрастная и педагогическая психология дореволюционной
Росси. М., 1995
3. Талызина Н.Ф. Педагогическая психология. М., 1998
4. Якунин В.А. Педагогическая психология. М., 1998
5. Смирнов С.Д. Педагогика и психология высшего образования: от деятельности к
личности.
6. Немов Р.С. Психология. Том-2. М., 1995
7. Выготский Л.С. Детская психология. Ч.2: Вопросы детской психологии // Собр.
Соч. в 6 т. М., 1984, Т-4