Педагогические науки/ 3.Методические основы
воспитательного процесса
Оразова Бекзат
Ғылыми
жетекшісі Ж.С. Иманғазинова
І.Жансүгіров
атындағы ЖМУ (Талдықорған қ.)
Мен мемлекетімнің гүлденуі үшін не істей аламын?
Адамгершілік тәрбиесінің міндеттері:
өзгені түсіне білуді, жақсылық жасауды, өзара
қарым-қатынастардың қоғамдық
қабылданған нормаларының бағыт-бағдарларынан
адаспау, дау-жанжалды жағдайятты бағалау жолымен шешу және
одан этикалы шығуды іздеу біліктерін қалыптастыру, берілетін
бағалар мұғалім қолындағы қамшыға
айналмай, баланың дамуына, білім мен дағдыға үйрену
ықпалына әсер етуі қажет.
Жақында «Қазақ хандығының
550-жылдығына» орай өткізіоген дөңгелек үстеліне
қатыстым. Сол әіс-шарадан кейін тұған ойлармды
ортаға салғым келді.
Сайын да сайын сахара... Төбесі көкпен
таласқан, басынан мәңгі қар кетпейтін асқақ
Алатау... Атырабында күллі түркі жұрттарын тербеген алтын
бесік Алтай... Толқыны талай тарих қатпарларын аршыған
қарт Каспий... Суымен кең жазираның тамырына қан
жүгірткен Сыр елі... Қойнауы қазақтың бар
қайғысы мен мұң-шеріне толы Қаратау... Алтайдан
Атырауға дейінгі ұлан ғайыр өлке. Әр түйір
топырағына даңқта бабаларымыздың қаны
сіңген, апаларымыз бен аналарымыздың жасы сіңген, ағаларымыз
бен әпкелеріміздің тері сіңген туған жер. Осындай,
өзінің пейіліндей кең, дархан даланы сақтап
қалған қазаққа қайран қаласын!
Біз бүгінгі күнге қалай жеттік? Ойлап
отырсақ бүгінгі ұрпақ - бақытты
ұрпақ! Біздер табанымыз тілініп жосуды білмедік, біздер басымыз
ауып босуды білмедік, біздер бір түйір дәнге зар болған
аштықты көрмедік, біздер бомбалардың гүрсілін
естімедік, біздер етектен тартқан жоқшылықты көргеніміз
жоқ! Себебі не дегенде, біздердің осы шуақты, бейқам да
бейбіт минуттарымыз үшін кешегі бабаларымыз бар ғұмырларын
құрбан етті. Батыр бабаларымыз ат үстінде мызғып,
толарсақтан қан кешіп, ел азаттығы жолында, ұрпақ
еркіндігі жолында мейіт болды. Мыңдаған, миллиондаған жандар
бұл жолда жанын да, малын да аямады, қанын да аямады емес пе?!
Ұлы хандарымыз жарты жаһанды билеп тұрып,
ұлтарақтай жер үшін ғазиз бастарын не үшін тікті
өлімге? Асандар, Жиембеттер, Доспамбеттер не үшін күйінді, не
үшін артынан теңізден терең сөз қалдырды? Кім
үшін? Абайлар не үшін мыңмен жалғыз алысты?
Мағжандар мен Міржақыптар не үшін қараңғы
көкке өз жандарының шуақтарымен нұр беріп,
өз өмірлерінің сәулелерін сөндірді? Кешегі
Асандар мен Лаззаттар не үшін танктердің астында тапталып,
мұз жастанып, қар төсенді? Сайып келгенде, барлығы да біздер
үшін еді. Отан үшін еді.
Ал, бүгінгі Қазақстанның
өскелең ұрпағы осындай ауыр жүкті арқалап
алып жүр ме? Біздер мойнымыздағы ұлы мақсатты білеміз
бе? Әр жас азамат пен азаматша
өзіне-өзі: «Мен елім үшін иненің жасуындай болсын пайда
әкеле алдым ба?», - деген сауалды қойғанда, нендей жауап бере алмақ? Мен
Қазақстанда тудым. Қазақстанда ержеттім. Табаным осы
жердің топырағына тиді, тәнім осы елдің суы мен
азығынан нәр алды. Бұл елде менің ең тәтті
балалық күндерім өтті, бір сөзбен Қазақстан
-
бұл менің отаным! Қазақстан - бұл
менің үлкен анам! Бұл анам маған тегін білім, бір
сөзбен өмірлік маңыздының бәрін берді. Ал, біздер
анамызға қалай қарауымыз керек?...
XXI ғасыр
индустриализация, техника мен ғылымның ғасыры.
Жаһандану заманында әр мемлекетте бәсекеге қабілетті,
экономика, толлерантты, өркениетті қоғам құру,
жүйелі саясат жүргізу - негізгі мәселелер. Әр мемлекет кемелденген, дамыған ел
болу үшін сан түрлі жолдарды таңдайды. Қайсыбір елдер
социализм, коммунизм, мықты монарх күшімен, я болмаса мықты
экономика негізінде бұл межені
бағындыруды ойлады. Алайда барлығының ойларының
түйісетін орны - даңғыл жолды жалғайтын ұрпақты
тәрбиелеп қалдыру. Себебі жастардың қолында өте
үлкен күш, қайрат
жігер бар. Жастардың қолмен жаңа игілікті үдерістер
жүзеге асады деп ойлаймын.
Мен осы күні Ілияс Жансүгіров атындағы
ЖМУ химия мамандығы бойынша оқып жатырмын. «Сен еліңді
қалай дамытуға үлесінді қосар едің?», - деп сұрақ қойса,
ойланбастан «Еліміздің химия өндірісін өрлету үшін
аянбай еңбек етер едім!», - деген болар ем. Мемлекет халықтан құралады, ал
халық қарапайым азаматтардан, адамдардан құрайды. Мен
мемлекетті сансыз ұсақ бөлшектерден, молекулалардан
құралатын дене деп қарастырар едім. Әр
молекуланың өз орны бар, өз қызметі бар. Бірінің
қызметі бұзылса, басқасына да зақым келеді. Ал бір
жақсы сипатта болса, басқасының да қызметі орынды
болады, сол арқылы барлық дене де дұрыс дамиды. Бұл
мәселеде де тура солай. Алға жылжимын, дамимын деген мемлекет
ең алдымен әділдік қағидаттарына сүйенген білім
жүйесін құрайды. Себебі, кез- келген елдің
болашағы білімнің маманның
қолында. Бүгінгі күндегі кез-келген студент, ертенгі маман. Мейлі ол дәрігер, мейлі
мұғалім болсын, ал қазір іріктеуде оның білімділігі,
тәжірибесін көлеңкеге ысырып қойып, бармақ басты,
көз қыстыра жол берген елдің ертеңгі
бұлыңғыр болмақ. Бұл - үлкен кесел,
қоғамды ішінен ірітетін дерт. Бұл тұрғыда,
менің ойымша, әр адам өзінен бастаған жөн болады.
Сен дәрігерсің бе, өз ісіңнің маманы бол,
біліктілігіңді арттырып отыр, алдыңа келген әр
науқастың дертіне дауа тап, сол арқылы халықтың
денсаулығын сақтауға үлесіңді қос. Өз
ісіңе аса жауапты бол, саған артылған міндетті
орындауға ыждағаттылық таныт. Өз ісіңнің
үздігі болуға ұмтыл. Сен
мұғалім болсаң, шәкірттерің ең
сапалы білімді болсын, аула сыпырушы болсаң, сенің аулаң
қаладағы ең таза аула болсын, наубайханашы болсаң,
сенің наның ең дәмді болсын. Ал, бүгінгі
менің және де басқа мыңдаған жастардың
мемелекет алдындағы міндеттерінің негізгіс - сапалы білім алу,
сол арқылы сапалы маман иесі атану. Яғни білім мен еңбекті өмірлік ұран ретінде алу
қажет.
Бұл тұрасында Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев:
«Беталысы күнде өзгерген алмағайып дүниеде адамзат
үшін ешқашан өзгермеген, өзгермейтін
темірқазықтар бар. Ол - білім! Ол - еңбек!» Себебі заманауи
әлемде, мың құбылып, жүз өзгерген заманда
елдің қуаты атом қаруында, әскери күшінде я
болмаса халқының көптігінде емес, ел қуатты - білімді де білікті
азаматтардың көп болуымен өлшенеді.
Дамыған елдің қатарына қосылуына
менің де, сіздің де денсаулығыңыз маңызды деп
ойлаймын. Егер мен саламатты болсам, сіздің де денсаулығыңыз
сыр бермесе, ол ұлт денсаулығына кепіл. Денсаулықты бірінші
кезекте құртатын да, қалыптастыратын да адамның
өзі. Бүгінгі біздің - денсаулығымыз - ертеңгі ұрпағымыздың өмірі, еліміздің
байлығы.
Дамудың тағы бір үлкен кілті - мемлекет
тұтастығы. Себебі бірлігі бар ел ғана озады. Бірлігі
бүтін ел ғана талай белестерді бағындырады, асуларды ала
алмақ. Ал мемлекет тұтастығын қалыптастыратын да
тағы да өзіміз. Мен, мысалы, қазақ екенімді
мақтан тұтамын. Өз
тілімді, дінімді, ділімді, салт- санамды жаныммен сүйемін. Бұлай
менің жан құндылықтарым іспетті. Сол секілді
өзгенің де менікіндей құндылықтары болуы шарт. Ал
егер мен өзге ұлттың түрлі
құндылықтарына құрметпен қарамасам, онда
өзімнің де ұлтымның құндылықтарын
аяққа таптағаным болады. Біздерге араларымызды ажырататын
қамалдар керек емес, қайта бір-бірімізді жалғайтын
көпірлер көптеп керек. Әр Қазақстандық
өзге отандасының дініне, тіліне құрметпен,
түсінікпен қарағанда ғана, оны өзіммен тең
көріп қатынас жасағанда - ел
тұтастығы артады, ал бұл елдің дамуы емес пе?!
Менің өзге ұрпақтардан достарым көп: орыс,
ұйғыр, татар дегендей. Олардың мәдениетіне
құрметпен қарай отырып, олармен байланыс жасай отырып ел
тұтастығын арттыруға өз үлесімді қосамын
деп ойлаймын.
Менің ойымша ел дамуына үлесімді қосу
үшін мемлекеттік қызметкер, я болмаса әкім, әлемге
әйгілі ғалым болудың аса қажеттілігі жоқ,
ең бастысы отанды сүю. Ал Отан деген не? 1-ші сынып
оқушысынан сұрасаң, ол: «Отан - анам, әкем, апам, атам, ауылым,
қалам», - деп жауап беретіні сөзсіз. Сен өз отбасыңа
қамқор бол. Өз мамандығыңның білікті маманы бол, өзіңді
кемелдендір, сол арқылы мемлекет дамуында өз ісіңді
қалдыратының айқын.