Педагогические  науки/ 3.Методические основы воспитательного про­цесса

Ерімбет Ризуан 

Ғылыми жетекшісі проф. Нәзгүл Әужанова

І.Жансүгіров атындағы ЖМУ (Талдықорған қ.)

 

«Ұлт тағылымы» сабақтарынан туындаған кейбір ойлар

 

Бабаларымыз ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіздікке қол жет­­­кізгеннен соң ұлттық идея, ұлттық рух, ұлттық намыс деген ұғымдар санамызды сілкіндіріп, әрбір азаматты мемлекетіміздің айбыны мен абыройын асқақтатуға құл­шындырған сәт туды. Содан бері ғалымдарымыз бен мемлекет қайраткерлері унитарлы ұлттық мемлекетімізді нығайтудың басты кепілдерінің көш басында ұлттық идея, ұлттық намыс тұрғандығына айрықша ден қойып, олардың мән-мағынасын түсіндірумен келеді.

Наурызбай, Бөгенбай, Қабанбай батырларымыз, Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин және тағы басқа ақын-жазушыларымыз тәуелсіздік үшін күресіп, көбі репресияға ұшырады. 1991 жылы 16 желтоқсан күні Қазақстан елі тәуелсіздік алды.Отаныңын, өз еліңнің патриоты болғанға не жетсін! Сайын дала - атажұрт бабаларымыздың көздің қарашығындай сақтап, найзаның ұшы, білектің күшімен қорғағанының арқасында бізге жетіп отыр. Ендеше осындай алып Отаныңның гүлденіп дамуына үлес қосуға кімге де болсын парыз әрі қасиетті міндет іс. Отанды сүю оның әрбір тасын сүюден басталады. Яғни, туған анаңа, туған жұртыңа деген махаббат Отанға деген махаббатқа ұласпақ.

 «Мен өз басым еліміздің ертеңі жарқын болуы үшін әрқайсысымыз әр күнімізді мәнді өткізуге тырысу керекпіз деп білемін. Қоғамдық өмірге, жақсы істерге белсене араласу  -  әрбір азаматтың парызы».

Жас әрі жасампаз қазақ елінің менің Отаным болғанына қуанамын.  Қазақ  халқы тік  тұрып, тәуелсіздік алғалы 25 жылда болып қалды . Қазіргі Қазақстан – егемен, демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет. Әрине, бізге қайда ұмтылу бар. Ғылымды дамыту, ауылдарды жаңғырту, жемқорлықты жою керек. Бірақ барлық Қазақстан жетістіктері алда болатынына сенемін.  Егемен еліміз әлемдік деңгейге көтерілетін өрісі биік, өркениеттің өзіне ыңғайлы жетістіктерін, бойына сіңіре отырып, Қазақстанның саяси – әлеуметтік бағдарын, экономикасын, идеологиясын құрып, қалыптастырып, тәуелсіздік тұғырын нығайтуда. Қазақстанның әлемдік бет- беделі, абыройы күн санап аршындауда. Қазақ халқы қандай да ұлт өкілдерінің табымен тонның ішкі бауындай қабысып, қалың елге ұйтқы бола алатынын дәлелдей білді. Сондықтан ұлттар бірлігінің жұлдызы болған қазақ ұлысынан, қазақ халқынан бөтен жұрт ынтымақ пен тұрақтылық көзін іздейді. Қазақстан рухани дамуын бастан кешірді. Тіліміз, дініміз, мәдениетіміз қайта жаңғырып, ұлттық рухымыз қайта түледі. «Болашақ» деген сөзге мән беріліп, алдыға жылжулар қарқын ала бастады. Елімізде жаңашылдықтар басымдық көрсетіп, дамудың даңғыл жолына түстік. Барлығын дұрыс жоспарлап, салауатты іске асырдық. Жасампаздыққа жұмыла кірісіп, дамудың жаңа сатысына өттік. Егеменді республикамыздың өзіндік кескінін қалыптастыру жолында барша қазақстандықтар жұмыла еңбектенуде.

Мен таңдаған мамандық тікелей өсімдік саласымен тығыз байланысты. Яғни, «биология» мамандығы  болып табылады. Міне, осы сала бойынша мен елімнің гүлденуіне, ғылыми жағынан, аграрлық саласынада  өз үлесімді қосамын деген ойдамын. «Өмірде екі нәрсені таңдауда қателеспеу керек: біреуі – мамандық таңдау, екіншісі – жар таңдау», бұл екі таңдау да адам үшін маңызды. Сондықтан да мамандықты игеріп қана қоймай, осы салада жаңа бастамаларды іске асырып, ғылыми жетістіктерге жетіп атсалысуымыз керек

Келешекте Қазақстан әлемдік қауымдастықта тұғыры берік, бәсекеге қабілетті мемлекет болып орнығуы бүгінгі экономикада ғылымды жетілдірумен байланысты болмақ. Ғылыми жүйені жетілдіру арқылы жаңалықтар ашып , ғылым саласының төмендеуіне себеп болатын қателіктерді болдырмайтын жүйені жасауға болады. Қазіргі таңда Қазақстанда ғылым саласы бес бағыт бойынша дамып келеді. Ол – энергетика, шикізат пен өнімді тереңнен өңдеу, ақпараттық және телекоммуникациалық технологиялар, өмір туралы ғылым мен ұлттық  ақыл-ой әлеуетіне  көңіл бөлінуде. Сонда ғана біз өнім өндірушілердің тұтынушыларға өнімнің халықаралық және мемлекеттік стандарттарға сай және тұтынушы өміріне қауіпсіз екендігін, әрбір мемлекеттік органдардың, өндірушілердің, қоғамдық ұйымдардың нарықтағы орынын айқын белгілеп, бәсекеге қабілеттілігін арттыра аламыз. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізіп, халықтың әл – ауқатын жақсартуда, сұраныс пен ұсыныс тепе – теңдігін сақтауда, нарықтағы елдің орынын айқын көрсетуде сапа және сапа менеджмент жүйесінің атқаратын рөлі ерекше. Сол үшін де қазірден бастап осы салада бір адамдай жұмыс істегеніміз абзал. Кейде, арман – қиялға құлаш ұрып, елімнің өркендеп гүлденуі үшін басшы болғаным дұрыс па деп те ойлаймын. «Армансыз адам – қанатсыз құспен тең», -  деген ғой. Армандай білудің өзі өнер емес пе?! Егер, мен басшы болсам мемлекетіміздің президенті, ел тірегі Нұр атамыздың жарқын бастамаларын қолдап, биік белестерді бағындырар едім. Еліміздің болашақта одан әрі гүлденіп көркейуі үшін жаңа игі бастамаларды іске асырушы едім. Олар:

-                    «тарихымыз – өткеніміз бен бүгініміз және ертеңгі болашағымыз тіл арқылы сыр шертеді», -  демекші, елдігіміздің бір белгісі – ұлттық тіліміздің жоғарғы деңгейде өмір сүруіне жағдай жасау. Елбасымыздың үш тілдік саясатын дамыта отырып, қазақ тілінің өмірін таныту, тәрбие беру, қарым – қатынас жасау құралы ретінде дамыту;

-                    болашақ – білім мен ғылымға тәуелді болатыны айдан анық нәрсе. Қазіргі жас ұрпақтың білімі мен тәрбиесі қандай дәрежеде болса, еліміздің ертеңі де сондай болмақ. Сондықтан қоғам талабына сай, қоғамды көркейтетін, дамытатын, мемлекеттің өркениеті үшін еңбек ететін, ана тілін жетік білетін, ұлтжанды азаматтар дайындау;

-                    Елімізде оңтайландыру қарқынды жүріп жатыр. Дағдарыста дұрыс-ақ шығармыз. Бірақ әр күнгі өзгеріске толы бүгінгі жауапты кезеңде замана көшінен қалып қоймай уақыт талабына сай ертеңгі болашақта халықтың сұранысынан шығатындай сапалы өнім түрлерін шығарсақ шет елден келетін тауарларға тәуелділіктен құтыламыз;

-                    «Дені сау ұрпақ–ұлт болашағы», -  демекші, халқымыздың өмір сүру жас ерешелігін ұлғайту үшін медициналық аппарат санын және білікті мамандар даярлау. Сондай-ақ, әр аймақ-аудандардың санитарлық гигиеналық талаптарды  қамтамасыз ету және тағы басқалар болып табылады. Менің арманымдағы бастамаларды тек қана мен жүзеге асыруым міндетті емес, еліміздің көркейуіне мен де үлес қосам деген азаматтардың барлығы осындай бастамаларды мақсат етіп алып, іске асыруын қажет деп білсе, егеменді еліміздің болашағы жарқын болмақ.      

Тәуелсіз мемлекет ретінде қа­бырғамыз қатайып, бұғанамыз бе­к­іп келеді. Әлемнің танымал ел­дерінің қатарына қосылдық. Сая­сатта салмағы бар жұртқа айнал­дық. Әділін айту керек, мұның бәрі ел басқарған азаматтардың, олардың соңына еріп қуаттаған халқымыздың ұлттық намысының арқасы, намыс жаныған жігерінің жемісі. Жиырма жылға тәуелсіз дамыған еліміз тарихтың талай-талай қатал сынақтарынан өтті. Тәубе! Болашағымыз нұрлана түсетініне сенімдіміз.

 «Ұлт тағылымы» сабақтарының мазмұнында жаппай ұлт намысын көрсетуі жағынан мол, біздің отанымыздың тарихының табандылығы мен ерлік кезеңінің сарқылмас мысалдары көп.

Ұлт тағылымдары  ұғымы бір мезетте немесе рет-ретімен жүргізілген саң алуан шараларды немесе бір  қатар шараларды біріктіреді.

«Ұлт данышпандары арқылы ұлы мақсаттарға жетеді» деген сөзбен ойымды аяқтағым келеді.