Қазмемқызпу
Ақпараттық жүйелерді оқыту
кафедрасының магистр аға оқытушысы
Пазилова Б.А.
Жоғары оқу орнындағы интеграция
ұғымы
Интеграцияның құрылымы әртүрлі элементтер мен
деңгейлердің, түрлер мен типтердің, бағыттар мен
жалпы заңдылықтардың өзара енісуінің
күрделі иерархиясы болып табылады. Ол осы заманғы
дидактиканың (гносеологиялық,
логикалық-әдіснамалық,
ұйымдастыру-ақпараттық, әлеуметтік және т.б.)
дамуында интеграция атқаратын қызметтермен тығыз байланысты.
Интеграция ғылымда категория іспеттес дифференцияға
қарама-қарсы үдеріс екендігінде тарих бұлтартпас
куә. Ғылымның мүмкіндігіне қарай дамуы мен
жахандануы кезінде, интеграциялық тенденцияның, білімнің
әртүрлі аймағында өзара кірігуі мен өзара
әсерлері көріне бастады.
Жоғары оқу орнындағы интеграция мәселесі
өзінің жеке аспектілерінде, сондай ақ жоғары мектептегі
білім берудегі интеграцияның өз мәніндегі
тұжырымдамалық түсінігі бойынша күрделі болып табылады.
Қазіргі уақытта интеграция мақсатын, оның міндеттерін,
жүзеге асыру механизмдерін, сондай ақ амалдарын, түрлерін,
формаларын, деңгейлерін түсінуге деген вариативтік
тұғырлар тәжірибелері жинақталған.
Интеграция
ұғымы қазіргі кезде педагогикада кең және жиі қолданылады және де
әртүрлі пәндерден алынатын білім деп түсіндіріледі.
Мысалы, интегративті сабақтар немесе арнайы сабақтар -
яғни бір тақырып
әртүрлі ғылымдардың көмегімен іске асады.
Интеграцияны педагогикада ғылыми категория деп қарастыруда
оның екі бағытын көрсетуге болады:
- педагогикалық интеграция,
яғни педагогикалық теория мен тәжірибені дамыту
үдерісі;
- жаңа тұтастық
жүйе мен объект аралық байланысты құру үдерісі
ретіндегі педагогикалық интеграция.
Біздің
қөзқарасымыз бойынша, интеграция - оқу үдерісін концептуалды негізде
құрастыратын технология болып табылады. Мұндай
технология пәнаралық
идеяларды бөледі. Интеграция көптеген пәндердің
бірлігінен пайда болуы мүмкін:
1) белгілі бір білім беретін
салаға кіретін;
2) белгілі бір білім беретін
салаға кіретін, бірақ бір пән негізінде;
3) білім беру саласына
жақын пәндер мазмұнынан.
Біздің ойымызша,
интегративті пәндерді: ішінаралық пән (внутрипредметные),
пәнаралық және модулді деп қарастыруға болады
және әрқайсысы екі түрде көрсетіледі.
Ішінаралық пән:
1) бұл интегративті курс
білім беретін белгілі бір пәндер мазмұнынан қалыптасады;
бұл екі ғылыми пәндер де бір деңгейде көрінеді;
2) интегративті курс белгілі бір білім беру саласына кіретін пәндер мазмұнынан
құрылады, бірақ басқа
пән аймағы
негізінде.
Пәнаралық:
1) бұл интегративті курс - әртүрлі, бірақ
білім беру саласына жақын
пәндер(физика, химия) мазмұнынан құралады;
2) бұл интегративті курс - білім беру саласына жақын, бірақ бір пән
өзінің спецификасын сақтап қалады да, басқалары көмекші негіз ретінде
құралады.
Модулді:
1) бұл интегративті курс - білім беру саласынан
аластатылған, белгілі бір пәндер жинағынан
құралған және
әртүрлі бейінді даярлау
мамандары арқылы оқытылады;
2) бұл интегративті курс –
үйлесімділік негізде құралады және бір бейінді даярлау
маманы арқылы оқытылады.
Осы интегративті
пәндердің арасынан біз бірінші топтағы және екінші
топтағы пәндер деп
бөлеміз. Бірінші топтағы интегративті пәндер қатарына:
белгілі бір білім беру саласына негізделген пәндер кіреді.
Екінші топтағы интегративті
пәндер қатарына: нақты пәнаралық пәндер
негізіндегі, бірақ жаңа теоретикалық аспектілерді және
әдіснамалық зерттеулерді қажет ететін пәндер кіреді.
Интегративті курстардың
ең негізгі қайнар көздері әлеуметтік тапсырыс
(қоғам өзінің қажеттілігіне байланысты білім
берудің мақсатын айқындайды), ғылым
заңдылығының дамуы (интегративті үдерістер),
педагогикалық мәселелер және қазіргі кезеңдегі
психологиялық ғылымдар болып табылады.
Интегративті курстардың жүзеге асыру
үшін дидактиканың төмендегі компоненттері қолданылады:
- интегративті курстың жалпы дидактикалық
жағдайын анықтайтын;
- жалпыдидактикалық, пәндердің
бәріне ортақ болатын;
- функционалды яғни қазіргі білім беру
жүйедегі интегративті курстардың қызметін қарастыратын;
- мазмұнды, интегративті курстардың белгілерін және құрылымы
мен мазмұнын анықтайтын;
- оқытудың маңызды әдістері
мен формалар жүйесін анықтайтын;
- дамытушы, яғни студенттерді
дамытудың мақсатын,
әдісін, құралын айқындайтын.
Оқытудағы
интеграция үдерісінде, оқытуды ұйымдастырудың
әдістері мен формаларын, мазмұнын қайта өңдеп,
құрастыратын бағыт жүзеге асады.
Оқыту үдерісін ұйымдастыратын
формалар мен әдістерді, мазмұнды анықтайтын негізгі принцип
- дидактикалық принцип.
Дидактикалық принцип - бұл заңдар мен заңдылықтардың
инструменталды, әдістемелік көрсетілуі.
Дидактика
қағидалары – бұл формада түрленген,
тәжірибенің реттеуші нормасы ретінде қолдануға болатын
заңдар мен заңдылықтардың методикалық бейнесі.
Оқытудың дамытатын,
тұлғалыққа-бағытталған жаңа
бағыттары секілді, оқытудың жаңа (рефлексия,
теориялық білімдер және т.б.) принциптері де пайда болды:
-
оқытудың тұлғалық бағыттылық
қағидасы;
- жалпыланған білімді
қалыптастыру қағидасы;
- оқытудағы
жүйелілік қағидасы.
Бұл
қағидалардың барлығы бір-бірімен тығыз байланысты
және бірін-бірі толықтырып тұрады. Сонымен қатар, біз
төмендегі спецификалық қағидаларды
анықтадық:
- интегративті білімді
ұйымдастыру қағидасы, яғни тереңдігі,
конструктивті жағынан өзгеше,
жаңа білімдер деп білеміз;
- оқыту мен тәрбиенің
қоғамдық-құндылықтық мақсатты бағыттылық қағидасы;
- педагогикалық іс-әрекет түрлерін ұйымдастыруда
кешендік тұрғыдан келу;
- компоненттердің тұтастығы және гармониялық
үйлесім қағидасы;
-
ұжымда оқыту мен
тәрбиелеу қағидасы;
-
ынтымақтастық қағидасы;
-
көрнекілік қағидасы;
- даралық
тұрғыдан келу қағидасы.
Бұл
қағидаларды дамытудың қажеттілігі қайта
жаңаруға сәйкес келетін ғылыми білім деңгейіне
қатал талап қойылатын экономикалық және
әлеуметтік жағдайдың қайта жаңаруында. Заманауи
білімде жеткілікті жалпылық мен құрылымдық жоқ.
Интегративті білім ұйымы оның семантикалық логикалық
білім мен пәндік білімнің құрылымды-формалды
теорияларымен сәйкестігінің бірлігінде құрылады.
Ұсынылған қағида бірыңғай және
қарапайым формада болатын, ортақ қолданылатын әмбебапты
білім ұйымына бағытталған. Бұл қағиданы
жүзеге асыру мәселесі – оқу материалы мен оның
құрылымдылғын ескерудің қажеттілігінде.
Сонымен қатар,
«дидактикалық материал» және «оқу материалы» деген
ұғымдарды ажырату қажет. Дидактикалық материал –
қоғамдық білім мен тәжірибеде ерекшеленген және
кейбір дидактикалық мәселелер шешімінің құралы
ретінде қызмет ететін, әрқайсысы материалды немесе заттанған бұл немесе басқа
да жүйе үлгісі ретінде оқу үдерісінде
қолданылатын объектілердің жүйесі. Оқу материалы
бұл танымдық тапсырмалардың педагогикалық
мақсатты жүйесі. Оқу материалын құру кезінде
интегративті базаны нақты анықтау керек, яғни интегративті
курстың объективті мазмұны негізінде орнатылған
пәнаралық байланыстар және жүзеге асырылған
объективті алғышарттардың интеграциясы. Бұл
қағида интегративті білімнің құрылымын
анықтайды, ал оның негізінде әмбебапты білім ретінде
көрініс табатын белгілі метатеориядан құрылған
интегративті курс құрылады. Интегративті білімнің
прагматикасы оны практикалық қолдануда кеңінен
көрсетеді. Сондықтан, интегративті пәндер қоғамның
әлеуметтік сұранысын қамтамасыз етеді, ғылымда
және білім беруде интеграциялық үдерістерді айқындайды,
дидактиканың негізгі қағидаларын жүзеге асыра отырып, танымның белгілі бір объектісін
зерттейді.
Оқу пәндерінің интеграциясын белсенді және
жан-жақты жүзеге асыруда жүйені құрайтын жеке
білімдер қасиеттерінен басқа интегративтік қасиеттері бар
өзінде сапалы жаңа тұтас жүйені көрсетеді.
Мұндай кезде, оқыту үрдісіндегі интегративтік
тұғыр – бұл оқушының жаңа
тұлғалық дамуына әкелетін жүйеге кіретін, олардың
құрамдарынан басқа, жаңа интегративтік қасиеттері
бар, сапалы жаңа білім мен шеберліктің тұтас жүйесін
оқушыларда қалыптастыру болып табылады [5].
Пайдаланылған
әдебиеттер:
1.
Президент ҚР Н.Ә.
Назарбаевтың Тәуеліздіктің 20 жылдығына арнаған
салтанатты жиналыста сөйлеген сөзі.16 желтоқсан,2011
2. Бейсенбаева А.А. Гуманизация образования
старшеклассников на основе межпредметных связей.- Алматы, 1996 .
3. Меңдіғалиева Г.К. Педагогические основы интеграции науки и
практики в школах нового типа:Автореф.дисс.канд.пед.наук.-Алматы,2000.-с13
4. Меңлібекова Г.Ж.Білім сапасын арттыру -
мемлекеттік саясаттың басты нысаны //Педагогика мәселелері -
Вопросы педагогики. - 2008.-№1. - С.111-114
Резюме
В статье рассматривается интеграция в образований в высшых
учебных заведениях.
Summary
This article is devoted to the
integration of education in higher education institutions.