Хазирова М., Нүркенова Г.Қ.

ЖММ "Болашақ" Академиясы, Қазақстан

Білім беру жүйесінде жаңа педагогикалық технологияларды қолданудың мәні

 

Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына кезекті Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ атты жолдауында атап өткендей бүгінгі күннің басты мақсаты –Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылу болып табылады [1]. Осыған орай Қазақстандық білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі мен жаңа мазмұндағы жүйесінің басты міндеті – қазіргі заманғы ғылым мен тәжірибенің жетістіктері негізінде алынған білімді қажет жағдайда пайдалану икемділігін меңгерген, өз бетінше дұрыс, тиімді шешімдер қабылдайтын, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады.

Педагогикалық технология білім беру технологиясын жүзеге асырумен түсіндіріледі. Оған нақты пәнінен тәуелді емес, оқу-тәрбие процесін жүзеге асыратын заңдылықтар жатады. Педагогикалық технология ғылым мен практиканың басқа да салаларында кеңінен таралған, әр түрлі арнайы технологияларды, жаңа ақпараттық технологиялар, электрондық және т.б. кірістіреді.

Бір технологияның өзі әр түрлі атқарушылардың шеберлігіне байланысты әрқилы жүзеге асырылуы мүмкін. Бүгінгі таңда білім берудің даму бағыты мен  технологияларын қамтитын 50-ден астам педагогикалық технология қолданылып жүргені мәлім.

В.Беспалько «педагогикалық технология дегеніміз – тәжірибеде жүзеге асырылатын белгілі бір педагогикалық жүйенің жобасы, ал педагогикалық жағдайларға сай қолданылатын әдіс, тәсілдер – оның құрамды бөлігі ғана, оқыту процесін жүзеге асырудың мазмұндық техникада педагогикалық ұйымдастыру мен жүзеге асырудың жобасы (алгоритмі)» деп түсіндіреді..

Б.Т.Лихачев «педагогикалық технология – бұл оқытудың формасын, әдісін, тәсілін, тәрбиенің құралын жинақтауды анықтайтын психологиялық-педагогикалық құрылғылардың жинағы»,- деген анықтама берсе, Селевко Г.К. «педагогикалық технология» түсінігін, 3 аспект бойынша қарастырады:

-         ғылыми: педагогикалық технология – жобаланған педагогикалық процесті және оқытудың әдісі мен мазмұнын, мақсатын оқыттатын, педагогикалық ғылымның бөлімі;

-         бейнелеулі іс-жүргізу: оқытудың жоспарланған нәтижесіне жету үшін әдістермен құралдарды, мазмұны мен мақсатының жиынтығын бейнелейтін процесс,

-         нақтылы іс-жүргізу: технологиялық процесерді жүзеге асыру, педагогикалық, әдістемелік және тұлғалық құралдарды жинақтау [2].

Оқытудың  әр түрлі технологиялары  зерделеніп, жаңашыл  педагогтардың іс –тәжерибесі зерттеліп мектеп өміріне енуде. Жаңа технологияларды  менгеруде  мұғалімнің  жан – жақтылығы, білімі қажет. Өйткені  бір  технологияның  өзі мұғалімнің  қолдану әдіс - тәсіліне,  шеберлігіне қарай   жүзеге  асады. Осы  жаңа  педагогикалық  технологиялардың  тиімділігіне  тоқталар  болсақ.

Кәсіби-бағдарланған технологиялар – оқытудың кәсіби бағыттылығы есепке алынған және болашақ мамандардың қызығушылығына, бейімі мен қабілетіне бағдарланған педагог пен студенттің психологиялық, жалпы педагогикалық, дидактикалық тұрғыдан өзара әрекетінің жүйесі.

Құрылымдық-логикалық технологиялар – оқыту жүйесін кезең бойынша ұйымдастыру, сол  арқылы әрбір кезеңде оқытудың мазмұнын, формасын, әдістерін және құралдарын сәйкестендіріп  таң дап алуды, нәтижелерді кезең бойынша диагностикалауды есепке  алу негізінде дидактикалық міндеттерді қою мен шешудің логикалық бірізділігін қамтамасыз ету.

Интеграциялық технологиялар – бұл курстар, оқу тақырыптары, оқу проблемалары және басқа да оқытуды ұйымдастыру формалары деңгейінде әртүрлі пәндік білім, білік, дағдының интеграциясын қамтамасыз ететін дидактикалық жүйелер.

Ойын технологиялары – оқу-тәр бие міндеттерін шешуге бағытталған әр түрлі ойындарды қолдануды көздейтін дидактикалық жүйелер.

Тренинг технологиялар – белгілі бір  шешімдерді орындауға бағытталған іс-әрекеттер жүйесі. Оған тұлғаны интеллектуалды дамыту және басқару міндеттерін шешу бойынша жүргізілетін психологиялық тренингтерді, іскерлік қарым-қатынас, тұлғаны дамыту, коммуникативтік біліктер тренингтерін жатқызуға болады.

Ақпараттық-компьютерлік техноолгиялар – ЭЕМ-дер мен олардың желілері, әсіресе дербес компьютерлер арқылы ақпаратты алуды, қайта жасауды, жеткізуді, сақтауды және пайдалануды көздейтін дидактикалық жүйелер.

Диалогтық технологиялар – оқытушы мен студенттің өзара іс-әрекетінде диалогтық ойлау негізге алынатын ұйымдастыру формасы мен оқыту әдісі.

Проблемалық технологиялар – оқытудың эвристикалық әдістерін пайдалану арқылы оқу проблемаларын және жағ даяттарын шешуге бағытталған дидактикалық жүйелер.

Дамыта оқыту – жеке  тұлғаны жетілдіреді, оның дамуына  бағыт беріп, олардың әуестік, белсенділік, адамгершілік,  батылдық  сияқты қасиеттерін қалытастырады.  А.С.Выготскийдің  «Білім беру тек дамудың алдында болғаны пайдалы болады»  дегенін ескере отырып, дамыта оқытудың  бағдарламалық , проблемалық, ақпараттық  т.б. түрлеріне негізделіп  күнделікті  сабақтың тиімді  бөлімдеріне қарай  бағдарлап оқыту қажет.

Денгейлеп саралау – мұғалімнің де оқушының да белсенді  шығармашылық  қызметін  дамытады. Бұл технологиясының мақсаты әрбір оқушы өзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгеруін қамтамасыз етеді.

Топтық  оқыту – бірлесіп  жұмыс  істеуге, өз  ойын  дәлелдеуге өз  пікірін  қосуға  үйретеді.

Модульдік  оқыту -  модульдік   оқытудың  технологиясы  оқытушыға  педагогикалық  жүйенің  негізін  түсінуге  жағдай  жасай отырып, оқытудың  теориясы мен практикасын өзара  байланыстыруға  оны  технологиялық  денгейге дейін  көтеруге  жағдай жасайды. Модульдік  оқытудың  технологиясы мынадай  компонеттерден: мотивтік – мақсаткерлік, маңыздылық, оперативтік –іс -әрекеттілік, бағалы қорытындылық.

Сын  тұрғысынан ойлау - бұл  кез  келген мазмұнды сынау  емес, оны зерттеу, бақылау, талдау, әр түрлі стратегиялар  арқылы өзінің ойлау   негіздерін сыни тұрғыдан  дамыту.  Сын тұрғысынан ойлауды дамыту – еркін ойлауға мүмкіндік  береді, ақыл ойын дамытады, оқу мен жазу  сауаттылығын арттырады, шығармашылық  белсенділігін арттырады [3].

Осы  педагогикалық  технологиялардың  ерекшеліктеріне сүйене отырып, оның  тімді әдіс – тәсілдерін  жетілдіруге  болады. Атап айтқанда: дарынды оқушыны дамытады, оқушылар шығармашылығын арттырады; оқушылардыңойлау қабілеттерін жетілдіріп, білім сапасын көтереді; пәнге деген бейімділігі, қызығушылығы артады. Осындай жұмыстардың нәтежесінде бүгінгі күн талабына сай, сауатты, білімді  тұлғаны  тәрбелеуге  болады.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.  1 Елбасы Н.Ә Назарбаевтың «Қазақстан – 2050: Мәңгілік ел» жолдауы.

http://finpol.gov.kz/kaz/poslaniya/poslanie170114

2. Лихачев Б.Т. Воспитательные аспекты обучения. М., 1979.

3.Бұзаубақова К.Ж. Жаңа педагогикалық технология . Тараз : ТарМу , 2003.