Бейсенбекова
Г.Б. доцент
Ақтай
Ж. студент БОПмӘ - 21
Е.А.
Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті.
Қазақстан.
Бастауыш сынып
оқушыларының ақыл-ой қабілетін дамыту жолдары
Мемлекетіміздің 2030 жылға дейінгі стратегиясы
халқымыздың рухани ғылыми және шығармашылық
қабілеті жоғары болған жағдайда ғана
Қазақстанның дамуындағы ұзақ мерзімге
мәжеленген мақсаттарға жетуге болатындығын
анықтап берді. Қазіргі кездегі ғылым мен техниканың
жедел дамыған уақытында ойлампаз тұлғаны
қалыптастыру қажеттігі туындап отыр[1]. Мектептегі
оқыту үрдісінің негізгі мақсаттары –
оқушының білімді игеру
кезінде ақыл-ой қабілетін қалыптастыру, сол арқылы
таным әрекетін белсендіріп, жан-жақты жеке тұлғаны
тәрбиелеу десек онда, білім беру
саласындағы өзекті мәселелердің бірі бастауыш сынып
оқушы тұлғасының ақыл-ой қабілетін
дамытудың тиімді тәсілдерін, жолдарын дұрыс қолдана
білу болып табылады. Осы кезде тек сауатты болу жеткіліксіз. Тек жан
жақты дамыған білімді, ақылды адам ғана терең
білімдерді меңгере алады. Білімнің мәнін «Ақыл- тозбас
киім, білім-сарқылмас бұлақ» деген халықтың
даналық сөздерінен-ақ байқауға болады.
Бастауыш сынып оқушыларының
таным процестері дамуына оқытудың тигізетін әсері өте
үлкен. Дамыта оқыту проблемалары 18 ғасырдан бері зерттелуде.
Д.Б.Занков дамыта оқытуға қазіргі технологияларды
қолданып, жалпы ақыл-ойды дамыту жолдарын анықтады. Сонымен
қатар оқушылардың ақыл-ой қабілеттерін
дамыту жөнінде А.В.Запорожец, Л.Н.Венгер, И.С. Якиманская еңбектері
жарық көрді.
Қазіргі бастауыш мектеп
бағдарламасы, барлық таным процестерді жедел дамыту жолдарын ескере
отырып жасалған оқулықтар мазмұны ойлауды
дамытуға үлкен үлесін қосады. Дегенмен, осы проблеманы
шешу үшін әр мұғалім ойлау қабілетінің
ерекшеліктерін, оны дамыту жолдарын толық түсінуі қажет[2]. Л.В. Занков ақыл - ой қызметінің
төмендегідей көрсеткіштері дамуды іске асырады деп есептейді. Олар
байқампаздық, өз ойын еркін жеткізе білу, практикалық
іс - әрекеттер атқара білу. В.В. Давыдов ақыл - ойдың
дамуының көрсеткіші ретінде жинақтай, қорытындылай алу
дағдысын есептейді[3].
Ақыл-ой
тәрбиесі — балалардың ойлау қабілетін
дамыту, интеллектуалдық
ақыл-ой санасын, дүниеге ғылыми көзқарасын
жетілдіру, ой еңбегі мәдениетін қалыптастыруға
бағытталған іс-әрекет. Ақыл-ой тәрбиесі жеке тұлғаны қоғамның өркениетті даму бағытына сай жан-жақты
тәрбиелеудің құрамды бөліктерінің бірі. Ол
білім жүйесін меңгеруге, оқушылардың рухани
күшінің дамуына ықпал жасайды.
Ақыл-ой тәрбиесінің
басты міндеттері: оқушыларды табиғат, қоғам, адам
жайындағы ғылым негіздерімен қаруландыру; қоршаған
ақиқат дүниеге ғылыми көзқарасын, сенімін
қалыптастыру; оқушылардың ойлау қабілетін (абстрактылы
ойлау, ойлау операциялары — талдау, синтездеу, салыстыру, жинақтау,
топтау, негізгісін ажырату, жіктеу т.б.), таным іс-әрекетін (іскерлік,
дағды, бақылау, жазу т.б.) дамыту[4].
Г.Б.Бейсенбекованың «Кіші
жастағы оқушы тұлғасының
психологиялық-педагогикалық диагностикасы» оқулығында
ақыл-ой қабілеті жайлы былай делінген: «Балалардың
көпшілігінің ақыл-ойы қалыпты дамыған болып
келеді. Алты жасар бала заттардың, құбылыстардың,
іс-әрекеттер арасындағы байланыстар мен қатынастарды
бөліп алуды және пайдалануды қажет ететін азды-көпті
күрделі міндеттерді шеше алады. Балалардың өз мүмкіндіктерін
пайдаланудың оның өмір сүру саласымен байланысты
өзіндік ерекшеліктері бар. Алты-жеті жастағы қалыпты
дамыған бала атаулы ақыл-ой белсенділігіне; олар айналадағы
дүниені өзінің танымдық проблемасы ретінде
қабылдай отырып, алдына танымдық міндеттер қояды. «Не
үшін?» және «Неліктен?» деген сұрақтар баланың
ақыл-ой белсенділігінің көрсеткіші болып табылады. Бұл
жаста бала жануарларға, адамдарға, табиғат
құбылыстарына мұқият түрде бақылау
жүргізе алады. Олар пікір айтып, тұжырымдар жасай алады. Дегенменде
бұл жастағы баланың ойлауы белгілі бір проблемалық
жағдайларды дұрыс шешімін табуға қажетті білімнің
жоқтығына өзіндік ақыл-ой позициясымен ерекшеленеді.
Бала өз тәжірибесінде заттардың ұзындық,
көлем, салмақ т.б. қасиеттерінің сақталуы туралы
мағлұматтарды игере алмайды. Осы кездегі баланың
ойлауының негізгі түрі-көрнекі бейнелі ойлау. Бейнелі ойлау -
мектепте даярлық тобындағы баланың өмірі мен
іс-әрекет жағдайларға, ойын үстінде, сурет салу,
ойыншық құрастыру, үлкендермен
қарым-қатынас жасау кедерінде туындайтын міндеттерге көп
ретте сәйкес келеді. Жүйелі білімнің болмауы,
ұғымдардың толық қалыптаспауы баланың
ойлауында қабылдау логикасының жетекші роль атқаруына
әкеп соғады[5].
В.И.Лениннің адамның
ақыл-ойы қандай болуы керек екендігі және қандай адамды
ақылды деп айтуға болатындығы жөнінде айтқан мына
бір пікірін ескермесек болмайды: «Ақылды адам - дегеніміз
қателеспейтін адам емес. Ондай адамдар жоқ болуы да мүмкін
емес. Ақылды адам дегеніміз пәлендей мәнді емес қателер
жіберіп, ол қателерді оңай, тез түзете білетін адам»[6].
Сондай-ақ ақыл-ой
қабілетін дамытуда бірнеше дәйекті кезеңдерден өтеді
екен. Оқушы балада ауызша-логикалық немесе түсінікті ойлауы
дами бастайды. Оқушы бала өзінің түсінігіне
сүйене бастайды(алғашында деректі, уақыт өте келе дерексіз).
Бұл құбылыс баланың мектепте алған
білімінің толығуынан байланысты болып отырады.
Ақыл-ой қабілетін игеру
кезеңдері:
1.
Бастауыш сынып оқушыларының
ойлауы нақтылы келеді. Заттарды қалай айтты солай қабылдайды.
Заттардың қасиеттеріне аса мән бере бермейді.(Мысалы,
танк-жауынгерлері бар көлік.)
2.
Берілген заттың
ұғымын, қасиетін біраз түсінеді, бірақ
затардың шын мәніндегі қасиеттерін ажырата алмайды.
3.
Заттардың белгілерін бейнелей
алады, бірақ әлі кең мағынада түсіндіре
алмайды.(Мысалы, үшінші сынып оқушысы жалпы жанартау
ұғымына дұрыс түсінік береді де,бірақ оған
сөнген жанартауды қатыстырмайды)
4.
Белгілі бір заттың қасиетін
кең мағынада түсіндіріп бере алады.(Мысалы, құс
десе баланың ойына лезде қауырсын елестейді).
Бастауыш сынып оқушыларында
салыстыру дамиды. Оқушылар заттарды салыстыра бастайды және сол
заттардың ұқсастықтарын немесе айырмашылықтарын
тауып алады.(Көбіне оқушылар айырмашылықтарын тауып
алады)[7].
Қ Жарықбаевтың «Жалпы
психология» оқулығында балалардың ақыл-ой
қабілетін дамытуда қолдануға тиіс бірнеше шараларды атап
өтіп кеткен[8]. Ол былай деген:
«Оқушылардың ойлауын дамытуда мектептегі оқу-тәрбие
процесі шешуші рөл атқарады. Бастауыш мектеп жағдайында
оқушы бала ойлауы қалайша дамып отыратындығы жоғарыда
айтылып кетті. Оқушы ойлауын дамыту үшін мұғалім тиісті
жұмыстар жүргізіп отыруы тиіс. Осындай ойлау тәрбиесіне
қатысты шаралардың кейбірі мынандай: -оқушыларды белгілі
ережелер (грамматикалық,математикалық) жөнінде өз
беттерінше қорытынды жасай алуға үйрету үшін мұғалім
сабақта мүмкіндігінше эвристикалық әдісті жиі
пайдаланып отыруы қажет. -оқу материалдарын балалардың ойлау
қабілеті жетерліктей жас өзгешеліктерін ескере отырып
ұйымдастырса ғана, оның ойлау қабілетінің дамуына
мүмкіндіктер туады. -Оқушылардың сөйлеу қабілетін
дамытып отыру олардың ойлауын дамытуға үлкен әсерін
тигізеді. -ойлау қабылдаулар мен елестердің негізінде
жасалады.Сондықтан оқушының сабақты мүмкіндігінше
жақсы қабылдай алуына, елемтердің тиянақты
қалыптасуына мұғалім айрықша қамқорлық
жасамаса болмайды. -мұғалім оқушыларды үнемі ойланып
оқуға бағыттауы тиіс. Бұған оқу процесін
жүйелі ұйымдастыру, сабақта бала логикасын дамыта алатын
мүмкіндіктерді мол пайдалану арқылы жетуге болады.
Оқушылардың өз
беттерінше жасаған ой операцияларының
дұрыс-бұрыстығын тексерткізу, оларды бір
мәселенің өзін түрлі жолдармен шешуге үнемі
бағыттап отыру ойлауды қажет ететін мысалдар құрастыру,
есептер шығару, шығармалар жаздыру – бала ойлауын
тәрбиелеудің тиімді жолдары.
Ойлауды тәрбиелеу бала
психологиясын жан-жақты дамытумен тығыз ұштасып жатады.
Бұл оның білуге құмарлығын, тану
қызығуларын, көзқарасы мен сенімін тәрбиелеумен
қоса жүргізілуі тиіс. Ойын - ойлау процестін дамытуға
қолданылатын тиімді тәсіл.
Қорыта
келгенде, оқушылардың ақыл -ой қабілетін
арттыру мақсатында жұмыстарды ойластырып, оны ұйымдастырмас
бұрын оқушыларда ойлаудың 3 түрінің қандай
деңгейде екеніне диагностикалау жұмыстары жүргізіледі.
Оған төмендегідей әдістемелерді пайдалануға болады:
ü
Шытырмандар.
ü Бұл жерде не артық?
ü Топтарға бөл.
ü Равен матрицасы.
ü Лабиринт.
ü Фигураларды кес.
ü Сызықтармен қорша.
ü Рубик кубигі.
Сондай-ақ ақыл-ой
қабілетін дамыту жолында төмендегідей оқу тапсырмаларын беру
керек:
ü
шығармашылық жұмыстар:
шығарма жазу, суретке қарап әңгіме құру
өз бетінше әр түрлі пәндер бойынша есептер
құрастыру, сурет салу, белгілі тақырыптарға баяндамаларжазу
т.б.
ü
салыстыруға байланысты
тапсырмалар: логикалық және жинақтай ойлау.
ü
ойлау әрекеттерін реттеуге
бағытталған тапсырмалар.
Әдебиеттер:
1. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан - 2030» Ел президентінің
Қазақстан халқына жолдауы «Барлық
Қазақстандықтардың өсіп өркендеуі,
қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы». Алматы:
Дәуір, 1997.
2.
http://szh.kz/studen
t/1272/
3.
Молдатаева М. Тілді дамыта оқыту.// Бастауыш
мектеп. 2000. №3- Б.4-9
4.
https://kk.wikipedia.org/wiki
5.
Бейсенбекова Г.Б Кіші жастағы оқушы
тұлғасының психологиялық-педагогикалық
диагностикасы. Қарағанды, 2008. - Б.86-87
6.
Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М.
Педагогика.Алматы, 2004. - Б.140-141
7.
Карманова Ж.А. Особенности психологии младших школьников.
Қарағанды, 2003. - Б. 99-100
8.
Жарықбаев Қ. Жалпы психология.Алматы, 2000- Б. 165-182