«АҚПАРАТТЫ ҚОРҒАУ ҚҰРАЛДАРЫ ЖӘНЕ ӘДІСТЕРІ» ПӘНІН ОҚЫТУДА МУЛЬТИМЕДИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНУ

Жоранова Н.Ж.

Қазіргі ақпараттық технологиялардың қарқынды даму кезеңінде жоғары білім беретін оқу орындарының оқу үдерісінің тиімділігі болашақ мұғалімнің кәсіби дайындығына тікелей қатысты. Сол себепті ақпараттық-қатынастық технологиялар оқулықтарын педагогикалық іс-әрекетке кеңінен қолдана білу іскерліктерінің жоғары деңгейде қалыптасуы мектеп мұғалімдерінің кәсіби дайындығына қойылатын талаптар қатарына енеді. Осы орайда, жоғары оқу орындарында болашақ мұғалімдерді педагогикалық үдерісте ақпараттық технологиялар мен бағдарламалық оқулықтарды қолдануға ғана емес, осы оқулықтарды жасауға дайындау өзекті мәселе болып табылады.

Электрондық оқулық пен оқытудың негізгі мақсаты: «Оқыту процесін үздіксіз және толық деңгейін бақылау, сонымен қатар ақпараттық ізденіс қабілетін дамыту». Білім берудің кез келген саласында ойлау жүйесін қалыптастыруға шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды.

Электрондық оқулық дегеніміз- мультимедиялық оқулық, сондықтан электрондық оқулықтың құрылымы сапалы жаңа деңгейде болуға тиіс. Электрондық оқулық оқушының уақытын үнемдейді, оқу материалдарын іздеп отырмай, өтілген және оқушының ұмытып қалған материалдарын еске түсіруге зор ықпал етеді. Себебі, оқушының өзіне көрнекілік қолданған тиімді қажет элементінің жанында жазуы болады.мазмұны қиындау бір үлкен тақырыптың бөліктерін өткенде қосымша бейнехабар және клиптер қажетті элемент болып табылады. Бейнеклиптер уақыт масштабын өзгертуге және көріністерді тез немесе жәй түрде көрсетуге пайдалы. Электрондық оқулық таңдап алынған хабарды көшіруге мүмкіншілік туғызады.

Қазіргі таңда техникалық және кәсіби білім беруге үлкен көңіл бөлінуде, ол ғылыми техникалық прогресті анықтайды және экономикалық шарттар негізінде үздіксіз жетілдіруді қажет етеді.Ақпараттық технологияны қолдану студенттерге пәнді оқу процесін белсендендіреді, жаңа материалдарды меңгеруін жеңілдетеді. Оқыту жүйелері, компьютерлік технологияларды қолдануға құрастырылған, оқушылардың қызығушылығын, олардың творчествалық белсенділігін арттырады, оқытушының еңбегін жеңілдетеді. Аталған мақала Flash технология көмегімен құрылған «Ақпаратты қорғау құралдары және әдістері» пәнін оқытуға арналған мультимедиялық оқыту құралы. Мультимедиялық технологияны қолдану қабылдау көлемін жоғарлатуға көмектеседі, ынтаны арттырады, есте сақтау қабілетін дамытады және оқыту процесінде адамның ойлау қызметін белсенді етеді. Атап өтетін жағдай әдемі компьютерлік Flash графикасы, мәтіндерді және анимациялық құюларды құруға мүмкіндік береді, қабылдауды жеңілдетеді, интерфейсті өте тартымды етеді және басқа пакеттермен салыстырғанда өте жақсы есте қалады. Оқулық, классикалық түсінікте, бұл кітап оқушылармен студенттерге, ғылымның заманауи деңгейдегі анықталған облыста жүйелік түрде материалды жеткізу. Қазіргі таңда нақты бағытта анықталған электронды оқулық жоқ, сондықтан электронды оқулық білім беру ортасының элементі болып табылады. Электронды оқулықта аталған жұмыстың білім берудің ақпараттық ресурсы, құрылуы, зааманауи ақпараттық технологияның қолданылу мүмкіндіктері қолданылады. Кез келген күрделі ақпараттық технология, электронды оқулық құру кезінде анықталған технология мақсатты түрде қолданылады. Кең көлемді құрылған технология және келесі этаптар енгізіледі:

·        құру міндеттері және анықталған мақсатары;

·        электронды оқулықтың құру құрылымдары;

·        оқулықтың мақмұнын  тақырыптармен және  тараулармен құрастыру;

·        электронды оқулықтың бөлік құрылыдарының сценарилерін даярлау;

·        бағдарламалау;

·        сынақтан өкізу;

·        сынақ нәтижесі бойынша ЭО мазмұнын түзету;

·        пайдаланушылар үшін әдістемелік нұсқау даялау.

Электронды оқулықты құрудың дидактикалық мақсаты және міндеттері, ақпараттық технология қолданып шешу және жету жіберу нүктесі. Құрылымын құруда ретті анықтау қажет. Оқу материалының жаңа зерттеулері, тараулар бойынша жаңашылыдық түрі және болашақ кітаптың негізгі тіректі таңдау. Мазмұнның бөлік тақырыптарын құру кезінде материалды бөлу қажет:

·        қабылдау күрделілігінің дәрежесі бойынша;

Электронды оқулықты құру кезіндегі келесі этап оны бағдарламалау болып табылады. Бұл жұмыста қойылым курсы, программисттер, программисты-дизайнеры, сонымен қатар психологты тарту ұсынылады. Электронды оқулық құрудан кейін өте жақсы, егер онымен пәндік оқытушы жұмыс жасаса, олардың ұсыныстары құрастырушыларға өте маңызды, курсты түзету де оны ескереді. Сынама кезінде құрастырушылардың ескерілмеген қателері  пайда болуы мүмкін. Ұсынылған интерактивті оқулық сабақта  материалды түсіндіру кезінде, есепті шешуде, студенттердің өзіндік жұмыстары кезінде, сонымен қатар білімді жалғастыруда қашықтан оқытуда қолданылады. Электрондық оқулықты құрастырған кезде оның мәтiндiк ақпараттан гөрi графиктiк ақпарат көбiрек қамтылуы керек, себебi ол пайдаланушының ақпаратты тез, әрi көрнекi түрде қабылдауына жағдай жасайды.

Электронды оқулықты қолдануда  өзіндік жұмыс үшін теориялық материалдың нақты логиканы жобалау, есепті қоюдың анықтылығы, тапсырманы орындау мысалдарына нақты түсіндірме, оқу және қолданбалы есептердің шешу жолдары, әртүрлі әдістерді қолдану және барлық оқу тәрбие процесінің түрлерінде танымдық қызметі белсенді болады. Бірінші модульде «Дәстүрлі шифрлеу әдісі» «Ақпаратты қорғау құралдары және  әдістері» пәнінде мультимедиялық оқыту жолдарын қарастырамыз.   Бұл модулге келесі тараулар жатады: Цезарь әдісі;  Кілттік сөздермен  Цезарь әдісі;  Кестелік кодтау; Кілттік сөздермен шифрлеуші кестелер; Магиялық  квадрат; Трисемус әдісі;  Грондсфольд әдісі; Уитстонның екілік квадраты; Вижинер әдісі; Плейфер әдісі;  Полибия квадраты. Мультимедиялық технология динамикада процесстерді көрсетуге анимацияларды және көрнекі  видеофрагменттермен  иллюстрациялы материалдарды толықтыруға мүмкіндіктер береді.  Қазіргі кезде компьютердің көмегімен көптеген көрнекті нұсқаулықтар(кесте, видеофильмдер, слайдтар)   электронды түрде ауыстыруға мүмкіндік алды және оны ұзақ сақтауға болады. Мультимедиялық оқыту оқулықтарын пайдалану заманауи компьютерлік  технология кең көлемді ақпараттық мүмкіндіктерді қолдануға жол ашады және студенттердің жаңа деңгейде білім алуына көмектеседі. Ескерте кететін жағдай қазіргі таңда ақпаратты білім беру ортасында құрастырулар тәжірибесі көрсеткендей тек қана мақсатты түрде емес және ақпараттық ресурстардың тиімділігі ЖОО қолдану  көп жақты, бірақ міндетті түрде алдын ала теориялық жоспарлау және мазмұнды модельдеу қажет деп санаймыз. 

 

Әдебиеттер:

1.Ростовцев А. Г., Михайлова Н. В. Методы криптоанализа классических шифров . – М.: Наука, 1995. – 208 б.

2. Криптология – наука о тайнописи  //Компьютерное обозрение. –1999. – No3. – Б.10-17

3. Баричев С. В. Криптография без секретов. – М.: Наука, 1998. – 120б.

4. Шнайер Б. Прикладная криптография.  Протоколы, алгоритмы и исходные тексты на языке С, 2-е изд . – М.: Вильямс, 2003. – 672б.