Нығыметов Е.М., дене шынықтыру мұғалімі
ЖООБ «№19 мектеп» КММ, Қазақстан
Дженбаева Қ.Б., аға оқытушы
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік
университеті
Оқу-тәрбие үрдісінде денсаулық
сақтау технологиясын қолдану маңызы
Бүгінгі таңда Қазақстанның дүниежүзілік
білім кеңістігіне ену қажеттілігі көтеріліп отырған
кезеңде білім беру мәселесін, әдіс - тәсілдерді
инновациялық үрдістермен алмастыру арқылы жалпы білім сапасын
арттыру көзделген. Осы орайда әрбір мұғалім
озық технологияларды терең талдаудан өткізіп, өзіне
тиімдісін таңдауы керек. Сонау ХХ ғасырдың басында Ж.
Аймауытов: «Сабақ беру – жай үйреншікті нәрсе емес, ол –
жаңадан жаңаны табатын нәрсе» деген екен.
Технология – бұл,
ең алдымен, бүкіл оқыту мен білімді игерту үдерісін
құрудың, қолдану мен анықтаудың
жүйелі әдісі, бұл ретте білім беру формаларын
оңтайландыру міндеті жүктелген техникалық және адами
ресурстар мен олардың өзара байланысы ескеріледі (ЮНЕСКО). Осы
ретте біз заманауи білім беру технологияларының бірі денсаулық
сақтау технологиясы туралы сөз қозғап отырмыз. Білімді
ұрпақ тәриелеу үшін олардың денсаулығы да
жақсы болуы керек. Тек денсаулығы жақсы оқушы
ғана кез-келген пәнді меңгеруге, ізденуге және өз
бетімен білім алуға құштарлығы жоғары болады.
Бұл ретте пән мұғалімдерінің міндетінің
бірі өз пәнін бала денсаулығына кері әсер етпейтін
жолдар арқылы меңгерту болып табылады. Білім берудің денсаулық сақтау технологиялары –
бұл көпшілік педагогтерге етене таныс жұмыстың
психо-педагогикалық әдістері мен тәсілдері, технологиялары
мен мүмкін болатын мәселелерді шешудің жолдары,
сондай-ақ педагогтың үнемі өзін-өзі жетілдіруге
ұмтылысы. Денсаулық сақтау
технологиясы формалардың, құралдардың және
әдістердің жиынтығын көрсетеді, олар адамның
дене, психикалық, адамгершілік және әлеуметтік жетістігін
қолдаудағы оптималды нәтижелерге жету үшін
бағытталған. Денсаулық
сақтау технологиясында тұжырымдылық, жүйелілік,
тиімділік маңызды болып саналады. Денсаулық сақтау
технологиясы жүйе ретінде өзара байланыстылықты жоспарлауды
және жобалауды, мұғалім мен оқушылардың біріккен
қызметін ұйымдастыруды, алға қойған
мақсаттарды нәтижелі шешу барысындағы оқыту мен
тәрбиелеудің құралдары мен әдістерін түрлендіруді
білдіреді.
Денсаулық сақтау
технологиясының көріністеріне тек осы саладағы білімді,
ептілікті, дағдыны игеру деңгейі ғана емес, сондай - ақ
мұғалім мен оқушының санитарлық -
гигиеналық талаптарды сақтау, педагогикалық еңбекті
ғылыми ұйымдастыру да жатады. Білім берудегі денсаулық сақтау
технологиясының мақсаты – оқушыға
мектеп қабырғасында өз денсаулығын сақтауға
мүмкіндік жасау, оқушы бойында салауатты өмір салты бойынша
қажетті білімді, шеберлік пен дағдыны қалыптастыру. Бұл
мақсаттардың орындалуы келесі білім беру үрдістеріне
байланысты:
- санитарлық ережелерге сай оқу
үрдісінің тиімді ұйымдастырылуы;
- оқушылардың
қимыл-қозғалыс белседілігінің тиімді
ұйымдастырылуы;
- салауатты өмір салты және
денсаулық құндылықтарын қалыптастыру
жөнінде жүйелі жұмыстар.
Білім берудің денсаулық
сақтау технологиясын ерекшелейтін көрсеткіш –
оқушылардың жағдайын үнемі экспресс-диагностикадан
өткізу және оқушылардың денсаулық
жағдайлары туралы сәйкес қорытынды жасауға
мүмкіндік беретін ағзаның динамикалы дамуының негізгі
параметрлерін тексеру. Біз денсаулық сақтау технологиясын жалпы
педагогикалық технологияға жатқызамыз, өйткені
салауатты өмір салтын қалыптастыру оқушыларды оқыту мен
тәрбиелеудің басты міндеті болып табылады.
Оқу-тәрбие үрдісінде денсаулық
сақтау технологиясын қолданудың басты принциптерінің
орындалуы үшін пән мұғалімі мынадау жұмыстарды
жүзеге асыруы қажет:
- сабақ үстінде қалжыраған кезде
денешынықтыру сәтін (физ минутка) өткізу. Норма –
сабақтың 15-20 минутына 1 минуттен 3 жеңіл
жаттығулардан, әр жаттығуды үш рет қайталау; Көзге
гимнастика жүргізу. Саусақтар моторикасын дамыту; қауіпсіз
белсенді қозғалыстарды ұйымдастыру;
- сабақта әрекет
түрлерінің ауысуы (бір сабақта оқушының
әрекеті ету нормасы - 7-8 түрі болу керек. Мысалы: оқу, жазу,
тындау, әңгімелеу, сұрақтар, сұрақтарға
жауап, көрнекі құралдарды қарау, есептер шығару
және т/б). Бағдарлы нормасы - 7-10 минут. Оқыту
түрлерінің саны: ауызша, көрнекілік, аудиовизуалды және
т.б.. Нормасы – 3-ден аз болмау керек. Ауысу нормасы - 10-15 минуттен кеш емес;
- оқыту түрлері, әдістері,
құралдарын таңдауда оқушының денсаулық
жағдайы мен жеке психологофизиологиялық ерекшеліктерін ескеру. Еркін
таңдау (еркін әңгімелеу, әрекет ету және
өзара әрекет ету тәсілдерін таңдау); белсенді
әдістер (оқушылар мұғалім рөлінде, әрекет
ету арқылы оқу топта талқылау, рөлдік ойындар,
дискуссия, семинар, оқушы-зерттеуші); өзін тануға және
дамытуға бағытталған әдістемелер (интеллект, эмоция,
қатынас жасау, қиял-елес, өзін-өзі бағалау
және өзара бағалау).
- үй тапсырмасын даралау, яғни баланың
үлгерімі мен қабілеті, денсаулық жағдайын ескеру;
- жас-жыныс ерекшеліктерінің ескерілуі;
Әр балаға өзінің
қабілеттерін сезінуге, олардың дамуына жағдай жасауға,
баланың денсаулығын сақтауға және
нығайтуға көмектесу мектептің негізгі міндеті болып
табылады, яғни оқытуда және тәрбиелеуде жеке
тұлғаға бағыт орнату керек. Кез келген жеке
тұлғаға бағыталған технологияны денсаулық
сақтайтын технологияға жатқызуға болады. Денсаулық сақтау
саласының қызметкерлері адам ауруының 75 % -ы балалық
шақта қалыптасатыны туралы айтады. Осыны ескере отырып, дені сау,
білімді ұрпақ тәрбиелеу үшін денсаулық
сақтау технологиясын қолдануды әр пән
мұғалімі жүзеге асыруы қажет деп есептейміз. Бұл
оқушылардың салауатты өмір салтын ұстануға
алғы шарт жасау болып табылады.
Cалауатты өмір сүру
дағдысының қалыптасуы – бұл оқушылардың
күнделікті өмірдегі әрекетінің саналы түрде
жүзеге асырылуы, олардың қимыл-қозғалыс
белсенділігі, денсаулығының шыңдалуы, күн ережесін
сақтауы, дұрыс тамақтануы, денсаулықты бұзатын
жат әдеттерден бас тартуы мен мінез-құлық пен
қарым-қатынас мәдениетінен көрінеді.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.
Назарбаев Н.Ә. Рухани байлық және мәдениет
– қоғамның басты құндылықтары. //
Егемен Қазақстан //. 2000жыл. 18 ақпан.
2.
Құлшынбай П. Бала
денсаулығы – қоғам байлығы //Б мен балаб. – 2012 -
№6-6б.
3.
Абзал К.Ж. Денсаулықты
нығайтуға ықпал ететін мектеп //Спр.рук.ОУ – 2012 - №11 35,
81б.
4.
Ахутина Т.В. Здоровьесберегающие технологии обучения:
индивидуально-ориентированный подход // Школа здоровья. 2000. Т. 7. №2. С.21 -
28
5.Смирнов Н.К. Здоровьесберегающие образовательные технологии в современной школе.- М.: АПК и ПРО, 2002. –
96 c.