УДК:373.24
Дидактикалық
ойындар – қоршаған ортаны тану құралы
Роза Мазраповна Жанысбаева, Самал Кемельбаевна Мекадилова
«Болашақ»
Академиясы
Аңдатпа: Балалардың қоршаған ортаны
танудағы өзіндік ойларының дамуына пайдаланылатын
шығармашылық, қимылдық, бақылау ойындармен
қоса, кең тұрғыда дидактикалық ойындарда
қолданылады. Дидактикалық ойын- бұл өмірді тану
құралы: ойын арқылы бала заттардың
құрылымын, түрін, түсін, пішінін, өсімдіктер мен
жан - жануарларды білетін болады. Ойын ойнату барысында балаларда бақылай
алу қабілеті дамиды, қызығу ортасы кеңейеді,
талғам мен сұрақтары пайда болады.
Кілттік
сөздер: Әлі де болса ойынның адамның дамуына,
қалыптасуына, тәрбиесіне байланысты функциялары анықталуда.
Ойын - адамның өміртанымының алғашқы
қадамы. Сондықтан ойын арқылы балалар өмірден көптеген мәліметтер алып, дамиды. Ойынның
басты шарты жеңіске жету болса, әр ойыншы өз
қарсыласының мүмкіндігімен санасып, бір - біріне деген
сенімділігін арттырады.
Тәрбие – баланың дүниеге келген
сәтінен басталады. Мектеп жасына дейінгі баланы дамытатын, өсіретін
әрі тәрбиелейтін негізгі іс-әрекет – ойын. Ойын арқылы
бала өзін қоршаған ортамен, табиғатпен,
қоғамдық құбылыстармен, адамдардың
еңбегімен, қарым-қатынасымен танысады. Халқымыз
ойындарды тек балаларды алдандыру, көңілін көтеру әдісі
деп қарамай, жас ерекшеліктеріне сай олардың
көзқарастарын, мінез-құлқын қалыптастыру
құралы деп ерекше бағаланған. Ойын негізінен
балаларға дене шынықтыру және эстетикалық тәрбие
берудің маңызды құралы. Ойын балаларды
ұйымшылдыққа үйретеді.
Ойынның түрлері көп, соның ішінде
маңыздысы – дидактикалық ойын. Бұл ойынның пайдасы –
баланың ой– өрісінің қалыптасуын, дамуын мақсат
етіп қояды. Сондай – ақ балалардың адамгершілік сезімін
оятуға, адамдармен дұрыс қарым–қатынас жасау,
еңбек адамдарына, басқа ұлт өкілдеріне, достық,
туған жеріне сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеуге
көңіл бөлінеді. Дидактикалық ойындар арнайы
мақсатты көздейді және нақты міндеттерді шешеді.
Ойынның міндеті – баланың қызығушылығын оятып,
белсенділігін арттыру мақсатында іріктеліп алынатын нақты
мазмұнмен анықталады. Дидактикалық ойындар – балалар
үшін өзіне тән жүру барысы, мақсаты, маңызы
бар әрекет[1]. Дидактикалық
ойындардың басқа ойындардан ерекшелігі, оның негізгі
мақсаты - баланы оқыту, олардың ойлау қабілеттерін
жаттықтыру және дамыту, игі қасиеттерді тәрбиелеу. Дидактикалық ойындардың мазмұны
- қандай да болмасын ақыл - ой міндеттерін жүзеге асыру.
Ережені орындау ойды, қиялды, есті дамытуға ықпал етеді.
Дидактикалық ойын арқылы дүниені тану басқаша
түрге ие болады, ол
күнделікті оқуға ұқсамайды, мұнда
қиял – ғажайып та, жауапты өз бетінше іздеу де, белгілі
болмыс пен құбылысқа жаңаша көзқарас та,
білімді толықтыру мен кеңейту де, жекеленген құбылыстар
арасында өзара байланысты, ұқсастықты және
айырмашылықты тағайындау да бар. Ал ең бастысы, балаларды еш
қинамай, өздерінің қалауы бойынша дидактикалық
ойын арқылы оқу материалын әртүрлі тұрғыдан
бірнеше рет қайталауға мүмкіндік туады. Сонымен бірге дидактикалық
ойын өзара жарыстыру мүмкіндігін туғызып, балаларға
білімдерін әртүрлі жағдайда қолдануға негіз
береді.
Тәрбиешіге дидактикалық ойындарды талдау кезінде
міндеттің орындалғанын, әрекеттің жүзеге
асырылғандығын, ойынның белгілі бір нәтижеге
әкелгендігін қадағалаудың маңызы зор. Адам
өскен сайын ойын өзінің мәнін, жетекші ролін
жоғалта бастайды. Бірақ ол кейбір адамдарда өмірлік іске
айналады (шығармашылық, техникалық және басқа да
мамандықтар). Ойын тарихы, оның еңбектен пайда болғанын
көрсетеді, ендеше ол адамдар үшін еңбектің түрі
болып қала береді
Дидактикалық ойындардың өзіне тән ерекшеліктері
бар. Бір жағынан - ойында ойындық әрекет негізге
алынған, оның көмегімен жеке тұлғаның
белгілі бір сапалары: зейін, байқағыштық, ес, ойлау,
ізденімпаздық, белсенділік қалыптасады. Екінші жағынан – ойын
сабақта белгілі бір дидактикалық міндетті, жаңа материалды
оқып – үйрену, өткенді қайталау, іскерлік пен
дағдыны қалыптастыру, білімді іс жүзінде пайдалану
міндеттерін шешуді көздейді.
Ойынға
қатысушыларды қажетті құрал - жабдықтармен
қамтамасыз ету маңызды. Бұл тапсырмалар жазылған
карточкалар, сюжетті суреттер, жинақтар, тағы басқа сондай
болуы мүмкін. Ойынды ұйымдастыру формасына, оның түріне
байланысты болу керек. Ойынның құралдарына қойылатын
талаптар: ойынның мақсаты, мазмұны және формасы
арқылы анықталады. Бұл жағдайда ойынға
қатысты әрбір зат (ойыншықтар, материалдар т.с.с)
балаларға жақсы таныс болуы керек.
Дидактикалық ойындарды таңдап алу, оларды дұрыс
өткізу мен ұйымдастыру - оның табысты болуының шешуші
шарттары. Ойынды оқу әрекетіне енгізу, біріншіден сабақта
қолайлы жағдайдың болуы, екіншіден тәрбиешінің
шеберлігін, үшіншіден балалардың психологиялық
көңіл – күйінің болуын талап етеді. Дидактикалық
ойындардың тиімділігі, олардың сабақтың
кезеңіндегі орны мен міндетін және мақсатын дәл
анықтауға, оны қолданудың теориясы мен
практикасының тәрбиешінің жетік игеруіне, шеберлік танытуына,
ойынға қажетті материалдардың жиынтығын алдын – ала
дайындап алуға, ойын процесіне балаларды белсенді
ұйымдастыруға байланысты[2].
Дидактикалық ойындардың қайсысын болмасын
өткізу барысында балалар
түрлі іс - әрекеттерді орындайды. Дегенмен олардың
қандай да бір іс - әрекеттің басым орындалуына орай
топтастыруға болады. Демек, ойын барысында орындалатын негізгі іс -
әрекеттерді анықтап, оның түрлерін іс - әрекетке
орай алмастырып отыруға тура келеді. Кейбір дидактикалық ойындарда
балалардың орындаушылықпен (қайта берілген үлгіге
еліктей отырып), біршамасында еске түсіруімен, (қайта
жаңғыртумен) байланысты, қайсы бірінде тексеру мен
бақылау, өзгерту, түрлендіру, әртүрлі
мүмкін варианттарды іздестіру сияқты іс - әрекеттер
орындалады. Ойын элементтерін пайдалану нәтижелі болу үшін осы
сияқты іс - әрекеттерді алмастыра отырып дидактикалық
ойындардың өзгермелі болуын да жүзеге асыру керек[3].
Балабақшада жиі қолданатын дидактикалық
ойын түрлері:
1.Ойыншықпен ойналатын ойындар.
2.Үстел үстінде ойналатын ойындар.
3.Сөздік ойындар
Әр топта балалардың жас ерекшеліктеріне
байланысты ойындар іріктелінеді, сондай - ақ тапсырмалар арқылы
балалардың білімін тереңдете түсіп және ойлауын,
зейінін, есте сақтауын дамытуға көмектеседі. Ойын ережелерге
сүйенеді, ережелер әр баланың ойында не істеу керектігін,
қалай істеу керектігін, мақсатқа жетудің жолдарын
көрсетеді және ақыл-ой қабілеттерін дамытады,
әсіресе, кішкентай топтағы балалар өзін-өзі
ұстауға, өздерінің мінез-құлықтарын
қадағалауға үйренеді. Сонымен бірге,
психологиялық жағдайларын жақсартады: көңіл аударғыштығын,
байқағыштығын және мейірімділікке, кішіпейілділікке
үйретеді. Көптеген дидактикалық ойындар балалардың жеке
- дара ойнауына арналған (мозаика, пирамида), олар баланың дербестігін,
аңғарғыштығын, өздігінен еңбек етуін
жетілдіреді. Кейбір ойындар бір неше
баламен ойналады, сандық лотолар сан үйрету үшін
өте қолайлы қызықты[4].
Дидактикалық ойынды қолдану үшін
үлкен педагогикалық шеберлік қажет. Ойынды таңдап
алған соң, ойынның көмегімен қандай тапсырманы орындайтынын
анықтаймын және ойынды өткізу үшін алдын-ала
дайындаламын, сонымен қатар балаларға ойын түсінікті,
анық, жас ерекшеліктеріне сай болуы тиіс. Мысалы: табу, көрсету,
белгілеу естияр топқа лайықты, ал ересек балаларда салыстыру басым
болады. Мінез-құлықты тәрбиелеуде ойынның
рөлі маңызды болып есептеледі.
Мектеп жасына дейінгі балаларда
қоршаған ортаны танудың физиологиялық механизмдері
өзінің жоғары даму деңгейіне жетеді. Іштей ойлау, ой
түю пайда болады. Баланың ой-санасы мен жүйесінің
қозуы мен тежелуі ширығып, күшейеді. Тепе-теңдік сипат
алады. Абстрактылы ойлау біршама дамиды, қоршаған орта туралы
талдау, ой түю, жап-жақсы жетіледі. Бұл топтағы
балаларда табиғат туралы
түсінік тәрбиеші көмегімегімен (көшені, жолды тазарту,
қарды күреу) балалардың өз аулаларының
қарын тазалауға жәрдемдесулері. Қыс туралы картиналар,
бақылаулар бойынша әңгімелесу, қыс қызығын
тамашалау мен қатар қысқы табиғатты қорғай білуге назарларын аудару
қажет.
Ойын- бұл мектепке дейінгі жастағы
балалардың қызметінің бастапқы түрі,
жан-жақты тәрбие берудің құралы. Ойын
арқылы бала өзін қоршаған ортаны таниды, өз
құрдастарымен, ересектермен араласуды үйренеді, не жаман, не
жақсы екенін айырады. Бірақ, дәл осы өмір жайлы білім
мен білікті ересектер береді. Және де осы ата- аналар балалар
өміріндегі маңызды орынды иеленеді - олар әрі ұстаздар,
әрі қорғаушылар. Ал, педагогтар, оларға
мамандандырылған білім беруге, дұрыс ойнай білуге, балаларына
қаншалықты көңіл бөлуге және
шыдамдылық танытуға үйретеміз. Өкінішке орай, ата -
аналардың көбісі балаларымен ойнай білмейді, оған педагогтар
көмектеседі. Бастысы, ата- аналардың баламен араласуға, ойын
ойнауға деген қызығушылықтарының болуы[5].
Ата-аналармен қарым - қатынас жасаудың
мынадай тәсілдері бар:
- кеңес беру;
- жиналыс өткізу;
-әңгімелесу;
- анкета жұмыстарын жүргізу;
Казіргі кезде ата-аналармен араласуға көмек
жасайтын, оларды арақашықтықта оқытатын білім беру
мекемелерінің әр түрлі сайттары құрылып жатыр ата
- аналарға мынадай дидактикалық ойындарды ұсыну керек:
- «Қайсы артық» ойыны - бұл ойын
жүйелеуді үйретеді, ойлау дәрежесінің дамуына, есте
сақтау қабілетінің артуына, өз көңілін
білдіре алуына және өзі таңдау жасай білуіне
көмектеседі. Бұл ойында әр түрлі суреттерді,
нұсқаларды және ауызша түрін қолдануға
болады.
- «Кімнің құсы
алысқа ұшады» Мақсаты: Ұзақ,
бағытталған, бірқалыпты ауызбен дем шығаруды
қалыптастыру.
Қажетті
құралдар: Жұқа қағаздан ойып жасалған
және айқын боялған құстың пішіндері.
Ойын барысы:
Бір-біріне 30см қашықтықта екі құсты
үстелдің шетіне орналастырады. Екі бала құстарға
қарама-қарсы отырады. «Құстар ұшты!» дабылы
бойынша, балалар құстардың пішіндеріне үрлейді. Балалар
құстарға үрлегенде ұрттарын толтырмауын,
қатты күш салмауын қадағалау керек.
Кеме
Мақсаты:
Ұзақ, бағытталған, бірқалыпты ауызбен дем
шығара білуді қалыптастыру. Ерін бұлшық еттерін
белсендіру.
Қажетті
құралдар: Су құйылған шара және
қағаз кемелер.
Ойын барысы:
Су құйылған шара балаға кемені үрлеуге
ыңғайлы болып тұруы керек. Тәрбиеші кеме
қозғалу үшін, оған бірқалыпты және
ұзақ үрлеу қажеттігін түсіндіреді.
Сағат
тықылдайды
Мақсаты:
Дыбыстарды айтуды, дыбыстау аппаратын дамыту. «К», «т» дыбыстарының
айтылуын бекіту. Біркелкі сөз қарқынын, сөздерді жылдам
және баяу, қатты және жай айтуды шынықтыру.
Қажетті
құралдар: Үлкен және кіші сағаттар.
Ойын барысы:
Тәрбиеші балаға сағаттарды көрсетіп, айтады: «Бұл
– сағаттар. Олар жүрген кезде «тк-тк, тк-тк» деп тықылдайды.
Сағаттар қалай тықылдайды? (балалар жауап береді).Үлкен
сағаттар жүрген кезде «тк-тк» деп қатты және баяу, ал
кіші сағаттар «тк-тк» деп жай және жылдам тықылдайды (балалар
әрқайсысына айырмашылығын ажыратып жауап береді). «Т»
және «к» дыбыстарының дұрыс және анық айтылуын қадағалау
керек.
Бұл ойындарды ата-аналар үйде ойнағандай
көшеде де, қыдырған сәтте де, көлікте
отырған сәтте де, яғни бала өзін дұрыс
ұстамаған сәттердің бәрін де ойнай алады. Ас
үйде болсын, ата-аналардың қалтасында, көлікте,
анасының сөмкесінде ойынға арналған заттар
әрқашанда табылады. Ата-аналар өздері жұмыс істеп
жатқанда, яғни қолдары тимей жатқан уақыттарында
олармен ауызша әрдайым ойнауға болады.
Резюме
Жанысбаева Р.М., Мекадилова С.К.
Развивающие игры - инструмент для ознакомления с окружающей
действительностью
Игра - это важнейший инструмент
познания для любого ребенка. Дидактические игры для детей имеют
огромное значение: играя, малыш получает важнейшие навыки, учится
фантазировать, общаться, применять те умения, которые у него уже есть.
Интересно, что практически все игры, по крайней мере, среди тех, что рассчитаны
на дошкольный возраст, являются развивающими: в той или иной мере они обучают
малыша, помогают ему развивать его способности и таланты, открывать для себя
мир с искренним интересом.
Resume
Zhanysbaeva R.M , S.K Mekadïlova
Developing games are an instrument for an acquaintance
with surrounding reality
A game is a major
instrument of cognition for any child. Didactic games for children have an
enormous value: playing, a kid gets major skills, studies to dream up,
communicate, apply those abilities that he have already. Interestingly, that
practically all games, at least, among those, that counted on preschool age,
are developing: in one or another measure they teach a kid, help to develop ег
him
Қолданылған әдебиеттер
тізімі
1
А.Р. Алиякбарова. Окружающий мир. Экология 2002 ж. 35 б.
2 А.К. Бондаренко. Дидактические
игры в детском саду. 1989 ж. 87 б.
3А.В Корзун, С.В.Кишко.
Программа экологического воспитания детей дошкольного и младшего школьного возраста.
2000 ж. 6
бет
4 А.В.Корзун. Мир чувственного
восприятия. 2000 ж. 23 б.
5 А.В.Корзун Системный подход в ознакомлении детей с
природой и природоохранной деятельностью. 2000 ж. 12,23,24 б.