Заурбекова А.М.,
Исаметова А.
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты,
Қазақстан
ОҚУ ҮШІН БАҒАЛАУ ЖӘНЕ ОҚУДЫ БАҒАЛАУ
Оқу нәтижесінде «әр мұғалім тиімді
әдіс-тәсілдерді меңгере отырып, балалардың табысты
оқуы үшін пәнге деген қызығушылығын оятады,
студенттердің сенімділігін арттырады, оларды сапалы білім алуға
жетелейді.«Бағалау дегеніміз не?» және «бізді кезінде
мұғалімдер қалай бағалады, қазір қалай
бағалап жүрміз?» деген сұрақтар төңірегінде
ой қозғалды. Топтарға ортақ тапсырма берілді. Онда
топтар бірлесе отырып, түрлі – түсті салфеткалардан гүл
немесе басқа заттарды құрастырады. Одан соң критериалды
бағалау туралы түйінді пікірлер айтылып, оның
өзектілігі талданады. Заттарды құрастырып болған
соң, өздері критерий жасап шығарып, бір-бірінің
жұмысын бағалайды. Жасалған жұмыстар көпшілікке
ұсынылады.
Бағалаудың
жаңа әдісінде студент бағаны қандай критерийлер бойынша
алғанын, келесі сабақтарда қандай критерийлерге
көңіл бөлу керектігін ұғынды. Бұл
жүйеде студенттің нәтижесімен бірге іс-әрекеті де
бағаланды. Одан басқа студент бағалауда түрлі әдіс-тәсілдерді
қолдана алады. Біріншіден, студенттің
қызығушылығы артады, екіншіден, мұғалімнің
жұмысы да жеңілдеуі мүмкін (студенттер бірін- бірі бағалау, топпен
бағалау, топты бағалау әдістерін қолданғанда).
Студентті
қандай мақсатта, не үшін, қалай бағалаймыз?
Бағалау кезінде мынадай мақсаттар болуы мүмкін:
оқытудың қиындықтарын анықтау, жетістікке
жеткендегіне кері байланыс, болжау, стандарттарды бақылау ж.т.б.
Бағалау -
оқыту нәтижесін анықтау үшін қолданылатын
тәсіл, студенттің берілген тақырыпты меңгерудегі
кемшіліктерін жоюда, оның үлгерімінің нәтижелі болуына
ықпал ететін фактор. Бағалау, көбінесе, баға
қоюдың синтездік түрі (1-ден 5-ке дейінгі ранг) арқылы
жүзеге асады. Сондай-ақ,
бағалау баға қоюмен ғана шектелетін тәсіл
емес, ол материалды меңгеру, меңгермеу фактісімен қатар
оның себептерін анықтауға мүмкіндік беретін
оқытудың маңызды құрамды бөлігі болып
табылады.
1960-жылдардан
бастап формативтік (қалыптастырушы) және суммативті (жиынтық)
бағалау терминдерінің арасындағы айырмашылық енгізіле
бастады. Нақтырақ айтқанда, жіктеу үшін
өткізілетін оқуды бағалау және оқытудың
бөлігі ретінде бағалауды қолдану болатын оқыту
үшін бағалау арасында. Оқытуды, әдістерді
жақсарту мүмкіндіктерін анықтауға
бағытталған оқыту үшін бағалау (ОүБ) дербес
тұжырымдама ретінде 1999 жылдан кейін қолданысқа енді.
Бағалау оқытудың алға жылжуын белгілейді және
өзінің функциясы бойынша бағалау жиынтық (оқуды
бағалау) болып саналады [1].
Формативті бағалау күнделікті сабақта үлкен роль
атқарады, себебі: күнделікті оқу жетістіктері мен кері
байланыс студенттерге өз оқуы туралы қортынды жасауға
және нәтижені жақсарту үшін керекті шешім
қабылдауға ықпал етеді.
Формативті бағалау студенттің әр сабақтағы іс
- әрекетін бағалайды. Бұл жерде студенттің
сабақтағы белсенділігі, еркін өз ойын білдіруі, көмектесуі, бірлесіп жұмыс
жасауы сонымен қатар,
мақтау, мадақтау, жылы шырай таныту, қолдау көрсету,
ынталандыру формативті бағалаудың түрлері болып табылады.
Формативті бағалау оқыту
кезеңінде күнделікті қолданылады және сабақ
барысында студенттің оқу танымдық әрекетіне
басшылық жасайды. Формативті бағалау мұғалімнің
жалпы немесе жекелеген студент жұмысына жүйелі түрде
бақылау жасаукөмегімен жүргізіледі. Бағалаудың
бұл түрі үй
тапсырмаларын өз бетінше орындауға деген ниеттері мен берілген
тапсырманы орындауға деген олардың қызығушылығы
мен жауапкершілік сезімін ынталандыруда үлкен маңызға ие
болады.
Суммативті оқыту, керсінше, студенттің осы кезеңге дейін
оқығанын қосып бағалау немесе білім деңгейі мен
оқу дағдыларын анықтау үшін қолданылады.
Суммативті бағалау әр түрдегі оқытудың
жиынтық жұмыстарды орындау нәтижесі бойынша жүргізіледі
(тесттер, сынақтар, бақылау жұмыстары және т.б). Суммативті бағалау белгілі бір
уақыт аралығындағы студенттің алған білімін
тексеру болып табылады. Қорытынды баға формативті және
суммативті бағалаудың қосындысының нәтижесінде
шығарылады.
Бағалаудың мақсаты неде? деген сұрақтар қойлады. Бағалауды
қандай мақсатта және кім үшін , қалай
өткізуі керек екендігі туралы ойландым. Деңгейлік тапсырмалар беру
арқылы жауап деңгейлеріне, сабақ барысындағы
белсенділіктеріне сай бағалау
парағына өз - өздерін бағалату. Кері байланыс жасату. Мұнда
студенттің проблемаларын түсініп, оны шешу жолдарын
ұйымдастырамын. Мәтіндермен жұмыс жасауда 4 топ мәтін
бойынша оқып, осы тапсырма бойынша бір-бірін «Бағдаршам»
стратегиясы бойынша бағалады.
Студенттерді бағалауда
«бағдаршам» стратегиясын қолдандым. Бұл
стратегияның мақсаты:Егер жеткілікті нақты, анық, түсінікті болса - жасыл
түс. Егер жеткіліксіз орташа болса - сары түс. Егер мүлдем
түсініксіз болса - қызыл түс көрсетіп, тұстарына
белгілеп аты- жөндерін көрсетеді. Сонымен бірге топты
бағалауда топ басшысы мүшелерін фигуралармен бағалайды. Осы
бағалау студенттерге ұнады.Барлық сабақтар барысында формативті бағалаудың
келесі түрлерін қолдандым:
- қол белгісі немесе "сұқ саусақ"
арқылы бағалау;
- шапалақтау немесе мадақтау;
- стикерге бағалау;
- " 2 жұлдыз, 1 ұсыныс";
- "мақсат ағашы" арқылы бағалау;
- өзін - өзі бағалау;
- жұпта бірін -бірі бағалау;
- топта бірін - бірі бағалау
Осы
мақсатқа жету үшін ізденіп, әріптестерімен кеңесе
отырып, әлі де болса мен білмейтін, студент үшін
қызықты, нақты баға беретін бағалаудың
жолдарын қарастырып, тәжірибемде іске асырамын деп ойлаймын.
Әдебиет:
1.
Мұғалімдерге
арналған нұсқаулық 104-109 беттер.ҚР
ПҚБАКБ-сы 47-51 бет. (әдістемелік нұсқау)