Жүсіпов А.Е. ф.ғ.к.

«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» АҚ

Қазақстан, Астана

 

АЛЛОФРОНИЯ МЕН ОРТОФРОНИЯ: МӘДЕНИЕТ ПЕН ТІЛ ТОҒЫСЫНДАҒЫ ҚАЙШЫЛЫҚ

 

Тілдегі логикалық қайшылықты ортофрония, ал екіншісін қисынсыз қайшылықты аллофрония деп атау дұрыс болады. Ортофрония термині гректің «дұрыс» және «ойлау, сезіну» деген сөзінің қосындысынан, ал артофрония дегенің «өзгеше» және «ойлау, сезіну» сөзінің қосындысынан туындаған. Ежелгі грек және қазіргі кездегі жаңашыл грек тіліндегі деректі сараптай келе ғалымдар «аллофрония» сөзінің бойында «ессіздік, алжасу» деген мағынаның барын анықтаған.

Осы терминді енгізудегі басты мақсат – «логикалық», «қисынсыздық», «аффективтік», «алогикалық» сияқты түсінік тілдегі қайшылықты толықтай аша алмауымен түсіндіре аламыз. Сол сияқты логикалық тұрғыдан дұрыс сөйлем бойында аллофрониялық, керісінде қисынсыз сөйлемнің ортофрониялық мағынаны білдіре алуы да жиі кездесетін құбылыс. Мәселен, «Алматы – Қазақстан астанасы» - сырт көзге толықтай ортофрониялық сөйлем деп қабылданады, дегенмен оның бойында аллофрониялық та байқалады. Себебі осы сөйлемнің қай кезеңге қатысты айтылуына орай жалған не шынайы болуы мүмкін. Қазақстан астанасы әр кезеңде Орынбор, Қызылорда, Алматы, Ақмола, Астана болғанына ешкім дау айта алмайды.

Ортофрония қайшылықты, сонымен бірге жалғандықты жаратпайды, себебі логика тілі шындыққа негізделген. Алайда шындық тілде, ендеше таза ортофрониялық элемент көп емес. Затты тура танитын болсақ, тілдік жалғандық дегеніміз эвфемизм, гипербола, эллипсис, екіұштылық, эмфаза, ирония, табу, антропоморфизм және т.с.с. риторикалық айшық. Тілімізде шындыққа шағын ғана орын қалады. Әрине, ол қарапайым хабарлы сөйлем. Алайда жоғарыда көрсетілген мысалдан көргеніміздей хабарлы сөйлемнің өзі жалған болуы мүмкін.

Ортофрония мен аллофрония қатынасы

Таза ортофрониялық сөйлем/пікірлер шынайы референтке қатысты тура мағыналы сөйлем кезінде (аллофрониялық элементі болмаған жағдайда) ғана жүзеге асады. Мәселен, «Бұл – орындық» деп алдымызда тұрған орындықты меңзеген кезде жүгінеміз.

Басқа жағдайда ортофрония аллофрондық элементпен екі деңгейде қатынасады.

Көпмүшелі сөйлемдік деңгей: (а) сөйлем/пікірдің айқын аллофрондық элементі жоқ, дегенмен ол аллофрондық сипатқа ие, себебі басқа референтпен қатынаста болып күтуші референтті сипаттай алмайды

(1)             (көбіне ирония, жалған не қателескен сөйлем/пікірде болады); (ә) сөйлем/пікірдің бір не одан да көп аллофрониялық мүшесі болады, мәселен, полисемия кезінде сөз ойнату арқылы сөйлем/пікірге әсер етеді.

(2)             Сөйлем/пікір мүшесінің (лексикалық және грамматикалық элемент) не сөйлем/пікірдің жеке мүше деңгейі.

Аллофрония бұл жағдайда сөйлем/пікірге толықтай әсер ете қоймайды; бұл жасырын аллофрониялық жағдай. Бойында қайшылығы бар тілдік парадоксты қабылдауды аллофрониямен түсіндіре аламыз, себебі парадокс салыстырудың күтілетін емес, басқа деңгейінде дұрыс болмақ. Парадокс сөйлем қалыпты, қарапайым контекстіге емес, басқа да мәнмәтінге сүйенеді. Парадокс – ылғида «ол» туралы емес, «біреу» туралы айтылатын сөйлем.

Аллофрония референтке арналған түсінікке қатысты ауытқушылықты («ойында үнемі басқа нәрсе болу») білдіреді. Алайда референт, яғни тілдік нысан пропозиция субъектімен ғана қатынасады, ал предикат болса сбуъектіні сипаттап қана қояды. Қайшы сөйлемнің субъектіде түсінік алмасуы байқалады, ол басқа мәнмәтінге бағыт сілтейді. Бұл қозғалысты сәйкесінше нысанға қатысты тек таза кеңістіктік уақыттық жылжу деп танымай, басқа нысанға бағыт сілтеу деп түсінуіміз қажет. Нысанның өзі сәйкес предикат әсерінен ішкі қозғалысына тәуелді емес.

Жылжу (ығысудың) осындай мысалын мына үзіндіден көрсете аламыз. Шығармадағы кейіпкер қарша бораған оқтан емес, бастық айғайынан қорқуы осыған дәлел бола алады. Жарылыс алдында басталған жиналыс кезінде Берік бастығы Смирновқа: «Сіз, Александр Леонтьевич, өжетсіз. Ал мен шынымды айтсам, қорқақпын. Жан сақтайтын жерге барсам деймін», деді де кабинеттен шығып берді. Соңынан еруге ешкімнің жүрегі дауаламады». Берік өжет қорқақ, не қорқақ өжет адам болып шықты. Ал қалғаны «қателік» деңгейінде қалып қойды. Үзіндідегі «өжет», «қорқақ» сөзінің жылжу/ығысуы анық.

Жоғарыдағы ой туралы С.Карцевскийдің орынды тұжырымын бере кетуге болады: «... всякий раз, когда мы применяем слово как семантическую значимость к реальной действительности, мы покрываем более или менее новую совокупность представлений. Иначе говоря, мы постоянно траспонируем, употреблям переносно семантическую ценность знака» [1;88с.]. Келесі мысалдағы грамматикалық белгінің жылжуы не омонимиялық, не синонимиялық өріспен берілген. Әңгіме кезінде біреуді әлдекімді «балық» деп қалды. Балық сөзіне омоним құрылды (транспозиция), жолшыбай сөздің синоним қатарына да жүгіну қажет болады: «әлжуаз, сезімсіз, салқын қанды, флегматик».

Қайшылық пен түрлілік

Аллофрония кең мағынадағы қайшылық түсінігімен байланыста болатыны белгілі. Аллофрония – сөздің тосын қолданылуы кезіндегі қайшылық терминінің синонимі. Аллофрония – айқындалған тілдік бірліктен кейінгі жасырын, жекелей сөйлем/пікір.

Тар мағынада аллофрония тар мағынадағы қайшылық пен қайшылықтың бір түрі түрлілікке негізделуі мүмкін. Қайшылық кезінде қарсы қойылатын тілдік бірлік бір-бірін жоққа шығарады (мәселен, парадокстың бір түрі оксюморон кезінде), ал түрлілік кезінде қарсы қойылатын жұптың бір бөлігі ғана жоққа шығарылады (мәселен, метафора болғанда). Қайшылық пен түрлілік айтылғанға қарсы құбылысты білдіреді: бір жағынан, тілдесуші қарсылығы да, келесі жағынан – жасырын сөйлемге айқын қарсы қойылуы. Осылайша, метаформа түрлілікті, ал парадокс - қайшылықты сипаттаушы. Кейде түрлілікті толық емес қайшылық деп те атауға болады.

Қайшылық пен түрлілікті қарастыруда басқа да көзқарасқа жүгінуге болады.

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ:

Кукушкина Е.И., Познание, язык, культура. –М.: МГУ. 1984. -263с.

Копыленко М.М., Основы этнолингвистики. Алматы 1998.

Кондаков Н., Логический словарь-справочник. 2-е изд.М., 1975: 314.

Ислам А., Ұлттық мәдениет контексіндегі дүниенің тілдік суреті. ДДА., Алматы: 2004.

Кәукербаева Б., Сөз қолданыстағы семантикалық екіұштылық, Алматы: 2006

Абитиярова А., Сөз саптау үрдісіндегі қателер. Алматы:2010.

Жүсіпов А.Е., «Энантиосемия – сөздің ішкі қарама-қарсылығы» (оқу құралы) «Көкше-полиграфия». Көкшетау 2006 ж.

Жүсіпов А.Е., «Қазіргі қазақ тіліндегі қайшы тілдік тұлға: семантикасы мен прагматикасы» (оқу құралы). «ӘЛЕМ SS». Баспасы. Астана қаласы 2010 ж.;

Жалмаханов Ш., Көп мағыналы зат есімдердің семантикалық құрылымы. А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының «Тілтаным» журналы. 2002. №1. -32-38б.

Жүсіпов А.Е., «Қазіргі қазақ тіліндегі қарама-қайшылықтың лексикалық және грамматикалық жүйедегі орны» «ӘЛЕМ SS». Баспасы. Астана қаласы 2010 ж. (монография);

Болғанбаев Ә., Көп мағыналы сөздер және олардың жасалу жолдары. Алматы: «Мектеп», 1963

Жүсіпов А.Е., Қайшылықтың семантикасы мен прагматикасы (лингвомәдениеттанымдық қыры) Астана, 2013. -467бет.