Жүсіпов А.Е. ф.ғ.к.
«С.Сейфуллин
атындағы Қазақ агротехникалық университеті» АҚ
Қазақстан,
Астана
АЛЛОФРОНИЯ МЕН ОРТОФРОНИЯ ҚАСИЕТІ
Ортофронияға
тән қасиет төмендегідей:
(1)
Лексеманың бір мағыналығы. Бұған тар мағыналы
арнайы терминді жатқызуға болады.
(2)
Лексемада айқын қайшылық болмауы. Лексемада энантиосемия
жоқ, және де екіұштылық та байқалмайды.
(3)
Лексемада жасырын, латентті қайшылық болмауы. Бар
мағынаға қайшы тұратын мағынаның
этимологиялық анықтамасы жоқ.
(4)
Грамматикалық қайшылықтың болмауы. Тілдік бірлік
жүйелі грамматикалық формамен сипатталады. Бұл форманың
мазмұны денотатқа (мәселен, көптік форма заттың
көптігіне) сәйкес болады.
(5)
Референт күткен нәтижеге сәйкестілік. Тілдік белгі негізінен
ауыспалы мағынаның денотатын сипаттайды. Ирония, парадокс,
жалған денотация деген жоқ. Ортофрония ресми, әскери стильге
тән, тілдің ойын нұсқауында (әзіл,
қалжың, өтірік өлеңде) өте аз кездеседі.
Аллофрония
қасиеті осыған тура қайшы:
(1)
Лексаманың көп мағыналығы. Бұл тек узустық
көп мағыналыққа ғана емес, контекстік
мағынаның туындауына да қатысты.
(2)
Лексемада айқын қайшылық болуы. Негізінен бұл
энантиосемия мен узустық және тосын мағына арасындағы
қайшылық.
(3)
Лексемада жасырын, латенттік қайшылық болуы. Осы
мағынаға қарсы қойылатын мағынаның
этимологиясын ашып береді («қара аққу»).
(4)
Грамматикалық қайшылық болуы. Бұған мысал ретінде
транспозицияны келтіруге болады (мысалы, «тарихи өткен шақ»),
қалып мазмұнының денотатқа сәйкес болмауы
және т.т..
(1)
Референт күткен
нәтиженің сәйкессіздігі (аллофрондық жылжу). Тілдік
белгі денотатты ауыспалы мағына көмегімен жанама түрде
сипаттайды. Метафора, метонимия, парадокс, ирония және т.с.с. жиі
қолданылады.
Аллофрония
– тілдегі табиғи құбылыс, тілдің кей қасиетіне
орай мүмкін болады. Тілдік субъектіге нысан болып қана
қоймайды, оларды қандай да бір қасиетке сәйкес
түрлі категория шеңберіне енгізеді. Бір қасиетті
көмескілендіріп, екіншісін азайтып, ал үшіншісін тіптен жасырып
барып бір қасиетті көзге түсетіндей ету арқылы нысан
түрін сипаттаушы табиғи тәсілді категоризация деп
атауға болады. Қасиет әрі нысанның (зат емес, себебі
нысан – зат емес, оның көрінісі) осындай
тұрақты/тұрақсыз жылжу, ығысуын адам бойы,
қызметіне қатысты ғана мәнге ие болатын белсенді
қасиетпен түсіндіруге болады. Сондықтан қандай да бір
мәнмәтін шеңберінде кез келген қайшы сөйлем мен
сөйлем тіркесін кездестіреміз
(«Италия
– етік», «Жарық бөліктен тұрады. Жарық толқыннан
тұрады» және т.т.). Бұл кезде ақпарды қабылдаушы
аллофрония мүмкіндігін тілдік құбылыстың себебі
әрі салдары деп есептейді де, өзі де оны құрал ретінде
пайдаланады. Аллофрония мен ортофронияның физикалық әлемде де
аналогы бар. Бұлар – тілде сипатталатын симметрия мен асимметрия,
ырғақтылық пен аритмия (ырғақсыздық).
Тілдегі симметрия мен асимметрия
Кез
келген тіл жүйесіне қалыптасқан нақты бір
ауытқуды тілдік белгі асимметриясы деп қарауға болады
[1;С.85-90]. Зерттеушілер симметрияның бұзылу фактіне ертеде назар
аударған. Бар физикалық заңдылық симметриялы, алайда
кез келген симметрияда аздаған ақау болады. «Табиғат тура
симметрияны жақтырмайды. Табиғатты симметриялы деуге болар, тек
абсолютті емес»[2;71с.].
Қарсылық
бірлігі жайындағы ұғым құбылыстың ішкі
қайшылығын мойындауымен ғана шектелмейді.
Қарсылық арасындағы байланыс пен өзара әрекет
сипаты, құрылымын
ескерудің аса зор маңызы бар. Бұл байланыстың мәні
мынада: тұтас нәрсенің әр жағы оған
қарсы басқа жағы болғандықтан ғана
өмір сүре алады. Объектінің қос жақтығы
қарсылық арасындағы сыртқы қатынасты білдірмейді.
Бүтін дамуындағы қарсы жақ, қасиет, тенденция
бірін-бірі керек етуі, бір-біріне өтуі - қарсылықтың қандай бірлігінің болса да аса маңызды
белгісі.
Қарсылықтың
өзара шарттастығы - диалектикалық қайшылық
ерекшелігінің тек бір жағы ғана. Оның ажыратуға
болмайтын екінші бір жағы - олардың бірін-бірі жоққа
шығаруы. Бір тұтастық жағы қарсылық болғандықтан, олар байланыс
күйінде ғана емес, жоққа шығару, алшақтау
күйінде де болады. Бұл жағдай қарсылық күресі деген
ұғыммен тұжырымдалады.
Қайшылық
өзгермейтін, қозғалмайтын бірдеңе емес. Пайда
болғаннан кейін нақты қайшылықтың
қай-қайсысы болмасын дамиды,
белгілі бір саты, баспалдақтан өтеді.
Құбылыстың қай-қайсысы болмасын, қайшылығының
беті ашылғанша, толық мөлшерде өріс алғанша
жойылмайды, басқа құбылысқа орын бермейді,
өйткені тек даму процесінде ғана жаңа сапалық
күйге секіріс үшін алғышарт жасалады.
Симметрияны
тыныштық, заңдылық, шырмау деп қарасақ,
асимметрия қозғалыс, еркіндік, кездейсоқтықты
білдірмек. Шынайы сұлулықты тек қайшылық бірлігінде
ғана түйсінуге болады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ:
Кукушкина Е.И., Познание,
язык, культура. –М.: МГУ. 1984. -263с.
Копыленко М.М., Основы
этнолингвистики. Алматы 1998.
Кондаков
Н., Логический
словарь-справочник. 2-е изд.М., 1975: 314.
Ислам А., Ұлттық
мәдениет контексіндегі дүниенің тілдік суреті. ДДА., Алматы:
2004.
Кәукербаева Б.,
Сөз қолданыстағы семантикалық екіұштылық,
Алматы: 2006.
Абитиярова А., Сөз саптау
үрдісіндегі қателер. Алматы:2010.
Жүсіпов А.Е.,
«Энантиосемия – сөздің ішкі қарама-қарсылығы»
(оқу құралы) «Көкше-полиграфия». Көкшетау 2006 ж.
Жүсіпов А.Е., «Қазіргі қазақ
тіліндегі қайшы тілдік тұлға: семантикасы мен прагматикасы»
(оқу құралы). «ӘЛЕМ SS». Баспасы. Астана қаласы
2010 ж.;
Жалмаханов Ш., Көп
мағыналы зат есімдердің семантикалық құрылымы.
А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының «Тілтаным»
журналы. 2002. №1. -32-38б.
Жүсіпов А.Е., «Қазіргі қазақ
тіліндегі қарама-қайшылықтың лексикалық
және грамматикалық жүйедегі орны» «ӘЛЕМ SS». Баспасы.
Астана қаласы 2010 ж. (монография);
Болғанбаев Ә., Көп
мағыналы сөздер және олардың жасалу жолдары. Алматы:
«Мектеп», 1963
Жүсіпов А.Е.,
Қайшылықтың семантикасы мен прагматикасы
(лингвомәдениеттанымдық қыры) Астана, 2013. -467бет.