Жүсіпов А.Е. ф.ғ.к.
«С.Сейфуллин
атындағы Қазақ агротехникалық университеті» АҚ
Қазақстан,
Астана
ТІЛДЕГІ ЫРҒАТҚЫЛЫҚ ПЕН АРИТМИЯ
Қайшылығы
жоқ логикалық тілдің өз ырғағы болады, ол
кезде элемент нақты семантикалық біркелкілік, тәртіп, ретімен
ауысып отырады. Ырғақ негізінен музыка, поэзия, бидегі белгілі бір
қозғалысты уақытпен ұйымдастырушы ретінде таныс,
ауыспалы мағынасында өнердің басқа да түрі,
табиғат құбылысы уақыттық және
кеңістіктік көлемнің реті мен мерзімін реттеуші ретінде де
жұмсала береді. Логикалық ырғақ – асықпай
ойлаудың нақты бір тәртібі, оған осы тәртіпке
өзіндік тәртіпсіздік енгізетін алогикалық аритмия қарсы
тұрады. Аритмия узустық, яғни қалып ретінде
қабылданушы және тосын, саналы түрде тіл мен тілдесімге енгізілген
болуы мүмкін.
Тосын
аритмияның жұмсалу кезі:
(а)
эстетикалық мақсатта, өнер мен әдебиет, әсіресе
поэзияда қолданылады. Бұл тек қана нұсқалық
аритмия ғана емес, пародокс, абсурд аритмия болуы да мүмкін.
(ә)
қарапайым күнделікті тілдесуді саналы түрде үзу
мақсатымен ауыз екі сөйлеу тілінде қолданылады. Не деген
ұзақ картина? Бұл дегенің не жақсы; сенікі
менікін түсінбейдски; Бізде: қарызды қосқанда
бәрі бар. Миың барда есуас болған қандай ғажап!
және т.т.. басым көпшілігі ирониялық мақсатта,
қасақана өзгертіліп жұмсалады.
Қайшылық
болмауын қоғам адамға дәстүр, заң
және өсиет, өнеге түрінде таңиды. Бұл дін (қоғами институт
мешіт түрінде емес, әрине), поэзия, әзіл әлемі болуы
ықтимал. Қайшылықсыз өмірден адам шаршап кетеді,
сондықтан күнделікті үйреншікті ырғақты
бұзғысы келеді. Осыдан барып адам бойында аллофронияға деген
талпыныс туындайды.
Ортофрония
симметриялық құрылымды тілдің стандартты,
қайшылықсыз, ырғақты аспектісі болса, аллофрония –
асимметриялық құрылымды тілдің стандартсыз,
қайшы, аритмиялық аспектісі. Аллофрония кезінде тілдік бірліктен
соң жүретін жасырын, жеке сөйлем/пікірдің болуын талап
етеді.
Ортофрония
бойында аллофронияға, керінісше аллофрония бойында ортофронияға
орын бар, бұл олардың әркез ұштасып жүру себебін
түсіндіреді. Формальдық тұрғыдан дұрыс
сөйлем бұрыс, формальдық тұрғыдан бұрыс
сөйлем дұрыс қабылдана беруі жиі кездесетін
құбылыс екенін жоғарыда сөз еткенбіз. «Жаңбыр
судан тұрады» деуіміз – шындық, себебі жаңбыр судан
тұрады, кейде жаңбыр желдің күшімен үйірілген
бақа, шаян, тағы да басқа жәндіктен де тұруы
мүмкін ғой. «Адам ұшады» - формальдық
тұрғыдан бұрыс, себебі адам ұша алмайды.
Семантикалық тұрғыдан «бұрыс» осы пікір бізге еш
қиындық туғызбайды, себебі авиация өмірімізге
тұрақты түрде енгелі қай заман. Бұл жерде
«ұшады» сөзінің ауыспалы мағынасын да ұмытпауымыз
шарт – «жылдам қозғалады», «жұмыс орнын жиі ауыстырады» деген
мағынада қолданамыз. Кең мағынада
екіұдайылық (ортофрония мен аллофрония) өмірдегі екі бастама
күресін сипаттайды. Тереңге бойлайтын болсақ жалпы тіршілік,
адамзат ғұмыры, бар әдебиет осы қайшылықтан
тұрады.
Тілдесім аллофрониясының аспектісі
Тілдік
аллофрония тілдік бірліктің бойында жасырынған, және ол адам
сөйлем/пікірдің мағынасына емес, тілдік бірліктің (ішкі
не сыртқы) қалыбына (мәселен, грамматикалық ресімделуі,
жеке морфеманың мағынасы, сөздің
түпнұсқасы және т.с.с.) жүгінген кезде танылады.
Тілдікке қарағанда тілдесім аллофрониясы айқын, анық.
Ол тілдесім және тілдік құбылыстың басым
көпшілігін: метафора, ирония, парадокс, энтимема, қайталақтау,
тұрақты тіркес, жұмбақ, риторикалық және
стилистикалық айшық пен тропты қамтиды.
Тілдесім
аллофрониясының негізгі төрт аспектісі бар, олар аллофрония
құралы саналады. Бұл аспектіге: өтірік, метафора
(тілдесім, тосын), ирония мен парадокс жатады. Әрқайсысының
өзіне тән қасиеті бар.
Өз
кезегінде тілдік белгі де екі: болымды және болымсыз шынайы аспектіден
тұрады. Болымды, жағымды аспектісіне оның атаулы
мағынасы, соған қоса осы мағынаны жоққа
шығарушы жатады.
(1)
Жалған сөйлем/пікір кезінде ақпарды жіберуші өз алдына
аллофрондық мақсат қояды, себебі оның міндеті –
дұрыс ақпар беру емес, тек тілдік белгінің ортофрондық
түрін қолдану болмақ. Осы орайда «жіберуші- байланыс аясы – қабылдаушы»
тізбегіндегі тілдік белгі кірерде жағымды аспектісін, ал шығарда
жағымсыз аспектісінен айырылады.
(2)
Метафоралық ақпар кезінде жіберуші өз алдына
ортофрониялық мақсат қояды, себебі оның міндеті –
тілдік белгінің аллофрондық түрін қолдана отырып
дұрыс ақпар беру. Шығар кезде аллофрон нәтиже
(қайшылық емес, түрлілік) күтіледі. Бұл кезде
тілдік белгінің бастапқы мағынасы қысқарады да
шығар кезде жаңа мағына керісінше ұлғая
түседі.
(3)
Ирония кезінде ақпарды жіберуші өз алдына ортофрониялық
мақсат қояды, оның міндеті - тілдік белгінің
ортофрондық түрін қолдана отырып дұрыс ақпар
беру. Бұл кезде тілдік белгінің жағымсыз мағынасы
жойылады да шығар кезде орны толады.
(4)
Парадокс кезінде ақпарды жіберуші өз алдына ортофрониялық
мақсат та (егер міндеті – дұрыс ақпар беру болса),
аллофрониялық та (егер міндеті таза орын түрінде болса)
мақсат қоя алады, алайда екі жағдайда да тілдік
белгінің аллофрондық түрін қолдануы тиіс. Бұл
кезде тілдік белгінің жағымды мағынасы жойылады да
шығар кезде орны толады.
Аллофрония
осы төрт қырының негізінде эквивокация жатыр. Логикада
эквивокация деп бірдей бір түйін шеңберінде бірдей бір сөз не
тіркес түрлі мағынада қолданылатын, алайда сөз не
тіркестің бойына бір ғана мағына жүктеледі деген ой
қалыптасатын логикалық қателікті айтады. Ол кезде
сөздің қарапайым мағынасы мен оның
материалдық мағынасы не метафора мен тура мағына[1;197с.]
араласып кеткен. Белгі мен денотат сәйкессіздігінің сыртқы
қасиетін ескерсек те аллофрония алмасу принципіне сай қисынын
сақтап қалады – екі мағына денотаты бірдей болса, онда
алғашқысы екіншісін ауыстыра алады. Аллофронияда дәл осылай,
дегенмен бір мағынасы қандай да бір формада виртуал болады.
Тілде
аллофрония мен ортофрония болуы арасында бітіспес қайшылық бар
деген сөз емес. Сөйлем/пікірдің басым көпшілігінде олар
бірге біте қайнасып, араласып қолданыла береді. Атқаратын
қызметі түрліше – денотатты тура (ортофрония) және жанама
(аллофрония) сипаттайды.
Метафора
- екі түсініктің семантикалық ұйытқысы.
Тілдің грамматикалық нормасына қайшы болмаса екі тілдік
бірлік бірігуіне ешкім кедергі келтіре алмайды. Парадокс пен метафора жасырын
мазмұны жағынан жақын құбылыс. Жалғыз
айырмашылығы: метафора - түрлілік, парадокс қайшылықты
сипаттайды. Көп жағдайда жұмбақ пен тұрақты
тіркес ұқсас. Грамматикалық ресімделу мен тілдесім
мақсатында және осы тілдік бірлік қолданысында аздаған
айырмашылық бар.
Өтірік
пен ирония - өте жақын құбылыс, тіпті арасына
теңдік белгісін қойса да болады. Аллофронияның осы
түрінің қолданылу мақсатында кей айырмашылық
байқалады. Ирония айтылған сөйлем/пікірдің жалған
екендігін интонация, паралингвистикалық құралмен беруге
тырысады. Ал өтірік шынайы сөйлем/пікір болып қабылданады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ:
Кукушкина Е.И., Познание,
язык, культура. –М.: МГУ. 1984. -263с.
Копыленко М.М., Основы
этнолингвистики. Алматы 1998.
Кондаков
Н., Логический
словарь-справочник. 2-е изд.М., 1975: 314.
Ислам А., Ұлттық
мәдениет контексіндегі дүниенің тілдік суреті. ДДА., Алматы:
2004.
Кәукербаева Б.,
Сөз қолданыстағы семантикалық екіұштылық,
Алматы: 2006
Абитиярова А., Сөз саптау
үрдісіндегі қателер. Алматы:2010.
Жүсіпов А.Е.,
«Энантиосемия – сөздің ішкі қарама-қарсылығы»
(оқу құралы) «Көкше-полиграфия». Көкшетау 2006 ж.
Жүсіпов А.Е., «Қазіргі қазақ
тіліндегі қайшы тілдік тұлға: семантикасы мен прагматикасы»
(оқу құралы). «ӘЛЕМ SS». Баспасы. Астана қаласы
2010 ж.;
Жалмаханов Ш., Көп
мағыналы зат есімдердің семантикалық құрылымы.
А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының «Тілтаным»
журналы. 2002. №1. -32-38б.
Жүсіпов А.Е., «Қазіргі қазақ
тіліндегі қарама-қайшылықтың лексикалық
және грамматикалық жүйедегі орны» «ӘЛЕМ SS». Баспасы.
Астана қаласы 2010 ж. (монография);
Болғанбаев Ә., Көп
мағыналы сөздер және олардың жасалу жолдары. Алматы:
«Мектеп», 1963
Жүсіпов А.Е.,
Қайшылықтың семантикасы мен прагматикасы
(лингвомәдениеттанымдық қыры) Астана, 2013. -467бет