Молдабаева А.А.,   Боркулакова Ж.

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Қазақстан

 

ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ КӨНЕРГЕН СӨЗДЕРДІҢ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

 

Тіл – халықтың даналығын, танымы мен талғамын көрсететін, ғасырдан ғасырға, ұрпақтан – ұрпаққа мирас болып келе жатқан бірден – бір баға жетпес қазынасы. Сол сияқты біздің қазақ тілі – өте бай, құрылымы мен жүйесі дамыған тілдердің қатарында.

Негізінен тілдің сөз байлығын жүйелеп, саралайтын сөздіктердің бірнеше түрі болады. Олардың барлығы сөздіктердің лексикалық байлығын толықтыруды көздейді. Ал тілдің сөздік құрамы үнемі өзгеріс үстінде болады. Яғни өндірістің, мәдениет пен ғылымның дамуына байланысты кейбір сөздік құрамдардың қолданыстан шығып қалуы, немесе жаңадан сөздердің қолданылуы сияқты.

Осы күндері байқасақ, көнерген сөздердің мағынасы да біршама түсініксіз болып бара жатыр. Көбіне тек тарихи шығармаларда, әрбір кезге сай, сол кезге лайықты құрал – саймандар атауында немесе киім – кешектерде, өндіріс құралдарында ғана қолданылады десек, қателеспейміз. Әрине бұл бір жағынан қуантарлық жағдай емес. Және де бір жағынан әдет – ғұрыпқа, ескі салт – санаға, өткен дәуірдегі әкімшілік ел басқаруға байланысты болғандықтан да, ондай сөздік құрамнан біршама сөздер қолданыстан шығып қалған. Демек, осы айтылып отырған көнерген сөздер негізінен архаизм және историзм болып екіге бөлінеді. Архаизм сөздер – негізінде алғанда қарапайым сөздер, бұл сөздер ескіріп, бірте – бірте мүлде ұмытылып кетеді. Яғни сөздер әдеби тілде ауыспалы мағынада қолданылмаса, бұрынғы мағынасында қолдануға жарамайды. Ал историзм – тарихи мағынадағы сөздер. Олар замандар өтсе де, тілдің сөздігінің белгілі бір тобында көнерген күйінде–ақ шығарманың тарихи ерекшелігін айқындау үшін қолдануға маңызы бар сөздер болады. Мысалға тарихи дәуірге қатысты сөздерді алсақ: ханзада, нөкер, би, болыс, жүз басы, хан, елубасы, және т.б.

Біздің мемлекет ұлттық тәуелсіз ел болуымен қатар қазіргі кезде «архаизм сөздер» жаңа мағынада алынып, сөздік құрамға белсенді түрде қолданылуда. Мысалы «төре» деген сөзден қазіргі кезде төраға қолданылуда, сонымен, турасын алғанда біздің қазақ тіліндегі осы көнерген сөздерді белсенді түрде қолдансақ, бұл бір жағынан бізге қуаныш болар еді. Мұның барлығы қазіргі жастар біздің қолымызда. Келешекте осы қазақ тілінің ары қарай толықтай дамуына, көнерген сөздердің дұрыс қолданысқа енуіне үлкен үлес қосамыз деген ойдамыз. Бұл – біздің келешектегі міндетіміз.

Егер де әр Қазақстан Республикасының азаматы өзінің ана тіліне деген сүйіспеншілігін оятып, мемлекеттік тілдің одан әрі дамуына аса жауаптылықпен қарап, күш – жігерін салса, атап айтсақ, өзара мемлекеттік тілде сөйлесіп, басқа ұлт өкілдеріне үйретіп, мемлекеттік тілді насихаттайтын мақалаларды жиі – жиі жазып отырса, мемлекеттік тілдің келешегі нұрлана түсер еді.

 

Әдебиет:

1.       Көнерген сөздер. http://bilimdiler.kz/ // Интернет – қор.

2.       Қазақ тілінің грамматикасы.

3.       Көнерген сөздер. http://kazorta.org/ // Интернет – қор.