ӘЛДИХАН ҚАЛДЫБАЕВ ЖӘНЕ «ШАНШАР АТАЙ» КОМЕДИЯСЫ

 

ҚАЛДЫБЕКОВА ТАЛШЫН

2-курс магистрі, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті

 

Әңгiме, ертегi, повесть, роман тағыда басқа тұындылардың авторларын «жазушы» деп айтатынымыз барiне мәлiм. Алайда мұндай талант иелерi көргенiн, бiлгенiн ой елегiнен өткiзiп, өмiрлiк тәжiрибесiне негiзделе отырып, зердесiне түйiп, барлық қырынан өлшеп барып қағаз бетiне түсiредi.

Көркем шығармада қойылатын басты үш талап бар: бiрiншiсi- қызықты сюжет желiсi, екiншi -кейiпкерлердiң ерекше табиғатының есте қалуы, үшiншiсi-көпшiлiкке түсiнiктi тiл. Өзiн жазушымын деп есептейтiн әр қаламгер осы үш шартты орындау үшiн көп күш жұмсайды. Солардың бiрi  Мұрат Сыздықов  «Айтатын кез әлдеқашан келген, балалармен жасөспiрiмдерге арналған он екi кiтап, үш пьесаның авторы Әлдихан Қалдыбайұлы – қазiргi балалар әдебиетiндегi ең iрi тұлға», дептi. Жазушыға бұдан артық сый болмайды сiрә.

Әлдихан Қалдыбайұлы әдебиетке жоғары оқу орнын тамамдап, 60 – жылдардың басында келген. Аз уақыт Қызылорда облысындағы бiр мектепте ұстаз бола жүрiп, әскер қатарына шақырылды. Әскерден қайтқан соң Тараз қаласында журналистiк қызмет атқаруға кiрiстi. Облыстық газеттiң бас редакторы болды.

Ауылда туып өскен, студенттiк әскери өмiрдi басынан кешкен, журналистiк қызметiне орай халықпен тығыз байланыста болған Әлдихан Қалдыбаев әнгiме, хикаят, ертегiлерден құралған еңбектердiң авторы.

Шығармаларының тiлi қарапайым. Ол қызыл сөзге салынып, беталды ұзақ сонар суреттеуден аулақ. Сөздi өлшеп- пiшiп, керегiнше ғана қолданады, сөйлемдерiн қысқа қайырып отырады. Мұның оқиға желiсiнiң ширап дамуы үшiн, бала оқырманды жалықтырып алмау үшiн маңызы зор.

Бердiбек Соқпақбаев былай дептi: «Балалар дүниесiн әдемi игерген және балауса ұрпаққа ғажап әңгiме, ертегi, хикаяттар берген Әлдихан бiздiң әдебиетiмiзге жарқын беттер қосты». [3]

Қазiргi таңда қазақ балалар әдебиетi кемшiлiгiнен арылған. Сапарғали Бегалин, Бердiбек Соқпақбаев, Сансызбай Сарғасқаев сынды аға прозаиктердi былай қойғанда осы кiсiлердiң iзiн басып, өрнегiн қалдырып, үлкен шоғыр өсiп, жетiлiп келедi. Альбер Швейцер деген өнер зерттеушiсi Иоганн Себастьян Бахтың партитураларын зерттегенде «сол замандағы сазгерлердiң партитураларынан еш айырмашылығы жоқ. Тек өлшемi молдау, өз сезiмiн еркiнiрек ашады» дейдi. Бахты ұлы композитор еткен де замандастарынан сәл ғана өзгешiлiгi екен. Демек Қалдыбаевтың да  балалар әдебиетiнде еңбек етiп жүрген өзге әрiптестерiнен гөрi сезiм өлшемi сәл де болса молдау екенiн байқаймыз.

Қалдыбаев 40 жылда 7 хикаят, 70 әңгiме, ертегi, мысал, 3 пьеса жазыпты. Оның әңгiмелерi мектеп оқулықтарына, түрлi жинақ-хрестоматияларға кiргiзiлiп, сонымен қатар төл туындылары қайта басылып, орыс, белорус, армян, татар түркiмен тiлдерiне аударылды. «Мы все родом из детства» дейдi балалар психологиясының әлем мойындаған маманы  А.Экзюпери. Әлдихан Қалдыбаевтың балалық шағы екiншi дүние жүзiлiк соғыстың тұсында басталды. Соғыстың бала сезiмiн ерте оятып, түйсiгiн ерте түйгiлейтiнiн ескерсек, оның 6 жасында көптi туйгенiн аңғарамыз.

 «Мен махаббатты үш жасымда сезiндiм» деп оқырман сұрағына жауап берiптi бiрде Ә. Қалдыбаев. Оның бiр хикаятының бас кейiпкерi Рахима атты екi жасар сәби характерiн өткiншi эпизод етпей бiр хикаят арнауы – жазушының шынында да балалар әлемiнiң бiлгiрi екенiн дәлелдейдi. Қазақ әдебиетiнде ғана емес, әлем әдебиетiнде екi жасар сәби өмiрiнен хикаят жазған жазушы Әлдихан Қалдыбаев қана шығар. Жазушы улкендердiң қарым өатынасын бала көзiмен, жаңа шығып келе жатқан тiлiмен суреттейдi.

Жазушының «Нан қиқымы», «Арманына жеткен айбалта», «Қызғалдақ – қуаныш гүлi», «Көлдей көлеңкеге сыймаған екеу» тағы да басқа ертегiлерi оны жаңа қырынан көрсеттi. Сонымен қатар «Жаңа дос», «Су тасушы Әшiрбек», «Қос тентек», «Оқуды аңсаған Арал», «Бауыржан деген бала бар», тағы басқа толып жатқан әңгiме хикаяттары, балалардың «ойын баласы» ғана емес екенiн, болашақ азаматтардың мiнез-құлқы дәл осы кезде қалыптасатынын, Аркадий Гайдардың сөзiмен айтқанда « балалардан былғары сияқты етiк те, бәтiнке де тәгуге болатынын» аңғартады. Бұл шғармаларды балалармен қоса үлкендер де қызыға оқиды.

Автордың сомдаған неше түрлi характерлердiң iшiндегi ең айшықтысы – Шаншар атай. Бұл бейненi ол «Шаншар атайдың шертпегi» атты әңгiмесiнде бастап, «Шаншар атай» хикаятында шыңына шығарады да осы аттас комедияда түрлендiре түседi. Әдеби қауым «Шаншар атай» хикаятын автордың ғана емес қазақ балалар әдебиетiнiң табысы ретiнде қабылдады. Бұл комедия 1980 жылы Жамбыл облыстық театрында койылып, балалар мен жастарға арналған спектакльдердің бүкілодақтық байқау − конкурсында бірінші орынға ие болды. Ал Шаншар атай бейнесi – қазақ әдебиетiндегi ең жарқын , қайталанбас образдардың бiрiне айналды. Ә. Қалдыбаевқа дейiн де қазақ әдебиетiнде ауыл қарттарының көптеген талай бейнесi жасалды, бiрақ Шаншар атай олардың бәрiнен ерекше. Сондықтан да шығарма ұзақ уақыт бойы өзiне көлеңке түсiрмей, өзiнiң актуалдылығын жоғалтпай келедi.

Шаншар атай − соғыс жылдарында ауылда қалған азғантай қарттың бiрi, ауыл иесi. Бiр қарағанда қырсық, бiр қарағанда қатал, тiптi қатыгез бе деп ойлап та қаласың, ал ендi бiр қарасаң мейiрiмдi де арманшыл. Оның барлық мiнез − құлқының тұстары ата дәстүрiне лайық ұрпақ тәрбиелеуге арналған. Бүкiл ауыл баласы, соның баласындай, бiр таңғаларлық жайт бұл шығармада сол заманға сай советтiк терминдер мүлде жоқ. Сол Шаншар өлер алдында хикаятты баяндаушы Әлден атты баланы шақырып алады да, «кер биеге мiнiп шауып келшi, көрiп жатайын» дейдi. Қарт ұрпағының атқа шапқанын көрiп жатып, алланың аманатын тапсырады. Әлден болса, қайтар жолында «атамайлап» ат қойып келедi. [1] Оқып отырып байқамаппыз, өмiрден қарт өткенiмен бала есейiптi. Қарапайым, бiрақ қайталанбас сурет. Нағыз қазақ қартының өлiмi. Автордың философиясы да, суреткерлiгiнiң өзгелерге ұқсамайтын өрнегi де осында жатыр. Жазушы шеберлiгiнiң сыры да шығармаларның тiлi мен сондағы баяндалар оқиғаларының табиғилығында. Бейне бiр өмiрдiң өзiнен ойып алып, кiтапқа қондыра салған сияқты. Ол үшiн жазушыға ерекше болмыс керек.

Әлдихан Қалдыбаев қай шығармасында болса да, өз оқырмандарын iзгiлiкке, мейiрiмдiлiкке баулиды. Идеясы шығармаларының өн бойынан табиғи түрде, өз − өзiне туындап жатады.

Әлдихан Қалдыбаев ұстаз, тәрбиешi ретiнде көптеген жастарға жөн сiлтеп, жолға салды, Жарылқасын Аманов, Тынышбай Рахимов, Мұса Рахманбердиев, Мадина Көбеева, Айша Көпжасарова, Мұрат Сыздық, Толымбек Әлiмбек, Доқтырхан Тұрлыбек, Маралтай Ыбыраев, Ғайни Iзбасарова және тағы басқа толып жатқан ақын − жазушылар үлкен әдебиетке «Ақ жолдан» жолдама алғандар.

«Басылымға балалық емес, даналық жарасады. Ақ жолдан айнымаймыз. Бұл − белгiлi», деп атамыздың сөзiмен ойымды қорытындыласам деймiн. [2]

 

Пайдаланған әдебиеттер

1.  Қалдыбаев Ә. «Шаншар атай» комедиясы, 1970.

2.  Қалдыбаев Ә. «Ақ жолдан айнымаймыз» // Ақ жол, 2003, 23 маусым.

3.  Ғұмар М. «Жас ұрпақтың жаны ізгі досы» // Ұлан, 1999, 21 қыркүйек.