Мескен Л.Н., Нүркенова Г.Қ.
ЖММ "Болашақ" Академиясы,
Қазақстан
Эмоционалдық жағдайлардың адам өмірінде алатын орны
мен ерекшеліктері
Біз күнделікті
өмірімізде сезім деген сөзді жиі қолданамыз. «Не сезіп
тұрсың?» деген сөйлем мағынасы, психикалық тану
процесі түйсік ретінде қолданылады. Бірақ, түйсік пен
сезімді өзара шатастыруға болмайды. Сондай-ақ
қабылдауды, елесті өзіндік мағынасы бар сезіммен шатыстыру,
әрқайсының жеке дара танымдық ерекшеліктерін процестерге
балау-қателік.
«Егерде сен ашулы
болсаң, сөйлемес бұрын онға дейін сана. Егер
қатты ашулы болсаң, жүзге дейін сана»-, деп Томас Джефферсон
айтқандай, адам эмоцияға қатты берілмеу керек.
Адам эмоциясы
негізінен тіршілік ортасы мен әлеуметтік жағдайларына байланысты
және ол тарихи жағдай дамуына тәуелді. Біз үнемі
тәжірибеде әртүрлі эмоцияларды қолданамы: қуаныш,
мұң, қайғы және т.б.
Эмоция адамның
психикалық өмірінде ең алғаш пайда болды және
эмоцияның арқасында адам психикалық өмірге бейімделеді.
Демек, адамды әлеуметтік айнала мен эмоция біріктіреді. Эмоция-бұл
ерекше психикалық құбылыс. Французша «толғану» деген
мағынаны білдіреді. Адам мен жануарлардың сыртқы және
ішкі тітіркенгіштер әсеріне реакциясы, қоршаған ортамен
қарым-қатынас негізінен пайда болатын
көңіл-күй[1].
Қазіргі кезде
психологиялық әдебиеттер мен күнделікті өмір
тәжірибесінде сезім мен эмоция ұғымдары бір мағынада
қолданылып жүр. Сонымен, эмоция дегеніміз адамның
органикалық мұқтаждықтарын қанағаттандыру
не қанағаттандырылмауына байланысты психикалық күйлер.
Эмоционалды уайымдар
эмоционалды құбылыстардың негізгі компонентін
құрайды. Яғни, адамдардағы эмоциогендік
жағдаяттарда кездесетін қақтығыстар:
түсінбеушілік, шошу, таңғалу т.б. субъективті реакциялар
туғызады. Қажеттілік эмоционалды құбылыстың
үщінші компонентін құрайды. Қажеттілік адамның
ішкі психологиялық негізі болып бағаланады. Эмоциялар адамның
өмірінде, ішкі жан дүниесінде пайда болады және онда
өмір сүреді. Эмоциялардың да бірнеше функциялары бар:
бағалаушы, сигналдық, оятушы және коммуникативті,
физиологиялық және танымдық процестергеәсер ету
фунциялары.
Оятушы функцияны
атқарғанда ол белсенділіктің қайнар көзі болып
табылады. Олардың күші мен белгісі тікелей мүмкіндіктерге
байанысты. Мысалға алатын болсақ, қатты және жай ауруды,
үрейді, ұятты және кез-келген эмоцияларды салыстырып
айтуға болады. Жағымды эмоциялар эмоциялы жағдайға
бағытталған әрекеттерді оятады. Әсіресе, қуаныш
эмоциясы жөнінде ғалым Р.Х.Шакуров өте жақсы айтып
кеткен. Біздің бойымыза қуанышымыз өмірге деген
қызығушылығымызды шақырады және сол арқылы
дем береді. Қоғамға пайдалы шындық біздің
бойымызға қуаныш әкеледі[2].
Джеймс Ланге
тұжырымы бірнеше қарсы көзқарастардың тууына
себепкер болған. Ол өз тұжырымында әртүрлі
сезімдерге байланысты әрекеттер бір-біріне ұқсас еместігі
айтылады. Негізгі сын айтқан У.Кеннон: «адамның сан-алуандығы
эмоциялық қасиеттеріне сай келе бермейді». Мысалы,
қазақ келісу сезіміне орай басын изейді, ал болгар басын
шайқайды. Африканың кейбір тайпа өкілдері сүйген
адамының бетіне түкіретін көрінеді. Ал бізде ондай қылық ерсі көрінеді[3].
Жалпы эмоция
ұғымы бұрыннан қолданылып келген. Алайда, оның
қазіргі тарихы О.Джеймстің «эмоция деген не» атты мақаласынан
басталған.
Эмоция әр
кезеңде әр қалай байқалады. Жаңа туған
сәбидің эмоция жағдайы ыңғайсыз болғанда
жылау, терісінің қызаруы арқылы білінеді. Ал
жасөспірімдік кезеңде психикалық эмоцияның барлық
белгілерін көрсетеді. 12-16 жаста эмоцияның барлық
түрлері толық қалыптасады. Эмоцияларды мынадай түрлерін
ажыратуға болады:
- Көңіл. Адамның
кейпіне қарап шарт, жайдары, жылы жүзді, ақжарқын, ызалы және т.б. деп ажыратылады.
Адамның көңіліне темперамент және қоршаған
орта әсер етіп отырады.
- Аффект.
Қысқа уақытқа созылса да бұрқ етіп
көрінетін эмоцияның бір түрі. Аффект жағдайында адам өз
іс-әрекетін, айтқан сөзін бақылау алмай қалады.
- Құмарлық. Адамның ойы мен әрекетіне із
қалдыратын күшті, терең, тұрақты эмоция. Егер
ғылым мен өнерге, еңбекке құмарлықты
ұнамды десек, дүниеге, байлыққа, ойынға
құмарлықты ұнамсыз құмарлық дейміз.
Америкалық
психолог К.Изард фундаменталды жеті эмоцияның түрін
көрсеткен:
1)
Қуаныш эмоциясы мүмкіншілікті кеңейту,
күштің көбею сезімімен байқалады. Өмірге
қанағаттану күйі.
2)
Ұялу эмоциясы. Субъект өзіне,
көзқарасына, ойына, тұлғалық қатынастарына,
тұлғалық қасиеттеріне, сыртқы ерекшелігіне
сәйкес емес әрекеттерінің жасаған кезде туады.
Ұялудың жеңіл формасы қызару, ұялу интеллект
жұмысын тоқтатады. Адамның әрекеті мен қылықтарына,
сананы жаулап алуға қатты әсер етеді.
3)
Ұялуға қарама-қарсы эмоция-мақтаныш
эмоциясы. Ол өзінің мағыналылығын,
артықшылығын, құндылығын, басқа адамдардан
жақсы лебіз естігенде сезінеді.
4)
Айну эмоциясы.
Субъектінің моральдық-эстетикалық талабына
сәйкес емес жағдайларда, объектілерге немесе адамдарға
туындайды. Бұл адамның қылықтары, ойлары, тілектері,
нақты заттары, іс-әрекет кемістігі және т.б.
5)
Жек көру эмоциясы. Айнуға мағынасы
ұқсас. Бірақ өзінің қосымша ерекшелігі бар.
Ол сәйкес объектіні өзгертуді, жақсартуды, жетілдіруді, жою
немес алшақ жүруді тудырады.
6)
Өзін кінәлау эмоциясы. Адам
өзінің кінәсін мойындайды. Өзінің оған
қатысын немесе шығынға жауапкершілігін, басқа
адамдардың жайсыздығын, жолының болмауын өзінен
көреді. Ол өзін-өзі кінәлайді және өкінеді.
7)
Қорқыныш эмоциясы. Адамның
тұлғалық немесе дене бітіміне, өміріне қауіп
төнуі кезінде пайда болады.
Қауіп төну деңгейінің байланысты сенімсіздік
жағдай, мазасыздану, жамандықты сезіну, қауіптілігін
қамтамасыз ете алмау, қауіп, күшті қорқыныш
бақылауға келмейтін аффектіге айналуы мүмкін[4].
Эмоциялық
көріністі сөзбен жеткізу мүмкін емес. Оны тікелей бастан
өткізу керек. Адамның эмоциялық өмірі бірінен соң
бірі келетін күйлердің әр алуандығымен және
қайталабайтындығымен ерекшеленеді. Бірақ та эмоциялар
әр алуандығына қарамастан, мынадай ортақ
қасиеттерімен сипатталады: сапалы белгі, интенсивтілігі мен
ұзақтылығы. Эмоцияның күштілігі олардың
сандық сипаттамасына байланысты. Эмоционалдық жағдаяттар
қазіргі кезде көптеп кездеседі. Соған бірден бір себепкелер теледидардағы
бағдарламалар мен компьютерлер. Адам өмірін компьютермен салыстырсақ
оның мүмкіншіліктері біршама артық экономикалық
прогрестерге жол ашады. Бірақ та ол адамның даму
мүмкіндіктерін шектейді. Адам қатыгез, салқын қанды, адамзатқа зиянын келтіретін
ойлардан арыла алмайды. Адамдардың эмоцияларын байытуда
ғылымның, техниканың түрлі жетістіктері рөль
атқармайды.
Нақты адам
әлеуметтік топтар, қауымдастық
қоғамдастықтар, мемлекет барлығы эмоцияның
мазмұны бола алады. Сезімдердің
эмоционалды бой алуы бастан кешулердің сапалық боялуымен
анықталады. Эмоционалды бояулардың диапазоны кең. Эмоциялар
қанша болса, оларда сонша көп. Кез-келген адамның
өзінің қайталанбас эмоционалдық қоры болады. Адам
эмоциялары өте бай. Бір-бірінен айырмашылығы күш жағынан,
әрекет ету мерзімінің уақыт мөлшері жағынан,
олардың сыртқы қимылдары бет әжімі арқылы
білініп, көрініп тұрады. Эмоция адамның өмірінде
үлкен орын алады. Олар адамға адамдық сипат беріп, оның
әрекетін жылытып, көріп, беріп отырады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1 Немов Р.С.
Психология, 4-е изд. М.,2003-619б.
2 Психология эмоции.//Новый
подход мир психологии. М., 2002, №4
3 Хуприкова Н.И. Эмоциональные сигналы. // Определяющий выбор жизненного пути. М., 2002-47,
№5.
4 Изард К. Эмоции человека. М., 1999-71б.