Жұмаділова Г.А., Нүркенова
Г.Қ.
ЖММ "Болашақ" Академиясы,
Қазақстан
Адам өміріндегі кездесетін стрестің түрлері және
одан арылудың мүмкіндіктері
«Өмірде адам
дұрыс жүрудің жолын біле тұра, барлығын керісінше
жасағанда стрестік күйге түседі»-, деп Ларрий Уингет
айтқандай [1], әр адамда өмірде неше түрлі
жағдайлар болады. Соның ішінде менің тоқталып кеткім
келіп отырғаны стрестік немесе күйзелістік күй.
«Стресс» термині
біздің күнделікті тіл оралымыздағы үйреншікті
сөзге айналып кеткен. Стресті кез-келген организмнің сыртқы
ортадағы қандай да бір жағымсыздыққа негізгі
реакциясы деп айтсақ, қателеспейміз. Бұл қысқа да
ауқымды сөзге күрделі жағдайларда немесе
жоғарғы қауіпте пайда болатын өз мінез-құлқымыздағы
өзгерістер мен сезімдердің және толғаныстардың
тұтастай гаммасын елестетуімізді айтамыз.
Алғаш рет
стресті XX ғасырдың 30-50 жылдары
ғылыми тұрғыда канадалық ғалым Ганс Селье
сипаттаған. Бұл сөздің ағылшын тілінен аудармасы
«кернеу, қысым» дегенді білдіреді. Стресс ғалымның ойынша,
аса күшті сыртқы әсерден жүйкенің
жоғарғы деңгейде ширығуы [2]. Ол тәннің
қоршаған орта тарапынан жасалған оқыс әсерге
жауабы. Яғни, стресс тосын жағдайда қанға қажетті
гормондарды жедел іске косуы, басқа да көптеген физиологиялық
процестерді қайта құру арқылы тәнге сыртқы
әсерге тойтарыс беруі үшін өзінің ішкі
мүмкіндіктерін пайдалануы.
Стресс-адамның
ширығуын талап ететін күрделі, күтпеген, аса жауапты,
маңызды немесе қауіпті жағдайларда пайда болатын
көңіл-күй ахуалы. Стресті біз өмірде әр
уақытта сезінеміз: көпшілік алдында өзімізді таныстырарда;
емтихан уақытында шексіз ашуланғанда; ұйқысыздық
кезінде және т.б. жағдайларында. Осындай болмашы
әрекеттердің өзі бізді шарасыздыққа алып келеді.
Жалпылама айтатын болсақ, стресс адам өмірінің ажырамас
бөлігі. Дей тұрғанымен, стресті өте қауіпті
жағдайлардан ажырата білу керек. Ганс Селье стрестің негізінен
алғанда мынадай үш белгісін ажыратқан:
1. Бастапқы
кезең (үрей сатысы-бұл қысымның алдында болатын
кезең). Мысал келтіретін болсақ, тағдырымызды шешетін
сынақ алдындағы толғаныстар. Бұл кезеңде стрестік
салмаққа бейімделу процесі өтіп жатады, егер осы кезде адам
үрейге төтеп бере алмаса, өліп кетуі мүмкін.
2. Стрестің
жүзеге асуы. Ол тәннің бейімделу мүмкіндіктерінің
іске асуы арқылы орындалады. Қажетті арнаға
бағытталған қуат қиындықты жеңуге
көмектесіп, сол арқылы адам алғашқы
қорқыныш сезімін жеңе алады.
3. Пост
стресс-діңкенің құру кезеңі. Ұзақ
уақытқа созылған стресс нәтижесінде әбден
діңкелетіп денсаулықты бұзады. Бұл кезеңде
жүрек талмасы, қан қысымы, невроз не болмаса жүйке
аурулары ғана емес, асқазанның ойық жарасы да туындауы
мүмкін. Стрестік жағдайда, сонымен қатар, жүрек қан
тамыры және тыныс алу жүйесінің дерттері,
жүректің эпидемиялық кеселі, инфарктар, гипертония, демікпе
аурулары пайда болады[2,85].
Стресс үш
кезеңнен тұрады:
1)
үрейлену-жағымсыз тітіркенгіштер әсер еткенде туатын
жауаптың алғашқы кезеңі. Ол таңырқау
іспетті сезім.
2)
төзімділік-жағымсыз тітіркенгіш әсеріне беріліп кетпей,
оған төзу реакциясы. Бұл кезде гипоталамус, гипофиз
жүйесінің ықпалымен бүйрек үсті
гармондарының мөлшері қанда тез мөлшерде көбейіп
кетеді. Симпатикалық жүйке жүйесінің әсерімен
жүретін соғу ырғағы жылдамдайды, тыныс алу
ырғағы да жиіліне түседі. Бұлшық еттердің
жиырылу қабілеті де күшейеді.
3)
әлсіреу-бейімделу қорының мүмкіндігі азаяды,
дезадаптация пайда болады. Стрестің көпке созылған ауыр
түрі адамды жүдетіп, қайғыға батырады.
Стресті тудыратын
әсерлерге қарай физиологиялық және психикалық
стресс деп екіге бөледі. Психологиялық стресті мәліметтік
немесе эмоциялық стресс деп атайды [3]. Оған мысал ретінде,
адамның тосыннан жағымсыз хабар естігенде не істерін білмей,
абыржып қалуы жатады. Мұндайда жоғары жүйке
әрекетінде тежелу серпінісі қанат жаяды. Соның
нәтижесінде іс-қимыл әрекеті, сөйлеген сөзі бұзылады. Стрестің
физиологиялық түрі гармон бөлетін бездер
жүйесінің рефлекторлық қызметіне негізделген.
Адамның көңіл-күйі төмендеп, денсаулығы
нашарлап, ұйқысы қашады.
Стрестік
жағдайлардың тағыда мынадай белгілері болады:
алаңғасарлық; жоғары қозғыштық; жиі
шаршау; ұйқының және тәбеттің
жоғалуы; кенеттен тартылатын темекі санының өсуімен бірге,
алкогольдік сусындарға құмарлықтың пайда болуы;
естің нашарлауы; қуаныш негізінің толық жоғалу.
Стресті
жеңудің әр қилы
стратегиялары бар. Олардың бірі- эмоцияларды білдіру ептілігі.
Екіншісі-жағдайды қайта бағалау, оқиғаның
басқа суретін қалыптастыру. Үшінші жолы-қайта
бағалауға келмейтін жағдайды өзгертуге мүмкіндік
беретін мақсатты бағытталған әрекеттер. Сол
сияқты әрбір адамның стрестік жағдайларды жеңуіне
болатын кеңестерді атап кетсек болады:
- Егер адам күніне жоқ дегенде 10 минут күлетін болса
(ағылшын психологтарының айтуы бойынща), онда ұйқы
тынышталып, сана серігіп, жігер артады екен. Сол сияқты
өлеңді күнде ұнатып айтса, онда адам өмірі
әлдеқайда ұзарады. Стрестік жағдайдың туындауына
бірден-бір себеп айтылған сөйлем сипаттамаларының 6 секундтан
артық болуы. Неміс психологтарының айтуы бойынша, адамдар секундына
2 сөзден артық сөз айтпауы керек екен. Яғни,
сөйлем неғұрлым қысқа болса, соғұрлым
ол түсінікті болатыны мәлім.
- Адам көңілінде болатын қорқыныш сезімдерін
жоюға тырысуы керек. Оған өз бетімен қол жеткізе
алмаса, психолог пен психотерапевтің көмегін пайдаланса болады.
- Жеке қалып,
өз-өзімен болуға уақыт табудың да маңызы
зор. Мұндай кезде адам пайда болған мәселелерді шешудің
жолдары туралы ойлануға, демалуға, сергуге мүмкіндік алады.
Бұл, әсіресе, мінез-құлқы интравертке жататын
адамдарға айрықша қажет.
- Адамның ұнамайтын нәрсені ұнайтындай кейіп
танытуының өзі сезімді зорықтырып,
көңіл-күйді бұзып, жеке тұлғаның
қасиеттеріне нұқсан келтіреді. Мұндайда батылдық
көп көмегін тигізеді.
- «Бұл менің қолымнан келмейді» деген сөздерді
мүлдем қолданбауға тырысу керек. Өз
мүмкіндіктеріне, өз күшіне сенсе болады.
- Көпшілік алдында сөйлеуге тартынбай, өз ойын жеткізе
білуде табысқа жету үшін керекті қасиет, стрестік
жағдайды болдырмаудың бірден-бір жолы.
- Қысымнан тез арылу үшін
мынадай жаттығудың да орны
ерекше: баяу мұрын арқылы дем алып, демді бір-екі секунд
ұстап, ауыз арқылы шығару керек. Осы кезде бет
бұлшықеттері және дене босаңсиды. Қол және
аяқты сілку арқылы артық қысымнан
құтылуға болады.
Өмірде
ешқандай адам бақытсыз жағдайлардан, орны толмас
жоғалтулардан, қиын шешілмес ситуациялардан
сақтандырылмаған. Осындай кезде адам өзін-өзі уайыммен
жемесе, стрестік жағдайларды бақылай алса, депрессияға
түспей, іс-әрекет жасап, шешімін іздеп, барлық жаңаны
және жаңа нұсқаларды көргенде ғана стрестік
жағдайдан қашып құтыла алады.
«Әйгілі басшы
өзіне ерте инфаркт ауруын басынан өткізбес үшін қаншама
қасиет сапалары ішінен бірінші кезекке-акқөңілділікті
және төзімділікті қоюы керек.
Акқөңілділік-ол өзінің ақымақтық
ойларынан стреске жетпеуі, ал төзімділік-ол стрестік жағдайлардан
басқалардың ақымақтықтарына жетпеуі»-, деп
Августо Кури айтқандай [4], адам әрбір жағдайды ақылмен
байыптап, қиыншылығына төзіп, мәселенің шешімін
табуға тырысу керек. Сонда ғана біз стрестік шытырманнан
құтыла аламыз. Үнемі күлімсіреп, мәселеге
жеңіл қарауға тырысайық.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1 Уингет Л. «Хватит ныть,
выше голову!» М, 2006-33б.
2 Силье Г. «Стресс без
дистресса» М, 1979-125б.
3 Лейтес Н.С. «Воспоминания,
размышления, беседы»
//Психологический журнал. \Т.13, №11, 2002-165б.
4 Кури А. «Покупатели мечты»
М, 2010-385б.